Комплементті байланыстыру реакциясы (КБР)




Презентация қосу
Комплементті
байланыстыру реакциясы
(КБР)
Бұл реакцияны
1901 жылы Борде мен Жангу бакте-
риолиз және гемолиз феномендерін
қолдана отыра жарыққа шығарды.
КБР қан сарысуындағы телімді ан-
тиденелерді, сонымен қатар зерттеу-
ге алынған жадығатта белгілі бір
антигенді анықтауға арналған.
Бұл реакцияда бес компонент
қатысады:
1)антиген;
2) зерттеуге алынған қан сарысуы;
3) комплемент;
4) гемолиттік қан сарысуы;
5) қой эритроциттері.
1, 2 және 3 компоненттер
тәжірибелік (бактериолиттік
немесе цитолиттік) жүйені, ал 3, 4
және 5 компоненттер
индикаторлық жүйені құрайды.
2%-ды қой эритроциттерін дайындау үшін 2
мл шайылған қой эритроциттерінің тұнбасына
98 мл физологиялық ерітіндіні қосады.
Комплементтің гемолиттік жүйеде титрлеу
жұмыстарын негізгізерттеу алдында жүргізеді.
Комплементтіңтитрі болып, эритроциттерді
толық гемолизге ұшырата алатын ең аз мөлшері
саналады. Аусыл вирусының типтерін анықтауда
қолданылатын комплементтің титрі2,5%-
дантөмен болмауы қажет. КБР негізгі зерттеуге
комплементті, жұмыс титрін. 1% артығымен
алады. Мысалы, гемолиттік жүйедегі
комплементтің титрі 2% болса, негізгі зерттеуге
3 % яғнижұмыс дозасын дайындау үшін 3 мл
нативті комплеиентке 97 мл физиологиялық
ерітінді қосады.
Қан сарысуы. Ауру қоздырғыштарының типтерін
анықтау үшін биофабрикадан шығарылған телімді
қан сарысулары қорабында көрсетілген жұмыс
титрінен екі еселенген мөлшерде алынады. Егер
қорапта көрсетілген титр 1:40 болса, жұмыс титрі
1:20 алынады.
Антигендер. Биофабрикадан шығрылған ауру
қоздырғыштарының телімді антигендері де екі
еселенген сұйытылымда қолданылады. Антиген
қорабында көрсетілген сұйытылым 1:6 болса,
қолданылатын сұйытылым 1:3 құрайды.
Зерттеуге алынған антиген ретінде жануарлардан
алынған патолагиялық материалдары, құрамында
вирусы бар өсінді сұйықтғы. Комплементті
байланыстыру ревкциясында зерттеуге
алынғанантигенді бүтіндей және 1:2, 1:4, 1:8
Егер антиген мен зерттеуге алынған қан
сарысуындағы анти- дене бір-біріне
телімділік көрсетсе, онда антиген-
антидене кешені пайда болып, бұл
кешен комплементті өзіне тартады. Ал,
егер зерттеуге алынған қан сарысуында
антигенге үйлесімді антидене болмаса,
иммунды кешен қалыптаспайды,
сондықтан комплемент бос қалады.
Комплементтің антиген-антидене
кешенімен байланысқанын немесе
оның бос қалғанын анықтау үшін шыны
түтікке индикатор ретінде гемолиттік
жүйенің компоненттерін –гемолиттік қан
Егер тәжірибелік (бактериолиттік)
жүйеде комплемент
байланыстырылған болса,
эритроциттердің гемолизі
байқалмайды. Бұл жағдай
антигеннің зерттеуге алынған қан
сарысуындағы иммунды денелерге
телімді екендігін дәлелдейді.
Демек, гемолиздің жоқтығы КБР-ының
оң нәтижесі болып саналады [А].
Эритроциттердің гемолизі
бактериолиттік жүйеде бос
комплементтің барында ғана байқалады
[Ә] . Комплемент қан сарысуында
антиденелердің жоқтығының
салдарынан бос қалады (КБР-ның теріс
нәтижесі). Зерттеуге алынған қан
сарысуында антиденелер аз болса,
эритроциттер ішінара гемолизге
ұшырайды. Гемолиздің толық тоқталуы
(++++), едәуір тоқталуы (+++), жарым-
жартылай тоқталуы (++) немесе (+), ал
толық гемолизі (–) белгілерімен
Комплементті байланыстыру
реакциясының қойылым жолдары
КБР – сезімтал реакциялардың бірі. Әдетте, бұл
реакцияда антиген ретінде микроб
жасушаларының, жануарлар ұлпаларының
сығындысы немесе басқа протеинді заттар
алынады. КБР медицина мен ветеринария
тәжірибесінде көптеген инфекциялық және
инвазиялық ауруларды балау жұмыстарында
қолданылады.
КБР-ның мал бруцеллезін, паратуберкулезін,
кампилобактериозын, лептоспирозын және т.б.
ауруларын, ал адамның сүзек және мерез
ауруларын анықтауға арналған арнайы
қойылымдары бар. Кейінгі кезде бұл реакция
адам мен жануарлардың вирустармен
қоздырылатын кейбір ауруларына диагноз қою
үшін де пайдаланып жүр. КБР-ының вирустардың
(мысалы, аусыл қоздырғышының) түрін
КБР сезімталдығы жоғарғы иммунологиялық
тәсілдердің бірі бола отыра, антигендік
құрылысы жағынан ұқсас микробтарды бір-
бірінен ажырата алмайды. Мысалы,
КБР-ында маңқа қоздырғышы мен мелиоидоз
микробының тектестігі анықталған. Сонымен
қатар КБР бойынша антигендік ұқсастық
паратуберкулез қоздырғышы мен туберкулез
микробактерияларының арасында да белгілі
болып отыр.
Комплементті ұзақ байланыстыру реакциясы
(КҰБР). Бұл реакцияның КБР-ынан
айырмашылығы – оның бірінші фазасының 16-
18 сағат бойы 0-4 °С температура аралығында
өтуі. Бұл жағдайда бактериолиттік жүйедегі
антиген-антидене кешені комплементті ұзақ
сіңіреді (адсорбциялайды). Осы се бептен КБР-
ның сезімталдығы арта түседі де, антиденелер
мен анти гендердің өте аз
мөлшерін анықтауға мүмкіндік туады. Бұл
тәсіл бруцеллез, кампилобактериоз, биелердің
вирусты іш тастауы, ет қоректілердің вирусты
гепатиті, Куриккетсиозының серологиялық
диагностикасында қол данылып жүр.

Ұқсас жұмыстар
Комплемент байланыстыру реакциясы
КОМПЛЕМЕНТТІ БАЙЛАНЫСТЫРУ РЕАКЦИЯСЫ
Бруцеллезге қарсы вакцина стандарты
Бруцеллезды серологиялық балау
Бруцеллезды балау әдістері
Қан тізімін өңдеу журналы
«Бруцеллез және оны балау әдістері
Сиыр лейкозы
Бруцеллалар
Ауруды ажыратып балау
Пәндер