Қазақстан экономикасы


Slide 1

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1) Қазақстан экономикасы

2) Қазақстан экономикасының дамуы

3) Қазақстан экономикасының тарихы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 2

Кіріспе

Қазақстан экономикасы көне заманнан бастап Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде көшпелi мал шаруашылығына негiзделдi. Мал жыл бойы өрiсте бағылады. Жер көшпелi қауымның ортақ меншiгi болып саналып, қазақ шаруалары оны қауымдасып пайдаланды. Мал жеке меншiкте болды. Шын мәнiнде малдың иесi жайылымға да иелiк еттi. Қазақстан Ресейге қосылған, одан мемлекеттiлiгi жойылған кезеңнен бастап, әсiресе, 1891 ж. Дала ережесi өмiрге енгiзiлгеннен кейiн, көшпелi шаруашылықтың сипаты өзгердi. Тауар-ақша қатынастарының дамуы көшпелiлердiң едәуiр бөлiгiн жерсiз қалдырды, ал шұрайлы жайылымдық алқаптар ауқаттылардың қолына шоғырланды. Көшу ұзақтығы едәуiр қысқарып, табынның құрылымы және малды бағып-күту жағдайлары өзгердi.

Slide 3

Қазақстан экономикасы

Қазақстан экономикасы - Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылған. 2006 жылғы мамырда экономикадағы жұмыспен қамтылғандар саны 7991, 4 мың адам болды. Өнеркәсіптің жетекші салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Қазақстанның мысы, қорғасыны, мырышы және кадмийі сапасының жоғары деңгейде болуына байланысты әлемдік нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті.

Slide 4

Еуропа елдері Қазақстан экспорты көлемінің негізгі бөлігін алады. Қазақстан ірі отын-энергетикалық өңір болып табылады. Еуропа елдері арасында Қазақстан экспортын негізгі тұтынушылар Швейцария, Италия, Польша, Германия болып табылады. Еуропа елдеріне экспорт жасау мұнай, ферроқорытпалар, металлургия өнеркәсібі өнімдерін, бидай сату есебінен артып отыр. Азия өңіріндегі елдерге қазақстандық өнімдерді жеткізу көлемі ұлғайды, онда негізгі тұтынушылардың бірі қытай өнеркәсібі болып табылады.

Slide 5

1998-2005 жылдар аралығында ЖІӨ-нің нақты көлемі 1, 8 есе артты, ал ЖІӨ-нің орташа жылдық өсімі 9, 1% болды. 1998-2005 жылдары ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы көлемі 2, 5 есе артты. Қазақстанның ЖІӨ-нің көлемі 2006 жылы 76 млрд. долларға жетті, ол жан басына шаққанда 5, 1 мың АҚШ долларын құрайды.

Slide 6

Қазақстан экономикасының дамуы

Қазіргі таңда экономикалық дамудың негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып табылады. 1985 жылмен салыстырғанда көміртегі шикізатын өндіру көлемі 225 пайызға өсті, ал дүние жүзі бойынша бұл көрсеткіш 1, 3 есеге жуық өсті. 2005 жылы мұнай өндіру (газ конденсатын қоса алғанда) 61, 9 млн. тоннаға, табиғи газ өндіру 25, 2 млрд текше м болды. Қазақстанда болашақта ашық кен орындарын игеру есебінен 2015 жылға қарай 150 млн. тонна мұнай және 79 млрд текше м газ мөлшерінде көмірсутегі шикізаты өндіріледі. 2009 жылдан бастап мұнай өндірудің негізгі өсімі Каспий шельфінде байқалады деп көзделіп отыр.

Slide 7

Қазақмыс" корпорациясының Жезқазғандағы офисі.

"Қазмұнайгаз" компаниясының Астанадағы штаб-квартирасы. .

Slide 8

Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД елдерінің ішіндегі ең озық жүйенің бірі деп танылды. Банк секторы өз дамуында Достастықтың басқа елдерінен айтарлықтай алдыңғы қатарда келеді. Қазақстан банктерінің жиынтық активтері (50 млрд. АҚШ долларынан астам) Украина банктерінің жиынтық активтеріне теңеседі. Қазақстан Шығыс Еуропа елдерінің бірқатарынан алдыңғы қатарда. Қазақстанның капиталы сыртқы нарықта белсенді орын алуда, 2005 жылы бұл көрсеткіш 15 млрд. АҚШ долларына жетті. Қазақстан тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды, сыртқы қолайсыз жағдайларға тәуелділікті төмендетуді қамтамасыз ету үшін бірінші болып Ұлттық қор құрды.

Slide 9

2001 жылдан бастап барлық мұнай түсімдерінің 60% Ұлттық қорда жинақталады. Аталған қордың көлемі 2005 жылдың соңындағы 8 млрд долларға қарағанда, 2006 жылы 14, 5 млрд. АҚШ доллары болды. Елдің алтын валюталық қоры Ұлттық қорды қоса есепке алғанда 2006 жылғы 30 қарашада 15, 086 млрд. АҚШ долларына дейін өсті.

2006 жылы Қазақстанның халықаралық қорлары Ұлттық қордың қаржысын қоса алғанда ағымдағы бағамен 29 764, 8 млн. АҚШ долларын құрады.

Slide 10

Жылы

Жалпы ішкі өнім

АҚШ долларының айырбас бағамы

Инфляция индексі (2000=100)

Жан басына шаққандағы ЖІӨ (АҚШ деңгейінің % үлесі)

1995

78, 014, 200

61. 11 теңге

64

3. 81

2000

102, 599, 902

142. 26 теңге

100

3. 53

2005

147, 453, 000

132. 88 теңге

140

9. 01

Slide 11

Қазақстан экономикасының тарихы

Қазақстан экономикасы көне заманнан бастап Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде көшпелi мал ш-на негiзделдi. Мал жыл бойы өрiсте бағылады. Жер көшпелi қауымның ортақ меншiгi болып саналып, қазақ шаруалары оны қауымдасып пайдаланды. Мал жеке меншiкте болды. Шын мәнiнде малдың иесi жайылымға да иелiк еттi. Қазақстан Ресейге қосылған, одан мемлекеттiлiгi жойылған кезеңнен бастап, әсiресе, 1891 ж. Дала ережесi өмiрге енгiзiлгеннен кейiн, көшпелi ш-тың сипаты өзгердi. Тауар-ақша қатынастарының дамуы көшпелiлердiң едәуiр бөлiгiн жерсiз қалдырды, ал шұрайлы жайылымдық алқаптар ауқаттылардың қолына шоғырланды. Көшу ұзақтығы едәуiр қысқарып, табынның құрылымы және малды бағып-күту жағдайлары өзгердi. Тұрақты тұрғын үйлер мен мал қоралары пайда болды. Болыстар мен ауылдарға бөлiнген жерлердiң шекарасы айқындала бастады.

Slide 12

9 ғасырың аяғы мен 20 ғ-дың басында көшпелi ш-ты дағдарыс шарпыды. Бұқараның кедей топтары қайыршылыққа ұшырап, мал басы кемiп кеттi. Көшпелiлердiң кедейленген бөлiгi отырықшыға айналды. Дағдарыстың тереңдей түсуiне патша өкiметiнiң ең шұрайлы жерлердi тартып алып, қоныс аударушыларға берген отаршылдық саясаты қатты әсерiн тигiздi. Шын мәнiнде бұл байырғы халықты ата мекендерiнен күшпен ығыстырып, құнарсыз жерлерге қуу болды. 1917 жылға дейiн патша үкiметi қазақтардан 45 млн. гектардан астам жердi тартып алып, iшкi Ресейден келген жаңа қоныс тебушiлерге алып бердi

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда болашақта ашық кен орындарын игеру есебінен 2015 жылға қарай
ЕАЭО ЭКОНОМИКАСЫ
Экономикадағы кәсіпкерліктің мәні
Кәсіпорын және оның негізгі өндірістік қорлары
Дамыған елдердегі экономикалық өсу ерекшеліктері
Петропавл қаласы
ГОНКОНГ
Жаһандану және Қазақстан экономикасы
Фармацевтикалық көмек тұжырымдамасы
Қызылорда облысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz