Мектеп жасына дейінгі балаларды халық ойындары арқылы ұлттық мәдениет көздеріне тарату


Slide 1

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚФ

ОҚО бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты

Орындаған: Дюсенова Р.

Өскенбаева С.

Исахова Ж.

Ибраева А.

Исмайлова А.

Алдабекова А.

Қабылдаған: Бокешова А.

Шымкент 2017

Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балаларды халық ойындары арқылы ұлттық мәдениет көздеріне тарату

Slide 2 Slide 3

Жоспар

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

2. 1. Салт дәстүрлердің бала тәрбиесіндегі алатын орны

2. 2. Ұлттық ойындардың ұрпақ тәрбиесіндегі ролі

2. 3. Баланы ұлттық ойындар арқылы салт-дәстүрге тәрбиелеу

2. 4. Ұлттық ойындар түрлеріне сипаттама

2. 5. Ұлттық ойындар арқылы балалардың ақыл-ойын дамыту

3. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Slide 4

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Халқымыздың ұлттық ойындарының көпшілігі «ойлауды қажет ететін ойындарға»жатады. Балабақшада өткізілетін қимылдық ойын түрлері баланы ептілікке, зейінділікке, ұқыптылыққа баулиды. Балаларға арналған ұлттық ойын түрлері, мысалы: «Айгөлек», «Қанталапай», «Арқаласпақ», «Тақия тастамақ», «Түйілген орамал», «Арқан тартыс», «Аударыспақ», «Асық ойын», «Хан», «Бес тас», «Тартыс» т. с. с. ойындар- балалардың дене бітімінің ғана емес, ақыл-ойының жаттықтырушысы.

Дене қимылының төмендеуі балаларға өте қауіпті. Ондай жағдайда бала бойында иммунитеті едәуір төмендейді. Баланың дене белсенділігінің төмендеуі сымбатының бұзылуына, омыртқаның қисаюына әкеп соқтырады.

«Ел болам десең, бесігіңді түзе», - деген ұлы қаламгер М. Әуезов. Қазақ халқында жаңа өмірдің, жарық дүниенің есігін ашқан нәрестенің өзіне сый - құрмет көрсетіліп, дәріптейтін лайықты салт - дәстүрлері бар. Әлемдік жаһандану үрдісіне қадам басқан жаңа ғасырда әр халық, ұлт дінін, тілін, мәдениетін, тарихын мейлінше сақтап қалуға әрекет етуде. Олай болса салт-дәстүр - өсіп келе жатқан баланың ой-санасын қалыптастыруға, өзінің ұлт өкілі ретінде өсіп, үлгі-өнеге алуына әсерін тигізеді.

Slide 5

Салт дәстүрлердің бала тәрбиесіндегі алатын орны

Қазақ халқы қандай да болсын қуанышын жеке отбасы болып ғана емес, көрші-қолаңын, туған-туысын, ел-жұртын жинап атап өтетін дархан халық. Той - думанның, қуанышты хабардың жаршысы ретінде «Сүйінші» айтылады. Сүйіншіні жеткізуші адамның көңіл-күйі көтеріңкі, ерекше қуанышты жағдайда болады. «Сүйінші - қуанышты хабар жеткізушінің сөзі. Мысалы, «Сүйінші, сүйінші! Келініңіз ат ұстар (ұл) тапты» деп хабар әкелген адамға «Қалағаныңды ал» деп, аяғын қуанышты қонақасыға айналдырып жібереді. » Сүйіншіні жеткізетін адам бір отбасын қуантып, жақсы хабар әкелетін дәнекер. Оның қалағанын, сұрағанын беруге той иесі міндетті. Сүйінші дәстүрін «Шілдехана» жалғастырады. «Шілдехана - жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той. Дастархан жайылып, жастар ән салып, домбыра тартып, ұлттық ойындар ойналады. » Жаңа туған нәрестеге азан шақырылып ат қойылып жөн-жоралғысы жасалады. Бір ескертетін жайт, салт-дәстүрлерді үлгі-өнеге етудің басы-қасында балалар да болу керек. Бала-отбасы тірегі, елінің ертеңі, шаңырақ иесі. «Бесікке салу» рәсімінде әжелердің бесік жыры тыңдалады. «Бесікке салу - халқымызда бесік - қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Мұны «Туған жер - алтын бесік» деген сөз дәлелдей түседі.

Slide 6 Slide 7 Slide 8

Ұлттық ойындардың ұрпақ тәрбиесіндегі ролі

Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.

Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады.

Баланың бірінші әрекеті - ойын, сондықтан да ойын мән-мәнісі ерекше. Ойын - адамның өмірге қадам басардағы алғашқы адымы. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді танып, еңбекке қатынасы психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.

Slide 9

Ұлттық ойындар арқылы балалардың ақыл-ойын дамыту

¥лт ойындарын жанұя тәрбиесінен бастап, балабақшада түрлі тәрбиелік шараларда қосымша материал ретінде пайдаланып келеміз.

¥лттық мұраның бай қазынасының бірі - халықтың ұлттық ойындары көп салалы, көп қырлы құбылыс, ол тек ойындық сала емес, мәні жағынан да балабақша тәрбиеленушілерінің рухани ересі кең өсіп - жетілуіне, эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелейтін негізгі құралдардың бірі. ¥лы педагог В. Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді, демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи түспек. Фольклортанушы ғалым Ө. Диваев «Қазақ балаларының ойындары» деген еңбегінде адамның жас ерекшелігін үш топқа бөледі: «. . . өмірге келгеннен бастап жеті жасқа дейінгі бала, жеті жастан он бес жасқа дейінгі балалар, он бес пен жиырма жас аралығындағы жастар. . . ». Осының негізінде қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырып, бірінші топқа, сол жастағыларға лайықты: «санамақ, тәй-тәй, айгөлек, соқыр теке, қуырмаш, алақан соқлақ, ақ серек-кек серек» т. б. ойындарын, ал одан кейінгі топқа: «тақия тастамақ, тартыс, сиқырлы қоржын, бәйге, көкпар, асық, хан талапай, теңге апу, қыз қуу, орамал тастамақ, ақсүйек, күрес» т. б. ойындарын жатқызуға болады. Мұндай ойындар баланы тез ойлауға, тапқырлыққа баулып, жаңа тақырыптарды жылдам меңгеруге ықпал етеді, сез тіркесіне, ұйқастыруға дағдыландырады.

Slide 10

Баланы ұлттық ойындар арқылы салт-дәстүрге тәрбиелеу

Ұлттық ойындар бала тәрбиесінде негізгі екі жауапты рөл атқарады: біріншіден, жаттығулар жасап, ұлт ойындарын ойнаған кезде дене дамуы жақсарса, екіншіден, ұлт ойындарының мазмұнын, ойлау тәртібін түсіндірген кезде ұлттық әдет - ғұрпымыздан, өткен өмірімізден хабар алады. Егер балабақшада жұмыс стилі ұлттық дәстүр, салт - санаға бағытталған болса, мысалы, барлық топ бөлмелері, залдар қабырғаларындағы тұскиіз, ою, сырмақ, домбыра, қамшы, ер сияқты заттардың өзі күнделікті баланың көз алдында болғандықтан осы бұйымдарға көздері қанық болып өседі.

Біз болашақ ұрпағымызға тілімізді ғана үйретіп қоймай, салт-санамызды, дәстүрімізді мирас етіп қалдырып, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасуына жағдай жасауымыз қажет.

Бұл ретте ойындардың мәні өте зор. Оларды қолдану негізінен дене тәрбиесі сабақтарында, спорттық жарыстар, серуендер кезінде жүзеге асады. Орайы келсе тіл дамыту мен көркем әдебиет сабақтарында да пайдаланған жөн. Себебі осы пәндерде санаға көбірек салмақ түседі. Сондай кезде өтетін тақырыпқа байланысты қимыл - қозғалыстар, жаттығулар, жаңылтпаштар, дене тәрбиесі, сергіту уақыттарын ұйымдастырса, баланың денесі ширап, көңілі көтеріліп, сабақ материалдарын қабылдау сапасы да артады. Балалар ойын барысында еркін тапқырлық әрекет байқатады, сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ықылас, ерік және т. б. түрлі психикалық түйсік пен сезімділікке тәрбиеленеді.

Slide 11

«Ақ серек, көк серек» ұлттық ойыны

Ойынның мақсаты:

Ойынға деген балалардың қызығушылығын арттыру, көңіл күйін көтеру, жылдамдыққа, ептілікке, шапшандыққа үйрету Ойын шартын дұрыс түсіндіре отырып, ойынға деген белсенділігін арттыру.

Ойынның шарты: Ойын ашық алаңда өткізіледі. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Аралары 30-40 метрдей жерде бір-біріне қарама - қарсы орналасады. Қаз-қатар қол ұстасып тізіліп тұрады. Жеребе бойынша анықталған ойынды бастаушы топтың балалары әндете өлең айтады:

-Ақ серек те, көк серек,

Бізден сізге кім керек?

Екінші топтың балалары:

-Ақ серек те, көк серек,

Бізге мұнда Азамат керек.

Деп бірінші топтағы бір баланың атын айтады. Сол кезде аты аталған бала өз тобынан шығып, екпіндей жүгіріп келеді де қарсы топтың тізбегін үзіп кетуге тырысады. Егер үзіп кетсе, бір баланы жетелеп апарып, өз тобына қосады. Үзе алмаса, өзі сол топта қалады. Келесі кезекте ойынды екінші топ бастайды. Осылайша ойын жалғаса береді. Қай топ өз ойыншыларынан көп айрылып қалса, жеңілген болып есептелінеді.

Slide 12

«Ақсүйек» ойыны

Ақсүйек ойнаушылар екі топқа бөлініп, әрқайсысы өз жетекшілер белгілейді. Жеребе бойынша ойынды бастау кезегі кімге тисе, сол топтың қарулы жігіті сүйекті құлаштап алысқа лақтырады. Бұл сәтте қалған ойыншылар теріс айналып тұрады. Содан соң ойыншылар ақсүйекті іздеуге жүгіреді. Сүйекті алғаш тапқан адам «ақсүйек, ақсүйек» деп айқай салады да, межеге қарай жүгіреді. Ақсүйегі бар адамның соңынан басқалары тұра қуады, ол қуып келе жатқан адамның қолы сүйекке тигенше өз тобындағы ойыншыларға лақтырып үлгеруі керек. Мәреге жеткен топ қажетті ұпайды алады, не ақсүйекті лақтыру кезегіне ие болады. Қанша ұпай жинағанша ойнайтындары алдын ала келісіледі. Көп ұпай жинаған жеңіске жетіп, жеңілген жақ екінші топтың талабын орындайды.

Slide 13

«Атқаума» ойыны

Балалар үш-үштен бөлініп ойнайды. Екі бала қолдарын айқастырып «атқаума» жасайды. Ол былай жасалынады. «Атқаумаға» қатынасатын балалар сол қолымен өзінің оң білегін қысып ұстайды да, сонан соң бос тұрған оң қолдарымен бір-бірлерінің сол білектерін ұстап, үшінші бала атқа мінгендей еркін отыратындай орын дайындайды. Көзі орамалмен таңулы үшінші бала, айқасқан қолдарының үстіне келіп отырады. Сонан соң қолдасып тұрған екі бала:

-Атқаума, атқаума, - деп белгі қойылған көмбеге жеткенше жүре береді. Осы кезде, ойынға жай араласып жүрген балалардың бірі:

-Ақ сандық па, жоқ әлде, көк сандық па?-деп сұрайды. Оған көзі таңулы бала:

-Көк сандық, көк сандық, - деп жауап береді.

-Аспанда не бар?

-Жұлдыз бар.

-Жерде не бар?

Құндыз бар.

Қаумалап көтеріп келе жатқан балалар:

-Бақа, бақа, балпақ.

Басың неге жалпақ?

Бұтын неге талтақ,

Көзің неге тостақ?

Бұған көзі таңулы бала былай жауап береді.

-Темір телпек көп киіп,

Басым содан жалпақ.

Теуіп жауды қашырдым,

Бұтым содан талтақ.

Қарауылда көп тұрдым,

Көзім содан тостақ!

Қаумалай көтеріп тұрған екі бала:

-Мына жерде шөл бар,

Мына жерде ел бар,

Мына жерде көл бар, -

Деп қолдарын ағытып жібереді. Отырған бала құлап жығылса, айып тартады. Құламай тік тұрып қалса екі бала оны қайтадан көтеріп жүреді. Ойын осылайша жалғаса береді.

Slide 14

«Ұшты-ұшты» ойыны


Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалық шақта ойынның балаға басты әрекеті
Қазақ халқының ұлттық ойындарының зерттелуі
Ойын психологиялық феномен түрінде
ОЙЫН АРҚЫЛЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ
Ұлттық ойындар арқылы балалардың ой-өрісін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың құрылыс ойындары. Режиссерлік ойын
Балаларды табиғатпен таныстырудағы әдіс - тәсілдер
Дене тәрбиесі ерекшеліктері
Ойыншықтарға қойылатын санитариялық - эпидемиологиялық талаптар
Мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл - қозғалыс ойындары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz