Антиблостамды дәрілер. Радиопротекторлар


Slide 1

Антиблостамды дәрілер. Радиопротекторлар

Шымкент, 2017ж

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы

Фармакология, фармакопея және клиникалық фармакология кафедрасы

Орындаған:Сейдалы А

Тобы:301 «А» ФК

Қабылдаған:Боранбаева Қ

Slide 2

Жоспар:

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім:

Онкологиялық аурулар

Антиблостамды дәрілер

Радиопротекторлар

3. Қорытынды

4. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Онкология (грек. oncos - өскін, ісік және logos - ілім) - медицина ғылымының ісік ауруларының пайда болу себептерін, даму жолдарын, клиникалық белгілерін анықтап, емдеу, олардан сақтану жолдарын зерттейтін саласы.

Рак (обыр) - түрлі ағзаларда қатерлі ісіктердің пайда болуымен байланысты туындайтын аурулардың тұтас спектрінің жалпы атауы.

Slide 4

Онкологиялық аурулар

Рак (обыр) - түрлі ағзаларда қатерлі ісіктердің пайда болуымен байланысты туындайтын аурулардың тұтас спектрінің жалпы атауы. Соның ішінде ауру түрлері мен оны емдеу әдістері әртүрлі болуы мүмкін. Көбінесе, ем аурудың қай сатыда диагностика жасалуына байланысты болып келеді. Басқа ауруларда кездесетіндей, ауруды асқындырып алған жағдайдайда емдеу қиынға соғады

Slide 5

Соңғы жылдары онкологиялық аурулардың жасару бағытын байқай отырып, әрбір адам үшін алдын-ала тексерілу мен үнемі медициналық қаралудан өтіп тұру қажеттілігі сөз етуге тұрарлық жағдай.

Slide 6

Обыр ауруының 80-90% жағдайлары қоршаған ортаның себептері деп саналады; «қоршаған орта» анықтамасы өзінің кең мағынасында әлі де аз зерттелген тамақ өнімдерінен, әлеуметтік және мәдени іс-әрекеттен құралады. Алдын алуға болатындай обыр ауруының себептері толық анықтала қойған жоқ, дегенмен ауыратындардың жартысына жуығында ондай себептердің барлығына болжам жасалған. Обыр ауруының үлесі: тамақтану сипатының 30-35 %-нан, темекі тартатындардың 30%-нан, жұқпалы (вирустық) агенттердің - 17%-нан, алкогольдің - 4%-нан, қоршаған ортаның ластануының - 2%-нан, ауыр тұқым қуалау салдарының - 2%-нан тұрады. Осы факторлардың әсерін тұтас қарастыру қажет. Күн сайын алдын-алу негіздерін, жалқаулық пен қол тимеудің салдарынан біз өзіміздің денсаулығымызды тәуекелге тігіп жүрміз.

Slide 7

Антибластика дегеніміз операция кезінде негізгі ісіктен бөлініп қалған жеке клеткаларды жоюға бағытталған шаралар кешені. Антибластика физикалық және химиялық болып екіге бөлінеді:

Slide 8

Физикалық антибластика: 1. электр пышағын қолдану 2. Лазерді қолдану 3. Криохирургия 4. Ісікті операция алдында және және операциядан кейінгі ерте кезеңде сәулелену

Slide 9

Химиялық антибластика: 1. Ісікті алғаннан кейін оерация алаңын 70%этил спиртімен өңдеу. 2. Операция үстінде ісікке қарсы дәрілерді көктамырға жіберу 3. Химиотерапиялық препараттарды ісік аймағына артерияя қан тамыры арқылы жіберу

Slide 10

Антибластомды дәрілер Химиотерапия - ісікке әртүрлі фармакологиялық заттармен әсер ету. Өзінің емдік нәтижесі жағынан хирургиялық ем мен сәулемен емдегеннен бәсеңдеу. Химиотерапия жүйелік қатерлі ісіктерде негізгі ем болып табылады және оның гармонға тәуелді ісіктерді емдеудегі рөлі жоғары

Slide 11

Химиотерапиялық дәрі-дәрмектер мынадай топтарға бөлінеді: 1. Цитостатиктер(циклофосфан, Тио ТЭФ, Винбластин, винкристин) 2. Антиметаболиттер (меторексат, 5-фторурацил, фторафур) 3. Ісікке қарсы антибиотиктер (актиномицин, дактиномицин, сарколизин, рубромицин) 4. Иммуномодулятор(интерлейкин, интерферон) 5. Гармондық препараттар(синэстрол, метилтестостерон, торемифен)

Slide 12

Циклофосфан

Ісікке қарсы препараттар. Алкилдеуші препараттар. Азот тәрізді иприт туындылары. Циклофосфамид.

Slide 13

Рецепт циклофосфан Rp. :Cyclophosphani 0, 1 Dа tales doses N 10 in lagenis Signa. 1 бөтелкеден күніне 2рет

Slide 14

Фармакокинетикасы

Циклофосфамид алкилдеуші метаболиттерді (4-ОН циклофосфамид және алкофосфамид) түзе отырып, микросомалық оксидазалық жүйе әсерімен негізінен бауырда метаболизденеді, олардың бір бөлігі белсенді емес метаболиттерге дейін ары қарайғы өзгеріске ұшырайды, екінші бөлігі жасушаларға тасымалданады, онда фосфатазалардың әсерімен цитоуытты әсерге ие метаболиттерге айналады. Плазмада метаболиттер концентрациясы көктамыр ішіне енгізгеннен кейін 2-3 сағаттан кейін ең жоғары шегіне жетеді. Өзгермеген препараттың қан плазмасы ақуыздарымен байланысы елеусіз (12-14%), бірақ кейбір метаболиттер 60%-дан артық байланысады. Шектеулі дәрежеде гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтеді.

Slide 15

Фармакодинамикасы

Циклофосфан-ЛЭНС тез еритін иприттің азоттық аналогтарына химиялық тұрғыдан жақын алкилдеуші цитостатикалық препарат болып табылады.

Әсер ету механизміне ДНҚ және РНҚ жіпшелерінің арасында көлденең тігістердің түзілуі, сондай-ақ ақуыз синтезінің тежелуі кіреді деп болжануда.

Slide 16

Қолданылуы

- жедел лимфобласттық және созылмалы лимфолейкозда

- лимфогранулематозда, ходжиндік емес лимфомаларда, көптеген миеломада

- сүт безі обырында, аталық без обырында

- нейробластомада, ретинобластомада

- өкпенің ұсақ жасушалық обырында

- жатыр мойны мен денесінің обырында

Slide 17

- герминогенді ісіктерде

- қуық обырында

- қуық асты безінің обырында

- жұмсақ тіндер саркомасында, ретикулосаркомасында, Юинг саркомасында

- Вильмс ісіктерінде

Циклофосфан-ЛЭНС тез еритін иммуносупрессиялық дәрі ретінде аутоиммундық аурулар (ревматоидты артрит, псориаздық артрит, коллагеноздер, аутоиммундық гемолитикалық анемия, нефроздық синдром) үдегенде және трансплантат ажырауының реакциясын бәсеңдету үшін қолданылады.

Slide 18

Қолдану тәсілі және дозалары

Циклофосфан-ЛЭНС тез еритін препараты көктамыр ішіне сорғалатып немесе инфузия түрінде, бұлшықет ішіне енгізіледі.

Циклофосфамид көптеген химиотерапиялық емдеу сызбасы құрамына кіреді, осыған орай, режимі мен дозасы, енгізу жолдары әрбір жағдайда жеке-дара таңдалады.

Барынша жиі қолданылатын дозалар мен режимдер:

50-100 мг/м² күнделікті 2-3 апта бойы,

100-200 мг/м² аптасына 2 немесе 3 рет 3-4 апта бойы,

600-750 мг/м² 2 аптада 1 рет,

1500-2000 мг/м² 6-14 г жиынтық дозаға дейін 3-4 аптада 1 рет.

Slide 19

Жағымсыз әсерлері

- лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения немесе анемия көріністі түрде дамиды

- жүрек айну, құсу, анорексия, сирек стоматит, жайсыздық немесе абдоминальді аумақтың ауыруы, диарея немесе іш қату

Геморрагиялық колиттің, сарғаюдың дамуы туралы жекелей хабарламалар бар.

- трансаминазалар, сілтілік фосфатаза, қан сарысуындағы билирубин деңгейінің жоғарылауында көрінетін бауыр функциясының бұзылуы

- алопеция, терідегі бөртпе, тері пигментациясы және тырнақтың өзгеруі байқалады

геморрагиялық уретрит/цистит, бүйрек өзекшелерінің некрозы (сирек жағдайларда бұл жағдай ауыр сипат алуы және, тіптен, өлімге әкелуі мүмкін) . Сонымен қатар, кейде циститпен бірге немесе онсыз кең сипат алған қуық фиброзы дамуы

.

Slide 20
Ұқсас жұмыстар
АНТИБЛАСТОМДЫ ДӘРІЛЕР
Халықты көшіру
Термоядролық реакция - өте жоғары температурада жеңіл ядролардың бірігіп, ауырлау ядроны түзу реакциясы
Дәрігерлік аптечкалар
Жүрек гликозидтерімен улану
Асқазан бездерінің секрециясы бұзылу
Қан тамырларын кеңейтетін дәрілер
Радиациялық қауіп
Асқазан бездерінің секрециясы бұзылуында қолданатын дәрілер
Туғаннан кейінгі салдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz