Кәсіпкерлік негіздері



Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Қазақстан тарихы және әлеуметтік саяси пәндер кафедрасы
ОСӨЖ №1
Кәсіпкерлік негіздері. Кәсіпкерлік орта
Орындағандар: Қайбелдінова Е. Н.
Сат Ә. Д.
Тәкімбай А. Ә.
Оразбай М. А.
Тобы: Жалпы медицина, 1-023
Тексерген: Алиева М. Т.
Қарағанды 2018ж

Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Кәсіпкер ұғымы
Кәсіпкер құқығы
Кәсіпкердің субъектілері мен объектілері
Коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар.
Кәсіпкерлікті дамытудың мақсаттары мен факторлары.
Кәсіпкерлік орта және экономикалық еркіндік
Ішкі және сырқы кәсіпкерлік орта
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кәсіпкерлік - нарықтық экономиканың барлық институттарына енетін неғұрлым жекеше жағдайы. Қызметтің бұл түрі, көбінесе, адамның жеке басымен - кәсіпкермен байланысты. Ол жаңа істі қолға алады, жаңа енгізілімді іске асырады, тәуекелдікке бас тігеді. Қазақ тілінде кәсіпкерлік пен бизнес сөздері синонимдер ретінде қолданылады, бірақ кей жағдайларда екі әр түрлі мағына білдіруі мүмкін.

Кәсіпкерлік - адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры - Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950ж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі бар еді: «Кәсіпкер болу - басқаның істегенің істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер - алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832ж) былай деген: «Кәсіпкер - адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».

Кәсіпкерліктің тұлғалары (субьектілері) жеке тұлғалар, әртүрлі ассоциациялар, акционерлік қоғамдар, арендалық ұжым, кооперативтер және мемлекет бола алады. Қызмет мазмұнына қарай кәсіпкерлік мынадай түрлерге бөлінеді.
Кәсіпкерлік нысандары (обьектілері) шаруашылық қызметтің кез - келген түрлері: коммерциялық делдалдық, сату сатып алу, инновациялық, кеңес беру қызметтері, бағалы қағаздармен операциялар бола алады.
Өндірістік кәсіпкерлік- тауарлар, қызметтер, ақпараттар, рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік. Кәсіпкерліктің бұл түрінде өндіріс қызметі негізгі болып табылады.
Коммерциялық кәсіпкерлік тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша мәмілелер мен операциялар құрамына енеді, өнім өндірісімен айланыспайды. Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу бағасынан жоғары бағаға сату арқылы жасалады.
Қаржылық кәсіпкерлік -коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі болып табылады. Сату-сатып алудың обьектісі ақша, валюта, бағалы қағаздар болып табылады.
Делдалдық кәсіпкерлік бір мәмілеге өзара мүдделі жақтардың басын қосатын қызметте көрінеді. Мұндай қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады.
Сақтандыру кәсіпкерлігі- кәсіпкер сақтандырған оқиға болған кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы. Жарналардың қалған бөлігі кәсіпкерлік табысты құрайды.

Кәсіпкер - кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, кәсіпорын құру үшін қаражат іздеп табатын және сол тапқан қаражатымен кәсіпкерлік тәуекелдікке бас тігетін адам. Ол мемлекет тіркеуден өтіп, тіркеу туралы куәлік алады. Кәсіпкер қызметтің заңда тыйым салынбаған кез келген түрлерімен, атап айтқанда, коммерциялық делдалдықпен, сауда жасаумен, сатып алумен, кеңес беру қызметімен және басқа қызметтермен, бағалы қағаздарға байланысты операция жасаумен айналыса алады.

Кәсіпкер құқығы:
өз қызметін жүзеге асыру үшін құрылуы заңнамалық актілерге қайшы келмейтін кәсіпорындардың кез келген түрлерін құруға;
мемлекет кәсіпорындардың және меншіктің басқа нысандарына негізделген кәсіпорындардың мүлкін, өзгедей мүлік пен мүліктік құқықтарды толық немесе ішінара сатып алуға;
заңды негізде алынған өз мүлкімен шаруашылық жүргізуші басқа субъектілердің қызметіне қатысуға;
заңды тұлғалар мен азаматтардың мүлкін келісім бойынша пайдалануға;
заңнамада белгіленген келісімшарттар талабымен қызметкерлерді жұмысқа қабылдауға және жұмыстан босатуға;
еңбекақы төлеудің нысандарын, жүйелерін, мөлшерлерін және жалданып жұмыс істеушілер табысының басқа да түрлерін дербес белгілеуге;
шаруашылық қызметтің бағдарламасын өз бетінше жасауға, жеткізушілер мен тұтынушыларды таңдауға, баға мен тарифтерді белгілеуге;
банк мекемелерінде шоттар ашуға;
мөлшеріне шек қойылмайтын кез келген жеке табыс алуға; мемлекет және әлеуметтік қамсыздандыру мен сақтандыру жүйесін белгіленген тәртіппен пайдалануға;
өзінің құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтірген мемлекет және басқа органдардың әрекеті жөнінде белгіленген тәртіппен шағымдануға;
заңнамада белгіленген тәртіппен сыртқы экономикалық қатынастарға қатысушы болуға;
заңнамада белгіленген тәртіппен валюта операцияларын жүзеге асыруға құқылы.

Кәсіпкердің субъектілері мен объектілері.
Жеке кәсіпкерлер - бұл заңнамада белгіленген тәртіппен, кәсіпкерлік қызметті заңды тұлға құрмастан жүзеге асыратын тұлғалар. Жеке кәсіпкерлер барлық міндеттемелер бойынша толық мүліктік жауапкершілігімен сипатталады.
Заңды тұлға - бұл жеке мүлікті иеленген, өз атынан азаматтық құқықтар мен міндеттерді иеленетін, арбитраждық сотта талапкер және жауапкер болып әрекет ететін ұйым.

Коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар.
Барлық заңды тұлғалар коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарға бөлінеді.
Коммерциялық ұйымдар қызметі пайда алуға және алынған пайданы қатысушылардың арасында бөлуге негізделген кәсіпорындар болып табылады. Ал пайда алудың мұндай мақсаты жоқ ұйымдар коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.
Коммерциялық емес ұйымдарға тұтынушылық кооперативтер, мекемелер, қоғамдық ұйымдар, діни ұйымдар мен бірлестіктер, қайырымдылық және басқа қорлар жатады.
Кәсіпкерлік қызметтің объектілері дайындалған өнім, орындалған жұмыс немесе көрсетілген қызмет, яғни қандай да бір қажеттілікті қанағаттандыра алатын және нарықта сатып алу, пайдалану және тұтыну үшін ұсынылатын нәрселер болып табылады.

Кәсіпкерлікті дамытудың мақсаттары мен факторлары.

Кәсіпкердің негізгі мақсаттарына:
пайда алу және оны барынша арттыру;
соңғы тұтынушының сұранысын қанағаттандыру;
қызметін тиімді ұйымдастыру (шығындарды азайту, шикізаттың жаңа көздерін, өндірістің жаңа әдістерін іздестіру, инновацияларды енгізу және т. б. ) жатады.

Бұл мақсаттарға қол жеткізуге кәсіпкерлікті дамыту факторлары жағдай жасайды.
Кәсіпкерлікті дамыту факторлары - бұл кәсіпкерлік қызмет қасиеттерінің көріну сиапты мен мүмкіндіктерін анықтайтын параметрлер


Кәсіпкерлік орта және экономикалық еркіндік
Кәсіпкерлік орта дегеніміз - еліміздегі нарықтық экономикадағы барлық субъектінің қажеттілігінен шығуға бағытталған азаматтардың экономикалық еркіндігін қамтамасыз етуші әлеуметтік - экономикалық, саяси, азаматтық - құқықтық жағдайлар болып табылады.
Кәсіпкерлер кәсіпкерлік ортаны құрайтын, көздеген мақсатты орындау жолындағы іс-әрекеттер, жобалар мен келісімдер орындалатын мүмкіндік болғанда ғана қызмет атқара алады. Осы аталған факторларға қоса кәсіпкерлік даму үшін шешуші роль атқаратын жағдай - экономикалық еркіндік.
Экономикалық еркіндік маңызы - заңды кәсіпкерлік істерді орындау үшін, экономикадағы басшылыққа мемлекеттің кепілдігі болып саналады.
Экономикалық еркіндік дегеніміз - барлық азаматтарға өзінің өнері мен қабілетін, білімін мүмкін экономикалық қызмет пен іс-әрекеттерге жұмсап пайдалануына мүмкіндіктің болуы. Осындай жағдайларға байланысты қолдан жасаған монополияға, жөнсіз бәсеке мен жарнамаға жол бермейтін құқықтық нормалар мен ережелердің қажеттігі туындайды.

Кәсіпкерлік орта кәсіпкерлерге тәуелсіз сыртқы және кәсіпкерлердің өздері құратын ішкі ортаға бөлінеді.
Сыртқы орта дегеніміз - сыртқы факторлардың жиынтығы және ол бүкіл елдегі және жеке аймақтағы кәсіпкерлік сі-әрекеттерге айтарлықтай ықпал етеді. Сонымен бірге сыртқы ортаның әсері кәсіпкерлердің пікірі мен тілегіне қатыссыз, заңды жағдай және ол кәсіпкерлікке тікелей немесе жанама әсер етеді. Кәсіпкерлер сыртқы ортаның өзгерістеріне бейімделіп, қауіп - қатерлі жағдайлармен күресіп отырғанда ғана табысқа жетеді. Классикалық экономикалық теория ғылымының негізін қалаған ғалымдар кәсіпкерліктің негізгі жағдайлар мен сыртқы ортаның факторлары.

Сыртқы кәсіпкерлік ортаға мынадай кіші жүйелер жатады:
елдегі және аймақтардағы экономикалық жағдайлар;
қоғамның және мемлекеттің бірқалыпты дамуын сипаттайтын саяси орта;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz