Медициналық интроскопияның әдістері


Slide 1

Тақырыбы: Медициналық интроскопияның әдістері

Орындаған: Сапар І.

Сейдәзімов Н.

Сейіткерім Д.

Нұралы А.

Нұржан Ж.

Тобы: 1-023 ЖМф

Қабылдаған: Айткенова А. А

ж

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Информатика және медициналық биофизика кафедрасы

Қарағанды 2018 ж

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

Мед. интроскопияға түсінік

Эндоскопия

Бронхоскопия

Ультрадыбыстық зерттеу

Доплер зерттеуі

Эхокардиография

Бүйректі ультрадыбыстық зерттеу

Жатырдағы ұрықты УДЗ зерттеу

Қорытынды

Пайдаланылған әдебитеттер және сілтемелер тізімі

Slide 3

Кіріспе

Медициналық биофизика заңдарын білу, адам ағзасында өтетін бірқатар физикалық, химиялық, биологиялық процестерді зерттеу үшін диагностика жасауға және емдеудің жаңа әдістерін меңгеруге мүмкіншілік береді. Қазіргі уақытта адамның көптеген ауруларына дер кезінде диагноз қою үшін және жалпы оларды анқтауды, аспаптық әдіске көп көңіл бөледі. Анықтаудың қазіргі заманға лайық аспаптық әдісі адамның барлық мүшелері мен ұлпасындағы потологиялық жағдайларды, яғни аурудың өршуін бастапқы кезеңін айқындауды немесе неғұрлым нақтырақ диагноз қоюға мүмкіндік береді. Осы әдістердің теориялық негізін білу клиникалық диагностикалық деректерді объективті түсіндіру және емдеу шараларын дұрыс сезіну үшін қажет. Дәрігердің диагностикалық және емдеу тәсілі, көбінесе, құрал көмегімен алынатын деректерге тәуелді.

Slide 4

Медициналық интроскопия (медициналық көрініске келтіру) - медициналық диагностиканың бір тарауы. Адам ағзасын инвазивті емес зерттеумен айналысады. Физикалық әдістердің көмегімен ішкі құрылымдардың бейнесін алу. Атап айтқанда, мыналар пайдаланылады: дыбыс толқындары (ең маңыздысы, ультрадыбыс), әр түрлі ұзын толқынындағы элоктромагниттік сәуле шығарулар, тұрақты және айнымалы электромагниттік өріс, шығаратын (радиофармпрепараттар шығаратын) элементар бөлшектер.

Slide 5

Эндоскопия

Эндоскопия (грек. endon - ішкі және skopeo - көремін) - адамның ішкі органдарын арнайы аспап - эндоскоп арқылы тексеру. Эндоскоптар - оптик. және жарық жүйелерімен жабдықталған, иілгіш металл немесе пластмасса түтікшелер. Қуыс ағзалар мен мүшелерді жарық беруші құрылымдармен жарықтандырылған оптикалық құралдардың (эндоскоптардың), көмегімен көріп, зерттеу әдісі. Қажет болған жағдайда эндоскопия нысанаға алынатын биопсиямен, алынған нәтижесіне әрі қарай морфологиялық зерттеумен, сонымен бірге рентгонологиялық және ультрадыбыстық зерттеулермен ұштастыруға болады.

Slide 6 Slide 7

Тағайындалуына қарай эндоскоптарды қарайтын, биопсиялық, операциялық, және арнайы деп бөледі. Үлкендерге және балаларға арналған эндоскоптар бар. Конституциялық және жұмыс істейтін бөліктеріне тәуелді эндоскоптар қатаң, яғни зерттеу кезінде өзінің формасын сақтайтын, және икемді эндоскоптар, жұмыс бөлігі анатомиялық каналдарда біртіндеп иілетін эндоскоптарға бөлінеді. Мысалы, уретероренскоп, бронхоскоп. Видеоэндоскопия-талшықты оптикалық канал жіпшелерінің орнына видеокамерасы бар жүйелер қолданылады. Бұлардың көмегімен бейнелер жұқа кабелдер бойынша маниторға беріледі.

Slide 8

Медицина арнасындағы орны

Эндоскопия хирургияда, гастроэнтерологияда, урологияда, гинекологияда, пульмонологияда жиі қолданылады. 20 ғ-дың 60 - 70-жылдарында клиник. тәжірибеге оптик. талшықтардан тұратын (фибро) құрастырылмалы аспаптар (фиброскоптар) енгізіле бастады. Тексерілетін органға байланысты Эндоскопияның бірнеше түрі ажыратылады: фибробронхоскопия (бронх Эндоскопиясы), фиброэзофагоскопия (өңеш Эндоскопиясы), фиброгастроскопия (асқазан Эндоскопиясы), фиброколоноскопия (тоқ ішек Эндоскопия сы), т. б. Сондай-ақ Эндоскопия биопсияда, денеге енген бөгде заттарды немесе шырышты қабықтардағы аса үлкен емес ісіктерді алып тастауда да қолданылады. Қазіргі кезде Эндоскопия тек ауруды тексеру үшін ғана емес, оларды емдеу тәсіліне (эндоскоп. хирургия) айналып отыр. Эндоскопиялық жолмен жасалатын операциялардың дәстүрлі жолмен жасалатын операциялардан ерекшелігі, олардың жарақаты аз, науқас адамдардың ондай операциядан кейін тез жазылып кетуге мүмкіндігі мол.

Slide 9

Эндоскопияның қолдану салаларына байланысты қойылған атаулары:

Неврология: вентрикулоскопия, миелоскопия.

Гинекология: гистерескопия, кальпоскопия.

Травматология: артроскопия.

Кардиология: ангиоскопия, жүрек қуыстары - кардиоскопия, т. б.

Гастроэнтерология: эзофагоскопия, гастроскопия, дуоденоскопия, интестиноскопия, ректороманоскопия, холедохоскопия, лапароскопия, фистулоскопия.

Пульмонология: ларингоскопия, бронхоскопия, торакоскопия, медиастиноскопия.

Урология: нефроскопия, цистоскопия, уретроскопия.

Slide 10

(ФГДС)

(ФГДС) - гастрокоп көмегімен дәрігерге өңешті, асқазанды, он екі ішекті зерттеуге мүмкіндік беретін әдіс.

Slide 11

Зерттеу барысында дәрігер мүшенің шырышты қабатының жағдайын, керек болса күмәнді аймақтан биопсия үшін кішкене қиынды ала алады. Әдіс өңеш ауруларын, гастритті, ойық жара ауруын, онкопаталогияны дер кезінде анықтауға ыңғайлы.

Slide 12

Бұл рәсім өте жағымсыз, бірақ толерантты және ауыртпалықсыз, дәрігерге науқастын органдарында не болып жатқанын көруге мүмкіндік береді.

Slide 13

ФГДС шағымдар жоқ болса да, қатаң нұсқауларға сәйкес тағайындалады:

Белгісіз шыққан іштің ауырсынуы;

Өңештің жағымсыз сезімі;

Түсініксіз жүрек айнуы;

Тұрақты құсу;

жұтылудың бұзылуы (дисфагия) ;

Тәбетсіздік;

Белгісіз шыққан анемия;

Тұқым қуалайтын аурулар (асқазан рагы, жара) ;

Созылмалы гастрит болса;

Гастрит, жаралар және басқа да проблемаларды емдеуден кейінгі бақылау;

Slide 14

Жүргізу әдісі:

Науқастың жазбаша келісімін алғаннан кейін дәрігер екінші дәрігердің қатысуымен жұмысты жүргізеді.

Науқасқа лидокаин ерітіндісін ауызына себеді немесе тіл астына фалиминт таблеткасын орналастырады.

Науқас жастықшаға сол жағымен жатады, ал қолдары кеудеге немесе ішке бүктеледі.

Дайындалудан кейін науқастың аузына арнайы пластикалық саңылаулар беріледі, ол оның тістері мен ернін ұстау керек. Дәрігер эндоскопты ауызға мұқият кіргізеді, пациенттің терең дем алуын немесе жұтылуын сұрайды.

Түтікше өңеш арқылы өтеді, дәрігер қабырғаларын мұқият тексереді. Содан кейін асқазанға кіреді, оның қабырғалары мұқият тексеріліп, содан кейін он екі елі ішектің ішіне кіреді.

Фиброскопта пациент тыныс алу керек, бұл эметикалық шырышты азайтады. Асқазанның қабырғаларына сырғитын фиброскоп, науқаста қышу сияқты сезім болады. Барлық процедура 5-тен 30 минутқа дейін созылады (патологияның ауырлығына байланысты) .

Slide 15 Slide 16

Процедурадан кейінгі асқынулар:

ФГДС-тен кейінгі асқынулар нөлге дейін азайғанымен, сирек кездесетін жағдайлар болады.

Өңештің немесе асқазанның қабырғаларына зақым келтіру, өңештің тамырларынан қан кету, инфекция.

Бірнеше күннен кейін науқаста ауырсыну немесе ауыр асқазан ауруы, қанмен және қара дақпен құсу болған жағдайда, дәрігерге бару қажет.

Slide 17

ФГДС нені анықтайды?

Асқазан жарасы және ұлтабар ойық жарасы;

Асқазан рагы;

Асқазан полипі;

Рефлюкс ауруы;

Эзофагит;

Он екі елі ішектің стенозы;

Асқазанды эвакуациялауды және оның моторикасын бағалауға көмектеседі.

Slide 18

Бронхоскопия-бронх ағымын, кеңірдекті

және көмейді эндоскопия арқылы зерттеу

Slide 19 Slide 20

Бронхоскопия зерттеуінің алгоритмі.

Зерттеу мақсаты: Бронх ағашының кеңірдектің, көмейдің қабынуын анықтау. Бронхоскоп енгізгенде қан кеткенде зерттеу тоқтатылады. Емделушінің температурасы, артериялық қысымы жоғары болғанда зерттеу жүргізілмейді

Slide 21

Ультрадыбыстық зерттеу

Ультрадыбыс (лат. ultra - шектен тыс, үстінде және дыбыс) - адам құлағына естілмейтін жиілігі 20 кГц-тен жоғары серпімді толқындар. Ультрадыбысты жануарлар (жарғанаттар, балықтар, жәндіктер) қабылдай алады. Медицинада ультрадыбыс адам денесін ультрадыбыстық тексеру (сканерлеу) үшін пайдаланылады. Электр импульстеріне түрлендірілген бұл шағылған толқындар экранда кескін береді. Ультрадыбыстық тексеру жолымен сырқат адамның денесіндегі әртүрлі ауытқулар - қатерлі ісіктер, дене мүшелері пішінінің өзгерулері анықталады. Ультрадыбыстың көмегімен тастар ұнтакталады, металдарды және аса қатты материалдарды кесу және дәнекерлеу жүзеге асырылады.

Slide 22 Slide 23

Ғылым мен техникада ультрадыбысты алу үшін пьезоэлектрлік эффект деген құбылыс пайдаланылады. Мәні: кейбір кристаллдарды механикалық деформациялағанда (мысалы қысқанда, не созғанда) олардың қарама - қарсы жақтарында электр зарядтары болады.

Slide 24

Толқын көзімен қабылдаушы бір - бірімен салыстырғанда қозғалыста болса, онда қабылдаушыға келіп жеткен толқынның жиілігі толқын көзінен шыққан толқын жиілігінен өзгеше болады. Осы құбылысты Допплер эффектісі дейді.

Slide 25

Ультрадыбысты медицинада пайдалану оның заттарға механикалық, физико-химиялық, биологиялық және жылулық әсер етуіне негізделген.

УД-толқындарының механикалық әсері заттардың микроқұрылымының деформациясымен байланысты, яғни толқын әсерінен дене құрамындағы молекулалар тербеліске түседі

Slide 26

УД-толқындары сондай-ақ қан ағыны жылдамдығын өлшеуде де қолданылады. Бұл әдіс Доплер эффектісіне негізделген. Доплер эфффектісі деп - бір-біріне қатысты қозғалыс кезіндегі негізгі УД толқын мен оның шағылысқан толқыны арасындағы жиіліктің өзгеруін айтады. Доплерография әдісінде қозғалыстағы эритроциттен шағылған ультрадыбыс жиілігі, датчиктен шыққан негізгі сәуле жиілігінен өзгеше болады. Негізгі толқынмен салыстырғанда, шағылған ультрадыбыстың жиілігінің артуы немесе кемуі қан ағыны бағытына байланысты. Қан ағыны жылдамдығы қаншалықты үлкен болса, шағылған ультрадыбыс жиілігі соншалықты үлкен жиілікке өзгереді. Осы мәліметтерді салыстыра отырып, УДЗ құралының микропроцессоры қан ағыны жылдамдығын есептейді.

Slide 27

Зерттелетін мүшенің орналасу тереңдігіне және өлшемдеріне байланысты мынадай датчиктер қолданылады: секторлық, конвексті, сызықтық

1- конвексті, 2- секторлы, 3- сызықты

Slide 28

Секторлы датчиктің артықшылығы:

· бүкіл мүшені қамтиды, тереңдегі мен бақылау аймағының үлкендігі. Мысалы: бүйректі немесе шарананы толығымен көру;

Секторлы датчиктердің кемшіліктері

· дене бетінен 3-4 см “көрінбейтін аймақтың” болуы (бұл аймақты секторлы датчикпен зерттеу мұмкін емес) .

Slide 29

Сызықты датчиктің артықшылығы:

· “көрінбейтін аймақтың” аз болуы, беткі мүшелерді зерттеу мұмкіндігі;

· “динамикалық фокусировка” толқынның таралу бағыты бойынша бірнеше фокустың болуы, сол арқылы терең қабатты түсіруде жоғары айқындылықты қамтамасыз етеді.

Сызықты датчиктің кемшіліктері:

· секторлы датчиктерге қарағанда терең қабаттарды бақылау аймағының тарлығы, яғни бүкіл мүшені толығымен бірден көруге мүмкін болмауы;

· жүректі түсіру мұмкін еместігі және әйелдердің жыныс мүшелерін түсіру қиындығы.

Сондықтан сызықты датчиктер абдоминальды мүшелерді (бауыр, бүйрек т. б. ), акушерлікте шарананы зерттеуде ғана қолданылады.

Slide 30

Конвексті датчик. Сызықты датчиктер сияқты көптеген пьезокерамикалық элементтерден тұрады. Олар қисық (конвексті) бетімен орналасқан және сканердің электронды схемасымен қосылған. Конвексті датчиктердің де секторлы және сызықты датчиктер секілді артықшылықтары мен кемшіліктері бар.

Конвексті датчиктердің артықшылығы. Сызықтыға қарағанда дене бетіндегі зерттеу аймағы аз, ал терең қабатында көп. Сондықтан конвексті датчиктерді, сызықты датчиктермен көру мүмкін болмайтын аймақты зерттеуде қолдануға болады, мысалы: әйелдер жыныс мұшелерін.

Slide 31 Slide 32 Slide 33

Бүйректі ультрадыбыстық зерттеу (УЗИ)

Бүйректі УЗИ -ге түсіру- бұл аз инвазивтік шара, бұның көмегімен бүйректің көлемін, пішінін және қалай орналасқанын, сонымен қатар бүйрек қанайналымын анықтап бағалауға болады. Ультрадыбыстық зерттеуде бүйрек құрылысын ультрадыбыстық толқындар арқылы жоғары жиілікте қабылдағыштар пайдаланады. Жоғары дыбыстық толқындар тері және басқа тіндер арқылы дене мүшелеріне, ішке өтеді. Ағзада ультрадыбыс толқындар шағылысады және жаңғырық тәрізді қайтадан қайта құрушы қабылдағышқа келеді. Осында шағылысқан толқындар ағзаның электрондық бейнесіне өзгереді.

Slide 34 Slide 35

Эхокардиография - қазіргі заманғы жоғары информативті инвазивті емес ауырсынусыз және қауіпсіз жүрек қантамыр жүйесінің диагностикалау әдістерінің бірі болып табылады.

Slide 36

Эхокардиография беретін мүмкіншіліктер

1. Жүрек қуыстарының көлемдерін анықтауға 2. Жүрек клапандарының жағдайын және олардың қызметін бағалауға 3. Жүрек қабырғаларының қалыңдықтарын анықтауға 4. Жүрек қарыншаларының жиырылу мүмкіншіліктерін бағалауға

5. Жүректегі миокард инфарктінен кейінгі тыртықты өзгерістерді анықтауға

Slide 37 Slide 38

Эхокардиография өткізуге көрсеткіштер

Жүректің ишемиялық аурулары (ЖИА) ; Миокард инфарктісі (МИ) ; Артериальді гипертензия (АГ) ; Туа біткен және жүре пайда болған жүрек қантамыр ақаулары; Ревматизм; Жүрек өткізгіштігінің және ырғағының бұзылыстары; Жүректегі шуылдар; Жүректегі ісіктер Жүрекке операция жасағаннан кейінгі жағдайды бағалау

Slide 39 Slide 40

ЭхоКг түрлері

1. Доплер Эхокардиография 2. Өңеш арқылы Эхокардиография 3. Стресс - эхокардиография әдісі 4. Тамырішілік ультрадыбыс 5. Контрасты эхокардиография

Slide 41

Доплер Эхокардиография: Орталық гемодинамиканы бағалауға мүмкіндік беретін инвазивті емес әдіс. 1980 жылдан бері қолданылады. Доплер әдісімен зерттеу топографиялық анатомияны және жүрек гемодинамикасын бағалауға мүмкіндік береді. Өңеш арқылы Эхокардиография: Өңеш арқылы арнайы датчиктерді қолдану арқылы жүргізіледі. Бұл әдістің мүмкіншілігі өте жоғары. Арнайы трансдьюсер өңеш арқылы еңгізіліп, оның ортасында орналастырылады, сол жақ жүрекше маңайына. Бұл өте сапалы жүректің барлық құрылымдары туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді. Өңештік трансдьюсер арқылы екі өлшемді кескін алуға және түсті доплер әдісін қолдануға да мүмкіндік береді. 180 градусқа бұруға мүмкіндік бар. Жүрек клапандарын ауыстыру және окклюзиялаушы аппараттармен хирургиялық араласулар кезінде қолданылады.

Slide 42

Стресс - эхокардиография әдісі- физикалық күштеме кезіндегі қан айналым жеткіліксіздігі немесе кейбір дәрілік препараттарды енгізу әсерінен жүрек бұлшықет аймағының жиырылу қабілеттілігінің бұзылуы. Стресс-эхокардиография жүректің ишемиялық ауруындағы диагностикасында жақсы альтернативті, қымбат изотопты әдістің бірі болып саналады. жүректің ишемиялық ауруы диагностикасында стресс-эхокардиография ең жақсы инвазивті әдіс болып табылады. Тамырішілік ультрадыбыс Коронарлы артерияларды арнайы кіші диаметрлі датчиктерді қолдану арқылы тамырішілік зерттеу. Инвазивті, ультрадыбысты әдіс болып табылады. Коронарографиямен бірге қолданылады.

Slide 43

Контрасты эхокардиография Жүректің оң жақ камераларын дефектілерін анықтауда немесе сол жақ камераларда миокард перфузиясын зерттеуде қолданылады. Бұл әдістің маңыздылығы, миокард сцинтиграфиясымен бірдей болып келеді. Оң әсері болып, сәулелі жүктеменің болмауы есептеледі. Теріс әсері, инвазивтілігі және препараттардың қымбаттылығы (левовист, альбунекс) .

Slide 44
Ұқсас жұмыстар
Медициналық құралдар мен аппараттардың негізгі топтары
Зертханалық зерттеулерге зәрді алу
Фармакоэпидемиология және фармакоэкономика жайлы
Денсаулық сақтауды жоспалау
Медициналық тиімділік
Лабораториялық тексеру
Медициналық генетиканың зерттеу әдістері
Медициналық биомеханика
Контрацепция әдістері
Фармакоэкономикалық анализ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz