Балабақшадағы балаларға айналаны қоршаған ортамен таныстыру
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
ОҚО БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ
Жоба
Тақырыбы: «Балабақшадағы балаларға
айналаны қоршаған ортамен таныстыру»
Дайындағандар:
Қабылдаған:
Жоспар
Мақсаты мен міндеті
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Алғашқы дүниетанымдық ұғымдарын
қалыптастыру
2. Балаларды сұрақ қою арқылы дүниетанымын
кеңейту
3. Айналамен таныстыру оқу іс-әрекеттерінде
практикалық жұмыстар мен табиғаттағы
бақылаулар
4. Мектеп жасына дейінгі балалардың
дүниетанымын дамытуда ойынның маңызы
5. Табиғат құбылыстарына қызығушылығын
тәрбиелеу
6. Балаларды табиғатпен таныстырудың
ерекшеліктері
7. Өсімдіктер мен жануарлар әлемімен таныстыру
Қорытынды
Мақсаты: Міндеттері:
• Айналамен таныстыру сабағының негізгі • - қоршаған әлемдегі заттарға
мақсаты адам, қоғам, табиғат туралы танымдық қызығушылықтарын
қарапайым дүниетанымдық ұғым арттыру;
қалыптастыру. Сабақта жоспарланған
тақырыптың мазмұны қоршаған орта • - өсімдіктер мен жануарлар әлемі,
туралы түсініктер мен ұғымдардың өзара табиғаттағы маусымдық өзгерістер
байланыста, сабақтастықта, мазмұндық туралы түсініктерін кеңейту;
бірлестікте, кіріктіріле оқытуды көздейді. • - қоршаған әлемді түсінуге,
қабылдауға оң көзқарастарын
тәрбиелеу.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: «Дүниетанымның қалыптасуына адам, қоғам, табиғат туралы
білімдер тірек болады. Адам, қоғам, табиғат — біртұтас д үние. Адам — қо ғам — таби ғат
арасындағы байланысты және оларды үнемі бірлікте дамитынын балалар мектепке дейінгі
кезеңнен бастап оқып, түсінуі жолға қойылып отыр.
Дүниетану — «дүние» және «тану» деп аталатын екі бөліктен т ұрады. Алдымен нені танып
— білу керектігін анықтауымыз керек. Балалар ға танытқалы отыр ғанымыз — д үние. Сол
дүниені танып -білу әдістерімен оларды қаруландыру жолын іздестіріп, тиімділерін іс ж үзінде
қолдануға ұсынбақпыз. Дүние — қоршаған орта, табиғат, бүкіл әлем, олай болса бұған енбейтін,
оның құрамына кірмейтін бірде бір зат не құбылыс жоқ. Адам д үниені өмір бойы танып,
білумен, оның таусылмас ерекшеліктерін бақылап, бай қаумен айналысатыны аны қ. Біра қ оны ң
сырын түгел біліп шегіне шыға меңгеру мүмкін емес. Дүниені өз дәрежесінде танып — білу әр
адамның меңгерген білім деңгейі мен оның мазмұнына байланысты жүзеге асады.
Айналамен таныстыру сабағында балаларға тәрбиеші тапсырма береді. Н әтижесінде
балалардың санасында объектінің немесе табиғат құбылысының сырт қы т үрі туралы ал ғаш қы
түсінік туады.
Түсінік балалардың санасында көрнекі бейнелер түрінде туады және на қтылы сипатта
болады, бірақ бүл бейнелер қарапайым қабылдауға қарағанда біршама жалпылама т үрде
болады.
Алғашқы дүниетанымдық
ұғымдарын қалыптастыру
• Мектеп жасында дейінгі балалардын алғашқы
ғылыми дүниетанымдық ұғымдарының қалыптасу
жолы өте күрделі, ұзақ психологиялық процес.
• Айналамен таныстыру сабақтарында жүмыстың әр
түрлі әдіс -тәсілдерін қолдану, балалардың
бұрыннан бар түсініктерін пайдалану, түрліше
көрнекі құралдар қолдану тәрбиешіге жалпы
табиғат туралы ұғымдарын қалыптастыруға
көмегін тигізеді Дүниетанымдық ұғымдардыц
қалыптасуында тәрбиешінін баяндауының белгілі
жүйеде болуының үлкен мәні бар. Жүйелілік оқу
процесінің барлық кезеңінде сақталуы керек.
• Тәрбиешінің жүйелі әңгімесінде көрнекілік үлкен
орын алады: балалар көрнекілікті көріп
қабылдаудан қорытуға, ұғым құруға оңай барады.
• Көрнекі кұралдар тек жеке нақтылы заттардың
түсініктері мен бейнелерін туғызу үшін ғана емес,
сонымен бірге ұғымды қалыптастыру үшін бастапқы
материал ретінде де пайдаланады. Балалардың
бақылаулары, көрген фильімі, тыңдаған әңгіме,
оқиғалары, кітаптар бойынша жүргізілген әңгіме
балалардың бағдарламалық материалды саналы
түрде игеруіне көмектеседі. Бақылау балалардың
табиғат, қоршаған орта туралы ұғымдарыи
Балаларды сұрақ қою
арқылы дүниетанымын
• кеңейту
Тәрбиеші заттар мен құбылыстардың негізгі белгілері мен қасиеттерін таныстыруда әңгімеге
жауапты қарауы керек. Балалардың тек есте сақтауын ғана талап ететін және бағдарламалық
материалды саналы түрде емес, тек механикалық игеруін көрсететін сүрақтар қоймауы керек.
Сұрақ балаларды ойландыратын өз ойымен бақылағанын байланыстыратындай болуы керек.
Мысалы, сұрақтарды былай қоюға болмайды: Табиғат деген не? Жыл мезгілдері деп нені
айтады? т.б. Алдымен балаларға илюстрациялардан, картинадан, суреттен табиғаттың
бейнесін, суретін көрсету керек. Содан. кейін табиғат деп нені айтатынын сұрауға болады.
Балаларға сілтеме сүрақтар мен шұбалаңқы сүрақтар қоюға болмайды, өйткені олар
балалардың табиғат құбылыстарының мазмүлып түсінетіндігін айқындамайды, қайта оларды
түсінбей жаттап алуға итермелейді.
Айналамен таныстыру оқу іс-әрекеттерінде
практикалық жұмыстар мен табиғаттағы
бақылаулар
•Айналамен таныстыру сабақтарында практикалық жұмыстар мен табиғаттағы
бақылауларға сүйене отырып, балалардың кеңістік жайлы түсініктері мен
қарапайым ұғымдарын қалыптастыру қажет.
•Сонымен, балалардың ғылыми білімдерді берік игеруі және дүниетаным- дық
ұғымдарының қалыптасуы қабылдау, түсініктер қалыптастыру, олардың мәнін
ұғу арқылы өтеді.
•Естиярлар тобынан бастап балалар белме өсімдіктерін күтуді үйренеді.
Оларда әрбір өсімдікке өсіп — өнуге қолайлы жағдайлар: жақсы топырақ,
жеткілікті мөлшерде ылғал, жарық, жылу керек деген ұғым қалыптасады. Бөлме
әсімдіктерін күту арқыпы балалар топырақты дұрыс қопсытуды, өсімдіктерге су
қүюды, ірі жапырақтарды ылғалды шүберекпен сүртуді, өсімдіктерге тыңайтқыш
дәрі себуді үйренеді. Тәрбиеші бірінші кезекте мұны барлық бала дүрыс жасай
ала ма екен, соны тексеріп, жалпы үгымдарды сабақта және сабақтан тыс
уақытта практикалық іс -әрекетпен байланыстыра қол жеткізеді.
•Түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыруда тиянақты жұмыс жүргізе отырып,
ұғымдардың мазмұнын жете түсінуге көз жеткізу керек, өйткені тек осындай
білімдер ғана сенімге айнала алады. Балалардың табиғат объектілерін мақсатты
қабылдауын ұйымдастырудың маңызды шарты оны көрсетуді тәрбиешшің
түсіндіруімен ұштастыру керек. Көрсету әдісі табиғатга немесе кинофильм,
телехабар қою, суреттер көрсету, тәжірибе уақытында затгық сабақта өтуі
мүмкін. Жұмыстың мұңдай әдісі балалардың санасындағы сөз бен табиғат
құбылысының немесе объектінің нақтылы бейнесі арасындағы байланысты
қамтамасыз етеді.
•Тәрбиеші мүнан басқа балалардың табиғат заттары мен құбылыстарын
Мектеп жасына дейінгі балалардың
дүниетанымын дамытуда ойынның маңызы
Мектепке дейінгі шақта ойын іс-әрекетті ң басты т үріне айналады. Алайда б ұл
қазіргі баланың, әдетте, көп уақытын өзіне қызғылықты ойындармен
өткізетіндігінен емес, ойын баланыңбаланың психикасында саналы қ өзгерістер
туғызатындығынан болады. Мысалы, қолына түскен зат пен қимылдар жаса ғанда
немес үлкендердің үйреткенін орындағанда бала ойнап отыр деп жиі айтамыз.
Бірақ, бала бір әрекетімен –екінші әрекетті, бір затпен-екінші затты бейнелегенде
ғана нағыз ойын болады. Ойын әрекеті символикалық сипатта өтеді. Тек ойында
ғана бала санасында белгілі бір функция қалыптасатынды ғы не ғұрлым ай қын
байқалады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын дамытуда ойынны ң ма ңызы
өте зор. Мектеп жасына дейінгі балаланың негізіг іс- әрекеті – ойын болып
табылады
Табиғат құбылыстарына
қызығушылығын тәрбиелеу
• Күз. Күзгі табиғатты бақылап, өзгерістерін — күннің
қысқарғанын, ауа райы суытып жауған жауын-шашыннан
соң жерде шалшықтар пайда болатынын, күн сирек көрініп
аз жылытатынын, жапырақтардың түсіп, құстар жылы жаққа
ұшып кететінін белгілеу.
• Қыс. Қысқы табиғатты бақылап, өзгерістерін - жылдың ең
суық мезгілі екенін және қар жауатынын белгілеу. Қармен
ойнап аққала соғуға болады. Ол жылы жерде тез ериді.
Қарда із қалдырып, таяқшамен сурет салуға болады. Мұз
қатты, жылтыр, жылы жерде тез ериді. «Жаңа жылдық
шырша» - ең сүйікті қысқы мереке.
• Көктем. Көктемгі табиғатты бақылап өзгерістерін белгілеу:
күн жылып қар ериді, күннің көзі жарқырап, өсімдіктер мен
ағаштардың жапырақтары өсе бастайды. Жаңбыр жауады.
Көктемгі жұмыстар басталады: жер аударады, гүлдер мен
көкөністердің тұқымдарын сеуіп, жеміс ағаштарын
отырғызады. Малдарды өріске айдайды.
• Жаз. Жазғы табиғатты бақылап қарапайым өзгерістері
жылы және ыстық, күннің көзі жарқырайтынын, шөптер
өсіп, гүлдер гүлдейді, ағаштағы жапырақтар үлкен болып
өсетінін белгілеу. Жаңбыр жауады. Жазғы жұмыстар:
гүлдерді, көкөністер мен жеміс ағаштарын суарады
Балаларды табиғатпен
таныстырудың ерекшеліктері
Бізді қоршаған табиғаттың өзі адамзат баласының алдына айнала қоршаған әлемді жа ңаша
қабылдауға қабілетті, жаңаша ойлайтын, жан-жақты білімді «Жаңа адамды» тәрбиелеп шығару
міндетін жүктеп отыр.
Қазіргі таңда баланы дамыту мен тәрбиелеудегі әлемдік озық тәжірибеге негізделіп жасал ған
баланың жеке ерекшеліктерін, қабілетін, дарыны мен талантын ашуға ж әне оны жан-жа қты
дамытуға бағытталған бағдарламалар қажет.
Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-
сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Жаңа заман
баласы — бүгінгі қазақ қоғамының ұлттық қазынасы. Баланың қабілетін қаншалықты ерте
ашып, дамытса, оның нәтижесі де соншалықты жемісті болмақ. Осыған орай, жаңа
бағдарламалар әзірленуде. Бұл бағдарламалар жаңа білімдерді қабылдауға, оларды тиімді
қолдануға қабілетті, ортаға мейлінше тез бейімделгіш бала тұлғасын қалыптастыруда ғы
қоғамның, ата-аналар мен бастауыш мектептің талаптарын орындау мақсатын көздейді.
Өсімдіктер әлемімен таныстыру
Көкөністер (сәбіз, қияр, қызанақ)
мен жемістер (алма, алмұрт, апельсин)
туралы түсініктерін кеңейту.
Ағаштарды танып, атай білуге
үйрету: қайың, шырша.
Гүлдерді танып, атай білуін дамыту:
түймедақ, бақбақ, бөлме гүлдері —
фикус, қазоты, қынагүл.
Ағаштың діңін, бұтағын,
жапырағын, ал гүлдердің сабағын,
жапырағын, гүлін тауып атай білуге
үйрету.
Өсімдіктерді күту тәртібі: суару
және қайта отырғызу ережелерімен
таныстыру (балалардың бақылаулары).
Жануарлар әлемімен таныстыру
Үй жануарлары (ит, мысық, ешкі, сиыр)
мен жабайы аңдар (аю, қоян, түлкі) туралы
түсініктерін кеңейту.
Құстар туралы түсініктерін кеңейту: әтеш,
тауық, балапандар, торғай, сауысқан.
Табиғат бұрышын мекендеушілерді
бақылауға (тотықұс, балықтар, тасбақа),
қыстап қалатын құстарға қамқорлық жасауға
үйрету.
Құстар мен жануарлардың мекені,
қоректенуі, қозғалыстары мен қалай
дыбыстайтыны туралы қарапайым
түсініктерін қалыптастыру.
Жануарлар мен құстарды күтудегі
үлкендердің еңбегі туралы түсініктерін
қалыптастыру.
Табиғаттағы жануарлар мен құстарды
табиғат бұрышын мекендеушілердің өмірімен
салыстырып, бақылауға үйрету.
Қорытынды
Тақырыптың нәтижесінде: бағдарлама мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың базалық
мазмұнын орта білім берудің нәтижесі ретінде қарастыра отырып, т өмендегідей
құзіреттіліктерді қалыптастыруды көздейді:
- денсаулық сақтау;
- тілдік-қатынастық;
- танымдық;
- шығармашылық;
- әлеуметтік.
Бағдарлама балалардың жеке басының ерекшеліктеріне қарай қарым-қатынас жасау
ұстанымын басшылыққа ала отырып, дамыта оқыту мақсатын к өздейді ж әне мектепке дейінгі
кіші жастағы бала тұлғасын қалыптастыру мен дамыту үдерістерін басқару механизмімен
жүзеге асырылады. Бұл бағдарламаның гуманитарлық мақсатын көздейтіндігін, «ашықтығын»,
мектепке дейінгі оқытудың полимәдени ұстанымын басшылы ққа ала отырып жасал ғанды ғын
көрсетеді.
Бағдарламада бала ойынына үлкен мән беріледі. Себебі, ойын — баланы ң негізгі әрекеті.
Бала өмірге келісімен ойын арқылы өзін қоршаған әлемді, табиғатты таниды. Сол ар қылы
дамиды, өседі. Ойын үстінде игерген білім-білік дағдыларын қолдануға, жетілдіруге м үмкіндік
алады. Бағдарламада баланың жан-жақты дамуын көздейтін, оны ң тілін жатты қтыратын, қимыл-
қозғалысын жетілдіретін, белсенділігін арттыратын, басқа адамдармен қарым- қатынасын
реттеп, құрдастарымен ұйымшылдығын арттыруға негіз болатын сюжеттік-р өлдік ойындар ға
ерекше орын беріледі.
Қолданылған әдебиеттер
тізімі
1. Богуславская З.М., Смирнова Е.О. Мектепке дейінгі
жастағы балаларға арналған дамыту ойындары. – М.,
1991.
2. «Отбасы және балабақша» журналы, 2004ж №4
3. «Отбасы және балабақша» журналы, 2009ж №1
4. Қазақ бала – бақшаларындағы тәрбиелеу, оқыту
мазмұнын жаңарту тұжырымдамасы – Алматы, 1991.
5. Балалар ұйымдарының білім кеңістігіндегі алатын
орны. Бала тәрбиесі. 2011ж №7.
6. «Қазақстандағы Мектепке дейінгі білім» 2012ж №1
7. Шілдебаева Ж. Қызықты экология: оқу құралы. –
Алматы: Ы.Алтынсарин, 2000. – 172 б.
8. Қалықбаева З. Табиғат – тал бесігің. \\ Отбасы және
балалақша. – 1995. № 6. 30б.
9. Қоқанбаева Р. И. Экологиялық тәрбие беру. \\ Отбасы
және балабақша. – 2006. № 5. 20 – 22б.. М.: 2011.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz