ӘР МАЛ ТҮРЛЕРІНЕ МИКРОКЛИМАТ ЖАСАУ ШАРАЛАРЫ


Slide 1

Әр мал түрлеріне микроклимат жасау шаралары

Slide 2

Құрылыс теліміне қойылатын талаптар

Ғимараттың жекелеген бөліктеріне қойылатын талаптар

Желдетілу

Төсеніш, канализация жән қи сақталуы

Жылу тепе-теңдігі

Жоспары:

Slide 3

МАЛШАРУАШЫЛЫҚ ҒИМАРАТТАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН САНИТАРЛЫҚ-ГИГИЕНАЛЫҚ ТАЛАПТАР

Бастапқы ветеринарлық-санитарлық бақылау (ВСБ) жобалау мен құрылыстың келесі кезеңдерінде жүзеге асырылады:

1 құрылыстың техникалық-экономикалық негіздемесі;

2 құрылыс алаңын таңдау;

3 құрылыс жобаларының ветеринарлық-санитарлық сараптамасы;

4 құрылыс кезінде ветеринарлық-санитарлық нормалар ұстануын бақылау;

5 нысандарды пайдалануға қабылдап алу.

Slide 4 Slide 5

Осы кезде ветеринарлық-санитарлық нормативті құжаттарға сүйенеді, оларда жануарлар алаңдарының аудандық нормалары, ішкі ауа параметрлері, сумен қамтуға, канализацияға, ғимараттарды жылыту және желдету талаптары, табиғи және жасанды жарық нормалары айқындалады.

Ветеринарлық-санитарлық қадағалауға ветеринарлық-санитарлық ережелер бұзылған жағдайларда (анықталған бұзылулар жойылғанша) құрылысты, ғимараттар мен құрылымдардың қайта жөнделу жұмыстарын, қайта салынған, қалпына келтірілген ғимараттардың іске қосылуын тоқтату құқығы бар.

Малшаруашылық нысандарын орналастыру аумақтарын қолданыстағы аудандық жоспарлау жобасына, ұйымдастыру-шаруашылық құрылым жоспарына, ескертулерге және мекен-жай жобаланымына сәйкес таңдайды. Ірі қара мал ұстауға арналған малшаруашылық нысанының жобаланымына сәйкес таңдайды. Ірі қара мал ұстауға арналған малшаруашылық нысанының жобаланымды жобасы 8 суретте келтірілген.

Slide 6

Ірі қара мал ұстауға арналған малшаруашылық нысанының жобасы.

Slide 7

Телімді бағалау барысында келесі талаптар ескеріледі:

1 геологиялық;

2 метеорологиялық;

3 гидрологиялық;

4 ветеринарлық-санитарлық;

5 инженерлі-техникалық;

6 экономикалық;

7 экологиялық.

Slide 8

Телімнің болжамды көлемдерін мына көрсеткіштерді ескеріп анықтайды: сүт және ет-сүт фермалары үшін - 100-140м2/бас; 6-айдан асқан ІҚМ-50-70м2/бас; мамандырылған мал шаруашылықтарында бір негізгі мегежінге 60-220м2; бордақыланатын шошқаға 20-30м2; қой фермалары үшін 15-20м2; құс фермалары 0, 38-1, 0м2 құрылыс алаңдарын мекен-жай ауасының сумен қамту көздерінің, су көздері мен топырақтың санитарлық қорғалуын ескере отырып таңдайды. Малшаруашылық нысандарын мекен-жайлардан санитарлық-қорғау аймағымен бөлектейді.

Санитарлық-қорғау аймағына мал шаруашылығының сыртқы қабырғалары немесе олардың қоршауы мен аймақ (мекен-жай) аралығындағы аумақ енеді. Бұл аймақ тұрғындардың малдарынан фермаға немесе кешенге жұқпалы аурулар енуінен қорғайды және мал шаруашылығы мекемелерінің кейбір зиянды жайттарының (шаң, микроорганизмдер, жағымсыз иістер) тұрғындар мекеніне әсерінен қорғайды. Малшаруашылық кешендері мен құс фабрикаларын оларға қызмет көрсетпейтін елді мекендерден - 3 км кем емес, қалалардан, өндіріс мекемелерінен, демалыс орындарынан - 5 км, өзен-көл, өзге су қоймаларынан 2 км кем емес қашықтықта орналастыру керек.

Сүт фермалары 300-500м, шошқа фермасы 500-2000м, құс фермасы 300-1200м, қой және аң фермалары 300м, жылқы және қоян фермалары 100м, өтелдеу зауыттары 3000м мал молалары 500м орналасуы тиіс.

Slide 9 Slide 10

Ғимараттың жекелеген бөліктеріне қойылатын талаптар

Жылу өткізгіштік - материалдың жылуды өз бойының бір беткейінен екіншісіне беру қасиеті.

Жылу сыйымдылық - материалдың қыздырған кезде қандай да бір жылу мөлшерін сіңіру қасиеті.

Жылу сіңіруі - бұл материалдың беткей температурасы ауытқыған кезде жылу сіңіру қасиеті.

Гигроскопиялық - материалдың өз бойына су мен ауадағы су буларын сорып, ұстау қабілеті.

Бу өткізгіштік - бұл материалдың су буларын өткізу қабілеті.

Іргетас - тірек болатын қызмет атқаратын ғимараттың жерасты бөлігі. Ол қабырғаларды топырақ ылғалынан, тоңазудан қорғайды, ол берік болуы тиіс. Оны тастан, кірпіштен немесе бетон жақтауларынан құяды.

Қабырғалар - ғимараттың қоршағыш және жүктемелік бөлігі. Олар ғимаратты климат және ауа-райы әсерлерінен қорғап, жануарлар үшін қалыпты температуралық - ылғалдық режимі мен табиғи жарықтануды қамтамасыз етеді. Төбелер - ғимаратта жылуды жақсы ұстайтын материалдан әзірлейді. Олар құрғақ, тегіс, берік, жақсы жылытылған және дезинфекциялар үшін ыңғайлы болуы керек. Суық және ылғалды климат аймақтарында төбені шатырмен қосарламай, арасына жылытуға ықпал ететін кеңістік қалдырылады.

Slide 11

Едендер - ғимараттың санитарлық-гигиеналық жағдайына, микроклиматына, тазалығы мен жануарлар өнімділігіне, сондай-ақ сүт пен жүн тазалығына үлкен әсерін тигізеді.

Көптеген ғалымдардың деректері бойынша, қыста еден температурасы 27, 5°С болғанда бордақыланатын шошқа салмағы өсуі 653г, ал 10, 3°С-да, азықтар шығыны 4, 08 ден 4, 66 азықтық бірлікке ұлғаятынын айтуға болады. Еден арқылы жылу 12-48%-ға дейін жоғалады, сондықтан олар ғимараттың жылу режиміне әсерін тигізеді де, оларды жылытуға көп көңіл бөлінеді.

Қақпалар - көп жылу өткізбеуі керек және ішкі беткейіне ылғал конденсацияламайтын болулары қажет. Қақпаны орнату кезінде жел кескіні ескеріледі, негізінен қақпаларды ауыз қорамен жабдықтайды. Қақпаларды екі жақтаулы, сыртқа ашылатын етіп жасайды.

Терезелер жарықтандыру, жылу ұстау үшін қызмет атқарады, олар арқылы біршама жылу жоғалады, оларды сондай-ақ ғимаратты желдету үшін де пайдаланады, терезе биіктігінің көп маңызы бар. Ірі қара мал фермаларындағы терезе биіктігі 1, 3-1, 8м, шошқа қораларында 1, 1-1, 3м, қой қораларында 1, 2-1, 3м.

Slide 12 Slide 13

Желдету дегеніміз ғимараттан ауаны шығарып, оны таза сыртқы ауамен алмастыру.

Ауа алмасуының жеткіліксіз болуы микроклиматты нашарлатады, тым көп болуы қысқа кезеңдерде ғимарат ішкі температурасының едәуір төмендеуіне әкеліп соғады.

Осыған орай ауа алмасуының оптималды деңгейі межеленеді, ол мал түріне, салмағына, жыл мезгіліне байланысты болады.

Ауа алмасу деңгейі желдетудің сағаттық көлемі, нормасы, реттілігімен сипатталады. Желдетудің сағаттық көлемі- бір сағат ішінде ғимаратқа жіберілуі тиіс ауа көлемі, м3/сағ.

Ауа алмасу нормасы-малдың тірі салмағына, немесе бір малға қажетті ауа көлемі, м3/сағ.

Ауа алмасу реттілігі-желдетудің сағаттық көлемінің ғимараттың ішкі көлеміне қатынасты.

Қысты күндері желдету су буларын, СО2 және зиянды газдарды жылуды минималды шығындап шығаруын қамтамасыз етуі керек, қыста ауа алмасуы-минималды болуы қажет.

Желдетілу

Slide 14

Желдетудің тік жүйесіне қарапайым, квадрат кескінді ағаш шахталары (каналдары) жатады.

Олардың құрылымына келесі талаптар қойылады:

1 Тығыз, саңылаусыз қабырғалары тегіс, канал ішінде дөңгеленген болуы керек (қабырға арқылы ауа үйкелісін азайту үшін) ;

2 Төбеде, төбе үстінде жылытылған болуы керек, яғни конденсат болмауы керек;

3 Тік, үздіксіз, сынық, майысуларсыз болуы керек (өйтпегенде ауа тежелетін болады) ;

4 Кесінді ауданы айтарлықтай үлкен болуы тиіс.

Кесінді ауданының үлкендігінің артықшылығы:

1 Бір үлкен шахта бірнеше аз кесінділі каналдарды алмастыра алады, бұл ғимарат біртұтастығын сақтауға мүмкіндік береді;

2 Ауа қозғалысы жылдамдығы жоғары;

3 Конденсаттың түсу мүмкіндігі азаяды;

4 Желдетуді меңгеру жеңілдейді.

Slide 15 Slide 16

Төсеніш, канализация жән қи сақталуы

Жануарлар түрі

Сабан, кг

Жұмысшы жылқылары

1, 8 - 2

Асыл тұқымды жылқылар

2, 5 - 3

Сүтті сиырлар

2, 5 - 3

Шошқалар

1, 5 - 2

Қойлар

0, 3 - 0, 5

Тәуліктік төсеніш мөлшері, кг

Шаруашылық тобы

Зәр, л

Нәжіс, кг

Өндіруші бұқалар

10

30-35

Сиырлар

20

35-40

Қашарлар

7

20-25

Жас малдар

4

10-15

Бұзаулар

2

5-10

Өндіруші қабандар

6

9

Мегежіндер: буаз және қысыр

8

9

Емізетін мегежіндер

10

12

Торайларын бөлгендер

0, 8

2, 5

Бордақыланатын жас шошқалар

2, 5

5

Еркек қойлар

1

4

Жылқылар

15

20

Жас жылқылар

10

15

Құлындар

5

10

Тәулігіне бір жануар бөлетін зәр мен нәжіс мөлшері

Slide 17

Канализация - жануарлар тұрған орындардан сұйық нәжіс, зәрлерді шығаруға арналған зәр ағуы үшін едендер 1м тұрақ ұзындығына 2-3см еңкіш болуы керек, сондықтан тұрақ бойымен сұйық нәжіс, зәрлер ағуы, жиналуы үшін қи жинағыш өзектері жабдықталады, олар да еңкіш орналасады. Сұйық фракция тұрбалар арқылы жинақталу орындарына түседі, олар ғимараттан тыс жерде болады. Сұйық нәжіс, зәр жинағыштарында гидравликалық жабындылар болуы керек, олар қора-жай ауасына улы газдар түсуін болдырмайды. Қи науаларынан қиды транспортерлер көмегімен шығарады.


Ұқсас жұмыстар
Өндірістік гигиена және санитария
Микроклимат адам ағзасының жылу алмасуына әсер ететін шектелген кеңістіктегі физикалық факторлардың кешені
Түрлі жануар организміне ұстау әдісінің әсер етуін эксперимент жүзінде зерттеу
Өндірістік бөлмелердегі микроклимат
Эксплуатациялық бедеулікті болдырмау
Серозды желінсау
Ірі қара мал лейкозы
Ірі қара малының гигиенасы
Мал қораларындағы ауа ылғалдылығының көздері
Зиянды және қауіпті өндірістік факторлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz