Витаминдер тіршіліктің ауыстырылмайтын факторы



Витаминдер
.

Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Суда еритін витаминдер
2. 2. Майда еритін витаминдер
2. 3. Антивитаминдер
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер

Витаминдер тіршіліктің ауыстырылмайтын факторы. Адамның, жануарлардың, микроорганизмдердің қалыпты жағдайда тіршілік етуі үшін өте аз мөлшерде витаминдер керек. Ал егер витамин болмаса, не жеткіліксіз болса зат алмасу бұзылып науқастанады. Витаминдердің ауыстырылмайтын себебі, олардың құрылысы мен функционалдық топтарының әсері.
Витаминдер дегеніміз- азық-түлік өнімдерінде, жем-шөпте шағын мөлшерде ғана кездесетін, ал адам мен жануарлар организімінде бірқалыпты тіршілік үщін өте қажет төмен молекулалы органикалық заттар.

Витамин жетіспеушілік, авитаминоз - күнделікті ішетін тағамда витаминдердің жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не витамин синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. Егер адам үнемі витамині аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақтанса, организмге, негізінен көмірсулар (қант, тағыда басқа) ғана түсіп, белок пен майлар аз түссе, ал көкөніс пен жеміс-жидектер мүлдем болмаса витамин жетіспеушілік дамиды. Сондай-ақ азық-түлік дұрыс сақталмаса немесе олардан сапасыз тағам дайындалса, азық-түлік құрамындағы витаминдер бұзылады. Мысалы, құрамында никотин қышқылы (РР витамині) аз дәнді дақылдармен ғана қоректену пеллагра ауруына, ал қауызы алынған күрішпен және өте ұнтақталған бидай ұнынан жасалған нанмен ғана тамақтану бери-бери сырқатына әкелуі мүмкін.

В1 витамині (тиамин, антиневриттік витамин, аневрин)
1911 жылы К. Функ күріш кебегінен бөліп алған және бери-бери (сал болу) ауруынан ембеп жазатын препарат әр түрлі заттардың қоспасынан екенін анықтады. Осы қоспаның ішінде В1 витамині бар екен. В1 витамині 1926 жылы (Янсен) кристалл түрінде бөлініп алынды, ал оның құрылымы 1933 жылы анықталды.
Суда еритін витаминдер

Химиялық құрылымы мен қасиеттері. Пиримедин және тиозол сақинасы В1 витамині молекуласының негізін құрайды. Ол екі сақина метилен тобы (-СН2) арқылы байланысады.

В2 витамині (рибофлавин)
В2 витаминінің жалпы формуласы-C17H20N4O6. Тамақта рибофлавин болмаса, баланың бойының өсуі тежеледі және ерін, мұрын, көз, құлақ айналасындағы кілегей қабықшасының бұзылуына, көздің мүйіз қабатының қабынуы мен хрусталиктің күнгірттенуіне (катаракта) әсерін тигізеді.
В2 витамині тотығу және тотықсыздану реакцияларына қатысады. Олай болса, В2 витаминінің зат алмасудағы маңызы да өте зор.

РР витамині (В5 витамині никотин қышқылы)
РР витаминінің аты «Pellagra preventing» (пеллагра ауруына қарсы) -деген ағылшын сөздерінің бас әріптерінен құралған. Тағамда В5 витамині немесе никотинамид болмаса, адамдар пеллагра ауруына шалдығады. Бұл кезде адамның терісі (дерматит), ауыз қуысының кілегейлі қабаты (стоматит), ал тіл (глоссит) сияқты дертпен ауырады.
Х имиялық қасиеті: Никатин қышқылы барлық витаминнің ішіндегі құрылымы ең қарапайым қосылыс, ол карбоксил тобы бар пиридин сақинасынан құралады, мұндағы карбоксил тобы үшінші жағдайда тұрады.

С витамині (аскорбин қышқылы) - ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. С витамині биологиялық тотығу кезінде зиянды заттардың түзілуін тежейді. Ол қарсы денелерді түзетін ферменттердің құрамына кіреді. Терідегі қантамырлардың қабырғасының бүлінуіне де кедергі жасайды. С

Химиялық қасиеті: Аскорбин қышқылы өсімдіктерде галактозадан синтезделіп жасалады. Сол сияқты жануарлар ұлпасында глюкозадан синтезделеді.
С витаминінің құрылым формасы гексозаларға С6Н12О6 жақын екенін көрсетеді. Тотығу-тотықсыздану реакцияларында сутегі атомдарының доноры болады және тотығу кезінде дегидроаскорбин қыщқылына айналады, бұл реакция қайтымды

2. 2. Майда еритін витаминдер
А витамині (ретинол, антиксерофталмалық) А витамині химиялық құрылымы тұрғысынан каротинге жақын, 1831 жылы неміс ғалымы Вакенродер оны өсімдіктерден ашты. Эмпирикалық формуласы С20Н30О. Ретинолдың химиялық формуласын 1937 жылы швейцар химигі Каррер тапты.
Адам мен жануарлар тіршілігінде А витаминінің атқаратын маңызы зор. Бұл витамин тағамдық заттардың құрамында жетіспегенде ағзадағы зат алмасу бұзылады, оның салдарынан өсу кешеуілдеп, салмақ азаяды. Көздің мүйіз қабығы бүлінумен қатар, әлсіз жарық жағдайында дамның көру қабілеті де нашарлайды. Мысалы кешке жақын қараңғылық түсе бастағанда өте нашар көреді. Оны халық арасында «ақшам соқыр» немесе «тауық көз» дейді.

Д витамині (кальциферол, антирахиттік витамин)
XVIII ғасырдың ортасында Глиссон деген ағылшын дәрігері Лондон қаласында тұратын жас балалардың арасында кездесетін ауру турлы жазған болатын. Бұл аурумен ауырғанардың сүйектері деформацияланатындығы анықталады, кейіннен оның мешел (рахит) ауруы, яғни тағамда Д саларынан екендігі белгілі боады.

Е витамині (токоферол, антистерильдік немесе өсіп-өну витамині)
Е витамині 1921 жылы Иванс деген зерттеуші ашты. Жануарларды қолдан тек жасанды тамақпен 54% жүгері крахмалы, 18% казеин, 15% шошқа майы, 9% сары май, 4 %тұздың қоспасы және 5 %құрғақ сыра ашытқыларымен қоректендіргенде, олардың ұрықтарының өсіп-өнуі тоқталып төлдемейтіндігі анықталды. Бұл құбылыс Е витамині жетіспеуінен екен. 193 жылы Иванс бидай тұқымы ұрығынан Е витаминін бөліп алды, ά - токоферол (грек тілінде tokos -ұрпақ, phero-алып жүру, жалғастыру деген мағынаны білдірді) деп аталады.

2. 3. Антивитаминдер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz