Шошқалар гигенасы және күтімі



Шошқалар гигенасы және күтімі

Шошқа шаруашылығы ет өндірісінде жетекші орындарға ие. Бұл шошқалардың бірқатар биологиялық ерекшеліктеріне байланысты, осы ерекшеліктер сиыр және қой етінен гөрі өзгешелеу болуын түсіндіреді.

Шошқалардың биологиялық ерекшеліктеріне жататыны:
1 Жоғарғы түрдегі жылдам жетілетіндігі. Мегежіндер 9-10 айлық жасында шағылыстырыла алады, ал 13-14 айлық жасында торайлайды. Жас шошқаларды бордақылағанда 6-6, 5 айлық жасында 100-110кг жете алады.

2 Көптөлділігі және буаздылықтың аз мерзімділігі бір торайлау барысында мегежін 11-12, бірқатар жағдайларда 15-17 торай әкеледі (Болгарияда 32 торай әкелінген жағдай тіркелген, Венгрияда мегежін 22 жыл ішінде 46-рет торайлау барысында 416 торай әкелген) . Буаздылық мерзімі мегежінде 114-116 күн құрайды (3 ай, 3 апта, 3 күн) осының арқасында жылына екі торайлау алынады, тиісінше, бір жылда бір мегежіннен 20-25 торай алынады.

3 Жылдам бордақылануы және азықтардың тиімді пайдаланылуы. Қарқынды бордақылау кезінде орта тәуліктік салмақ қосулары 700-750г және 1кг өсімге 3, 8-4, 0 азықтық бірлік шығындалады, ал ірі қара малды бордақылауға 8-10 азықтық бірлік шығындалады.

4 Сойылымдық шығу деңгейі жоғарылығы. Беконды шошқалардың сойылымдық шығу деңгейі 71-74% құрайды. Шошқа еті өте жоғары қоректі, 1кг шошқа етінде шамамен 16000 кДЖ болса, сиыр етінде, қой етінде тек 6700-7100 кДЖ құрайды.

5 Шошқалардың азыққа талғамсыздығы шошқалар өсімдік және жануар текті азықтарды жақсы жейді, сондай-ақ олар техникалық өндіріс тағам өндірісі қалдықтарын да жақсы жейді.

Қазіргі уақытта шошқаларды ұстаудың екі негізгі жүйесі қолданылады: серуендетімді және серуенсіз.
Серуендетімді жүйе өз алдына станокты-серуенді және еркін серуенді болып бөлінеді.
Станокты-серуенді жүйе кезінде шошқаларды жеке немесе топтық станоктарда ұстап, серуендеу алаңдарына шығарып отырады, оларды станокта немесе асханада азықтандырады. Жеке станоктарда 4-ші буаздылық айындағы мегежіндерді, еметін торайлары бар мегежіндерді және өндіруші-қабандарды ұстайды. Топтық станоктарда қысыр және алғашқы үш айлық буаздылықтағы мегежіндерді, табын толықтыратын жас шошқаларды, енесінен айырған торайларды ұстайды.

Еркін серуенді ұстау әдісінде шошқалар топтық станоктарда ұсталынып, серуендеу алаңдарына еркін шығып отырады. Шошқаларды станокта немесе серуендеу алаңдарында, я болмаса асханаларда азықтандырады

Осы жүйе бойынша қысыр және алғашқы үш айлық буаздылықтағы мегежіндерді, табын толықтыратын жас шошқаларды, енесінен айырған торайларды, бордақыланатын жас шошқаларды ұстайды. Шошқа қоралары қасынан бетондалған және қоршалған серуендеу алаңдары жабдықталады

Серуенсіз жүйе шошқаларды бордақылау кезінде ірі топ түрінде станокта ұстап қолданылады.
Шошқалар бордақылау басынан аяғына дейін серуенге шығарылмайды. Оларды станокта немесе өткелдерде азықтандырады.
Жаз айларында шошқаларды (аналықтар, енесінен айырған торайлар, табын толықтырушы жастар) лагерьлерде күркелі жеңіл қораларда ұстайды. Шошқа шаруашылығы шошқа бастарын келесі жыныстық жастық топтарға бөледі:
- өндіруші қабандар;
- негізгі мегежіндер;
- тексерілетін мегежіндер;
- 0-2 айлық еметін торайлар;
- 2-4 айлық енесінен айырған торайлар;
- 3-4 айлық табын толықтыратын шошқалар;
- 7-8 айлық табын толықтыратын шошқалар;
- 4-айдан асқан бордақыланатын жас шошқалар;
- емізетін мегежіндер;
- қысыр - ұрықтандырылмаған мегежіндер;
- буаз мегежіндер (ерте, кеш)

Шошқа қораларын және қосалқы қолданымдағы құрылыс орындарын шошқа фермаларын технологиялық жобалау нормаларына сәйкес құрастырылған типтік жобалар бойынша салып, жөндейді. Шошқаларға арналған ғимараттар мүмкіндігінше жағынсыз, көлемі бойынша технологиялық үрдіс талаптарына сай болу керек. Қалыпты температуралы - ылғалдық режимін қамтамасыз ету үшін сыртқы құрылымдардың (қабырға, төбе, жақтау) сенімді жылу қорғанысына аса көңіл бөлінеді.

Аналық шошқа қораларын әдетте, жер бедері бойынша төмен азық цехына жел жағынан, ал өзге түрдегі шошқа қораларына шаққанда жер бедерінен жоғары және ық жағынан орналастырады. Шошқаларды азықтандыру бөлімдерін (асханаларды) ғимараттың ортаңғы бөлігінен салып, екі бөлікке бөледі, төсеніш пен құрал-жабдық бөлмелері ғимарат бүйірінен, қызмет етушілер бөлмесі де ғимарат бүйірінен немесе асханамен қиылысып жасақталады, арасындағы өткелдер ені 1, 4-1, 6м, көлденең өткелдерді ғимарат ұзындығына орай қалдырады. Аналық-шошқа қораларында қабырға маңы өткелдерін де қалдырған жөн.

Жеке станок аудандары мегежіндер үшін тауарлы фермаларда 5м2 асыл тұқымды фермада 6м2. Осындай аудандар буаздылықтың екінші жартысы, төртінші айындағы мегежіндер үшін де қарастырылады, екі аналық станоктары арасына торайларға арналған ауданы 4-5м2 азықтандыру станогы жасалады. Торайлары бар емізетін мегежіндер станоктарын металл талдарынан, темірбетон немесе ағаш жабдықтарынан жасайды (19-сурет), тор аралығы 6-7см, биіктігі 1, 1м.
Емізетін мегежіндерді ұстайтын және торайлауға арналған станок.
І - азықтандыру бөлімі; ІІ мегежін мен еметін торайлар тұратын бөлім, 1-жемсауыт, 2-саңылаулы еден; 3- мегежін клеткасы; 4-еметін торайларға арналған кеңістік; 5-азық мөлшерлегіш; 6-қақпа; 7-еметін торайларға арналған өздігінен азықтандырғыш; 8-инфроқызыл сәулелеуші шаң.

Станоктың астыңғы жағы тұтас, еденнен 40см жоғары орналастырылады. Станоктың алдыңғы қабырғасын (өткелге шаққанда) зәр мен нәжістің науаға еркін ағуы үшін еденнен 5см жоғары орналастырады.
Бүйірлік жақтауында (азықтандыру станогы жағында) торайларға арналған көлемі 30x40см шығу бөлігі жасалынады. Станоктың бір бөлігінің торайлар шығатын еденін ағаштан немесе өзге аз жылу өткізгішті материалдан, екіншісін цемент немесе асфальттан нәжіс науасына қарай еңкіштеу етіп жабады. Енесі торайларды жаншымауы үшін станокта қабырғасы мен бүйірлік жақтаулары бойымен тегіс сызықтардан аралығы қабырға-жақтаулардан 25см, еденнен 20-25см бөгет жасалынады.
Станоктарда өткел бағытында ашылатын, ені 70см кем емес есіктер жасалады. Мегежіндерді станокты азықтандыру мен суару үшін науа мен автосуарғыш орнатылады.

Жартылай сұйық және ылғалды күйінде азықтар жеткізу үшін арнайы бөлме - асхана бөлген жөн.
Мегежіндер мен торайлар моционы үшін шошқа қорасының оңтүстік бөлігінен бір мегежінге 10м2 есебінен серуендеу алаңы жасалынады.
Қабан шошқа қоралары өндіруші қабандарды асыл тұқымды шаруашылықтарда ұстау үшін салынады. Тауарлы фермаларда өндіруші қабандарды әдетте аналық шошқаларында ұстайды.


Өндіруші қабанның жеткілікті дене салмағы, жақсы денсаулығы және жоғары жыныстық қуаты болуы керек. Соның семіруі, сондай-ақ арықтауы ұрық сапасына әсерін тигізеді. Өндіруші қабандарды пішіміне, жыныстық жүктемесіне, ұрық сапасына байланысты жеке тәулігіне 3 рет азықтандырады, суды еркін автосуарғыштан немесе қолмен суарады.
Қабандарды қабан қораларында немесе аналық шошқа қораларында ұстайды: жеке станокта 7м2 ауданда ұстайды, топтық станокта ұстағанда бір қабанға 2, 5м2 келуі керек. Жазғы кезеңдерде қабандарды лагерьде жақсы жайылым беріп ұстаған жөн. Қабандарды жүйелі түрде жөкемен тазалау жазда сабындап жуу қажет.

Бұқалар тәрізді қабандарға да төсеніш ретінде шымтезек пен ағаш үгінділерін қолданбау керек. Қабандар үшін моцион аса маңызды. Оларды күнделікті түрде серуендеу алаңдарына шығарады немесе 0, 5-1км қашықтыққа таза жолдармен жүргізеді.
Қабандарды шағылыстыруға 10-12 айлық жасында жіберу ұсынылады. Жас қабандарға бірінші пайдалану жылында 10-12 мегежін жүктемесін береді, ал ересектерге жүктеме 20-30 аналық қолдан ұрықтандыру кезінде қабан ұрығын 200 аналық үшін пайдалану мүмкіндігі бар.

Буаз мегежіндерді дұрыс азықтандыру мен ұстау олардың жақсы торайлауы мен сүттілігін қамтамасыз етеді. Қоректік заттарды қажет ету буаздылықтың соңғы айында ұлғаяды, өйткені бірінші айда ұрықтар салмағы 25-30г болса, үшінші айда 160-180г, төртінші айда 1-1, 2кг құрайды, сол себептен мегежіндер рационын 15-20% ұлғайтады. Буаз мегежіндерге рационның жалпы қоректілігінің 75-85%-дан астам құрама азықтармен азықтандыру төменгі салмағы (400-700г) өмір сүруге жарамсыз торайлар туына әкеліп соғады.
Олардың рационына шырынды азықтар, шөп, шөп ұнын, құрламалас сүрлем қосу қажет. Торайлаудан екі күн бұрын және торайлаған соң мегежін босаңсытатын (жарма быламығы) азықтар алуы керек.

Мегежіндерді тәулігіне 3 рет азықтандырады, су берілуі еркін. Моцион міндетті түрде берілуі керек, алайда торайлаудан 10 күн бұрын оны тоқтатады.
Мегежіндерді 5-7 күн бұрын аналық шошқа қорасына ауыстырып, келесі шаралар өткізіледі: торайлаудан 4-5 күн бұрын рационды 25%, торайлау күні 50% қысқартады, торайлаған соң жылы су береді, 10-12 сағаттан соң бор мен ас тұзын (20-30г) қосып быламықпен азықтандырады, екінші 5-6 сағаттан соң беріледі. Торайлаған соң әр күні азықтың тәуліктік нормасын ұлғайтып, 7-ші күні бұрынғы деңгейіне жеткізеді.


- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz