Эмульсия. Эмульсияларды тұрақтандыру үшін қолданылатын ЖМҚ және БАЗ


Slide 1

Жоспар:

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім:

эмульсияларды тұрақтандыру үшін қолданылатын ЖМҚ және БАЗ

ГЛБ мөлшерінің БАЗ және ЖМҚ тұрақтандырғыштық қасиетіне әсері

суспензиялар және эмульсиялар дайындау кезінде тұрақтандырғыштар

3. Қорытынды

4. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 2

КІРІСПЕ

Эмульсия . Дисперстiк фазасы және дисперстiк ортасы бiр бiрiнде ерiмейтiн немесе аз еритiн сұйықтықтардан тұратын микрогетерогендi жүйенi эмульсия деп атайды.

Slide 3

эмульсияларды тұрақтандыру үшін қолданылатын ЖМҚ және БАЗ

ССРО МФ ХI басылымында эмульсияларға келесi анықтама берiледi: Эмульсиялар - бiр бiрiнде ерiмейтiн майда дисперстi жүйеден тұратын iшуге, сырт тәнге және парентералды қолдануға арналған сыртқы түрi бойынша бiртектi дәрiлiк түр.

Slide 4

Эмульсия механикалық энергияның жұтылуымен түзіледі; екі сұйықтықты біріктірген кезде түзілген жаңа бет, бос беттік энергияны тасымалдайды. Бос беттік энергия беттік ауданға және фаза аралық беттік тартылысқа байланысты: ɛ=ó*S мұндағы: ɛ-бос беттік энергия, н/м ó- беттік тартылыс, н/м S- беттік аудан, м2

Slide 5

Осы теңдеуден фаза аралық бөлінген бет үлкен болған сайын, фаза бөліктерінің бетіне бағытталған, оның артық бос энергиясы да көп болатындығын байқауға болады. Мұндай жүйелер термодинамикалық тұрақсыз және оларда бос энергия қорын азайтуға бағытталған процестер өздігінен өтеді. Бұл процесс өздігінен тамшылардың бір-бірімен қосылып (коалесценция) -ірілену нәтижесінде жүреді. Шексіз ірілену кезінде эмульсия толық бұзылып, екі қабатқа бөлінуі мүмкін.

Slide 6

Жүйе агрегативті тұрақтылығын сақтау үшін, беттік тартылысты төмендету арқылы дисперстік дәрежесін сақтау, сонымен бірге бос энергияны минималды мәнге дейін төмендету керек. Осы мақсатқа жету үшін беттік активті зат (БАЗ) қосу қажет. Олар фаза аралық бетке адсорбцияланып, артық фаза аралық энергияны төмендетеді. Фаза аралық беттік энергия төмендеген сайын, беттік активті эмульгатор бөліну беткейіне жиналады. Соның нәтижесінде эмульгатордан, диспертік фазаны қоршайтын адсорбциялық пленка түзіледі.

Slide 7

Шекаралық қабатта болатын мицеллалар немесе эмульгатор молекулалары векторлы қасиетке ие, яғни белгілі бір ретпен орналасқан. Мицелла мен молекулаларының бағытталуы, олардың полярлы топтарына байланысты. Бұл топтар гидрофилді және бөлінген бетте әрқашан су фазасына бағытталады.

Slide 8

Эмульгатор эмульсияны тұрақтандырумен қатар, эмульсия типін де анықтайды. Қай фазада эмульгатор жақсы ерісе, сол фаза дисперстік орта болады. М/С типіндегі тұрақты эмульсия алу үшін гидрофильді эмульгатор қосу қажет, олар суда жақсы ериді, май тамшыларында берік қабат түзеді. С/М типіндегі тұрақты эмульсия алу үшін гидрофобты эмульгаторларды алу қажет, олар майда жақсы ериді.

Slide 9

ГЛБ мөлшерінің БАЗ және ЖМҚ тұрақтандырғыштық қасиетіне әсері Эмульгаторларға қойылатын талаптар: дифильдiк, беттiк тартылысты төмендету қабiлетi, дәрiлiк заттармен әрекеттеспеуi қажет, фармакологиялық индифференттi болуы керек.

Slide 10

Эмульгаторлардың белсенділігі арнайы санмен, гидрофильді-липофильді баланспен (ГЛБ) сипатталады. ГЛБ деп - бір-біріне қарама қарсы молекула топтарының - гидрофильді және гидрофобты молекула топтарының қатынасын айтады. ГЛБ анықтау үшін Гриффин ұсынған жартылай шартты жүйені қолданады. БАЗ молекуласын құрайтын бөлек топтардың сумен әрекеттесу дәрежесін сандық түрде анықтау және шартты толық сан түрінде көрсетуге мүмкіндік береді.

Slide 11

ГЛБ сандары барлық белгілі беттік активті заттар үшін 1 ден 40-қа дейін шкала құрайды (Гриффин шкаласы) . 10 саны липофильді және гидрофильді БАЗ арасындағы шекара жақын. С/М типті эмульсия түзетін майда еритін эмульгаторларда ГЛБ 10 төмен. Эмульгатордың ГЛБ саны жоғары болған сайын, М/С типті эмульсиясын түзетуге жақын болады.

Slide 12

ГЛБ саны 1-3 мәніндегі БАЗ көпіршікті басады, 3-6-болғанда С/М типті эмульгатор, 7-8 - жуғыш заттар, 8-13 - болғанда М/С типті эмульгатор, 13 - 15 -детергент, 15-тен жоғары болғанда солюбилизатор ретінде қолданылады.

Slide 13

суспензиялар және эмульсиялар дайындау кезінде тұрақтандырғыштар

Эмульгаторлар және олардың жiктелуi. Барлық эмульгаторлар құрылысы және қасиеттерi бойынша ионогендi және ионогендi емес болып бөлiнедi.

Slide 14

Ионогенді эмульгаторлар:

а) анионактивтi:суда диссоцияланады. Молекуласының гидрофильді бөлігінің заряды теріс (сабындар, альгинаттар)

б) катионактивті: суда диссоцияланады. Молекуласының гидрофильді бөлігінің заряды оң (төртіншілік тұздары және т. б. )

в) амфотерлік (ақ уыздар, желатин, казеин және т. б. ) Молекуласының заряды ерітіндінің рН мәніне байланысты өзгереді.

Slide 15

Ионогендi эмульгаторларға жататын анионактивтi және катионактивтi БАЗ-дар, линименттер және жағар майлар технологиясында қолданылады.

Slide 16

Ионогенді емес эмульгаторлар -Ерітінділерде иондалмайды, молекулалары

диссоцияланбайтын заттар (холестерин,

твиндер, майлы спирттер, целлюлоза және

Олардың туындылары, өсімдік шырыштары,

пектинді заттар және т. б. )

Slide 17

Дәрiханада эмульсиялар дайындау үшiн шайырлар, пектиндi және шырышты заттар кеңiнен қолданылады. Шайырлар - фаза-аралық шекарада шайырлардан түзiлген адсорбциялық пленкалар жоғары серпiндiлiгiмен және берiктiгiмен сипатталынады.

Slide 18

Арабиялық шайыр, гуммиарабик (Gummi arabicum) - импорттық өнiм, африкалық акациядан алынады. Жақсы сорттары сарғыштау, жартылай мөлдiр бөлшектер. Тұрақтандыру үшін 10 бөлiк майға 5 бөлiк шайыр алынады

Slide 19

Өрiк шайыры (Gummi armeniaca) - өрiк ағашы бұтақтарының дiңгектерiнен кесiлген және жарылған жерiнен алынады. Көп мөлшерде Орта Азияда әзiрлейдi. 10 бөлiк майға 5 бөлiк шайыр алынады. Қасиетi бойынша гуммиарабиктi толық алмастырады.

Slide 20
Ұқсас жұмыстар
Эмульсияларды дайындау технологиясы және жалпы сипаттама туралы
Эмульсияларды дайындау технологиясы және жалпы сипаттама
Эмульсияларды дайындау технологиясы
Мұнайды айдау
Макрогетерогенді жүйелер: суспензиялар, эмульсиялар
Жағар майлар
Дәрігерге дейінгі көмек
Сүзу центрифугалар
Полимерлер өндірісі
ТАМАҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ШИКІЗАТТАРЫН ӨҢДЕУ ӘДІСТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz