Тілдік қанығу мектеп жасына дейінгі балаларға тілді оқытудың тиімді технологиясы ретінде


Slide 1

Жоба

Тақырыбы:

«Тілдік қанығу мектеп жасына дейінгі балаларға тілді оқытудың тиімді технологиясы ретінде»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы

ОҚО бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты

Орындағандар: Амантаева А.

Сәбит М.

Абсаттарова У.

Естаева Г.

Бекназарова М.

Арғынбекова А.

Қабылдаған: Бөкешова А. Қ.

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Балалардың сөздік қорын дамыту жолдарының түрлері

Тіл дамыту сабақтарында көзделетін негізгі мақсат - баланың сөздік қорын байыту, сөйлем құрап айтуға, әңгімелей білуге үйрету.

Қоршаған ортамен таныстыру арқылы баланың тілін дамыту әдістері

Әдеби шығармалар арқылы баланың тілін дамыту жұмыстары

Сөздік қорды байытудың негізгі көзі - көркем шығарма

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Slide 3 Slide 4

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда мектепке дейінгі мекеме балаларына мемлекеттік тілді меңгерту бірінші жолға қойылды. Мектепке дейінгі мекемеде қазақ тілін оқыту жұмыстары тәрбиешілердің көп еңбек етіп, ізденіс пен дайындығын қажет етеді. Сондықтан қазақ тілін оқыту мәселесінде мектепке дейінгі мекемеде білім беру, тәрбиелеу ісіне қоғам, ұжым болып бір ауыздан атсалысуымыз қажет

Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мәселесі алдымен балабақшада жүзеге асырылады. Балалардың ақыл-ойы мен мінез-құлығының дамуында тіл маңызды рөл атқарады. Біздің мақсатымыз - балаларды ата-бабадан қалған салт-дәстүрге адамгершілікке баули отырып, жаңа технологияны меңгерту. Осы мақсатымыз жүзеге асуы үшін біз ең алдымен өзіміздің ана тілімізді меңгеруіміз қажет. Бүгінгі таңда тіл туралы көп айтылады. Тіл білген адам-мәдени, рухани жан азығы мол адам. Адамның ойы тілден көрінеді. Сондықтан балабақша қабырғасынан бастап тіл үйретудің маңызы зор.

Slide 5

Балалардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту барысында қолданылатын әдістерге тоқталатын болсақ:

Slide 6

Балалардың тілін дамытудағы мақсаттары:

Slide 7

Бала тілін дамыту жұмысының негізгі мазмұны

Бала тілін дамыту жұмысының негізгі мазмұны - сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгертуге көңіл бөліп, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, қоршаған орта мен айналасындағы адамдармен еркін қарым - қатынасқа түсу, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру.

Тіл мәдениетін игеру - баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін кезең. Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.

Балабақшада тілдік қатынастың ең маңызды түрі ауызша сөйлеп үйрену жатады. Ол болса сөздерді байланыстырып айту арқасында жүзеге асады. Сөздің байланысты айтылуы баланың тілдік және ақыл - ой дамуымен біртұтас жүреді.

Жас жеткіншектерді баулып, тәрбиелеуде көркем әдебиеттің ролі ұшан - теңіз. Ол жаңа өскін балауса буынының сана - сезімін оятып, ақыл - есін дамытатын, адамгершілік моральға тәрбиелейтін өмір оқулығы.

Slide 8

Ертегілерді сахналау арқылы балалардың шығармашылық қабілетін және тілін дамыту

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ертегілердің түрлері ұсынылып оны сабақта және бос уақыттарында пайдалану әдістері қамтылған. Көркемәдебиет сабақтарында ертегілерді сахналауға және ертегіні рөлдерге бөліп ойлау арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық қабілетін арттыру міндеттері нақты көрсетілген. Балабақшада даярлық тобында сахналық қойылымдардың тиімді жолдарын қарастырған. Қазақ ауыз әдебиеті - талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз. Қазақтың мақал-мәтелдері болсын, жұмбақ-жаңылтпаштары мен ертегілері болсын - бәрі де балаларды Отанын сүюге, ерлікке, елін қорғауға үндейтіні белгілі.

Балалар бақшасының тәрбиеленушілерін ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстырып, олардың өмірін байыта түсу тәрбиешілердің міндеті болып саналады.

Slide 9

Әдеби шығармалар арқылы баланың тілін дамыту жұмыстары

Ертегі, шағын әңгіме, өлең, мақал-мәтел, жұмбақ сияқты балаларға лайықты көркем сөз жанрларының ежелден-ақ тәрбие ісінде зор көмекші екені белгілі.

Көркем шығармаларды тыңдауға бала сәби кезінен-ақ құмартып, қызығады. Қысқа ертегі, өлең оқып берсе, тез жаттап алады. Жаттау арқылы оның тілі жетіледі. Әдеби кейіпкерлердің жақсы ісіне сүйсінеді, жаманынан жиренеді - бойын қорқыныш билейді. Балаларда жақсы және жаман іс-әрекет жөнінде түсінік пайда болады. Сөйлеу тілі жетіле түседі. Ал тілінің дамуы - баланың бойында қабылдай - ести білу сияқты психологиялық процестердің бірте-бірте қалыптасуына негіз болады.

Slide 10

Балаларға дыбыстарды меңгерту

Балабақшада жүргізілетін тәрбие, білім беру үрдісінде дыбысқа байланысты жаттығу түрлері кешенді түрде іске асырылады. Мәселен, ән оқу іс - әрекетінде музыка үнімен бала сезіміне әсер етсе, тіл дамытуда оқылған әңгіме, ертегілер, біріншіден баланың ақыл - ойын, танымын кеңейтсе, екіншіден ана тілін жақсы білуге көмектеседі.

Оқу жылының басында өз тобымда тілдері з, р, с, ш дыбыстарын айта алмайтын балаларға дыбыстарды дұрыс айтқызу мақсатында ойын - жаттығулар, тақпақтарды айтқызып үйреттім. Мысалы: «З» дыбысын бекіту мақсатында А. Райымқұлованың «ауыл маңында» өлеңін айтқызуға болады.

Ауыл маңы саз, саз - саз,

Жайылады қаз, қаз - қаз.

Тоймай қалса қаз, қаз - қаз,

Шашқан дәнің аз, аз - аз.

Дыбыстарды меңгерту барысында ассоциация әдісін қолданамын. Мысалы: «Қ» дыбысын бекіту мақсатында Қ - қарға, қолғап, қасқыр, қой, қарындаш

Slide 11

Сөздік қорды байытудың негізгі көзі - көркем шығарма

. Оқулықтардағы мәтіндер балаларға, бір жағынан, бірнеше жаңа сөздер үйрету; екінші жағынан, сөз тіркестерін үйрету; үшінші жағынан, сол сөздер мен тіркестердің мағыналарын тереңірек ұғындыра түсу т. с. с. мақсаттарды көздей отырып, таңдалған. Осыған орай, авторлар, мүмкіндігінше, ұлы А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Торайғыров т. б. сынды сөз шеберлерінің шығармалары мен халықтың сөз қазынасы - ауыз әдебиеті үлгілерінен қысқартып, икемдеп болса да, үзінділерберуге тырысқан. Соның арқасында оқушылар ана тілін жоғары дәрежедегі әдеби үлгілердің өзін оқу арқылы үйренеді.

Сөздік жұмысы сабақ барысында жүргізіледі. Мәтінді, ондағы жаңа сөздерді дұрыс қабылдау үшін, сөздік жұмысын жүргізбейінше, мақсатқа жету мүмкін емес. Мысалы шаңырақ, ақ алтын, көкжиек сөздерін дұрыс түсінбесе, дұрыс қабылдай алмайды, оларда елес тумайды.

Түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру үш кезеңде жүргізіледі:

• Мәтінді оқуға дайындық кезеңі;

• Мәтінді оқу барысында;

• Оқып шыққаннан кейін.

Мәтінді оқуға дайындық кезеңінде шығарманың мазмұнын ұғынуға қиындық келтіретін сөздер түсіндіріледі. Мұнда тағы бір есте болатын жағдай - шығарманы оқымас бұрын онда кездесетін, мағынасы ауырлық келтіреді-ау деген сөздердің барлығын тізіп алып, шетінен түсіндіру керек деген ой тумасқа тиіс. Кейбір сөздердің мағынасы контекске қарай өзінен-өзі түсінікті болатынын ескеру қажет және оқылмас бұрын көп сөздер мен ұғымдарды түсіндіре бергенімен, ұмытылып қалады да, оған қайта оралу керек болады.

Slide 12

Қорытынды


Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау қабілеттерін зерттеу
Білім беру салаларының мазмұнын кіріктіру
Мектепке дейінгі ұйымда оқыту технологиялар
Бейнелеу өнерінің әдістемелік негіздері
Мектеп жасына дейінгі баланың коммуникативтік дағдылары мен білігін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың технологиясына схемалық сипаттамасы
Мектепке дейінгі кезеңде тілді қатынас құралы ретінде пайдалана білуі
Сурдопедагогиканың негізгі оңалту әдістері
Ағылшын тілін ойын арқылы оқыту
Оқыту процесіндегі шет тілін ауқымды қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz