СЫНАУДЫ АНЫҚ ТАУ, СЫНАУ ОБЪЕКТІСІ, СЫНАУ ДЕҢГЕЙІ, СЫНАУ ҚҰРАЛДАРЫ, СЫНАУДЫШЫ ОРЫНДАУШЫЛАР, СЫНАУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК­ НОРМАТИВТІК НЕГІЗІ


Slide 1

Сынауды анықтау, сынау объектісі, сынау деңгейі, сынау құралдары, сынаудышы орындаушылар, сынаудың әлеуметтік-нормативтік негізі

Slide 2

Сынау объектісі - бұл сыналатын өнім. Сынауға арналған үлгі - бұл сынау кезінде тәжірибе объектісі болып табылатын өнімнің бірлігі немесе оның бөлігі. Мысалы, өнімнің тобы сыналғанда бүкіл топ сынақ объектісі болып табылады, ал сынау процесінде топтан таңдап алынған бұйымның немесе сынаманың сипаттамалары ғана бағаланып, ал мұның өзінде олардың табылған сипаттамалары жалпы сынақ объектісінің нәтижелерін алу үшін пайдаланылады.

Сынақ объектісінің басты белгісі - сынақ нәтижелеріне орай осы объект бойынша шешім (оның жарамдылығы немесе жарамсыздығы, кейін сынау үшін ұсыну, сериямен шығару мүмкіндігі және т. б. ) қабылданады. Өнімнің түрі мен сынау бағдарламасына сәйкес жаппай немесе іріктеп бақыланатын жеке-дара бұйым немесе бұйым тобы, өнімнің немесе сынама алынатын топ сынақ объектісі болуы мүмкін.

Slide 3

Өнімнің түріне байланысты сынақ объектісі болып жеке бұйым немесе бұйымдар партиясы табылады. Сынақ объектісінің бас сипаты болып сынақ нәтижесінде дәл осы объект үшін оның жарамдылығы жарамсыздығы, мемлекеттік сынаққа жіберу мүмкіндігі туралы, сериялап шығару мүмкінді бойынша және т. б. арнаулы шешім қабылданылатыны табылады.

Сынақ объектісі бұйымның макеті немесе моделі болуы мүмкін және сынақ нәтижесі бойынша шешім макетке немесе модельге тікелей жатуы мүмкін. Сынақтың техникалық базасы өлшеу құралдары - сынақ жүргізу үшін қажетті техникалық құрылғылар, материалдар, заттар болып табылады.

Slide 4

Сынақ құралдары - сынақ жүргізу үшін қажетті техникалық құралдар. Бұларға өлшеу құралдары, сынақ жабдықтары және көмекші техникалық құрылғылар жатады.

Техникалық құралдарға сынақ жүргізгенде қолданылатын өлшеу құралдары және сынақ жабдықтары жатады.

Өлшеу құралдарымен қатар сынақ құралдарының өте маңызды түріне сынақ жабдықтары - сынақтың жағдайларын жасауға, объектіге ықпал етуге және оның жұмыс істеуі режимдеріне арналған құрылғылар, яғни сынақтың жағдайлары - температура, ылғалдық, қысым, электр магниттік және радиациялық ықпал, механикалық жүктеме, вибрация және т. б. жаңғыртылатын арнайы стенділер, сынақ машиналары, ауа-райы камералары және т. б. жатады.

Slide 5

Сынақтың сапа сипаттамасына сынақ нәтижесінің дәлдігі мен жаңғыртылуы жатады. Сынақ нәтижелерінің дәлдігі - сынақ кезінде алынған белгіленген параметрлер мен олардың нақты мағыналарының белгілі бір жағдайлардағы жақындығының сипаттамасы. Сынақ объектісінің сипаттамасымен жеке объектінің - топтан алынған үлгінің сипаттамасы да, сондай-ақ үлгі тобының статистикалық сипаттамасы да анықталуы мүмкін. Сынақ нәтижелері сынақ объектісіне, ал өлшеу нәтижелері осы объектіден алынған сынақ үлгісіне жататындықтан, сынақ нәтижелерінің дәлдігі үлгінің сипаттамалары өлшемінің дәлдігімен үйлеспеуі мүмкін. Мемстандарт 16263-70 бойынша жаңғыртылу мен жинақтылық өлшеу сапасының өлшемі болып табылады.

Slide 6

Сынақ жүргізушілер - сынақ процесіне қатысушы персонал болып табылады. Оның біліктілігіне, біліміне, жұмыстық тәжірибесіне және т. б. талаптар қойылады.

Slide 7

Сынақ жүргізу процесінің нормативтік-әдістемелік негізін мыналар құрайды:

- сынақтың ұйымдық-әдістемелік және нормативтік-технологиялық негіздерін регламенттеуші стандарттар комплексі;

- өнімді зерттеп дайындау және өндіріске қою жүйесінің стардарттар комплексі;

- өлшеулердің бірегейлігін қамтамасыз ету жүйесінің стардарттар комплексі;

- өнімге және оны сынақтан өткізу әдістеріне талаптарды регламенттеуші нормативтік-техникалық құжаттама және техникалық құжаттар;

- сынау құралдарына талаптар және оларды қолдану тәртіптерін регламенттеуші нормативтік-техникалық құжаттама.

Сынақ жүргізу процесіннің сапасы оны жүргізу әдістемесінен тәуелді болып табылады.

Slide 8

Сынақ жүргізу процесіннің сапасы оны жүргізу әдістемесінен тәуелді болып табылады. Сынақ әдістемесінің құрамына қойылатын талаптар келесі бөлімде берілген.

Сынау кезінде жүргізілген бақылаудың нәтижелерінің шындығы (бақыланатын параметрлер үшін) - параметрлердің нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін дұрыс анықтау ықтималдығы болып табылады.

Нәтижелердің ұдайы қайталанылуы объектті бірнеше рет қайтара сынақтан өткізу нәтижелерінің бір-біріне жуықтығы болып табылады.

Slide 9

Сынақтың дәлдік сипаттамалары негізінде сынақ әдістемесінен тәуелді болып табылады. Сынақ әдістемесі белгілі сынақ әдісін қолдану ережелері болып табылады және онда қажетті сынақ жүргізу құралдары, берілген өлшеу жағдайлары, объекттің бір немесе бірнеше бір-бірімен байланыстағы қасиеттерінің сипаттамаларын анықтау жөніндегі операцияларды орындау алгоритмі, оператордың біліктілігіне талаптар, мәліметтерді көрсету және сынақ нәтижелерінің дәлдігін жіне шынайылығын бағалау формалары, қауіпсірдік техникасы және қоршаған ортаны сақтау талаптары жазылады.

Slide 10

Нәтижелерді бірегей түрде түсіну және дұрыс бағалау үшін өте маңызды болып сынақ мәліметтерін беру және өңдеу формалары және нәтижесінің дәлдігін дұрыс бағалау табылады.

Сынақ мәліметтері деп объекттің оны сынақтан өткізу кезінде тіркелген қасиеттерінің және сынақ жағдайларының, сондай-ақ жалпы жүмыс істеу уақытының және т. б. параметрлердің сипаттамасының мәндерін айтады. Сынақ мәліметтері кейіннен өңдеуге юататын бастапқы мәліметер болып табылады.

Slide 11

Сынақ нәтижесі - объект қасиеттрінің сипаттамаларының бағасы, объекттің берілген талаптарға сәйкестігін айқындау, объекттің сынақ жүргізу барысында өз жұмысын атқару сапасын талдаудың нәтижесі толып табылады.

Сынақтар жүргізгенде олардың бірегейлігін, яғни сынақ нәтижелерінің қажетті дәлдігінің ұдайы қайталанылуын және ақиқаттығын қамтамасыз ету кажет.

Сынақтардың бірегейлігін қамтамасыз ету жеткізуші және тұтынушыда жүргізілген сынақ нәтижелерінің бірдей болуын, қайта жүргізілетін сынақтардың санын азайтуға мүмкіндік береді. Сынақтың бас мақсаты - өнімнің сапасы туралы ақиқат және толық ақпарат алу болып табылады.

Slide 12

Сынақтардың бірегейлігін қамтамасыз ету жұмыстарын техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органның (Мемстандарттың) басқаруымен министрлік (ведомство) ұйымдастырады. Бұл іске өнімді мемлекеттік сынақтан өткізу жөніндегі бас мекеме, стандарттау жөніндегі бас және базалық ұйымдар, бірлестіктер, кәсіпорындар, мекемелердің бақылау-сынау және метрологиялық қызметтері қатысады.

Сынақтардың бірегейлігін қамтамасыз етудің техникалық негізін аттестаттаудан өткен сынақ жабдықтары және салыстырып тексеруден өткен өлшеу құралдары, аттестаттау және салыстырып тексеру құралдары құрайды.

Slide 13

Сынақтардың бірегейлігін қамтамасыз етудің нормативтік-әдістемелік негізі болып мыналар табылады:

- өнімді сынақтан өткізу әдістерінің стандарттары, сондай-ақ нақты өнімнің стандарттарының және техникалық шарттарының сынақ әдістемелеріне арналған бөлімдері;

- өнімдер үшін сынақ бағдарламалары және әдістемелері;

- сынақ жүргізу бөлімшелерінің қызметтік ережелерін тағайындаушы, сынақтан өтетін өнімге жалпы талаптарды реттеуші, сондай-ақ сынақ барысын қадағалауды реттеуші ұйымдық-әдістемелік құжаттар;

- мемлекеттік өлшемдердің бірегейлігін қамтамасыз ету жүйесінің стандарттары.

Slide 14

Сынақ нәтижесінің дәлдігі - сынақтың, объект сипаттамасының бағасының (сипаттамасын бағалаудың) сол сипаттаманың шың мәніне жуықтығын білдіретін қасиеті. Бұл жерде метрологияла қалданылатын өлшуш дәлдігі ұғымымен айырмашылық жоқ деп айтуға болады, бірақ екі мәселені ескеру қажет.

Slide 15

1. Сынақ объектісінің анықталатын сипаттамасы болып партиядан алынған үлгі болып табылатын жалғыз ғана данасының (сынаманың) сипаттамасы да, кез келген статистикалық сипаттама да болуы мүмкін. Соңғы жағдай сынақ объектісі, мысалы, өнімнің үлкен партиясы немесе шектеулі, бірақ көлемі үлкен болған кезде орын алады. Бұл жағдайда сынақ нәтижесі ретінде бүкіл партияға немесе өнімнің көлеміне есептелген математикалық күтім, дисперсия, үлестірілу функциясы және т. с. алынады. Бұндай жағдайда сынақ дулдігі сынақ нәтижесінде алынған статистикалық сипаттамалардың олардың іс жүзіндегі мәндеріне жуықтығы болып анықталады.

2. Сынақ нәтижесі объектіге, ал өлшеу нәтижесі - осы объекттен алынған үлгіге, сынамаға қатысты бағаданатындығынан сынақ нәтижесінің дәлдігі үлгінің сипаттамаларын өлшеу дәлдігімен бірдей болмауы мүмкін. Екі дәлдік бір жерден шықпауы мүмкін. Мысалығ химиялық құрамын өлшеу дәлдігі белгілі зат немесе материалдың партиясынан алынған сынаманың құрамын анықтауға қатысты болып табылады, ал осы зат немесе материалдың құрамын анықтау дәлдігі сынама алу әдісінен, оны сынауға дайындаудан, дайындаудың ұзақтылығынан тәуелді болып табылады.

Slide 16

Сынақ нәтижесінің ұдайы қайталанылуы - сынақ нәтижелерінің қайталап сынау кезінде бір-біріне жуықтығын білдіретін қасиеті болып табылады.


Ұқсас жұмыстар
Құрылыс конструкцияларын сынау жөніндегі мәліметтер
ҚАУІП-ҚАТЕР ТҮСІНІГІ
Үрдіс стандарттары
Мемлекетаралық стандарттар
Стандарттау
Стандарттау. Стандарттаудың негізгі түсінігі
СЕРТИФИКАТТАУ ЖҮЙЕЛЕРІ
Ықтималдық теориясы
СЕРТИФИКАТТАУДЫ ҚОЛДАНУ ОБЛЫСТАРЫ
Мемлекеттік сорт сынау мен будандарды аудандастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz