Авторлық құқық
Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Тамақтану өнімдерінің технологиясы» кафедрасы
Авторлық құқық
Орындаған: ТОП 16-12 студенттері
Марқаш А. Мейрханова Н. Молутова А.
Қабылдаған: Сыздықова Л.С.
Жоспар
1.ҚР авторлық құқық туралы заңы
2.ҚР авторлық құқығы туралы жалпы түсінік
3.Автордың жеке мүліктік емес және мүліктік
құқықтары.
4.Авторлық құқық объектілері
5.Сабақтас құқықтар
• Қазақстан Республикасында авторлық құқық Қазақстан
Республикасының Конституциясымен, Қазақстан
Республикасының Азаматтық Кодексімен, «Авторлық құқық
және сабақтас құқықтар туралы» Заңымен, Женевада 1996
жылғы 20 желтоқсанда қабылданған Дүниежүзiлiк зияткерлiк
меншiк ұйымының авторлық құқық жөнiндегi шартымен
және басқа да нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.
1. ҚР авторлық құқығы туралы жалпы
түсінік
Авторлық құқық - автордың жеке мүліктік емес
және мүліктік құқықтары. Автордың мүліктік
құқықтары деп автордың немесе өзге құқық
иеленушiнiң сол туындыны кез келген нысанда және
кез келген әдiспен пайдалануға мүлiктiк құқықтарға
ие болуын айтамыз. Автордың мүлiктiк
құқықтарына қарамастан, оның мүлiктiк емес жеке
құқықтары болады және оларды туындыны
пайдалану жөнiндегi айрықша құқықтарын бiреуге
берген жағдайда да сақтап қалады.
Авторды оның «Авторлық құқық және
сабақтас құқықтар» туралы заңында
көзделген мүлiктiк емес жеке құқықтарынан
айыруға болмайды. Авторлық құқықтың
пайда болуы және жүзеге асуы үшін
туындыны тіркеу, өзге де арнайы рәсімдеу
немесе әлде бір шарттылықтың орындалуы
талап етілмейді.
Объективті мағынада авторлық құқық
дегеніміз ғылым, өнер, әдебиет
туындыларын шығару және қолдануға
байланысты қатынастарды реттейтін
құқықтық нормалар жиынтығы. Субъективті
мағынада авторлық құқық дегеніміз ғылым,
өнер, әдебиет туындысын шығарған
адамның мүліктік және мүліктік емес
қатынастары.
Авторлық құқық - автордың жеке мүліктік емес және
мүліктік құқықтары. Автордың мүліктік құқықтары
деп автордың немесе өзге құқық иеленушiнiң сол
туындыны кез келген нысанда және кез келген
әдiспен пайдалануға мүлiктiк құқықтарға ие болуын
айтамыз. Мүліктік құқық туынды авторына өзге
біреулер қолданған кезде қаржылық табыс алуға
мүмкіндік береді. Автордың немесе өзге құқық
иеленушiнiң сол туындыны кез келген нысанда және
кез келген әдiспен пайдалануға мүлiктiк (айрықша)
құқығы бap.
Автордың туындыны пайдалануға айрықша құқықтары төмендегi
әрекеттердi жүзеге асыру, рұқсат ету немесе жүзеге асыруға тыйым
салу құқығын бiлдiредi:
1) туындыны қайта шығару (қайта шығару құқығы);
2) туындының түпнұсқасын немесе даналарын кез келген
әдiспен таратуына: сатуына, айырбастауына, прокатқа (жалға)
беруiне, өзге де операциялар, оның ішінде ашық
телекоммуникациялар желісінде операциялар жасауына (тарату
құқығы);
3) туындыны жария көрсету (жария көрсету құқығы);
4) туындыны жария хабарлау (туындыны жалпы жұрттың назарына
арнап хабарлау), соның iшiнде эфирде немесе кабель арқылы
хабарлау (жария хабарлау құқығы);
5) туындыны қайта жасау, музыкалық әуендеу немесе басқаша
түрде қайта өңдеу (өңдеу құқығы);
6) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне қайшы келмейтiн
өзге де әрекеттердi жүзеге асыру құқықтарын бiлдiредi.
Мүліктік емес құқық деп туындыға автор болуға және сол
туындыға автордың беделіне нұқсан келтіретін өзгерістерді
енгізуге қарсы тұруға мүмкіндік беретін құқықты атайды.
Автордың өз туындысына қатысты мынадай мүлiктiк емес
жеке құқықтары мыналар:
1) туындының авторы деп танылу құқығы және оны
тануды, соның iшiнде, егер iс жүзiнде мүмкiн болса, туынды
кез келген жария пайдаланылған кез келген жағдайда оның
даналарына автордың есiмiн тиiстi түрде көрсету арқылы
тануды талап ету құқығы (авторлық құқық);
2) туынды пайдаланылған кез келген жағдайда оның
даналарына автордың шын есiмiнiң орнына лақап есiмiн
(бүркеншiк есiмiн) көрсету және соны талап ету немесе есiмiн
көрсетуден бас тарту құқығы, яғни жасырындық (есiмi аталу
құқығы);
3) туындының атауымен қоса, оған қол сұғылмаушылық
құқығы, туындыны кез-келген жолмен бүлдiруге,
бұрмалауға немесе өзге жолмен өзгертуге, сондай-ақ
автордың абыройына немесе беделiне нұқсан келтiре
алатын басқа кез-келген қол сұғушылыққа қарсы әрекет
ету құқығы (автордың беделiн қорғау құқығы).
4) қызметтік міндеттерді немесе жұмыс берушінің
қызметтік тапсырмасын орындау тәртібімен жасалған
туындыларды қоспағанда, туындыға белгiсiз адамдар
тобының қол жеткiзуiне жол ашу құқығы (халыққа жария
ету құқығы). Авторды оның «Авторлық құқық және
сабақтас құқықтар» туралы заңында көзделген мүлiктiк
емес жеке құқықтарынан айыруға болмайды. Авторлық
құқықтың пайда болуы және жүзеге асуы үшін туындыны
тіркеу, өзге де арнайы рәсімдеу немесе әлде бір
шарттылықтың орындалуы талап етілмейді.
Авторлық және сабақтас құқықтар
Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтар
иесі – мүліктік кұқық берілген жағдайдағы автор
немесе орындаушы: а) мүліктік құқықтар берілген
жеке немесе заңды тұлға; ә) автордан немесе
орындаушыдан өзге жеке тұлға немесе осындай жеке
немесе заңды тұлғаға бастапқыда мүліктік кұқықтар
берілген жағдайда заңды тұлға.
Авторлық құқық ғылым, әдебиет және өнер туындыларын
шығарып, қолданумен байланысты пайда болған қатынастарды
реттейді. Авторлық құқық шығармашылық қызмет нәтижесі
болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына
таралады. Мәдениеттің дамуында авторлық құқықтың орны
ерекше. Ал кез-келген ұлтта мәдениет болады, мәдениет
болмаса ұлт та болмайды. Адамдар қашан болса да
шығармашылықпен айналысады, яғни авторлық құқық өзгеріп
отырады, бірақ ең бастысы оны қорғау керек.
Әдеби туындылар Сәулет, қала құрылысы
Драмалық және Фотосурет туындылары
музыкалық-драмалық
туындылар
АВТОРЛЫҚ
ҚҰҚЫҚТЫҢ Карталар, жоспарлар
Хореография және
пантомимо туындылары ОБЬЪЕКТІЛЕРІ
Мәтінді және мәтінсіз ЭЕМ-ге арналған
музыкалық туындылар бағдарламалар
Кескіндеме, мүсін, графика
Аудио-бейне туындылары
туындылары
Авторлық құқық объектілері бағытының қадіріне және
бейнелеу нысанынан тәуелсіз ғылым, әдебиет және
мәдениет туындылары болып есептеледі.
Сонымен қатар, авторлық құқық объектілерін нақты
белгілері болатынын атап кеткен жөн.
Авторлық құқық объектісінің бірінші белгісі - бұл оның
жасалуының шығармашылық мінезі, және екінші белгісі-б ұл
ойын білдірудің объективті нысаны. Бұл дегеніміз, авторлық
құқық объектісі автордың шығармашылық еңбегінің
нәтижесі болу тиіс, және материалдық жеткізушіде тіркелуі
керек (жазбаша нысанда, бейнелеу нысанында, дыбыс
немесе бейне жазбаларда, көлемді-кеңістік нысанында),
сондай-ақ авторлық құқық көпшілік алдында орындалған
ауызша формада болуы мүмкін.
•Сабақтас құқықтар – орындаушының, фонограмма
жасаушының, эфирлік және кабельдік хабар тарату
ұйымдарының мүліктік құқықтары және орындаушының жеке
мүліктік емес құқықтары. Сабақтас құқықтар авторлық
құқықпен қорғалатын шығармалар төңірегінде қалыптасады.
•Сабақтас құқықтың авторлық құқықтан айырмашылығы
дайындау, жазу, тарату, барысында делдал қызметін атқаратын
адамға тиесілі болады. Авторлық және сабақтас құқықтарды
қорғау ісінде елімізде біршама жұмыстар жасалуда. Сабақтас
құқық саласындағы заң бұзушылықтар үшін азаматтық,
әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктер көзделген.
Жоғарыда аталған авторлық құқық пен сабақтас құқықтардың біздің
еліміздегі қорғалу мәселесіне тоқталайы қ. Авторлы қ құқы қ және саба қтас
құқықтар туралы ҚР Заңында көзделген авторлық құқық пен сабақтас
құқықтарды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына с әйкес
азаматтық, әкімшілік және қылмыстық жауаптылы қ туындайды. Авторлы қ
құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланатын жеке ж әне
заңды тұлғалардың қызметіне бақылау жасауды уәкілетті орган ж үзеге
асырады. Зияткерлік меншік елімізді ң әл – ау қатын дамытып, жетілдіруді ң
бірден – бір қайнар көзі. Әркімні ң өз құқы ғын қор ғай білуі, елімізді ң
өркендеп өсуіне өз үлесін қосарына ешқандай дау тудырмайды.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Әкімшілік
құқық бұзушылық туралы кодексінде туындыларды заңсыз
пайдаланғаны үшін ӘҚБтК-нің 129-бабында интернет
желісінде пайдалануды қоспағанда, авторлық құқық және
сабақтас құқықтар объектілерін заңсыз пайдалану, сол
сияқты өткізу мақсатында авторлық құқық және сабақтас
құқықтар объектілерінің контрафактілік даналарын сатып
алу, сату, тасымалдау және дайындау, авторлықты иеленіп
алу немесе тең авторлыққа егер бұл іс-әрекеттерде
қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса,
жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске
дейінгі мөлшерінде лауазымды адамдарға жиырмадан
отызға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға бір жүзден
бір жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салынатыны
көрсетілген.
Пайдаланған әдебиеттер
1.ҚР Азаматтық кодексі (жалпы бөлім)
27.12.1994 ж.
2. Жайлин Г.А. «А»-дан «Я»-ға дейінгі заңды
тұлға. Алматы: Дәнекер, 2003
3.http://bnews.kz/kk/news/post/267946/
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz