ЖЕР ЖӘНЕ ТЕҢІЗ СІЛКІНУІ. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАНЫҢ ТЕХНОГЕНДІК ӨЗГЕРІСІ


Slide 1

жер және теңіз сілкінуі. Геологиялық ортаның техногендік өзгерісі.

Slide 2

Жер сілкіну, жер сілкінісі (араб тілден ескірген сөз зілзала араб. : زلزال‎, ағылш. earthquake) - жер асты дүмпуі күштерінің әсерінен Жердің беткі қыртысының тербелуі.

Жер сілкінісін сейсмология ғылымы зерттейді. Оның туындауына және дамуына байланысты құбылыстарды сейсмикалық құбылыстар деп атайды.

Slide 3

1-сурет. Жер сілкіну ошақтары.

Slide 4

Пайда болу тегіне қарай

Жерсілкіну жанартаулық, денудациялық және тектоникалық болып бөлінеді.

Жанартаулық жерсілкіну қазіргі жанартаулар әрекет ететін аудандарда дамыған.

Денудациялық жерсілкіну таулы аудандардағы тау жынысы массаларының шатқалдарға құлауынан, жер асты қуыстары менкарст үңгірлерінің опырылуынан және ірі жылжымалардың ықпалынан туындайды.

Тектоникалық жерсілкіну литосфераның жекелеген блоктары өзара қозғалысқа келгенде, Жер қойнауында ұзақ уақыт бойы жинақталған механикалық энергияның қысқа мерзімде шұғыл босанып шығуына байланысты болады. Мұндай жерсілкіну - Жер қыртысында ұзынынан созылған жарылымдар жасайды. Жарылым қанаттары ығыстырушы жазықтық бойынша бір-бірімен салыстырғанда, лездік жылдамдықпен ығысуына байланысты, босанып шыққан энергия серпімді тербелістер, яғни сейсмикалық толқындар түрінде жан-жаққа таралады.

Slide 5

2-сурет. Тектоникалық плиталардың қозғалуы.

Slide 6

Сейсмикалық толқындар таралуына қарай[өңдеу]

Сейсмикалық толқындар қума, көлденең және беттік толқындар болып үшке бөлінеді.

Сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы тау жыныстарының құрамына, құрылымына және физикалық жағдайына байланысты болады.

Қума толқындардың таралу жылдамдығы 5 - 6 км/с, көлденең толқындардікі 3 - 4 км/с.

Сейсмикалық толқындар туындатушы жарылымдардың ұзындығы бірнеше км-ден (1966 жылғы Ташкент жерсілкінуінде - 8 км) жүздеген км-ге (1960 жылғы Чилидегі жерсілкіну) дейін жетеді.

Ал 1957 жылғы Гоби Алтайындағы жерсілкінуде жалпы ұзындығы 700 км-дей жарылымдар жүйесі пайда болған.

Жер қыртысында немесе мантияның жоғары бөлігіндегі тау жыныстарының лездік қозғалысқа келуінен жер асты соққысы туындаған орынды жерсілкіну ошағы, ошақтың тереңдіктегі орнын гипоцентр, Жер бетіндегі проекциясында орналасқан аудандыэпицентр деп атайды.

Slide 7

3-сурет. Жер сілкінісінің зардабы

Slide 8

Жер қойнауындағы орналасу тереңдігіне қарай

Жерсілкіну Жер қойнауындағы орналасу тереңдігіне қарай:

Жер бетіне жақын (тереңдігі 10 км-ге дейін),

орташа немесе қалыпты тереңдіктегі (10 - 60 км),

аралық (60 - 300 км) және терең фокусты (300 км-ден терең) болып жіктеледі.

Ең көп тарағаны жақын және орташа (Ашғабадта жерсілкінудің тереңдігі 15 - 20 км, Ташкентте 5 - 10 км, Спитакта 10 - 15 км болған) тереңдіктегі жерсілкінулер. Терең фокусты жерсілкіну өте аз тараған(Қиыр Шығыста, Тынық мұхиттың жағалауындағы жерсілкінудің гипоцентрі 600 - 700 км тереңдікке жеткен) . Жерсілкіну гипоцентрі теңіз бен мұхиттардың астында да орналасады. Оларды теңіз сілкінуі деп атайды. Бұл құбылыстардың нәтижесінде цунами пайда болады.

Slide 9

4-сурет. Цунами болып өткен аймақ.

Slide 10

Жерсілкіну ұзақтығы

Жерсілкіну ұзақтығы бірнеше секундтан бірнеше айға (кейде жылға) дейін созылады. Механикалық кернеу күшінің біртіндеп шығуына байланысты, жер асты дүмпулері қайталанып отырады. Әдетте, алғашқы күшті дүмпуден кейін, әлсіз дүмпулер тізбегі жалғасады. Оларды афтершоктар деп, ал дүмпу білінген уақыттың барлығын жерсілкіну кезеңі деп атайды. Афтершоктар негізгі дүмпуден соң 3 - 4 жыл бойы жалғасуы мүмкін. Мысалы, 1887 ж. Алматыдағы (Верный) жерсілкіну кезінде 600 дүмпу болғаны тіркелген. Жерсілкіну кезінде орташа есеппен 1×1024 - 1×1025 эрг энергия бөлінеді. Мысалы, Ашғабадта болған жерсілкінудің энергиясы - 1×1023 эрг, Моңғолиядағы Гоби Алтайында - 1×1024 эрг, Чилиде - 1×1024 эрг, Ташкентте - 1×1020 эрг, Кемин жотасында (Алматы) - 4×1024 эрг.

Slide 11

5-сурет. Сейсмограф -жерсілкінуді өлшейтін аспап.

Slide 12

Теңіз сілкінуі - ашық теңіз суларының кенеттен буырқанып толқуы. Көбінесе жаға маңындағы сұрапыл көтерілу - қайту толқындарымен белгілі. Орталығы теңіз түбінде немесе теңізге таяу орналасқан құрлықта болатын жер сілкінудің салдарынан болады.

Теңіз сілкінуі - теңіздер мен мұхиттардағы су қабатының кенеттен буырқаныл толқуы. Теңіз сілкінуінің эпицентрі теңіз түбінде немесе құрлықтың жағалау бөлігіңде орналасқан жер сілкіну нәтижесінде пайда болады. Теңіз сілкінуі цунами толқындарының пайда болуыла әсер етеді

Slide 13

6-сурет. Жер сілкінісінен қорғану тәсілдерінің бірі.

Slide 14

Техногендік әрекеттердің геоморфологиялық көрінісі

техногендік бедер пішіндері түрінде байқалады. Мұндай әрекет-тердің нәтижесінде аккумуляциялық және денудациялық процестердің арасындағы тепе-теңдік бұзылып, жер бетінің алғашқы бедері өзгереді (жаңа бедер пішіндері қалыптасады) .

Гидрогеологиялық өзгерістер сулы горизонтқа (қабаттарға) тікелей немесе жанамалай әсер еткенде ғана байқалады. Соның нәтижесінде жер асты суларының қоры, деңгейі, режимі және сапасы түгелдей өзгереді.

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Сейсмикалық толқындар таралуына қарай
Бейбіт және соғыс уақыттағы төтенше жағдайлар. Техногенді сипатты төтенше жағдайлар, олардың түрлері. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың классификациясы
Биологиялық мониторинг
ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ЭКЗОГЕНДІК ПРОЦЕСТЕР
Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу
Эндогендік процестер
Афтершоктар негізгі дүмпуден соң
ТЕХНОГЕНДІК СИПАТТАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ
Адам іс­әрекетінің литосфераға әсері. Минералды шикізат ресурстарының ұтымды пайдаланудың міндеттері. Биосфераның Жер геосфераларының бірі ретіндегі негізгі ерекшеліктері
Қоршаған орта жағдайын бақылау және жағдайын бақылау және экологиялық мониторинг кологиялық мониторинг
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz