Дербес компьютердің құрылымы және негізгі құрылғылары


Slide 1

Компьютердің құрылымы

Slide 2

Компьютердің құрылысы

Кез келген дербес компьютер бірнеше құрылғылардан тұрады. Бұл құрылғылардың кейбірі өте маңызды - бұлар монитор, жүйелік блок пен пернетақта, өйткені компьютер оларсыз жұмыс істемейді. Басқа құрылғылар да пайдалы міндеттер атқарады, бірақ компьютер оларсыз жұмыс істей алады.

Компьютердің негізгі құрылғыларының блок-схемасында дербес компьютердің процессоры мен жедел жадынан басқалары оның сыртқы құрылғылары болып табылады. Олар: монитор, пернетақта, принтер, тышқан, модем т. б. Әрбір сыртқы құрылғы компьютердің процессорымен арнайы блоктар - адаптер немесе контроллер арқылы жалғасады.

Slide 3

Жүйелік блок

Жүйелік блокқа дербес компьютердің негізгі құрылғылары жинақталған, олар деректерді өңдеуді, электр тогының қосылуын қамтамасыз етеді. Жүйелі блоктың алдыңғы тақтасында: компьютерді қосу/өшіру батырмасы, компакт-дискіден CD-ROM оқитын орналастырылған.

Slide 4

Монитор

Дисплей - компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидардан аумайды, сондықтан оны жиі телевизиялық техникадағыдай Монитор деп атайды. Алғаш рет 1982 жылы жасалды.

Slide 5

Процессор

Процессор-ақпараттарды өңдеуге арналған құрылғы. Ол жүйелік блокта орналасқан. Компьютердің ең басты бөлігі. Ол - компьютердің “миы”.

Slide 6

Пернетақта

Пернетақта - бұл ақпараттарды енгізуге арналған құрылғы. Функционал, символдық, цифрлық немесе қосымша, меңзерді басқару пернелерінен тұрады.

Slide 7

Компьютердің ішкі жадының екі түрі бар: тұрақты жадтайтын құрылғы (ТЖҚ) -бұл компьютердің ішкі жады, оны компьютердің ішіне құрастырушы фирма орнатады. Жедел жадтайтын құрылғы (ЖЖҚ) - ақпараттарды уақытша сақтауға арналған жады.

Slide 8

Жедел жад

Бұл компьютердің ішкі жады (ОЖҚ) . Жедел жад қажет ақпараттарды өзіне жылдам жазуға және одан оқуға мүмкіндік береді. Бірақ онда ақпараттар уақытша сақталады, яғни компьютерді өшіргенше. Егер компьютерді өшірсе, онда жедел жадтағы барлық ақпарат жойылады.

Slide 9

Жедел жад екіге бөлінеді

Компьютер сыртқы ортамен қатынасуы үшін, басқа қосымша құрылғылар керек, бұлар - мәліметтерді енгізу мен нәтижелер шығару құрылғылары.

Slide 10

Енгізу-шығару құрылғылары. Бұл құрылғылардың көмегімен компьютерге өңделетін ақпарат енгізіледі, сондай-ақ машинадан оның жұмысының аралық және ақырғы нәтижелері адам түсіне алатын түрде шығарылады.

Енгізу құрылғыларына: пернетақта, тышқан, джойстик, өлшеу аспаптары, жарық түсіретін қалам, сканер жатады.

Шығару құрылғыларына: принтер, дисплей, графиксалғыш жатады.


Ұқсас жұмыстар
Дербес компьютердің құрылымы мен негізгі құрылғылары: сабақ жоспары
Дербес компьютердің негізгі және шеткері құрылғылары
Дербес компьютердің негізгі құрылғылары мен сипаттамалары
Дербес компьютердің құрылымы және енгізу-шығару құрылғылары
Дербес компьютердің негізгі құрылғылары мен олардың функциялары
Дербес компьютердің құрылымы, негізгі және қосымша құрылғылары: құрамдас бөліктері мен тест сұрақтары
Дербес компьютердің жұмыс принциптері мен негізгі және перифериялық құрылғылары
Есептік графикалық жұмыс: Дербес компьютердің негізгі ішкі құрылғылары
Дербес компьютердің шығу тарихы, құрылысы, негізгі құрылғылары және зияндары
Дербес компьютердің перифериялық құрылғылары, ақпарат сақтау құралдары және құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz