Баладағы тістем дамуының кезеңдері




Презентация қосу
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Баладағы тістем
дамуының кезеңдері
Орында ғ ан: Жолдыгали Раушан
Факультет: Стоматология
Топ: 13 – 001 - 01
Қ абылда ғ ан: Мамеков А.Д.
Жоспар
Кіріспе.
Негізгі бөлім:
1. Уақытша тістем кезеңдері
2. Аралас тістем кезеңдері
3. Тұрақты тістем.
. Қорытынды
Кіріспе
Нәресте жасы 6-8 ай толғанда оның
жақсүйектері жаңа факторды – тістердің
жарып шығуын қабылдауға дайын болады.
Жақтардың альвеолярлы өсінділеріндегі
уақытша тістердің бастамалары, жақішілік
даму этаптарынан өтіп,кейіннен жарып
шығып, уақытша тістер тістемін құрады.
Уақытша тістем үш периодтан тұрады:
1) Даму кезеңі ( 6 айдан 2-2,5 айға дейін)
2) Тұрақты уақытша тістем периоды ( 2,5-4
жас)
3) Қажалу белгілері, кеш уақытша тістем ( 4-
6 жас ).
.Тістердің жарып шығуының осындай
сипаттамалары бар: уақыты, реттілігі,
шынайылығы, кезектілігі.
Тістемнің алғашқы физиологиялық жоғарылауы бірінші
уақытша молярдың жарып шығуынан басталады. Олар
уақытша тістемде, ауыспалы және тұрақті тістемдегідей роль
атқарады, яғни – тістемді белгілі бір биіктікте ұстап т ұрады.
Тістердің жарып шығуының шынайылы ғы аттас тістерді ң
екі жақта да бірдей уақытта шығуында болып табылады.
Аттас тістердің олай шықпауы, өсудің артта қалуыны ң
белгісі немесе тіс доғасы мен жақтарды ң дамуында ғы
ауытқуларға алып келуі мүмкін.
Тістердің жарып шығуымен ж әне шайнау функциясыны ң
дамуымен жақтардың альвеолярлы өсінділері өседі; т өменгі
жақтың базальды бөлігі қалыңдайды; төменгі жа қ
тармақтары өседі; жақтар архитектурасы мен рельефі
күрделенеді. Уақытша тістер толық жарып ша ққаннан кейін
уақытша тістемдің тіс доғасы қалыптасады.
Уақытша тістемнің бірінші периоды – қалыптасу периоды.
ІІ период «тұрақты уақытша тістем» деп аталады. Ол төрт жасқа дейін жал ғасады
және келесідей белгілерге ие:
1. Уақытша тістемде 20 тіс болады.
2. Премоляр группасы және үшінші моляр болмайды.
3. Тістер тіс доғасында қисаюсыз орналасады – вертикальды.
4. Тістер сауыттары шамамен бірдей биіктікте.
5. Уақытша тістерде ені биіктіге қарағанда анық болады.
6. Уақытша тістерде экватор нашар көрінеді.
7. Тістердің кесі қырлары мен шайнау беттері бір жазықтықта жатады, сонды қтан
окклюзионды жазықтық горизонтальды болады.
8. Әр тіс екі антогонистке ие(төменгі орталық күрек тіс пен жоғарғы екінші
молярдан басқа)
9. Кесу қырлары мен шайнау төмпешіктері анық, қажалусыз.
10. Тістер тіс қатарында тығыз, кеңістіксіз, апроксимальды контакттар құрып
орналасқан.
11. Жоғарғы сүйір тістің жұлу төмпешігі төменгі сүйір тіс пен бірінші уа қытша
молярдың арасында орналасқан.
12. Фронтальды аймақта қайшыт әрізді күректістік контакт аны қталады, я ғни
жоғарғы тістер төменгі тістерді жауып тұрады.
13. Соматикалық тыныс алу.
ІІІ период «қартаю», «қажалу белгілері» деп аталады
және оған ІІ периодтағы сипаттамалар тән,
айырмашылығы тек:
1) Фронтальды аймақта тік күрек тістік контакт дамиды.
2) Тістер арасында кеңістіктер пайда болады, басқаша
айтқанда дфизиологиялық диастемалар мен тремалар,
олар тіс доғасының өсуінің белгісі.
3) Күрек тістердің кесу қырлары мен шайнау
төмпешіктерінде қажалу көрініс береді.
4) Төменгі жақтың медиальды ығысуының нәтижесінде
уақытша молярлардың дистальды беттері ретромолярлы
аймақ немесе кертпе құрайды, ол сагиттальды
табалдырық деп аталады. Бұл кертпе болашақта бірінші
тұрақты молярдың дұрыс орнығуына жағдай жасайды.
5) Шварцтың айтуы бойынша шаунаудың екі түрі дамиды –
месетериальды және темпоральды. Криштаб (1973)
аралас типті қосқан.
А.Л. Владисловова (1969) ІІІ периоды үш түрлі тіс
доғасы кездеседі деген:
1. Алдыңғы тістерде тремалардың болуымен 57%
2. Жоғарғы жақта тремалардың (примат
тремалары) 93% және төменгіде 47%
3. Екі тіс доғасында да тремалардың болмауымен
21%
.Тремалардың болмауы жағымсыз белгі болып
табылады себебі, олар болмағанда тұрақты
тістердің тығыз орналасуының мүмкіндігі төрт
есе артады.
4 жасар балада 20 уақытша тістері мен 28 тұрақты
тістердің бастамалары болады, олар көзұя, жоғарғы
жақтың мұрын қуысында және төменгі жақта
қалыңдығы 2-4 мм сүйекпен жабылған болады. 4
жасқа дейін альвеолярлы өсінділердің өсуі тоқтайды
және 5,5-6 жаста қайта басталады.
Уақытша тістемнің ІІІ периодында төменгі жақтың
біркелкі емес дамуының әсерінен және мезиальды
ығысу тенденциясынан, физиологиялық қажалудан
жоғарғы екінші уақытша молярдың мезиальды
ұрттық төмпешігі бірінші жүлгеден екінші жүлгеге
ауысуы мүмкін (орта және дистальды ұрттық
төмпешіктердің арасында) және екінші молярдың
дистальды беттері сагиттальды баспалдақ құрады.
Ол Цилинский симптомы деп аталады. Екінші
уақытша молярлардың дистальды беттерінің
арақатынасынан алты жасар балаларда сагиттальды
бағыттағы тістемнің дамуынын болжайды.
Уақытша тістем редукциясы
кезеңінде қажалудың болмауы
прогнатикалық тістемнің
пайда болуына алып келеді.
Аралас тістем кезеңдері
Аралас тістем – тіс-жақ жүйесінің дамуының ең жоғарғы
деңгейі болып табылады. Ол жақсүйектерде уақытша
да, тұрақты да тістердің болуымен сипатталады. Период
ұзақтығы 6-дан 12-14 жасқа дейін. Ол екі периодқа
бөлінеді: І (ерте) – 6-9 жасқа дейін және ІІ(кеш) –
10жастан 12-14 жасқа дейін.
1. Бірінші тұрақты молардың шығуымен және күрек
тістердің өзгеруімен сипатталады.
2. Премоляр және екінші молядың шығуымен, сүйір
тістердің өзгеруімен сипатталады.
Бірінші тұрақты молярдың жарып шығуы тістем
биіктігінің ІІ физиологиялық көтерілуін қамтамасыз
етеді. Сагиттальды және трансверсальды окклюзиялық
қисықтар дамиды.
Бірінші тұрақты молярдың шығуы мен дұрыс орнығуының 4 варианты
бар (Ф.Я. Хорошилкина, 1999):
1. Екінші молярлардың арасында сагиттальды баспалдақтың болуында
бірінші тұрақты моляр дұрыс орнығады (6 жаста)
2. Екінші уақытша молярдың бір жазықтықта тістесуі бірінші тұрақты
молярдың төмпешіктік тістесуіне алып келеді. Олардың
арақатынасының болашақта жақсаруы тістердің арасында
тремалардың болуына, тістер төмпешігінің және апроксимальды
контакттардың қажалуына бауланысты, себебі бұнда бірінші
молярдың қысымының әсерінен екінші уақытша молярдың медиальды
ығысуы көрініс береді, әсересе төменгі жақта (7-7,5 жаста)
3. Уақытша тістерінің арасында тремалары бар немесе жоқ үлкен
жақсүйектерде, екінші молярлардың дистальды беттерімен бір
вертикальды жазықтықта тістесуіне қарамай, бірінші тұрақты моляр
дұрыс орнығуы мүмкін.
4. Жақтары кішкентай жағдайында («рудименталды» вариант) тремалар
жоқ кезде екінші молярлардың дистальды беттерімен бір
вертикальды жазықтықта тістесуінде және бірінші молярдың
төмпешікті контакты кезінде ұзақ уақытқа дейін олардың тістесуі
сақталуы мүмкін (6-12 жас), яғни дистальды тістемнің пайда болу
қаупі. Екінші уақытша молярдың премолярмен ауысуынан кейін артық
орын пайда болады, ол бірінші молярдың орналасуын коррекциялауға
мүмкіндік береді.
Тұрақты тістердің жарып шығуы кезінде тісжақ
аймағының өсуі тек горизонтальды бағытта ғана
емес, вертикальды бағытта да жүреді. Бұл кезде
тіс түбірлері тіс негізіне қатысты биіктейді. Әсіресе
ол сүйір тістерде апикальды базис окклюзиялық
бағытқа жылжығанда байқалады. Көп жағдайда
сүйір тістерге орын жақтардың сагиттальды және
трансверсальды бағытта өсуінің ІІІ импульсі
кезінде қалыптасады. Осылайша, тістемнің ІІІ
физиологиялық биіктеуі тұрақты екінші молярдың
жарып шығуымен емес, тұрақты сүйір тістердің
жарып шығуымен болады. ( Ф.Я. Хорошилкина,
1987).
Тістердің жарып шығуының жылдамдығы
әр тістер топтарында әртүрлі: ең тез –
екінші премоляр (8мм 6 айда), бір жылдың
ішінде ең тез өсетіні ол – орталық күрек
тістер (12 мм), ал екі жылда – сүйір (13 мм).
Тістердің өзгеруі кезіндегі жақтардың
өсуіне әсер ететін үш фактор бар: І фактор
– өсуге биологиялық тенденция, ІІ –
тұрақты тістердің жарып шығуы, ІІІ –
шайнау бұлшықеттерінің қалыпты
функциясы, ол тұрақты тістем кезінде
толыққанды болады.
Тұрақты тістер уақытша тістерден осындай айырмашылы қтары бар:
1. Тістер биіктігі жоғары.
2. Тістер түсі сарғыш түсті.
3. Тұрақты тістер тіс доғасында қисайып орналасады, ал уа қытша тістер
болса вертикальды. Жоғарғы тістер – вестибулярлы, ал т үбірлері –
оральды.
4. Экваторы анық.
5. Мойын аймағында эмаль білігі болмайды.
6. Тұрақты тістемде төрт тіс топтары болады, ал уа қытша тістерде үш топ.
7. Тұрақты тістер саны 28-32, уақытша тістер саны болса 20.
Бұл қызық!
Баланың шайнау аппаратының дамуының
өзін бірнеше периодтарға бөлуге болады,
яғни олардың шайнау аппаратының
морфологиялық жағдайы оның
функционалдық қызметіне байланысты.
І период – туылғаннан бір жасқа дейін,
қозғалыс қабілеттерінің интенсивті
дамуымен сипатталады. Балада
рефлекторлы сору қозғалысы болады.
Әртүрлі физиологиялық процесстердің
регуляциясын аралық ми мен орта ми
реттейді, бірақ бала өмірің алғашқы
күндерінен бастап ақ шартты рефлекстер
қалыптасады, олардың ең бастылары –
тамақтануға қатысты.
ІІ период – бір жастан алты жасқа дейін,
уақытша тістердің жарып шығуынан және
тіс доғасының қалыптасуынан
шарттырефлекторлы шайнау қызметтері
қалыптасады. Алдымен бала шайнауды
үйренеді, алайда үш жаста толыққанды
шайнау қызметтері қалыптасады. Жақсы
жетілдірілген дағды автоматизмге
ауысады.
ІІІ период – алты жастан он
екі он үш жасқа дейін,
тістемнің өзгеруімен
сипатталады.
ІV период - тұрақты
тістемге жауап береді.
Қалыпты жағдайда бұл
периодқа тісжақ жүйесінің
толық морфологиялық
дамуы мен толыққанды
функциональды жүйе
қалыптасады. Күнделікті
шайнау қызметтері
механикалық түрде
орындалады, негізінен ой
сана деңгейінде.
Қозғалыстық автоматизм
шайнау кезіндегі мускулды
энергияның экономды түрде
жұмсалуын қамтамасыз
етеді.
Қорытынды
Қорытындылай келе, баланың тістемінің пайда
болуының кезеңдерін білу өте маңызды, себебі бұл
ақпараттармен танысқан кезде, жастарға байланысты
тістердің жарып шығу уақыттарын біліп, олардың
қалыпты болуын немесе қалыптыдан ауытқуын
анықтауға болады. Клиникалық тексеру кезінде
олардың маңызы зор, себебі қарап тексергеннің өзінде
уақытша және тұрақты тістерді өзара салыстыруға,
оларды бір бірінен ажыратуға мүмкіндік туындайды.
Онымен қоса, тістердің жарып шығуының процессін
біліп, олардың қалыпты болуы немесе ауытқуы, өз
алдына болашақ тістемді болжауға және алдын алу
жолдарын таңдауға мүмкіндік береді.
Қолданылған әдебиеттер
1. Ортодонтия. Лечение зубочелюстных аномалий. Персин Л.С. 297 стр.
1998г.
2. Ортодонтия. Диагностика зубочелюстных аномалий. Руководство для
врачей. Персин Л.С. 360 стр. 2004 г.
3. Ортодонтия. Хорошилкина Ф.Я. 544 стр. 2006 г.
4. Ортодонтия. Н.Г. Аболмасов, Н.Н.Аболмасов. 432 стр.2008 г.
5. ОРТОДОНТИЯ. ПРОФИЛАКТИКА И ЛЕЧЕНИЕ ФУНКЦИОНАЛЬНЫХ,
МОРФОЛОГИЧЕСКИХ И ЭСТЕТИЧЕСКИХ НАРУШЕНИЙ В
ЗУБОЧЕЛЮСТНО-ЛИЦЕВОЙ ОБЛАСТИ - ХОРОШИЛКИНА Ф.Я.,
ПЕРСИН Л.С., ОКУШКО-КАЛАШНИКОВА В.П. 460 стр., 2005 г.
6. ОСНОВЫ ОРТОДОНТИИ - ДИСТЕЛЬ В.А. 236 стр., 2001 г.
7. ОРТОДОНТИЯ - ТРЕЗУБОВ, ЩЕРБАКОВ, ФАДЕЕВ 148 стр., 2001 г.
8. HTTP://INTRANET.TDMU.EDU.UA/DATA/KAFEDRA/INTERNAL/STOM
AT_TER_DIT/CLASSES_STUD/RU/STOMAT/NTN.HTM

Ұқсас жұмыстар
Жеке қасықты дайындау
Баладағы жүрек ақауларының белгілері
ЭНДОКРИНДІК ПАТОЛОГИЯСЫ БАР БАЛАЛАРДА АУЫЗ ҚУЫСЫНДАҒЫ КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСТЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ортодонтиядағы балалардың бет жақ аймағының аномалиялары мен деформацияларын емдеудің негізгі принциптері мен әдістері
Көпіртәрізді протездер
Тіс қатарының ақауы
Балалардағы гиповитаминоз
Дамудың қатерлі кезеңдері туралы түсінігі (П.Г.Светлов). Адам ұрығының дамуындағы негізгі қатерл кезеңдер
Пародонт қабынуының клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы
Девиантты мінез
Пәндер