Б. Қаратаев – Қазақстанның көрнекті қоғам қайраткері туралы ақпарат


Slide 1

Марат Оспанов Атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті

Факультет: Жалпы медицина

Кафедра: Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы

Тақырыбы: Б. Қаратаев - Қазақстанның көрнекті қоғам қайраткері

Орындаған:Қабыл Ж.

Тексерген:Калманова Г.

СТУДЕНТТІң ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

Slide 2

Бақытжан қаратаев - Қазақстанның көрнекті қоғам қайраткері

Slide 3

Қаратаев Бақытжан Бейсәліұлы 1860 жылы Жайық өңірінің Қаратөбе ауданын­дағы Ақбақай ауылында дүниеге келген. Ол Орынбор гимназиясын бітіргеннен кейін Санкт-Петербург университетінің заң факультетіне оқуға түседі. 1890 жылы оны ІІ дәрежелі алтын медальмен үздік бітіреді. Алған ма­мандығы бойынша Петербургте, Кутаисиде және Орынборда бірнеше жыл тергеуші болып істейді. 1897 жылы туған жеріне қайта оралып, Оралда, Қаратөбеде, Жым­питыда адвокат болды. 1907 жылы ІІ Мем­лекеттік Думаға Орал облысынан депутат болып қатысып, жер-су мәселесі бо­йынша қазақ халқының мүддесін қор­ғап сөз сөй­леген. 1907-1916 жылдары ағарту­шылық жұмыстармен айналысып, «Қазақ­стан» газетін, «Айқап» журналын шығаруға көмек­теседі. .

Slide 4

1918 жылы облыстық атқару коми­те­тінің мүшелігіне сайланды. Сол жылы нау­рызда әскери үкімет бүлік ұйым­дас­тырып, облыстық кеңес мүшелерін (ішінде Қаратаев та бар) тұтқынға алды. 1919 жы­лы 24 қаңтарда Чапаев дивизиясы босатып, кейін ол Орал облревкомының құрамында ұлттар коллегиясын басқарды. 1919 жылы 24 шілдеде Қаратаев Қазақ әскери ревко­мының мүшелігіне тағайындалды. 1920 жы­лы 4-12 қазанда Орынборда өткен Кеңес­тердің Бүкілқазақстандық І съезіне делегат болды. Мұнда қабылдаған Қазақ АССР-інің еңбекшілері құқығы туралы декларацияның жобасын дайындауға қатысқан. Қазақ АССР-інің заң комиссары болды. Кеңестердің ІІ Бүкілқазақстандық съезіне де делегат болып қатысты.

Slide 5 Slide 6

Патша өкіметінің жер саясатына қарсылық

Қазақ даласына келіп қоныстанушылар саны күрт артып, құнарлы, шұрайлы жерлерінен айырылып жатқан елдің жағдайы қыл ұшына келген еді. Осындай дүрбелеңде ел жер сақтап қалу үшін не істерін білмей сабыла бастады. Сөйтіп, ел тағдыры сынға түскен кезде ұлт зиялыларының көзқарас­тары қиыспай екіге бөлінді.

Біріншісі - «көшпенді өмір салтын доғарып, ел болып жиылып, қала салайық, егін егіп, бау-бақша отырғызып, отырықшы салтқа көшейік, сонда шұрайлы жерлерімізге өзіміз ие болып қаламыз, жақсы өмір сүріп кетеміз» дейді.

Екіншісі - «сан жылдар қалыптасқан ша­руа­шылық, өмір салты - аяқастынан өзгер­те салатын нәрсе емес, ол - өздігінен қа­лып­тасатын табиғи үрдіс, оны өзгерт­кенмен, бәрібір күйреп қалады, ұзаққа бармайды, ақыр аяғында башқұрттар құсап жерді мұжықтарға болмашы бағаға сатып, сып-сидан болып шыға келеміз. Одан да көш­пелісі көшпелі, отырықшысы отырықшы бо­лып қала берсін» дейді.

Slide 7

Орал қаласында кадеттерді жақтаушы­лар өмір тәжірибесі мол Бақытжан Қара­таевтың төңірегіне топтасты. Осы тарихи кезеңде қазақ саяси элитасының арасында кадеттер партиясына қарай ойысушылықтың байқалуы патша өкіметіне қарсы қуатты оппозициялық күшке айналған осы партия­ның қолдауына сүйеніп, қазақ халқы мүдде­сін қорғаудан туындаған еді. Қазақ кадет­терінің бағдарламасында қазақ жерін бүтіндей сол елдің меншігі етіп жариялайтын заң қабылдау қажеттігі, ішкі Ресейден көшіп келіп қоныстану толқынын тежеу, қазақ жұмысшыларына еркіндік, теңдік беру, олардың мүддесін қорғайтын заңдар шығару, қазақ балалары үшін мектеп, медресе, университеттер ашу тағы сол сияқты талап-тілектер айтылған.

Қазақ зиялылары патша өкіметінің қа­наушылық саясатына қарсы ашық және батыл түрде талаптарын қойып, қазақ елінің барлық мұң-мұқтажын баяндап газет беттерінде мақалалар жазып, патшаға петиция­лар жолдай бастады. Соның бірі - 1905 жылдың жазында Торғай және Орал облыстары қазақтарының орталық билік органдарына жолданған петиция. Қазақ жерін талан-таражға салуды тоқтату мәселесін назарынан ешқашан тыс қалдырмаған Бақытжан Бисәліұлы бұл петицияны да­йындауға тікелей атсалысты және онда жер мәселесіне байланысты мынандай талаптар қойылды:

Slide 8

- қазақ жерінде бұл күнге дейін қала салып алып, бейбіт өмір сүріп отырған орыстар отыра берсін және олар алған жерге талабымыз жоқ. Бірақ қалған жеріміз қырғыз-қазақ халқының өз пайдасына мәңгі ұрпақ мұрасы ретінде ешкімнің ортағынсыз берілсін;

- мұнан былай орыс шаруаларына қазақ жерінен жер берілмесін және қазақ жерінен қоныс аудару учаскелері мұнан былай ашылмасын;

- Далалық ереженің барлық 17 бабы негізсіз деп танылып, жойылсын;

- қырғыз-қазақ халқының қолына жер мәңгілік өзіңдікі деген құжат берілсін (ҚР ОММ, 1202-қор, 1-тізбе, 37-іс, 123-бет) .

Петербургке Б. Қаратаев бастап барған делегация петицияны тиісті орындарға тап­сырғаннан кейін генерал Ғ. Жәңгіровтің ара­ласуымен ІІ Николай патшаның қабыл­дауына рұқсат алып, оған өз талап-тілектерін де білдіреді. Осы жылы Орал қала­сында Қазақстанның бес облысының өкіл­дері қатысқан съезд болып өтті. Оның деле­гат­тарының қатарында Ә. Бөкейханов, Ж. Сей­далин, М. Дулатов, Б. Сыртанов, Б. Қа­ратаев болды.

І Мемлекеттік Думаны шақыру туралы заң 1905 жылдың желтоқсан айында пат­шаның екі манифесінің негізінде шықты. Үлкен атыс-тартыстың нәтижесінде арнайы мәжілістің шешімі бойынша «бұра­тана елдерден» Думаға депутат сайлау турасын­да шешім қабылданады. Алғашқы Дума таратылғаннан кейін 1907 жылдың қаң­тар-ақпан айларында ІІ Мемлекеттік Дума­ға депутаттар сайлау жүргізілді. Қазақ хал­қынан депутаттыққа Орал облысынан Бақытжан Қаратаев, Ақмола облысынан Шәймерден Қосшығұлов, Торғай облысынан Ахмет Бірімжанов, Семей облысынан Темірғали Нұрекенов, Жетісу облысынан Мұхамеджан Тынышпаев, Сырдария облысынан Тілеулі Алдабергенов, Астрахань губерниясынан Бақтыгерей Құлманов сайланды. ІІ Мемлекеттік Думада өкіметтің жүр­гізіп отырған аграрлық және отаршыл саясаты сынға алынады.

Slide 9 Slide 10

Қазан төңкерісі жылдарында

Орал әскери үкіметі бұйрығымен Қара­таевтар ауылынан ешқайда кетуге рұқсат етілмеген Бақытжан Қазан төң­керісін шын ниетімен, батыл жақтап қарсы алды. «Қазан революциясынан кейін, - дейді Бақытжан, - 1918 жылдың наурызына де­йін мен өз жолдастарыммен бірге қырда соғыс күшін ұйымдастыруға кірістім. Бұл жұмысқа қоныс аударып келген украин­дықтарды да тар­т­тық».

Большевиктердің басшылығымен ша­қы­рылған Орал облыстық кеңесінің І съезі 1918 жылдың қаңтарында Кеңес өкі­метін құрып, билікті өз қолдарына алғанын жариялады. 1918 жылы наурыз айында об­лыс­тық кеңестің ІІ съезінде атқару коми­те­тінің құрамы сайланды. Б. Қаратаев облыс­тық атқару комитетінің мүшелігіне өтті және оған юстиция комиссары міндеті тапсы­рылды. Әскери үкімет наурыздың 29-ында Кеңес өкіметіне қарсы бүлік ұйым­дастыр­ды. Билікке келген ақ казактар өкіметі жаңа ғана құрылған, әскери күші әлсіз кеңестердің атқару комитетінің негізгі тобын тұтқынға алды.

Облыстық кеңес мүшелерінің аздаған тобы: Әйтиев, Парамонов, Ипмағанбетов, Қаратаев, Арғыншиевтер Жайық өзенінің сол жақ жағасындағы қазақ, украин еңбек­шілерінің арасына құпия өтіп, күш ұйым­дастырды.

Slide 11 Slide 12

Қырғыз (қазақ) әскери-револю­циялық комитеті (ҚазРевком)

1919 жылы 10 шілде күні өлкені басқару жөніндегі Қырғыз (Қазақ) әскери-револю­циялық комитеті құрылды. Бұл Қазақстан­дағы ең алғашқы жоғары мемлекеттік органы еді.

Қазақ революциялық комитеті құрамына жеті адам кіргізілді. Қазревком төрағасы болып Кеңес өкіметі Наркомнацтың орынбасары С. С. Пестковскийді тағайындады. Мүшелері болып Ә. Жангелдин, С. Меңдешев және басқалары бекітілді. Кейін бұлардың қатарына Б. Қаратаев, Ә. Әйтиев, А. Арғын­шиевтер кірді.

1919 жылы 11 қыркүйекте құрылған Орал мен Бөкей қазақтарының революция­лық комитетін басқара отырып, Б. Қаратаев қазақтар арасындағы нақтылы үгіт-насихат жұмыстарын кеңейтті. Қыркүйек-қазан айларында Бақытжанның қолымен «Қазақ халқының қайраткерлеріне», «Құрметті қарт­тарға» және «Керей руының ұлдарына» деген үндеулер жарияланды. Бұл үндеу­лерінде ол қазақ халқына Кеңес өкіметі туралы шындықты баяндайды.


Ұқсас жұмыстар
Б.Қаратаев– Қазақстанның көрнекті қоғам қайраткері
БАҚЫТЖАН ҚАРАТАЕВ
Алашорданың батыс бөлімінің тарихы- өлке тарихының құрамдас бөлігі
Бірінші Мемлекеттік Дума
Үш бәйтерек: тағдыр мен тағылым
Халел Досмұхамедов өмірінен қысқаша мағлұмат
Туған жерім - Жаркент қаласы
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ КІТАПТАР ШЫҒАРУ
Шахтер Даңқы монументі 1974 жылы
Қазақ әліпбиін реформалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz