Жануарлар қанының лейкоциттер және эритроциттер санын анықтау



Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті
Жануарлар қанының лейкоциттер және эритроциттер санын анықтау
Орындаған:
Тексерген:.
Алматы 2017 жыл

Зерттелетін малдың цитратталған қанын эритроциттерге арналған меланжер түтікшесінің “0, 5” белгісіне немесе 1 белгісіне дейін алып, мақтамен капилляр ұшындағы артық қанды сүртеді. Одан кейін “101” белгісіне дейін жайлап физиологиялық ерітінді алады. Баллон ішінде ауа пайда болмас үшін капиллярды тік ұстау қажет . Меланердің екі жағын жауып 1-2 минут араластырады. Жұмыс алдында Горяев камерасын дайындап алу қажет, ол үшін таза санақ камерасын шынымен жауып, оны кемпірқосақ сақиналары пайда болғанша үйкелейді.

Горяев камерасы

Жабын шынымен жабылған санақ камерасын микроскопқа бекітіп, кіші үлкейткішпен санақ камерасын табамыз . Содан кейін меланжердің мақтаға араластырылған қанның алғашқы 2-3 тамшысын тамызып тастаймыз, ал келесі тамшысын санақ камерасының орта сызықшасына жабын шынының жақын жеріне тамызамыз. Сонан соң орташа үлкейткішпен (40) эритроциттердің санын кішкене 16 квадратқа бөлінген 5 үлкен квадраттан санаймыз .

Санау әдісі. Санақ камерасын микроскопка орнатып, кіші үлкейткішпен (8) торды тауып, сонан соң орташа үлкейткішпен (40) эритроциттердің санын кішкене бөлікке бөлінген бес үлкен шаршы бөліктің төртеуін бұрыштарынан, ал біреуін ортасынан санау қажет.
Эритроциттерді 5 үлкен шаршы бөліктен санағаннан кейін эритроциттердің 1 мм көлемдегі санын мына формуламен анықтайды:
П *4000 * У
А=
C

Эритроциттерді санау үшін қаннан дайындалған сұйықты пробиркада да жасауға болады. Ол үшін Флоринский прбиркасына хлорлы натрийдің 0, 85 ерітіндісінен 4 мл алып, оған Сали гемометрінің пипеткасымен 0, 02 мл қанды құйып араластырады. Араластырылған қанның бір тамшысын санақ камерасына тамызып, санауды жоғарыда айтып өткенде тәртіппен жүргізеді. Формуласы:
Х = А*1
Х - 1 мм3 эритроцит саны;
А- үлкен шаршы бөліктерден саналған эритроцит саны;

Мал қанындағы лейкоциттер санын анықтау
Зерттелетін малдан лейкоциттерге арналған меланжер капиллярына 0, 58 белгісіне дейін немесе белгісіне дейін қан алып, капилляр ұшынан артық қанды мақтамен сүртіп тастап, араластырғыштың “11” белгісіне дейін Тюрк сұйығын (3 сірке қышқылының ерітіндісі 100 мл, 1 метилен көгінің ерітіндісі - 1 мл) алып, ерітіндіні қанмен жақсылап араластыру қажет.
Санақ камерасын микроскоппен орнатып, камера торын кіші үлкейткішпен тапқаннан кейін меланжерден алдын - ала 1- 2 тамшы сұйықты төгіп тастап, санақ камерасын толтырады.

Лейкоциттерді пробиркалық әдіспен анықтағанда Тюрк сұйығынан 0, 4 мл және Сали гемометрінің пипеткасымен 0, 02 мл қан алады. Пастер пипеткасымен сұйықты алып, санақ камерасын толтырады, лейкоциттерді тордың 100 үлкен шаршы бөлігінде санайды. Формуласы:
Х А*Б*Г 50*А
В

Эритроциттер санының өзгеруі:
Эритроцитопения(эритропения, олигоцитемия) - эритроциттер санының кемуі. Анемияда, уланғанда, иназиялық ауруларда, пироплазмозда, қан кетуде, лейкозда кездеседі.
Эритроцитоз( полицитемия, полиглобулия) - қанда эритроциттердің санының көбеюі. Іш өтуде, ішек түйілгенде, өкпе эмфиземасында байқалады.

Лейкоциттердің санының өзгеруі мынадай болады:
Лейкоцитоз- қанда лейкоциттер санының көбеюі, ол салыстырмалы және абсолюттік болуы мүмкін. Лейкоцитоздар физиологиялық, дәрі - дәрмектік және патологиялық болып бөлінеді.
Лейкопения - қанда лейкоциттердің санының кемуі. Вирусты ауруларда, бұзау паратифінде, стахиботриотоксикозда, сәуле ауруында кездеседі.

Назар аударғандарыңызға
рахмет!!!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz