Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында кітапхананың ақпараттық білім беру ортасын құру және іске асыру


Slide 1

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында кітапхананың ақпараттық білім беру ортасын құру және іске асыру

Орындаған: Жасузакова Ж. П.

Slide 2

Кіріспе

1

Білім мазмұнын жаңарту контекстіндегі мектеп кітапханалары қызметінің жағдайы мен мәселелері

2

Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы мектеп кітапханалары қызметінің мақсаты мен міндеттері

3

Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы мектеп кітапханалары қызметін құрудың инновациялық тәсілдері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Мазмұны

Slide 3

Кіріспе

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында білім беру мен ғылымның дамуы бағытының белгіленген басымдылығы шеңберінде білім беру мазмұнын жаңарту бойынша елеулі жұмыстар жүргізілуде. Жаңартудың негізгі мақсаты, ол - орта білімнің сапасын көтеру.

Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Осыған орай еліміздегі бірден-бір рухани қазына ордасы - мектеп кітапханасының алар орны зор. Мектеп кітапханасы бүгінгі жаңартылған білім мазмұнының ресурстық орталығы. Өскелең ұрпақтың талаптарын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамыту тұрғысында мектеп кітапханасының қосар үлесі бар. Мектеп кітапханасының қызмет аясын кеңейту, қорын пайдалану, соның ішінде мектеп кітапханасы - оқушыға әдебиет таңдау, оқырмандық қызығушылығын кеңейту, мұғалімге кәсіби өсуге көмектесуші, оқуға, дүниені тануға қозғау салушы болып табылады.

Мектеп кітапханасы білім алу және ақпараттарға негізделген, қазіргі қоғам өміріне ойдағыдай қатысу үшін ең маңызды болып табылатын, ақпараттарды алу және идеялармен танысуға мүмкіндік береді. Оқытуға байланысты қызмет көрсетіп, кітаптар мен материалдар, мектеп қоғамдастығының барлық мүшелеріне сыни тұрғыдан ойлауға, дағдылануға мүмкіндік береді және барлық тасымалдағыштар мен әртүрлі форматтағы ақпараттарды қолдануға тиімді болып табылады. Мектептерді жаңа білім беру стандарттарына көшіру, инновациялық, ақпараттық технологияларды енгізу мектеп кітапханаларының білім беру кеңістігінде бірінші орында тұруына мүмкіндік бермей отыр.

Slide 4 Slide 5

Білім мазмұнын жаңарту контексіндегі мектеп кітапханалары қызметінің жағдайы мен мәселелері

Мектеп кітапханасы - мектептің мәдени, білім беру және ақпараттық орталығы, балаларды оқуға тартудың бастапқы буыны. Сондықтан да мектеп кітапханаларының материалды-техникалық базасын нығайту, заманауи ақпараттық технологияларымен жабдықтау, қорларды жинақтау сапасы, мектеп кітапханашылардың біліктілігін көтеру т. б. мәселелер бүгінгі таңда әлі де өзекті болып отыр. Мектеп кітапханасы ақпаратттар мен жаңа сыни ойлардың ордасы. Қазіргі ақпарат пен білімнен құралған заманда баланың жетіліп, дамуына, қалыптасуына кітапхананың маңызы өте зор. Мектеп кітапханасы үздіксіз өзін-өзі тануға, денсаулығына жауапты және белсенді қарауына үлесін қосып, қалыптасуына жәрдем жасайды.

Slide 6

Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы мектеп кітапханалары қызметінің мақсаты мен міндеттері

Мектеп кітапханасы педагогикалық қызметінің негізгі мақсаты: білікті оқырманды дайындау арқылы рухани қалыптастыру.

Кітапхана жұмысын сапалы жүргізу үшін оқырмандармен жүйелі жұмыс жасау керек, сонымен қатар, кітапхана жұмысын жетілдіру:

- балалар мен оқырмандар арасында библиографиялық білімді насихаттау;

- кітапханашы қызметкерлерінің арасында өзара библиографиялық білім беру арқылы іс-тәжірибе алмасу;

- кітапханада АБА-каталогтар жүйесін құру;

- электрондық каталогтар, оларды құрастыру ерекшелігі;

- ақпараттық қызметте Интернет ресурстарын қолдану;

- ақпаратты-библиографиялық бөлімінде «Қолжазба қоры» ұйымдастыру т. б. Кітапханашы ақпаратты жеткізуші ретінде көзқарас өткен уақытта қалған.

Slide 7

Мектеп кітапханасынан ақпараттарды алу және бару жиілілігі бойынша қатысушыларды орналастыру

Slide 8 Slide 9

Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы мектеп кітапханалары қызметін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдері

Бүгінгі таңда қоғамда болып жатқан өзгерістер, қоғамның өркениеттік деңгейге жоғарлауы, ашық ақпараттық кеңістікке өту кітапханалардың жаңа бағытта жұмыс істеуін талап етеді. Мектеп кітапханашысының басты мақсаты заман ағымына сай жаңалыққа болуы. Ақпараттық жаңа технологиялар мен интернет жүйесі дамыған уақытта оқырмандарға дәстүрлі қызмет көрсетумен қатар, ақпараттық телекоммуникациялық қызметтің сан алуан жолдары арқылы оқырмандарға қызмет көрсету кітапхана жұмысының күнделікті іс-әрекетіне айналуы тиіс. Кітапханалық-библиографиялық жұмысына электронды каталогтарды ұйымдастыру, құжаттарды цифрлық жүйеге енгізу, ақпараттық-анықтамалық жұмыстарды электронды жүйеге көшіру кітапхана ісін заман талабына сай сәйкестендіреді. Электронды каталогтарды ұйымдастыру, құжаттарды цифрлық жүйеге енгізу, ақпараттық-анықтамалық жұмыстарды электронды жүйеге көшіру жұмыстары жолға қою. Кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету және кітапхана қызметтерін жарнамалауда Интернет пен веб-сайттарды қолданудың маңызы ерекше болып отыр.

Slide 10

Қорытынды

Кітапхана - ғасырдан-ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей алып келе жатқан шырағы биік парасаттылық пен білімділіктің, байлық пен біліктіліктің киелі ордасы. Заманымыздың әр кезінде кітапханашы қызметі туралы ұғым жоғары болуы тиіс. Олай болса жоғарыдағы ойларымызды түйіндей келе, көп жылғы тәжірибесі бар кітапханашыларымыздың білімін жетілдіруіне, тереңдетуіне арналан кәсіби шеберлік жөніндегі байқау - слеттер өткізуге әдістемелік көмек, ал жас кітапханашы даярлау ісінде заман талабына сай мамандыққа баулудың ғылыми негізі қалануы қажет. Сонда ғана білгірлер мен ұлылардың өзі аңсап келетін білімнің қасиетті ордасы «кітапхана» мәңгі өмір сүреді.


Ұқсас жұмыстар
Бағдарламаны іске асыру нәтижелерін сипаттау
БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БАСТАУЫШ
Оқу бағдарламалары
ТАБЫСТЫ МЕКТЕП ҚАҒИДАЛАРЫ
Жалпы білім беру ұйымдарындағы инклюзивті үрдістің құқықтық негіздері
Білім беру салаларының мазмұнын кіріктіру
Педагог мамандарды даярлауда ақпараттық құзырлықты қалыптастырудың дидактикалық мүмкіндіктері
Білім берудің Жаратылыстану саласы
Жаңартылған бағдарлама
SASERS шкаласын шкаласының пайдалана отырып құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz