ҚОЙДЫҢ ЖҮН ӨНІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ АНЫҚТАУ




Презентация қосу
ҚОЙДЫҢ ЖҮН
ӨНІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ
ЖӘНЕ АНЫҚТАУ

Орындаған:
Қой шаруашылығының аса маңызды өнімдерінің бірі – жүн. Жүнді
тоқыма өнеркәсібінде мата тоқуға және қой жүнінен басқа да талшықты
материалдарға пайдаланады, оларды шығу тегіне қарай негізінен үш
топқа бөлуге болады:
а)өсімдік тектес- мақта, зығыр, кендір;
б) жануар тектес: жібек, жүн;
в)химиялық: лавсан, капрон,вискоза т.б.
Кездеме тоқылатын басқа шикізаттарға қарағанда, қой жүні
артықшылықтары өте көп, олар: жылуды жақсы сақтайды, жіңішкелігі мен
көлемі бірдей және басқа талшықтармен салыстырғанда жүннің салмағы
жеңіл; жүн талшықтары басқаларға қарағанда иілімді,созылғыш, серпімді;
киіз басуға тек қой жүні ғана жарамды; жүн ылғалды, тоқыма
талшықтарының басқа түрлеріне қарағанда жақсы сіңіреді және көп
уақытқа дейін бойына сақтайды; жүннің өзі жылу шығара алады, күн
көзінің ультракүлгін сәулесін өткізетін ерекшелігі бар, оның өзі
денсаулықты жақсартып, мал ағзасын нығайтуға септігін тигізеді; басқа
тоқыма талшықтарға қарағанда дымқылдықтан көп жүн бүлінбейді; бояу
жақсы сіңеді және көп оңбайды; жүннің шуды және тербелісті төмендетіп,
баса алатын қасиеті бар, жүннен тоқылған киім қыртыстанбайды, әрі
қонымды. Қойдың кейбір тұқымының жүні техникалық шұға, кілем, алаша
тоқу үшін де пайдаланылады.
Жүн негізінде өнеркәсіптік шикізат ретінде өндіріледі. Қойдың тұқымына байланысты, жүннің түсімі
талшықтар биязылығы, ұзындығы әртүрлі болады . Қой жүнінің қылшықтарының екі түрін ажыратады:
біркелкі және әркелкі.
Біркелкі жүн бірыңғай түбіттен немесе аралық қылшықтан тұрады. Түбіттен тұратын жүнді биязы, ал
аралық қылшықтан тұратын жүнді биязылау деп атайды. Биязы жүн. Бұл біртекті жүннен тұратын штапель
құрылымды жабағы. Белгілер жиынтығы бойынша биязы жүн (мемлекеттік стандарт 7763-71 сәйкес) меринос
және меринос емес болып бөлінеді.
Меринос жүн түсі бойынша ақ, жұмсақ созылғыш, штапельдегі талшық жуандығы мен ұзындығы
бойынша біркелкі. Штапель биіктігі бойынша иректілігі біркелкі. Қазақстан, Сібір, Орал, Орта Азия,
Закавказье, елдерінде шайырдың аздаған жетіспеулілігі рұқсат етіледі.
Меринос емес биязы жүн меринос жүнінен шайырының аз, штапель мен жабағыдағы талшық ұзындығы
мен жіңішкелігіні біркелкілігінің жетіспеушілігімен және иректілігінің болуымен ажыратылады. Сонымен
қатар меринос емес жүннің түсі әр түрлі болуы мүмкін.
Биязы жүннің жіңішкелігі 60 сападан (23,1-25,0мкм) жуан болмауы тиіс, қалайда меринос жүніне мойын
мен аяқ бөлігінде 58 сапа рұқсат етілсе,меринос емес жүнге осы бөлікте кез-келген сапа болады.
Бір жасар жас малдан қырқылған биязы меринос жүні ластанғандығымен және штапельдің сыртқы ұштары
құрғақ, талшық ұзындығы мен жіңішкелігінің біркелкілігі әлсіздеу болуымен сипатталады.
Биязылау жүн. Тұқымның шығу тегіне байланысты биязылау
жүннің бірнеше түрін ажыратады
а) бизы-қылшық, биязылау-қылшық, биязы-цигай және тағы да
басқа будандардың биязылау жүні (мемлекеттік стандарт -7937-
74) –біркелкілігімен жабағысының штапельді және штапель-
тұлымды құрылымымен сипатталады. Штапельдің сыртқы
(беткі) ұштарында құрғақ, дөрекі (ірі) және ластану рұқсат
етіледі.Жүн иректілігі әлсіз көрінеді, штапель ұзындығы
бойынша біркелкі және әркелкі болып келеді. Биязы жүнге
қарағанда шайырдың түзілуі аз. Жүннің көп бөлігінің
жіңішкелілігі 58-56-50-ші сапа. Құрғақ және өлі талшық түрлері
кездеседі.
б) кроссбердті және кроссберд типті жүн – біркелкілігінен,
штапельді және штапель – тұлымды құрылымымен,
серпімділігімен, созылғыштығымен және жылтырлықтың
(люстралы) болуы немесе болмауымен сипатталады. Кроссьерд
типті жүн түсі ақ, көлеміне байланысты талшық иректілігі
орташа және ірі (толқынды) шайырдың тузілуі жеткілікті.
Жабағыдағы жүн жіңішкелігі бойынша көп бөлігінің массасы
58 сапа және одан жуан (58,56,50,48,46,44,40,36,32 сапа)
Кроссберд типті жүн шайарйнйң аздығымен, ұсақ орташа
және ірі әлсіз иректігімен ажыратылады.Жабағыдағы жүн
жіңішкелігінің негізгі массасын 58,56,50,48,46 сапа
құрайды.Түрлі түсті жүн рұқсат етіледі.
в) Цигай жүні және цигай қылшық біртекті жүн (мемлекеттік
стандарт 9764-74) жабағы штапельді және штапель – тұлымды
құрылымды, біркелкі және жақсы серпімділігімен, шайырының
аздығымен, ұстағанда қатты және құрғақтығымен, түрлі-түсті
және өлі талшықтардың болмауымен сипатталады. Жүн
иректілігі ірі,кейде әлсіз, кейде өте жақсы көрінеді.Жүн
жіңішкелігінің негізгі массасын 56,50,48,46,44 сапа құрайды.
Жүн түсі тек қана – ақ.
Әркелкі жүн түбіттен, аралық құрғақ,
өлі тікенек қылшықтан тұрады.Олардың
бір-бірінен айырмашылықтары жуан-
жіңішкелігі, ұзындығы, бұйралығы.
Әртекті жүн қылшық және ұяң деп
бөлінеді.
Қылшық жүннің түбіттен қылшытары
көп және ірі болы келеді . Қылшық жүн
қазақы, еділбай, гиссар, қаракөл т.б.
қойлардан қырқылады.
Түбіті көп, қылшығы аз және
қылшығының өзі ірі емес, нәзік жүн
түрі ұяң жүн деп аталады. Ұяң жүнді
қойдың жүні түбіттен және аралық
қылшықтан құралады; түбіті ірілеу
(жуандау) келеді, аралық қылшығы нәзік
(жіңішке) болады.
Қой жүні құрамына қарай түбіт, қылшық деп, қылшықтың
өзі жай қылшық, аралық қылшық, өліқылшық, құрғақ қылшық, тікенек қылшық деген
түрлерге бөлінеді. Жүн түбіт пен қылшықтан тұрады.
Түбіт-ең жіңішке қылшық. Мұндай қылшық үнемі ширатылып тұрады. Қылшыққа
қарағанда түбіт жұмсақ, биязы, созылмалы болады, ұлпаланып тұрады. Сондықтан,
қазіргі кезде түбіт деп қой терісінің түбіндегі ең жұмсақ жүн деп түсінеді. Ол басқа
талшықтарға қарағанда тығыз өседі, сондықтан жақсы кірігеді. Жүн түбітсіз болмайды.
Барлық жүнде түбіт болады, бірақ оның мөлшері қой тұқымына байланысты аз не көп
болуы мүмкін. Түбіті көп жүн сапалы деп есептеледі. Түбітке бояу жақсы сіңеді. Ең жақсы
жүн маталар түбіттен тоқылады. Қылшықсыз жүнді биязы жүн дейді.
Түбіттен әлдеқайда жуан әрі ұзын, бірақ бұйраланбай көбінесе тік өсетін жүннің
талшығын қылшық дейді. Қылшық ірі жүнді қазақы қойларда көп болады. Будан
қойлардың жүнінде әртүрлі мөлшерде өседі. Иірімділік, беріктік қасиеттері жағынан
түбіттен әлдеқайда төмен болады.
Түбіт пен жай қылшықтың аралығындағы талшықты аралық қылшық дейді. Ол түбіттен
жуан әрі ұзын, қылшықтан жіңішке, көбінесе қысқа болып шығады. Бұйралығы түбіттен
төмен, қылшықтан жоғары болады. Кейбір қойларда жылына 35-40 см-ге дейін өсетін жүн
талшығын өзекті қылшық деп атайды. Ірі қылшық түрлерінің бірі - өлі қылшық. Ол – жай
қылшықтан жуандау және қысқарақ, морт сынғыш келетін ірі қылшық. Бұндай қылшық
бұйраланбайды, тік өседі. Өлі қылшыққа бояу да сіңбейді.  Осындай  қылшығы  көп 
жүннен  жасалған киім тез қырқылады, қылшықтары да тез түсіп қалады, киіс бермейді.
Өлі қылшық байырғы қазақы  қойлар мен оңтүстік аймақта қолда өсірілген қисары
қойларда (гиссар қойы) көп болады. Қой малының күтімсіздігінен, шайырының
аздығынан немесе ауа райының әсерінен құрғап, сынғыш болатын жуан
қылшықты құрғақ қылшық дейді. Қылшық  ұш  жағынан бастап  құрғайды.  Сапасы
жағынан өлі қылшыққа жақын болады. Қойдың бас – сирақтарына өсетін, қырықтыққа
ілінбейтін қысқа, тік қылшықты тікенек қылшық деп атайды. Ондай қылшық
шаруашылықта  қолданылмайды.
Сапасына қарай қой жүні биязы жүн, биязылау жүн, қылшықты жүн, ұяң
жүн деп ажыратылады.
Құрамында түбіттен басқа қылшық кездеспейтін, майда, жұмсақ жүн биязы
жүн деп аталады. Биязы жүн биязы жүнді ақ қойлардан алынады. Осындай жұмсақ,
биязы жүннен тоқылған мата ең сапалы кездемеге жатады. Себебі ақ жүнді
бояудың қалаған түрімен бояуға болады. Қазақстан ғалымдарының ұзақ жылдар
бойы сұрыптауының арқасында бұрынғы қара қой денесінің бас, сирақ, құйрық
жүндері де биязы, түсі ақ қойға айналды.
Жүні біртекті және неғұрлым түбітті болып келетін немесе аралық қылшықты
биязы жүннен немесе жуандығын көзбен ажырату қиын осындай талшықтардың
қоспасынан тұратын жүнді биязылау жүндейді. Бұл жүн өзінің бұйралығымен,
талшықтарының жіңішкелігімен, беріктігімен, өте ұзындығымен және әредік өңінің
жылтырлығымен де ерекше назар аударады.
Түбіті көп, қылшығы аз және қылшығының өзі ірі емес, нәзік жүн түрі ұяң
жүн деп аталады. Ұяң жүнді қойдың жүні түбіттен және аралық қылшықтан
құралады; түбіті ірілеу (жуандау) келеді, аралық қылшығы нәзік (жіңішке) болады.
Қылшық жүнді қойларды биязы және ұяң жүнді қошқармен будандастырудан
туатын қойлардың бірқатары да жартылай жіңішке жүн береді. Қылшығы болса да,
мұндай жүннің ұяң жүнге жататын себебі: бұл жүн бірқатар қасиеттері жағынан
қылшық жүнді қой тұқымдарының жүнінен едәуір артық болып саналады. Қылшық
жүнді қойдың жүнінен жартылай қылшықты жүннің айырмашылығы – бұл жүннің
түбіті көп, қылшығы әрі аз, әрі нәзік келеді. Жалпы алғанда, негізгі қасиеттері
жағынан жартылай қылшықты жүн сапасы жағынан одан едәуір төмен болып
есептеледі. Қылшық жүнді қойды биязы жүнді қошқарлармен будандастырғанда
туатын бірінші және екінші ұрпақтардың көпшілігі осындай ұяң жүн береді.
 Қой қырқу. Жүннің сапасы оны уақытында және дұрыс қырқып алынуына байланысты болады.
Қылшықты жүнді қойларды жылына екі рет (көктемде, күзде) қырқады, ал биязы ж әне биязылау ж үнді
қойларды жылына бір рет көктемде қырқады. Ерте қыста немесе көктемде туған қозыларды жазда
немесе күзде қырқуға болады.
Қырқу мерзімі ауа-райына, жүннің өсуіне, тұқымға, қыстың ұзақтығына байланысты. К өктемдегі
қырқымды күн жылыда, жауын-шашынсыз күндері жылы қорада ұстап бағады. Қырқу мерзімін
кешіктірмеу керек, себебі мал өз салмағын ыстық күндері жоғалтады, ал қылшы қты құйры қты қой
түлей бастайды да, жарты жүні түсіп қалады.
Жоғары қоңдылықтағы қойдың жүні сапалы, тығыз, тез шайырланады, терісі мықты, тез қыр қылады.
Қойдың жүні құрғақ болу керек. Оны қырыққыш машинамен немесе қол қайшымен қырқады.
Алдымен оның үш аяғын байлап, жерге төселген брезентке немесе ағаш еденге жат қызады. Содан кейін
басынан бастап, мойнын, кеудесін қырқып, аяғын басатқан соң қарнын қыр қады. Қырыққанда қайшыны
теріге жақын, бірақ кесіп алмайтындай етіп ұстайды. Бір салған жерге екі рет салмау керек, себебі ж үн
қиқымы көбейіп кетеді. Аяқ, қарын, құйрық жүндерін және басқа былғанған жерлерін б өлек қыр қып,
жинайжы. Жүнді орап, пресске салып, 100-110 кг бума қылып сорттап, ж үн жинайтын мекемелерге,
агенттерге өткізеді. Жүнді тек кепкен күйінде сақтауға болатынын ескеру қажет!
Егер қойды электр машинкаларымен қырықса, қырқу сапасы жоғарылайды. Өндіріс арнайы фермер
қолдану үшін маркасы ЭСА-І Д электр қырыққыш машинкаларын шығарады. Айта кету қажет: б ұндай
машинкалар электр энергиясын қолданғандықтан, оларды тек қана электр тогы бар шаруашылықтар
ғана қолдана алады.
Жүннің шайыры - (жиропот шерсти) тері ішіндегі тер мен
май бездерінен бөлінген заттардан (тер мен жүн майынан)
түзілген жаңа химиялық қосылыс. Жүннің шайыры жүнді
қоршаған орта әсерлерінен сақтайды. Бұл қызметті
негізінен жүннің шайырының құрамыңдағы жүн майы
атқарады. Жүннің шайыры қойдың тұқымына, өзіндік
ерекшелігіне, жынысына, қоректенуіне және ауа-райына
байланысты. Биязы жүңді қойларда жүннің шайыры көп,
биязылау жүнді қойларда - орташа, ал қылшық жүнді
қойларда - аз болады. Жүннің шайыры пайдасы көлемінен
гөрі, сапасына байланысы. Сапалы жүннің шайырының
түсі ақ және ақ құрамындағы жүн майының йодтық саны
және балқу температурасы жоғары болады. Мұндай
жүннің шайыры аз көлемде болса да, жүннің сапасын
сақтап, таза жүн шығымының жоғары болуын қамтамасыз
етеді. Сапасы төмен Жүннің шайырының түсі сары,
қошқыл сары болып келеді. Шамадан тыс көп бөлінген
ж.ш. Жүннің шайыры малға зиянды, ондай қойлар суыққа
шыдамсыз, таза жүн шығымы өте төмен болады. Қой
тұқымын асылдандыру ісінде жүннің шайыры сапасына
үлкен мән беріледі. Жүннің шайырының ланолині құнды
медициналық косметикалық шикізат болып табылады.
НАЗАРЛАРЫҢЫ
ЗҒА РАХМЕТ!!!
8’’’ М Д ‘‘
‘ ’
Ғ‘ ’ А
’’’ ’’ ’’ і
Ы

С

Ұқсас жұмыстар
Қой жабайы тегі
Қой шаруашылығы өнімдерін танып білу
Малды дене бітімі, сыртқы пішіні және ішкі құрылысы бойынша бағалау және сұрыптау
Қой шаруашылығын өндірістік негізде дамытудың еліміздегі ұтымды мысалдары
Қой шаруашылығы - мал шаруашылығының негізгі саласы
Атырау облысы өңіріндегі қой шаруашылығы
Қой шаруашылығы
ҚЫСҚЫ АЯҚ КИІМ ТАҢДАУ
Жүн және жібек
Субөнімдерді өндіру
Пәндер