Кіші мектеп жасындағы оқушыларды оқытудың әдістері, мазмұны мен ұйымдастыру формалары



“Кіші мектеп жасындағы оқушыларды оқытудың
әдістері, мазмұны мен ұйымдастыру
формалары”

Жоспары:
1 Оқытудың әдістері- дидактика категорияларының бірі.
2 Оқыту әдістерінің жіктелуі. Әдістердің оқытудың мақсаты мен мазмұнына сәйкестігі.
3 Оқытудың ұйымдастыру формалары.
4 Сабақ- мектепте оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы. Сабақтың типтері және құрылымы. Сабақтың тиімділігін арттыру жолдары. Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар.
5 Бастауыш мектепте оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын пайдаланудың ерекшеліктері.

Әдіс (методос деген грек сөзінен туады - зерттеу немесе таным жолы), тәсілдер
жиынтығы. Әдіс педагогикалық әдебиеттерде тәсіл деп түсіндіріледі.
Әдіс - оқыту процесінің негізі деп айтуға болады, ол алдын-ала жоспарланған
мақсат пен соңғы нәтижені байланыстыратын звено болып табылады.
Оқыту әдістері - бұл педагог пен оқушының оқу мақсатына жетуге бағытталған
реттелген іс-әрекеті.
Дидактикалық мақсаттар бойынша оқыту әдістері 2 топқа бөлінеді:
1. Оқу материалының біріншілікті қабылдауына әсер ететін әдістер;
2. Алған білімнің жетілдірілуі және бекіту әдістері.
Оқыту әдістерінің бинарлы және полинарлы сыныптамалары бар. Олардың
сыныптамасы 2 негізгі белгілері арқылы топтастырылады: яғни оқытудың әдістері
мен оқу әдістері. Оқыту әдістерінің бинарлы сыныптамасын Махмутова М. И.
қарастырған болатын. Бұл белгілер төмендегі кестеде көрсетілген.

Оқыту әдістері
Оқыту әдістері
Оқу әдістері
Ақпаратты
Түсіндірмелі
Инструктивті тәжірибелі
Түсіндірмелі-тудырушы
Тудырушы
Орындаушы
Репродуктивті
Продуктивті-тәжірибелі
Бөліктік-ізденушілік
Ізденушілік

Танымдық іскерлік типі бойынша оқыту әдістерін И. Я. Лернер және М. Н. Скаткин қарастырған
болатын:
- түсіндірмелі-иллюстративті;
- репродуктивті;
- мәселелі мазмұндау;
- бөліктік-ізденушілік (частично-поисковый) ;
- зерттеу (исследовательский) .
Түсіндірмелі-иллюстративті әдістің мәні оның келесі белгілері арқылы көрінеді:
1) Студенттерге білім “дайын түрде” ұсынылады;
2) Мұғалім осы білімді студенттер оны жоғары деңгейде қабылдау үшін әр түрлі әдістерді
ұйымдастырады;
3) Студенттер бұл білімді өздерінің жадыларында сақтайды;
Репродуктивті әдіс келесі белгілер арқылы көрінеді:
1) Студенттерге білім “дайын түрде” ұсынылады;
2) Мұғалім тек қана ақпаратты беріп қана қоймай, сонымен қатар оны түсіндіреді;
3) Студенттер бұл білімді өздерінің жадыларында сақтайды;
4) Қабылдаудың беріктігі білімді бірнеше рет қайталау тәсілімен қамтамасыз етіледі.
Бөліктік-ізденушілік (частично-поисковый) немесе эвристикалық әдіс келесілермен ерекшеленеді:
- білім студенттерге дайын түрде ұсынылмай, оны өз бетімен іздеу керек;
- мұғалім ақпарат пен білімді баяндамай, бұл білімді іздеуде қандай құралдарды, жолдарды
қолдау керектігін баяндайды;
- студентер мұғалім басшылығымен өз бетінше білімді талқылап, әр түрлі пайда болған
мәселелерді шешеді.

Оқытудың әдістерінің жіктелуі:
Сөздік: (Түсіндіру, баяндау, сұрақ- жауап, лекция,
пікірталас, әңгіме, әңгімелесу, оқулықпен жұмыс)
Практикалық: (Жаттығу, лабараториялық, практикалық сабақтар)
Көрнекілік: (Иллюстрация, демонстрация, оқытудың техникалық құралдары)

Әңгіме - оқу материалын ауызша баяндау.
Түсіндіру - жеке ұғым, құбылыстарды, құралдар, көрнекі құралдардың жұмыс
істеу әдіс-тәсілдерін ауызша баяндау.
Әңгімелесу - оқытудың диалогтық әдісі, мұғалім оқушыларға мұқият ойластырылған
сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың жаңа оқу материалын меңгеруіне жағдай
жасап, бұрын оқылған материалдарды қалай меңгергенін тексереді.

Оқыту әдістерінің дидактикалық мақсаттары мен міндеттеріне
Дидактикалық мақсат
Оқыту әдістері
1. Оқушылардың жаңа білімді қабылдауы
1. Мұғалімнің сөздік әдістерімен білімді баяндауы.
2. Оқушылардың өз бетінше істейтін жұмыстары.
- кітаппен жұмыс немесе басқа әдебиеттермен жұмыс
- бақылау және тәжірибе
2. Білімді, іскерлікті, дағдыны бекіту
- Материалды қайталап оқу
- Қайталау жаттығулары
- Қайталау қорытындындылау әңгімесі
3. Білімді, іскерлікті, дағдыны тексеру
- Ауызша сұрақ
- Жазбаша бақылау жұмысы
- Лабораториялық, практикалық және графикалық жұмыстар

Оқытуды ұйымдастырудың формалары - белгілі бір тәртіпте
және режимде жүзеге асырылатын, мұғалім мен оқушылардың
келісілген іс-әрекетінің сыртқы көрінісі. Олар әлеуметтік шарттал-
ған, дидактикалық жүйелердің дамуымен байланысты пайда
болады және жетілдіріледі.

Оқытудың ұйымдастыру формалары
Көпшілік
Пәндік олимпиада
Оқу конференциясы
Өндірістік тәжірибе
Топтық
Сабақ
Саяхат
Экскурция
Зертханалық жұмыс
Факультатив
Практикум
Жеке дара
Үй жұмысы
Қосымша жұмыс
Консультация
Сұхбаттасу
Сынақ
Емтихан

Сабақ - бір пәнді оқытуға арналған оқу сағаты; мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі.
Сабақ арнаулы бөлмелерде, оқу кабинеттері мен зертханаларда, оқу шеберханалары мен мектептің оқу тәжірибе үлескілерінде өтеді. Тұрақты оқушылар құрамы, кесімді уақыт көлемі (45 мин) және оқу кестесі бойынша жүреді. Оқыту әдістері, ұжымдық және жеке-дара жұмыстар сабақтың негізгі белгілері болып табылады. Сабақтың негізгі міндеті - мұғалімнің басшылығымен оқушыларға ғылым негіздерінен
берілетін мағлұматтарды саналы түрде игерту, алған білімді іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру, іскерлікке үйрету, адамға қажетті қасиеттер қалыптастыру.
Мазмұны мен дидактикалық мақсатына орай сабақ мынандай түрлерге бөлінеді: оқу жылы басындағы кіріспе сабақтар; бағдарламаның күрделі тақырыптарын оқып-үйренудегі кіріспе сабақтар; аралас сабақтар; жаңа білімді меңгеру сабақтары; білімді іс жүзінде қолдану сабақтары; қайталау-қорытындылау сабақтары; есепке алу-тексеру сабақтары; оқу жылын аяқтайтын қорытынды сабақтар

Танымдық іс-әрекеттің кезеңдеріне қарай сабақтың типтері:
- кіріспе сабақтар
- материалмен бастапқы таныстырудың сабақтары
- ұғымдарды қалыптастырудың, заңдарды орнатудың сабақтары
- алған білімді практикада қолдану сабақтары
- дағдылар сабағы
- жалпылау және қорытындылау сабақтары
- бақылау сабақтары
- аралас сабақ
Оқыту әдістеріне қарай сабақтардың типтері:
- сабақ-әңгіме
- сабақ-лекция
- кино сабағы
- лабораториялық сабақ
- іс-әрекеттің түр-түрімен сабақ

Дидактикалық міндеттеріне қарай сабақтың типтері:
- оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы
- іскерлікті және дағдыны қалыптастыру сабағы
- білімді жалпылау және жүйелік сабағы
қайталау, бекіту немесе білімді, іскерлікті, дағдыны кешенді
қолдану сабағы
- бақылау-тексеру сабағы
- аралас сабақ

Қазіргі сабаққа қойылатын жалпы талаптар:
- ғылымның жаңа жетістіктерін, педагогикалық практиканың озат тәжірибесін пайдалану, сабақты оқу-тәрбие процесінің заңдылықтарының негізінде құру;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz