Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі бизнес- жоспарлау


Slide 1

СЛАЙД - ДӘРІС

Тақырып: «Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі

бизнес- жоспарлау»

Пән: «Кәсіпкерлік»

5В050600 - Экономика мамандығы үшін

Slide 2

ДӘРІС ЖОСПАРЫ:

1. Кәсіпорындағы жоспарлардың жіктелуі;

2. Бизнес жоспарлау түсінігі, мәні, мазмұны;

3. Бизнес жоспарлаудың құрылымы.

Slide 3

1. Кәсіпорындағы жоспарлардың жіктелуі:

Жоспарлау - қоғамның әр-түрлі салаларында болашақ қызметтердің жобасын жасау барысы. Жоспарлау кез-келген жүйелерді басқарудың маңызды бөлігінің негізгі (болжау, тікелей басқару, бақылау қызметтері мен қатар) басқару қызметті.

Жоспарлау - алдағы уақытта белгілі бір жағдайға қол жеткізуді мақсат етіп қою болып табылады.

Болжам - алдағы уақытта обьектінің мүмкін жағдайын және оны жүзеге асырудың альтернативті жолдары мен мерзімдерінің ғылыми негізделген ойластырылуы.

Slide 4

Жоспарлау келесі белгілер бойынша жіктеледі:

масштабына байланысты (көлеміне) ;

уақыты бойынша;

мақсаты бойынша.

1) Масштабына байланысты:

микроболжам;

макроболжам.

2) Уақыты бойынша:

ұзақ мерзімді (5 жылдан 15 жылға дейін) ;

орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін) ;

қысқа мерзіммді (1 айдан 1жылға дейін) ;

шұғыл (1 айға дейін) .

3) Мақсаты бойынша:

нормативтік;

ізденіс.

Slide 5

Сонымен жоспарлау - алға қойған жұмыстарды негіздеуге, міндеттеуге, тиімді, реттеуге, ақпаратты өндеуге, бағытталған ақыл-ой процессі.

Тәжірибеде жоспарлаудың негізгі 5 әдістерін ажыратады:

баланстық;

есептік-конструктивті;

бағдарламалық, мақсаттық;

экономикалық-математикалық;

нормативті-ресурстық.

Slide 6

Жоспарлаудың келесі түрлерін қарастырады:

Стратегиялық жоспарлау - фирманың барлық даму концепциясын анықтайды, басқарудың ең жоғарғы звеносымен дайындалады және орта мерззімді мен ұзақ мерзімді жоспарлаудан тұратын негізгі құжат болып табылады.

Стратегиялық жоспарлаудың негізгі мақсаты - фирманың аз шығын жұмсай отырып, көп мөлшерде пайда табуға, неғұрлым тиімді қызмет ету бағытын таңдау болып табылады.

Тактикалық жоспарлау - бұл шаруашылық операциялардың жағдайларын жоспарлау (өндіріс қуаттылығы, капиталы, инвестицея, мамандарды және т. б), қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспарларға жатады және стратегиялық жоспар тактикасына жету болып табылады.

Оперативті (шұғыл) жоспарлау - бұл арнайы бағдарламалар мен жұмыстарды жоспарлау. Оперативтік жоспарлаудың ұзақтығы операциялардың масштабына байланысты болады.

Операивті жоспарлау - кәсіпкерліктің пайдалы даму үшін ең керекті бөлігі, яғни ұйымдастыру, іс-әрекетін анық тауып, мәселелерді шешу, міндеттер мен шешімдерді араластыру, операция көлемін, нарықтағы өмір сүру жағдайын, сату көлемі мен пайдасын, сонымен қатар керекті мәселелерді алдын ала анықтап, болдырмау жолын қарастыруда үлкен роль атқарады.

Slide 7

2. Бизнес жоспарлау түсінігі, мәні, мазмұны:

«Бизнес» сөзі табыс әкелетін кез келген іс, қызмет. Бизнес сөзі кәсіпкер түсінігінің синонимі түрінде қарастырылады.

Бизнес - бұл нарық қатысушылары арасындағы қарым-қатынастар жиынтығы: кәсіпкерлер, өнім тұтынушлары, жұмысшылар, мемлекеттік органдар.

Бизнес жоспар - бұл қандай да бір коммерциялық жобаны жүзеге асыру және жаңа кәсіпорындарды құру үшін жүргізуге қажетті іс-әрекеттердің негізделуін білдіретін құжат. Бизнес -жоспар 3-5 жылға жасалады. Бизнес жоспар жасау келесі сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік береді:

1. істі қалай дұрыс бастау қажет?

2. өндірісті қалай тиімді ұйымдастыру қажет?

3. алғашқы табыстар қашан алынады?

4. қай мерзімде кредиторлармен есеп айырылысу қажетҮ

5. мүмкін болатын тәуекелді қалай төмендету қажетҮ

Slide 8

Бизнес жоспар - жаңа өндірістік қуат құру арқылы өндірісті жаңарту ғылыми-техникалық қайта қамтамасыз ету негізінде жаңа өнімді шығаруды жүзеге асыру үшін сырттан қаржы көздерін тарту мен байланысты инвестициялық шешімдерді негіздеуде қолданады.

Бизнес-жоспар термині 90 жылдардың басында қолданыла бастады, ол кезде еліміз экономиканың қайта құрылу дәуіріне енді және заманның өзі нарықтық жағдайлардағы кәсіпорынды басқару қағидаларын өзгертуді талап етті.

Slide 9

Бизнес жоспарлаудың 5 қызметі бар:

1. Бизнес стратегиясын құру үшін, оны пайдалану мүмкіндігіне байланысты.

2. Жоспарлау - жаңа бағыттағы қызметтердің даму мүмкіндігін бағалауға, фирма ішіндегі үрдістерді бақылауға мүмкіндік береді.

3. Ақша ресурстарын - (ссуда, несие, займ) тартуға мүмкіндік береді.

4. Өндіріске меншікті капиталын немесе қолданыстағы технологияларын енгізуге қалауы бар мүмкін серіктес компанияның жоспарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

5. Барлық қызметкерлерді бизнес-жоспар құруға қатыстыра отырып, келешекте атқарылатын іс-шараларының ақпараттандырылуын жақсартуға, мақсатқа жетуге ынталандыруға мүмкіндік береді.

Slide 10

3. Бизнес жоспарлаудың құрылымы.

Теория мен тәжірибеде бизнес-жоспардың қатаң регламенттелген құрылымы жоқ. Ол орындалатын қызметтерге сәйкес әртүрлі болуы мүмкін: бірі-жаңадан іс бастаған кәсіпкерлер үшін, екіншісі- жұмыс істеп тұрған кәсіпорын үшін.

Бизнес жоспарлаудың бөлімдері:

1. Фирма мүмкіндіктері (резюме) ;

2. Тауарлар түрлері (қызмет көрсетушілер) ;

3. Тауар (қызмет өткізу нарығы) ;

4. Өткізу нарығындағы бәсекелестер;

5. Маркетингтік жоспары;

6. Өндірістік жоспары;

7. Ұйымдастырушылық жоспар;

8. Заңдық жоспар;

9. Қаржылық жоспар;

10. Қаржыландыру стратегиясы.

Slide 11

Шетелдік бизнес-жоспар құрушылар, осы бөлімдермен қатар инвестициялық жоспарды енгізген.

Бизнес-жоспар жасаушылардың алдында тұрған негізгі міндет-инвесторларды тарту болып табылады. Қандай жағдайда да мақсат бір-жобаның қаржылық тиімділігін дәлелдеу керек, яғни жобаға салынған ақшалар күтілетін пайданы алып келетіндігін дәлеледеу керек.

1. Резюме - барлық бөлімдердің қорытындыларынан тұру керек (жобаның мәні, мақсаттар мен міндеттерді шешу мүмкіндік тиімділігі, мақсатқа жету кәсіпорын дамуын қаржыландыру көздері, жобаны инвестициядан түсетін табыстар, сату көлемі, шығындар, пайда нормасы, капитал салымдары мен инвестициялық қаржыларды өтеу мерзімдері) .

Slide 12

2. Бұл бөлімде - сапасы, бағасы, тауарлық, бәсекеге қабілеті бойынша бұйымнан нарықта сатылатын тауардан тиімді айырмашылықтары беріледі.

3. Шығарған өнімінің қандай нарыққа негізделген (ішкі, сыртқы, аралас) .

4. Бәсекелестер бойынша сыртқы, ішкі саясат, технология.

5. Жарнамалар, өткізу жүйесі, баға белгілеу, әр түрлі жеңілдіктер, сатуда кепілдіктер, жеткізу бөлімі.

6. Мұнда шикізатқа, материалдарға, техникаға қажеттіліктер анықталады, өндірістік қуаттылық анықталады.

7. Ұйымдық өндірістік құрылым кадрға деген қажеттіліктер еңбекақы төлеу жүйесі қарастырылады.

8. Кәсіпорынның ұйымдық құқықтық нормасы (құқықтық статусы, меншік нысаны, кәсіпорын түрі) .

9. Инвестициялық көлемі, қаржыландыру көздері, қаржы құралдарын тарту шарты анықталады.

10. Инвестициялық шығындар капитал үлесі пайдалану және өткізу шығындары, табыстар, салықтар, қарыз (несие) құралдарын қайтару құралы мен мерзімі, өнім рентабельділігі, пайда деңгейі.

Slide 13

Бизнес жоспардың құрылымы мен құрамы.

Бизнес жоспарл құрылымы:

Мұқабалық бет;

Аннотация;

Құпиялылық туралы меморандум;

Мазмұны.

Мұқабалық бетте:

Жоба аты;

Жоспарды дайындау орны;

Жоба авторлары, кәсіпорын аты және мекен-жайы, телефоны;

Құрылтайшылардың аты, мекен-жайлары;

Бизнес-жоспардың белгіленуі мен оның пайдаланушылары.

Мұқабалық бетте сонымен қатар конфиденциалдық меморандумы жазылады.

Мұқабалық беттен кейін мазмұны (беттері көрсетілген) .

Slide 14

Бизнес-жоспар аннотацияны құрауы мүмкін (0, 5-2 бет) .

Аннотация келесі түрде дайындалады:

кәсіпорын;

адрес;

телефон, факс;

кәсіпорын жетекшісі;


Ұқсас жұмыстар
Бизнес жоспардың міндеттері
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БИЗНЕС - ЖОСПАРЛАУ ТУРАЛЫ
Кәсіпкерліктің жіктелуі
Кәсіпкерлік жайында
Кәсіпкерл
Кәсіпкерлік пәніне жалпы шолу
КӘСІПКЕРЛІК туралы
Бизнес жоспарлаудың құрылымы
Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі бизнесжоспарлау
Бизнесті сипаттау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz