Кабель. Кабель түрлері


Slide 1

Кабель

Усейін Фарида

Slide 2

Кабель

Кабель - қорғаныш қаптамасы бар бітеу қабыққа салынған оқшауланған өткізгіш немесе өткізгіштер тобы.

Slide 3

Кабель түрлері

Slide 4

Қос ширатпа

Қос ширатпа деп, екі өткізгіш біріктіріліп, бірнеше рет ширатылып бұралған тұтас кабельді айтамыз. Сымдарды ширатып бұрау кабель бойымен сигнал жіберген кезде болатын электрлік ақауларды азайтады. «Қос ширатпа» кабелі Ethernet, ARCNet и IBM Token Ring сияқты көптеген желілік технологияларда қолданылады. Қос ширатпадағы кабельдер экрандалмаған және экрандалған мыс кабельдерге бөлінеді.

Slide 5

Экрандалған кабель

Экрандалған кабельдердің ішкі бөлігінде мыс орауы бар, сонымен қатар өткізгіштер жұбы фольгамен оралған. Бұл кабельдер көбіне ғимараттардың сыртқы бөлігінде және бір ғимарат пен екінші ғимараттарды қосуға өте ыңғайлы.

Slide 6

Экрандалмаған кабель

Экрандалмаған кабельдер қазіргі таңда кең қолданылатын кабельдің түрі, максималды ұзындығы 100 м құрайды. Бұл кабельдер әсіресе ғимараттардың ішкі бөлігінде тартылатын кабельдің түрі.

Slide 7

Коаксиалды кабель

Коаксиалды кабельдер радио және телевизиялық аппаратураларда қолданылады. Коаксиалды кабельдер ақпаратты 10Мбит/с жылдамдықпен 185-500 метр қашықтыққа жібере алады. Олар қалыңдығына қарай қалың және жұқа болып бөлінеді.

Типтері Атауы, қарсыласу мәні RG-8 и RG-11 Thicknet, 50 Ом RG-58/U Thinnet, 50 Ом, жалпылай орталық мыс өткізгіш RG-58 А/U Thinnet, 50 Ом, орталық өткізгіш RG-59 Broadband/Cable television (көпсиымдылықты және кабельдік телевидение), 75 Ом RG-59 /U Broadband/Cable television (көп сиымдылықты және кабельдік телевидение), 50 Ом RG-62 ARCNet, 93 Ом

Slide 8 Slide 9

Коаксиалды кабельдердің екі типі бар:

Slide 10

Жіңішке коаксиалды кабель

- диаметрі шамамен 0, 5 см иілгіш кабель. Ол пайдалануда қарапайым Жіңішке коаксиалды кабель өшуден туындаған бүлінуді білдіртпей сигналды қашықтығы 185 м (шамамен 607 фут) дейін бере алады.

Жабдықты өндірушілер кабельдердің әртүрлі типтеріне арнап арнайы маркировкаларды жасап шығарған . Жіңішке коаксиалды кабель RG-58 семьясы деп аталатын топтарға жатады, оның толқындық қарсыласуы (impedance) 500м тең. Осы семьяның негізгі өзгеше ерекшелігі - мыс жіп. Ол тұтас немесе бірнеше өрілген өткізгіштерден тұруы мүмкін.

Slide 11 Slide 12

Жуан коаксиалды кабель

Қалың коаксиалды кабель диаметрі шамамен 1 см қатты кабель. Кейде оны «стандартты Ethernet» деп атайды, өйткені ол Ethernet желілік сәулетінде қолданылатын алғашқы кабельдің типі болды. Осы кабельдің мыс жібі жіңішке коаксиалды кабельмен салыстырғанда қалыңдау.

Кабельдің жібі қанша үлкен болса, сонша ара қашықты сигнал игеруге қабілетті. Жуан коаксиалды кабельге қосылу үшін арнайы жабдық - трансиверді (transceiver) пайдаланады

Slide 13 Slide 14

Оптикалық талшықты

Оптикалық талшықты кабель қымбатырақ, олар шыныталшықты кабель деп те аталады. Олар арқылы мәліметтердің таратылу жылдамдығы секундына бірнеше гигабитке жетеді. Мәліметтерді жіберу мүмкіндігі 50 км. астам. Қазіргі уақытта бұл жергілікті желіге қосылу үшін ең қымбат тұратын кабель түрі. Оптикалық талшықты сызықтар үлкен көлемді мәліметтердің өте жоғары жылдамдықта жылжуына арналған, өйткені олардағы сигналдар өшпейді және бүлінбейді. Оптикалық талшықты кабельді пластикадан жасайды.

Әрбір шыны оптикалық талшық сигналдарды тек бір бағытта береді, сондықтан кабель жеке коннекторлары бар екі талшықтан тұрады. Олардың біреуі беру үшін, ал басқасы - қабылдау үшін қызмет етеді.

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Желілік кабельдердің түрлері
Жаңа құрылғыларды оңай қосу
Компьютерлік желі түсінігі
scSi кабельдері және тетіктері
Құрылымдық кабельдік жүйе
Желілік технологиялар
Локальді желі
Желдің әсері
САҚИНА ТОПОЛОГИЯСЫ
Шина топологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz