Компьютерлік графика түрлері



Компьютерлік графика түрлері

Компьютерлік графика үш түрге: растрлық, векторлық және фракталдық болып бөлінеді. Олар бір-бірінен монитор экранында бейнелену және қағаз бетіне басып шығарылған кезде кескіндердің қалыптасу принциптері бойынша ажыратылады

Растрлық графика

Артықшылығы: растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, яғни оның кез-келген бөлігін өзгертуге болады; нүктелерді қажет болмаса ішінара алып тастауға немесе қоюлатуға, сондай-ақ кескіннің әр нүктесін ақ-қара немесе басқа кез келген түске өзгертуге болады.
Кемшілігі: растрлық кескін өлшемінің масштабын өзгерткенде (бір немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу) кескіннің сапасын жоғалтатыны. Мысалы, кескінді үлкейткенде, оның көрінісі дөрекіленіп кетсе, кішірейткенде - кескін сапасы өте нашарлап кетеді (нүктелерін жоғалтқандықтан) .

Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. . Пиксель деген монитор экранындағы кескіннің минимал элементі, әлбетте ол квадрат пішінді. Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет. Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады

Векторлық графика

Бұл нүктелер, сызықтар, шеңберлер, төртбұрыштар және т. б геометриялық примитивті пайдаланып, компьютерлік графикада кескінді өрнектеу. Құндылығы: Сапаны жоғалтпайды. Шексіз үлкейтуге болады. Айырмашылықтары: Растрлық графикада кескіндердің базалық элементі - нүкте. Векторлық графикада - сызық. Пиксель - монитор экранындағы кескінінің минималды пішіні

Фрактальды графика

Математикалық есептеулерде негізделген. Кескіндердің негізгі элементі - математикалық формула. Фрактальды детальді сипаттау жады талап етілмейді, ол кескіндердің бүтін бір бөлігін сипаттауға мүмкіндік береді. Компьютерлік графикада фрактальдар табиғи құбылыстарды, мысалы: бұлттар, қар. Компьютерлік кескіндерді өңдеу үшін арнайы программалар - графикалық редакторлар пайдаланылады.

Растрлық графиканы векторлық графикамен салыстыру
Салыстыру критерийлері
Растрлық графика
Векторлық графика
Кескіндерді ұсыну әдісі
Растрлық кескін пиксельдердің жиынтығынан тұрады.
Векторлық кескіндер командалардың тізбегі түрінде бейнеленеді.
Шынайы суреттерді бейнелеу мүмкіндігі
Растрлық кескіндер шынайы суреттерді айқын бейнелей алады.
Векторлық графика фотосуреттегідей сапалы кескіндерді алуға мүмкіндік бермейді.
Кескіндерді өңдеу мүмкіндігі
Растрлық кескіндерді үлкейтіп-кішірейткенде немесе бұрғанда кескін өзінің бастапқы сапасын жоғалтады.
Векторлық кескіндерге сапасын жоғалтпай-ақ өзгеріс енгізуге, яғни қажет болса оларды кішірейтуге немесе үлкейтуге болады.
Кескіндердің басып шығарылу ерекшеліктері
Растрлық суреттерді принтерде оңай басып шығаруға болады.
Векторлық суреттер кейде принтерде басылмайды немесе нашар басылып шығады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz