Гигиена: қоршаған ортаның әсері, алдын алу шаралары және демалыс аймақтарының санитарлық-эпидемиологиялық талаптары


Slide 1 Slide 2

Гигиена туралы түсінік

Гигиена - (грек. hygіeіnos - дені сау) денсаулықты сақтау, аурулардан алдын ала сақтану туралы ғылым; медицинаның бір саласы. Гигиена сөзі грекше hygіeіnos, яғни ол дені сау деген ұғымды білдіреді. Қоршаған ортаның адам организміне (денсаулығына, оның еңбек ету қабілеті мен өмірінің ұзақтығына) тигізетін әсерін зерттейді;

Slide 3

Біздің заманымыздан бұрынғы 1500 ж. Мысырда, Хорезмде тазалық сақтау шаралары қолданылған. Адам денсаулығын жақсартып, нығайтатын - таза ауа мен су екенін сол кездің өзінде ежелгі грек дәрігері Гиппократ атап көрсеткен. Гиппократтың сол көзқарасын ортағасырлық ғұлама ғалым Әбу Әли ибн Сина жалғастырды. Оның әлемге әйгілі «Дәрігерлік ғылымның каноны» деген энциклопедиялық еңбегінде денсаулықты күні бұрын сақтап, дұрыс тамақтана білудің теориялық негіздері баяндалған.

Slide 4

Гигиена- адамдардың денсаулығын сақтау және нығайту үшін аурулардың алдын алу мақсатында, медицинаның алдын алу жөніндегі негізгі пән болып табылады. Қоғамның денсаулығы қазіргі жағдайда оның санитарлық-эпидемиологиялық қолайлылығымен және азаматтардың қауіпсіз тіршілік етуіне құқықтылығымен анықталады.

Slide 5

Қоршаған орта мен адам ағзасының ортасында өзара тығыз қарым-қатынас бар, ортаның қолайсыз факторлары үнемі әсер етіп отырған жағдайда, сонымен қатар, әсіресе, адамға қауіпті болып табылатын қазіргі уақытта жаңа техногенді факторлардың аумағы кеңейген сәтте, сыртқы орта қарқынды ластанған кезде тұрғындар денсаулығының төмендеуіне және көптеген аурулардың дамуына себепкер болады. бағытталған.

Slide 6

Аурулардың даму қаупін төмендету, популяцияның денсаулығын сақтауға тек алдын алу шаралары ғана көмек бере алады, себебі, емдеуге, яғни дамыған ауруды емдеуге қарағанда, сырқы ортаның зиянды факторларын жою және олардың әсерін төмендету жолы арқылы аурулардың алдын алуға бағытталған. Осы шаралардың ғылыми негізін адам ағзасы мен қоғам денсаулығына сыртқы орта факторларының әсерін зерттей отырып, гигиеналық нормативтер мен санитарлық ережелерді дайындайтын гигиена ғылымы болып табылады.

Slide 7 Slide 8

Д е м а л ы с аймағы

Д е м а л ы с аймағы (0, 2-0, 3 га) үй ауласының жазда көлеңке, қыста желден сақтайтын бұтақты ағаштар егілген тегіс таза жағында орналасады. Шаршаған, аурудан жаңа тұрған әлсіз тұрғындардың демалуына қажетті орындықтар қойылады. Демалыс аймағында тұрғындардың денесіне зиян келтіретін өткір бұтақтар, темір-терсектер, ірі тастардан мезгіл-мезгіл тазартып отыру керек. Тұрғын үйді салғанда оның бөлмелерінің терезелерін оңтүстік, не оңтүстік батысқа, ал қосымша бөлмелерінің терезелерін терістікке қаратып салады.

Slide 9

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаның антропогендік химиялық факторлары: ластаушылар, адам денсаулығына әсері және алдын алу шаралары
Қоршаған ортаның сапасының халық денсаулығына әсері және қоршаған ортаны қорғау шаралары
Ойыншықтардың гигиеналық талаптары мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылауы
Балаларға арналған ойыншықтардың гигиеналық талаптары және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау
Жолаушылар вагондарының санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптары
Пестицидтер мен олардың түрлері: қоршаған ортаның пестицидтермен ластануын алдын алу және реттеу
Медициналық қалдықтардың жіктелуі және санитарлық-эпидемиологиялық басқару талаптары
Жануарлардағы филяриотоздар: клиника, диагностика және ветеринарлық-санитарлық алдын алу шаралары
Қоршаған ортаның антропогенді физикалық факторлары мен адам денсаулығына әсері
Қоршаған ортаның экогенетикалық факторлары және олардың денсаулыққа әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz