ПРЕЦИПИТАЦИЯ РЕАКЦИЯСЫ. Антиденелер (преципитин) мен антигендердің (преципитоген)


Slide 1

Преципитация реакциясы

Slide 2

Бұл реакцияны 1897 жылы Р. Краус ашты. Антиденелер (преципитин) мен антигендердің (преципитоген) әрекеттесуінен пайда болған кешенді преципитат деп атайды. ПР қою үшін антигенді преципитациялаушы қан сарысуының үстіне немесе астына абайлап қабаттайды. Реакция шыны түтіктерде, әсіресе капиллярларда айқын байқалады. Реакцияның оң нәтижесі кезінде антиген мен преципитациялаушы қан сарысуының жанасу шекарасында тез арада (бірер минуттан соң) ақсұр сақина пайда болады.

Slide 3 Slide 4

ПР былғары шикізатын сібір жарасы қоздырғышына зерттеу мақсатында кең қолданылып келеді. Бұл реакция сонымен қатар стрептококкалар мен пневмококкалардың түрлерінен ажыратуға және ет, балық, ұн тағамдарының фальсификациясын (бұрмалануын) анықтауға мүмкіндік береді. ПР сот медицинасында қан дағының және т. б. биологиялық заттардың тегін анықтайтын иммунохимиялық реакциялардың бірден- бірі.

ПР-ына жоғарғы дәлдік пен сезімталдық тән. Оның көмегімен зерттеуге алынған материалдағы протеинді анықтау үшін оның небәрі 0, 003-0, 005 мг/мл концентрациясы жеткілікті. ПР-ының әртүрлі

тәсілдері бар. Микробиология тәжірибесінде сақиналы преципитация реакциясы мен гель ішіндегі диффузиялық преципитация реакциясы жиі қолданылады.

Slide 5

Сақиналы преципитация реакциясы. Ең алғаш бұл реакцияны 1910 жылы Асколи ұсынған бола-

тын . Антиген ретінде бұл реакцияда сібір жарасы қоздырғышы өсіндісінің шайындысы немесе осы аурудан өлген малдың органдары мен ұлпаларының сығындысы қолданылады. Сібір жарасы қоздырғышының антигені (преципитиногені) материалдың шіруі кезінде бұзылмайды және жоғарғы температураға өте төзімді болып

келеді.

Slide 6 Slide 7

Преципитиногендерді топалаңнан өлген мал органдарының

кішкене бір бөлшегін (терісін, көк бауырын, қанын және т. б. ) физиологиялық ерітіндіде қайнату арқылы дайындайды. Антигеннің ыстыққа төзімділігіне байланысты бұл реакцияны термопреципитация деп атайды. Реакцияның ең маңызды шарты - антиген мен преципитациялаушы қан сарысуының мөлдірлігі.

Преципитиногенді сібір жарасының антигеніне қарсы антиденелері бар преципитациялаушы қан сарысуына қабаттастырғанда реакцияның оң нәтижесі 30-60 секунд аралығында (немесе 2 минут аралығында) байқалады.

Slide 8

Гель ішіндегі диффузиялық преципитация реакциясы. Преципитация феномені сұйық ортада емес, сонымен қатар тазартылған, мөлдір лендірілген 1%-ды агарда да

байқалды. Егер сұйық фазада преципитат тек қана бір сызық (тілім) түзсе, гель ішінде диффузияланушы (жайылушы) реагенттер - антигендер мен антиденелер бір-бірімен әртүрлі қашықтықтарда кездесіп, бірнеше сызықтарды қалыптастырады (молекула неғұрлым кіші болса, соғұрлым гель ішінде тезірек таралады) . Сызықтардың саны мен еніне қарай иммунды кешеннің сипаттамасын алуға мүмкіндік туғызады. Бұл реакцияның бірнеше қою тәсілдері белгілі.

Slide 9 Slide 10

Оухтерлони тәсілі. Реакция 1% бейтарапты агары бар Петри шыны аяқтарының ішінде немесе зат шынысының беткейінде өткізеді. Трафарет көмегі арқылы агардың бетінде біріне-бірі қарсы шұңқыршықтар дайындайды. Олардың біріне, мысалы, антиденелері бар қан сарысуын, ал екіншілеріне оларға телімді антигенді құяды. Қарама-қарсы таралушы реагенттердің кездескен орнында преципитация сызығы пайда болады.

Оухтерлони тәсілі зерттеуге алынған биологиялық материалдардағы антигендерді тиімді және көрнекті

түрде ажыратуға мүмкіндік береді.

Slide 11 Slide 12

Егер де ортадағы шұңқыршыққа преципитациялаушы қан сарысуын, ал оның айналасына орналасқан көршілес екі шұңқыршықтарға зерттеуге алынған антигендерді құйғаннан кейін олардың ортасында бір-біріне қосылған ортақ сызықтар түзілсе, онда мұндай антигендер өзара ұқсас болып табылады. Ал антигендер бір-біріне ұқсас болмаған жағдайда олар ортадағы шұқыршықтан таралған антиденелер- мен әртүрлі қашықтықтарда кездесіп, өзара қосылмайтын преципитаттар құрайды. Зерттеуге алынған антигендер бір-бірімен ішінара ұқсас болса, преципитация сызықтары өзара жарым-жартылай қосылып, қосымша өсінді түзеді. Бұл қосымша өсінді преципитация сызықтарының біреуінің тікелей жалғасы болып табылады. ПР-ның бұл тәсілі көбінесе вирустық антигендердің идентификациясында қолданылады. Сонымен қатар бұл реакция аусыл қоздырғышының түрлерін анықтау мақсатында да пайдаланылады.

Slide 13 Slide 14

Тарамдалған иммунды диффузия реакциясы. ПР-ның бұл түрінде балқытылған агарды антиденелермен алдын ала араластырып, шыны немесе пластиканың бетіне құяды. Агар қатайғаннан соң оның бетінде диаметрі 2 мм болатын

шұңқыршықтарды дайындайды да, олардың ішіне белгілі бір мөлшерде зерттеуге алынған антигенді құяды. Реакцияны ылғалды камерада өткізеді. Тарамдалған иммун ды диффузияның феномені шұңқыр шықтың айналасында преципитация сақинасының пайда болуымен сипатталады.

Slide 15 Slide 16
Ұқсас жұмыстар
Преципитация реакциясы
Агглютинация реакциясы
Реакцияның қолданылуы
Антидене түзу
СЕРОЛОГИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАР
Аглютинация реакциясы
Агглютинация реакциясын қою әдістері
Антигендер. Антиденелер. Организмнің иммунитеттің қорғаныс факторларының арнайы механизмі. Жасшамалық ерекшеліктері
Жедел типті және баяу типі
Ет шикізат және мал өнім түрлерін ПТР арқылы анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz