Мектепке дейінгі ұйымдардағы жұмысшылардың қызметін сапалық бақылаудағы квалиметриялық көзқарас



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚФ ОҚО бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Жоба Тақырыбы: Мектепке дейінгі ұйымдардағы жұмысшылардың қызметін сапалық бақылаудағы квалиметриялық көзқарас Орындағандар: Нартаева А. Ешимкулова М. Кенжеқұлова Ұ. Қамбарова А. Бектемирова Д. Зиатова Д. Қабылдаған: Сарсенбаева А. Шымкент қаласы-2016


Жоспар:
Кіріспе бөлім
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері.
Негізгі бөлім.
Квалиметрия түсініктемелері. Негізгі шарттары.
Педагогикалық квалиметрияның негізгі міндеті
Квалиметрияда сапаны бағалау
Сапалық басқару жүйесінің құрылымдық бөліктері.
Қорытынды бөлім.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың маңыздылығы күн санап артуда.
Бағдарлама білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұйымдастырушылық негізі ретінде білім беру мен тәрбиенің, басқару жүйесінің, білім беру қызметі субьектілерінің құқықтық-ұйымдастырушылық нысандарының және қаржы-экономикалық тетіктерінің құрылымындағы, мазмұны мен технологияларындағы өзгерістерді қамтитын ресустары мен мерзімі бойынша бір-бірімен байланыстағы іс-шаралар кешені болып табылады.

Квалиметрия түсініктемелері. Негізгі шарттары.
Квалиметрия латынша(«qualitas»-сапа, қасиет, сипат, ал «quails»-қандай деген мағына) және ежелгі грек «Mempo» сөзі-өлшеу, өлшеу жүргізу дегенді білдіреді. «Квалиметрия» термині («сапаны өлшеу», «сапаны бағалау» сияқты мағына береді. Кез келген пәнеге сапа жағынан қарау, не болмаса кез келген пәннің сапасын бағалау-квалиметрлік жуықтау деп айтылады. Осы пәнге байланысты сапаны бағалау және өлшеумен айналысу, өнімнің сапасының сандық бағалауы квалиметрия болып табылады.

Педагогикалық квалиметрияның негізгі міндеті
Педагогикалық квалиметрияның негізгі міндеті - негізгі педагогикалық сипаттамаларды оның ішінде бала немесе педагог білімінің сапасын өлшеу әдісін құру. Яғни квалиметрияның басты міндеті-адамның білімін тез және сенімді бағалау.


Квалиметрияда екі термин өлшеу мен баға қолданылады. Сандық баға эталонға қатысты алғанда қаралып отырған өнімнің кейбір пайызбен есептелген қатынас функциясы. Педагогикалық квалиметрия міндеттерін шешкенде ең күрделі міндет эталонды анықтау, яғни бала білімі сапасын немен салыстыру керектігін табу. Оның қандай аралықта өзгеріп, қаншалықты шамаға жететінін, қандай жағдайда бала біліміне сай баға алатынын көрсету қиындық туғызады. Өлшеу құралдарын әзірлеу үшін оның сенімділік дәрежесіне, сәйкестілігіне көңіл аудару қажет, өлшегіш құрал баланың қай пәнді қалай меңгергенін обьективті бағалауға мүмкіндік беруі керек.

Сапалық басқару жүйесінің құрылымдық бөліктері
Сапаны жетілдірудің тиімді жолы-сапаны басқару, сапаны жетілдіруді жоспарлау, бақылау, ынталандыру үшін ең алдымен сапаны бағалау қажет. Мектепке дейінгі білім берудің жаңа сапасына қол жеткізудің басты статегиясы баланың дамуына диагностика және болжам жасау болып табылады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік стандартын іске асырудың толықтығы мен сапасы әрбір баланың жетістіктерінің қорытынды диагностикасы бойынша бағаланады, ондағы іс-әрекеттің негізгі нәтижесі білім, дағдылар жүйесімен қатар дамуда ілгерілеу, оның құзіреттілігін дамыту деңгейінен көрінеді.
Мұнда мектепке дейінгі тәрбие сапасы нәтижесінің мақсатты бағдарлары мен көрсеткіштері ретінде баланың құзіреттілігін дамыту индикаторлары, яғни мектеп жасына дейінгі баланың тұтас даму деңгейінің көрсеткіштері болады.



Сапаны көтеру үшін алдымен оны өлшей білуіміз керек. Мұнда бағалау шкаласын қолдану мақсатқа лайықты. Бағалау шкаласының бірнеше түрі бар.
Сандық шкала бағаны санмен көрсетуге арналған. Егер тапсырма қатесіз орындалған болса «5», бір қателік болса «4»деген сандық бағалауға сәйкес келеді. Егер өлшеуші ретінде сандық жиын алынса, онда сандық шкаланы аламыз.
Салыстырмалы бағалау шкаласы бақылаушының қазіргі күйін біраз уақыт бұрынғы жағдайымен салыстыруға арналады. Оның өлшеші құралы-өсу шкаласы, оның негізінде негізінде жеткен нәтиже дәрежесіне орай, баға не жоғарылап, не төмендейді.
Реттік шкаланы қолданғанда баға нысаны ұқсас нысандармен салыстырылады. Салыстыру эксперттік жолмен өтеді. Эксперттік шкала реттік шкала мен әрдайым байланыста болып, жиынды қандай да бір белгі, критерий бойынша реттеуден тұрады.
Рейтингі шкала сандық шкаламен көп ұқсастықта болғанымен, оның нақ өзі емес, себебі рейтингті сан эксперттің субьективті пікірлерін сауалдау көмегімен немесе балл мен ұпай жинау арқылы алынады.

Қорытынды бөлім.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz