Қазақстанда өсірілетін ірі қара мал тұқымдары
Презентация қосу
Қазақстанда өсірілетін
ірі қара мал
тұқымдары.
Орындаған: Тоғызбай
Д.
Етті бағыттағы қолтұқымдар
Бұл бағытта Қазақстанда кеңінен таралған
қолтұқымға қазақтың ақбас сиыры жатады.
Қолтұқым жергілікті қазақ, қалмақ сиырларын Англиядан
әкелінген герефорд бұқаларымен жұптастыру арқылы
шығарылған. Сиырдың бұл қолтұқымы Батыс Қазақстан
өңірінде көбірек өсіріледі.
Әулиекөл сиыры да етті бағытта шығарылған сиырдың жаңа
қолтұқымы. Бұл Қостанай өңірінде қазақтың ақбас сиырымен
шеттен әкелінген шароле, абердинангусс сиырларының
бұқаларымен жұптастыру арқылы шығарылған. Ірі қараның
етті бағыттағы қолтұқымдары шет елдерде көптеп өсіріледі.
Мұндай қолтұқымдарға – абердин-ангусс, герефорд,
шортгорн, галловей, шароле, лимузин, санта –
гертруда т.б.жатады.
Қазақтың ақбас сиыры
Бұл тұқымдас сиырлардың түсі
қызыл, басы ақ болады,
төсінде, желкесі мен
сегізкөзінде, шабында,
емшегінде, сирақтарында,
құйрығының ұшында ақ
таңбалары бар. Танауының
ұшы қызғылт болып келеді.
Жүні қысқа қарай қалықдап,
жазды күні жұқарады, біркелкі,
жылтыр болып келеді.
Бұқаларының орташа салмағы
850 - 950 кг, ал кейбіреулерінің
салмағы - 1000 кг дейін жетеді.
Әулиекөл тұқымы
Жайылымда және бордақыланғанда жақсы семіреді,
тәулігіне бұқалары 1000 грамға дейін салмақ қосады.
Қазақстан республикасының солтүстік, орталық және
оңтүстік-шығыс аймақтардың ауа райына жақсы бейімделген
және азықты таңдай бермейді.
Бұл тұқымның сиырларының түсі бозғылт сары,
бұқаларының орташа салмағы 800-850 кг, ал сиырларының
орташа салмағы 500-550 кг, 15-айлық бұқалары
бордақылағанда және жайып семірткенде 430 кг салмақ
тартады.
Бұл сиырлардың тұлғасы тұтас, мінсіз, сүйегі жұқа, берік
болып келеді. Аяқтары тік, тұяқтары мықты.
Басқа да тұқымдар:
АБЕРДИН-АНГУС СИЫРЫ - бітімі келісті, аяқтары
қысқа болады, бұлшық еттері бедерлі, шоқтығы биік
келеді. Бұл тұқымның сиырлары тез жетіліп, жақсы
бордақыланады. Сүйегі ірі болмайды, ол ұша салмағының
небара 15-18% жуық болады. Сақа сиыр салмағы 550-600
кг, сойыс шығымы орта есеппен 65% , кейбір жағдайда
70% болады.
ГЕРЕФОРД СИЫРЫ - бұл сиырлардың түсі-қоңыр-қызыл,
басында, төсінде, шабында, сирағында және құйрығының
ұшында ағы болады. Малдың бұл тұқымы еттілігімен ерекше.
Кеудесі кең, төсінің, иығының, жонының, санының бұлшық
еттері жақсы жетілген, аяқтары қысқа және мықты болады.
Осының бәрі герефорд сиырлары дене құрылысының
беріктігін көрсетеді. Сақа сиырының салмағы 550 кг,
бұқаларының салмағы 950-1000 кг. 18 айлық өгізшелер 390-
450 кг салмақ тартады. Сойыс шығымы орта есеппен 67- 70 %.
Сүтті бағыттағы қолтұқымдар
Бұл бағытта өсірілетін ірі қара қолтұқымдарынан сүт алу
мақсаты көзделеді.
Қазақстанда қырдың қызыл сиыры, әулиеата, алатау,
қарала, симменталь қолтұқымдары өсіріледі.
Қырдың қызыл сиыры Қазақстаннан басқа Ресейдің
еуропалық бөлігінің оңтүстігінде, Батыс Сібірде
таралған. Әулиеата сиыры қолтұқым XIX ғасырдың соңы
мен XX ғасырдың басында Қырғызстан мен Жамбыл
өңірінде шығарылған.
Алатау сиыры сүтті, етті бағытта өсірілетін қолтұқымға
жатады. Ол XX ғасырдың 30-50 жылдарында жергілікті
сиырларды швиц, кострома тұқымының бұқаларымен
ұрықтандыру арқылы алынған. Алатау сиыры Алматы,
Жамбыл, Шығыс Қазақстан өңірінің таулы аймақтарында
өсіріледі.
Шет елдерде сүтті бағытта көп өсірілетін
қолтұқымдарға – холмогор, ярославль, қарала
сиыр, англер, айрширлер жатады. Кейбір сүтті
қолтұқымды сиырлардан жылына орта есеппен 16-
20 мың литр сүт сауылады.
Швиц, симменталь, т.б. сиыр қолтұқымдары әрі
сүтті, әрі етті бағытта сұрыпталған қолтұқымдар.
Көптеген елдерде сиыр сүтін ерте заманнан
пайдаланып келеді. Атақты орыс ғалымы Иван
Петрович Павлов сүт – табиғаттың өзі дайындап
берген өте құнды тағамы деп жоғары бағалаған.
ГАЛЕРЕЯ
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz