Кәсіпкерлік мәні, түсінігі, негізгі түрлері және ұйымдастырушылық нысандары



КЭжМ кафедрасы
СЛАЙД - ДӘРІС
Тақырып: «Кәсіпкерлік: мәні, түсінігі, негізгі түрлері және ұйымдастырушылық нысандары»
Пән: «Кәсіпкерлік»
5В050600 - Экономика мамандығы үшін
Автор: аға оқытушы Абдикаримова А. М.
2018 ж

ДӘРІС ЖОСПАРЫ:
1. Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері;
2. Кәсіпкерлік қызметтің объектілері және субъектілері;
3. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары.

1. Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері:
Кәсіпкерлік - адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер мән берген. Ол былай деп айтқан «Кәсіпкер болу - басқаның істегенін істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер - алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй былай деген: «Кәсіпкер - адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».
Кәсіпкерлік терминін алғаш рет кәсіпкерлік және кәсіпкер терминін XVII ғасырдың аяғы XVIII ғасырдың басында айналымға енгізген ағылшын ғалымы Ричард Кантильон (1650-1734 ж. ж) болды. Бұл ағымға, ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызды.
А. Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда алу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипаттады.
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі.

Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір - бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес - табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал, кәсіпкерлік болса - новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер - ол өнертапқыш адам. Сондықтан бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.
Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғымда бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе бермейді.
Яғни айтқанымызда кәсіпкерлік дегеніміз - бұл адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Тағы айта кететін жайт, кәсіпкерлікті түсіндіре келгенде мынадай екі жағдайға мән бері керек: біріншіден, коммерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуде; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми-техникалық прогреске жетіге тікелей қатысты.

Кәсіпкер - заңмен рұқсат берілген шаруашылық қызметтің түлерімен айналысатын адам, соның ішінде коммерциялық-делдалдық, сауда-саттық, кеңес берушілік, бағалы қағаздармен байланысты операциялармен және де басқа қызметтермен.
Кәсіпкер дегеніміз - бұл тәуекелі мол жағдайларда әрекет етуші адам; өзінің ұйымдастырушылық қабілеттері арқасында табыс табушы; кез-келген мүмкіндікті ұқсатып барынша мол пайда таба білетін адам.
Кәсіпкерлік іс-әрекеттің мақсаты неғұрлым көп мөлшерде пайда табу.
ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес «Кәсіпкерлік- бұл жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік кәсіпорынды (мемлекеттік кәсіпкерлік) басқару құқығына негізделген, тауарларға деген сұранысты қанағаттандыру арқылы (жұмыстар, қызмет көрсетулер) таза пайда табуға бағытталған, меншік формаларына тәуелді емес азаматтар мен заңды тұлғалардың бастамалық қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекелі мен мүліктік жауапкершілігіне сай жүзеге асады. »

2. Кәсіпкерлік қызметтің объектілері және субъектілері:
Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі.
Барлық шаруашылық қызметін емес, тек тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілік және белсенді іздеумен байланысты шаруашылық қызметті кәсіпкерлік қызмет деп санауға болады. Олардың бәрі кәсіпкерліктің белгілері болып табылады.
Қызметтің қай түрі болмасын оның обьектілері мен субьектілері көрсетеді.
Кәсіпкерлікте тұлға (субъект) және нысанын бөліп қарайды.

Кәсіпкерліктің тұлғалары (субъектілері)


Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметінің субъектілері мыналар бола алады:

Кәсіпкерлік нысандары (объектілері)

Кәсіпкерлік іс-әрекетте обьектісі тауар болып табылады. Маркетингалық - кәсіпкерлік тәжірибиде тауар болып нарықтық қатынастар жағдайында сатып алушы мен сатушылардың мәмле обьектісің құрайтын нәрселер болып табылады.

Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да болмасын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық-өндірістік, сауда-көтерме сату, жаңартпашылық, көрсетілетін консультациялық қызметтер және коммерциялық делдалдық, сол сияқты құнды қағаздар операциялары.
Кәсіпкердің мәртебесі заңды және заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Құқығы, міндеті, жауапкершілігі және кәсіпкерлердің кепілдіктері ұлттық заңдармен реттеледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының заңдарымен реттелетіндер: 2. 1- кестеде көрсетілген.

Кесте 2. 1- Құқығы, міндеті, жауапкершілігі.
кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығы, кәсіпорындар құру және олар үшін қажетті мүліктер сатып алу;
барлық субъектілердің нарықтағы материалдық, еңбек, ақпарат және табиғи ресурстарға қол жеткізудің теңдік құқығы;
меншік түрлеріне және ұйымдастыру-құқықтық формасына қарамастан кәсіпорын қызметінің теңдік жағдайы;
кәсіпкерлердің мүліктерінен заңсыз айыруды қорғау;
кәсіпкерлік саласындағы бекітілген шегінді еркін таңдау;
нарықтық монополия жағдайында кәсіпкерлер мен кейбір тауар өндірушілердің бәсекеге селқос қарауына жол бермеу.
Кәсіпкерліктің экономикалық формадағы қызметіне төтеп беру өзгешелігі, кәсіпкер барлық жұмыстарды қолға алады, ал тұтынушы оған бүгіннен бастап ақша төлеуге дайын.

3. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары.
Кесте 3. 1- Кәсіпкерліктің негізгі атқаратын қызметтері.
1. Новаторлық қызметі
әрбір кәсіпкер өзінің мақсатына жету үшін кәсіпкерлікті ұйымдастырудың жаңа формаларын, жаңа технологияларды қолдануға мүдделі болады. Бұл қызмет өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және сапасы туралы мәселелерді шешеді.
2. Ұйымдастыру қызметі
әрбір кәсіпкер минималды шығын жұмсау және максималды пайда табу мақсатымен ең тиімді өндірісті таңдайды. Өндірісті ұйымдастыру кезінде кәсіпкер жер, еңбек, капитал ресурстарын бір процеске біріктіреді.

3. 1-кестенің жалғасы.
3. Басқару қызметі
әрбір кәсіпкер шаруашылықты жүргізуде негізгі шешімдерді қабылдау инициативасын өз жауапкершілігіне алады: кадр мәселесі, өнімді сатып өткізу, банк жүйесімен байланысты мәселелерді шешеді.
4. Тәуекелге бару қызметі
әрбір кәсіпкер тәуекелге бару үшін істелетін істің айқындылығын талдап, қорытындысына не болатынын білген жөн. Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің серіктестіктерінің немесе акционерлерінің қаржыларын тәуекелге салады.

Кәсіпкерліктің экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлары. Кәсіпкерлікпен айналысу барысында экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлар ескерілуі қажет. 1. Экономикалық жағдайлар - нарыққа тауар, қызметтер ұсыну, тауарлардың, қызметтердің алуан түрлері, тұтынушылардағы ақша-қаражат көлемі, яғни олардың сатып алу қабілеттілігі, жұмыс орнының және жұмыс күшінің артық-кемдігі, еңбек ақы қорының артық-кемдігі, қарыз беретін мекемелердің ақша ресурстары б. к.
2. Әлеуметтік жағдайлар - кәсіпкерлікті ұйымдастыру, қалыптастыру үшін тұтынушыларда тауар сатып аларлық қаражаты болуы, олардың тауарға, қызметке деген талғамы, төлем қабілеттілігі бар сұранысы болуы. Әлеуметтік жағдай әрбір адамның жұмыс орнындағы жағдайы, еңбек ақы мөлшерімен байланысты. Әрбір кәсіпкер әлеуметтік мәселелерге белсенді араласып, жағдай жасауы тиіс: денсаулық сақтау, жұмыс орнын жасақтау, еңбек ақы мөлшерін қадағалау. 3. Құқықтық жағдайлар - кәсіпкерлікті реттейтін заңдар және нормативтік-құқықтық жағдайлардың болуы: Қазақстан Республика-сының Азаматтық Кодексі, салық туралы заңдар, кәсіпкерлерді қорғайтын заңдар, шағын және орта бизнесті қолдайтын органдар, меншікке құқықтық заңдар.

Кәсіпкерліктің түрлері және ұйымдастыру формалары.
Кәсіпкер тауарлар өндіреді, содан соң оларды сатады. Осыған орай, кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық, қаржылық, кеңес беру, делдалдық және сақтандыру болып бөлінеді. Осылардың әрбір формасы өзіндік ерекшелігі, өзгешелігі, демек өзіндік технологиясы болады. Кәсіпкерліктің түрлеріне өндірістік, коммерциялық, қаржылық, кеңес беру, сақтандыру, делдалдық кәсіпкерлік жатады: 3. 2- кестеде берілген.
Кесте 3. 2- Кәсіпкерліктің түрлері.
Өндірістік кәсіпкерлік
бұл тауар өндіру мен қызмет көрсетумен байланысты кәсіпкерлік.
Коммерциялық кәсіпкерлік
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz