КӨПІР - КОММУТАТОР




Презентация қосу
КӨПІР
-
КОММ
УТАТО
Р
Порт міндетін атқаратын екі немесе одан да кеп
желілік бейімдеуіші бар арнайыланған
компьютер. Әрбір порт өзіне келіп түскен дестені
қабылдап алады, ал арнайыланған
бағдарламалақ қамтама қабылданған дестелердің
әрқайсысына талдау жасайды, мекен-жайлы қ
кестені толтырады және жаңартады, одан кейін
осы дестені қайсы портқа жіберу керек екендігі
жайында шешім қабылдайды.Көпірдің міндетін
арнайы бағдарламалық қамтамасыз және
әрқайсысы желінің байластырылатын
сегменттерінің тек біреуіне ғана арналган
бірнеше желілік бейімдеуіштері бар (желіге
қосылған) жәй компьютер де атқара алады.
TinyBridge
Көпірдің қарапайымдалған сұлбасы мына
суретте келтірілген. Желі сегментінің
компьютерінен жіберілген кез келген десте (кадр)
осы сегмент қосылған портқа келеді. Көпір
кадрды қабылдап алады, оны аралық жадысына
көшіреді де кадр баратын мекен-жайға талдау
жасайды. Егер қабылдаушы желінің басқа
сегментінде орналасқан болса, онда көпір бұл
дестені қабылдаушы орналасқан сегмент
қосылған портқа жібереді. Бұндай үдеріс
ретрансляция (forwarding) деп аталады. Егер
көпірдің портына келіп (скоп десте осы порт
қосылған сегмент ішіндегі компьютерлерге
арналган болса, онда көпір бұл дестені сыртқа
шығармай, осы сегментте қалдырады.
Көпірді пайдалану мысалы
Узел Порт
1 1 1 2
2 2
3 1
4 2
1000 м

1 2 1 2

Hub 1 Bridge 1 Bridge 2 Hub 2

3 4
КОММУТАТОР
Коммутатор (Switch) - көпір сияқты ашық жүйелер
әрекеттестігі (АЖӘ, OSІ) үлгісінің арналы қ де ңгейінде
қызмет атқарады және жергілікті желілерді
сегменттерге бөлу үшін, сондай-ақ сегменттер мен
кішігірім жергілікті желілерді біріктіру үшін
қолданылады.
Қазіргі заманғы коммутаторлардың 16, 24 және одан
да көп порттары бар. Коммутаторда кез келген порт
жұптарының арасында біруақытта байласу
ұйымдастыруға болады. Ал бұл болса, желінің жалпы
өткізу қабілетін едәуір ұлғайтуға мүмкіндік тудырады.
COMPEX SRX1216 Dual Speed Switch 16
port 10/100 MBit/S (16UTP) RM

Коммутатор қызметі көпірге
ұқсас, бірақ мұның жұмыс
өнімділігі жоғары, өйткені көпір
бір мезетте тек екі порт арасын
ғана байланыстырады. Ал
коммутатор өзіндегі барлық
порттар арасын бірден
Коммутатор кадр өңдеу қағидаты жағынан
көпірден өзгешелігі жоқ. Коммутатор (көпір
сияқты) өз міндетін атқару кезінде кадрдың MAC
мекен-жайын пайдаланады. Оның көпірден
негізгі айырмашылығы - коммутатордың әрбір
порты (көпірдің алгоритмі бойынша кадрларды
басқа порттың процессорларынан тәуелсіз
өңдейтін) арнайыландырылған процессормен
жабдықталған. Сонымен, коммутаторлар
кадрларды қатарластыра орындайтын көпірлер
деп санауға болады. Коммутаторлар, әдетте, жеке
компьютерлерді өзара байластыру үшін
қолданылады.
Коммутаторды пайдалану мысалы

Узел Порт
1 2
1 1
2 1
3 5
10 Мбит/с
4 2
5 4
3 10 Мбит/с 4
6 3
5 10 Мбит/с

4 3
10 Мбит/с

5 100 Мбит/с

ехнологиясы: Ethernet 10/100 Мбит/с
Байланыстыру ортасы: Коаксиальды кабель/Есулі қоссым
Коммутатордың әрбір портының қабылдағыш және
таратқыш бөліктері бар ,Порттың әрбір бөлігі логикалық
түрде ерсілі-қарсылы матрицамен байласқан. Бұл
матрица ASIC (Application-Specific Integrated Circuit -
арнайыландырылған интегралдық сұлба) шағынсұлбасы
негізінде аппараттық тәсілмен жүзеге асырылған.
Көлденең сым-сызық тік сым-сызықпен байласқан бір
порттың қабылдағыш бөлігінен басқа порттың
таратқыш бөлігіне жол ашылады. Осылайша кез келген
екі портты өзара байланыстыруға болады.
Мәселен, егер 2 мен 3 порттар жұбы, сондай-ақ 4 пен 5
байласқан болса, онда біруақытта екі десте 2 және 4
порттарда қабылданып, 3 және 4 порттарға жіберілген
болар еді.
Портқа десте келіп түскен кезде коммутатор
қабылдаушының мекен-жайын қарап шығады және
мекен-жайлар кестесі негізінде шешім қабылдайды.
Егер дестені басқа сегментке жіберу керек болса, онда
керек портпен байланыс орнатылады.
Коммутатор порттарының арасында көп логикалық
жолдар болуы мүмкін болғандықтан, бір уақытта
сегменттер арасында дестелер өзара тасымалданып
жатады.
2-ШІ ДЕҢГЕЙДІҢ КОММУТАТОРЫ

(layer 2 switch) коммутацияланатын жергілікті желінің
хабы (Hub) деп те аталады. Оның көмегімен үлкен
өнімділікке қол жеткізуге болады. Бұл кезде орталық хаб
дестелердің коммутаторы ретінде жұмыс істейді.
2-ші деңгей коммутаторының екі түрі болады. Аралық
жадылы коммутатор (store-and-forward switch) келіп
түскен кадрды әуелі арашық жадында сақтайды, одан
кейін ғана тиісті портына жібереді. Тура өтпелі
коммутатор (cut-through switch) MAC мекен-жайының
кадрдың басжағында орналасқанын пайдаланып
қабылдаушының мекен-жайы анықталған бойда, келіп
түскен кадрды тиісті портқа жібере бастайды.
2-ші деңгейдің коммутаторлары мен көпірлердің
арасында біраз айырмашылықтар бар:
- көпірде кадр бағдарламалық тәсілмен өңделеді, ал 2-ші
деңгейдің коммутаторы мекен-жайды анықтап алған соң
кадрды аппараттық тәсіл арқылы әрі қарай жібере
салады;
- әдетте, көпір бір мезетте жалғыз кадрды басқа
сегментке жібере алады, ал 2-ші деңгейдің коммутаторда
бірнеше қатарлас жолы бар болғандықтан біруақытта
бірнеше кадрды өңдей алады;
- көпір аралық сақтау сұлбасын қолданады, ал 2-ші
деңгейдің коммутаторында аралық жадылы, сондай-ақ
тура өтпелі сұлбалар пайдаланылады.
КОММУТАТОРДЫҢ
ЖҰМЫС ІСТЕУ ПРИНЦИПІ.
Коммутатор деректерді тиісті адрестерге ғана
жеткізуге мүмкіндік береді. Ол ақпарат
беруші және қабылдаушы компьютерлер
арасында тікелей байланыс орнатады. Оның
әрбір компьютерге дерек жеткізу
жылдамдығы 100 Мбит/с. Ал концентраторда
ол компьютер санына байланысты тең
бөлініп, жылдамдықтың азаюына душар
етеді.
Концентраторлар мен коммутаторлар бір – біріне ұқсас
қызметтер атқарады:
- Желі тақшасы жылдамдығын екі еселеп арттыру.
Бұл 10 BASE- T және Fast Ethernet немесе 10 / 100
жылдамдықтарында ешқандай қиындықсыз бірлесіп
жұмыс істеуіне мүмкіндік береді;
- Жұмыс түрін көбейту үшін қосымша порттар
қолдану. Порттар санының артуы олардың құнын
арзандатады.
- Кеңейту порты (uplink) . Қосымша коммутатор
(концентратор ) қосуға мүмкіндік береді.
ETHERNET КОММУТАТОРЫ.

Ethernet коммутаторы UТР кабелі базасында
компьютерлерді және Ethernet желісі құралдарын өзара
қосу үшін қолданылады. Оның концентратардан
ерекшелігі қосымша мүмкіндіктерінің болуы, локальдік
желінің тиімділігін арттыруы.
Концентратордың жұмыс істеу принципі. Ethernet
компьютер концентраторға желілік ақпарат немесе
бағдарлама туралы сұраныс береді. Ол сұранысты
концентратор өзіне жалғастырылған барлық
компьютерге жеткізеді. Бағдарлама адрестелген
компьютер оны қабылдап қайтадан концентраторға
береді, ол концентратор қайтадан барлық
компьютерлерге жеткізіледі.

Ұқсас жұмыстар
Желілік технологиялар
Компьютерлік желілер. Электронды пошта қызметі
Локальді желі
Жұлдызды топология желілерінің кемшіліктері
Компьютерлік желі туралы жалпы түсінік
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР. ЭЛЕКТРОНДЫ ПОШТА ҚЫЗМЕТІ. ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР жайлы
Шу мен вибрация
Сопақша мидың қызметі
Реактивтік элементтердің параметрлерін өлшеу
ЛОНДОН
Пәндер