Алаш қозғалысы және ІІ жалпықазақ съезі




Презентация қосу
Марат Оспанов Атындағы Батыс Қазақстан
Мемлекеттік Медицина Университеті

◦ Факультет: Жалпы медицина
◦ Кафедра: Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер
кафедрасы
◦ Тақырыбы:"Алаш "қозғалысы және ІІ жалпықазақ съезі

◦ Орындаған: Қабыл Ж.
◦ Тексерген:Калманова Г.
АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ
Алаш қозғалысы — 20 ғ-дың алғашқы ширегінде Ресей империясының
отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс.

Ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында мүлдем жаңа жағдай қалыптасты.
Ресейлік әскери-монархиялық басқару жүйесі, қазақ жерінің орыс мемл-нің
меншігі етіп жариялануы, осыған орай ішкі Ресейден қоныс аударушылар
легінің күрт өсуі, қазақ бұқарасының зорлықпен егіншілікке жарамды
жерлерден ығыстырылуы, дәстүрлі қазақ шаруашылығының терең
дағдарысқа ұшырауы сол қалыптасқан жағдайдың нақты көріністері еді.
Сол кездегі қазақ қоғамы дамуының күн тәртібінде қазақ халқының ұлт
ретінде жоғалуы, не өзін-өзі сақтауы үшін күреске шығу мәселесі тұрды.
Бірақ ендігі уақытта жеке батырлар бастаған қол түзіп, қару асынып
көтеріліске шығу нәтиже бере қоймайтын еді. Қалыптасқан жаңа саяси
ахуалға лайық жаңа күрес құралдары, әдіс-айла қажет болды, ең негізгісі
халыққа оның алдында тұрған негізгі мақсат-мүдделерін түсіндіріп
жеткізетін, сөйтіп оны заман талабына сай күрес құралдарымен
қаруландырып, азаттық үшін қоғамдық қозғалысты бастап кете алатын
мүлдем жаңа саяси-әлеум. күшке сұраныс үлкен еді. Ал ондай саяси
күштің қалыптасып келе жатқанын 1905 — 07 жылдардағы оқиғалар
көрсетіп берді. Ол күш — сан жағынан аз болғанымен, бірақ саяси күрес
қазанында қайнап, тез ысыла бастаған ұлттық интеллигенция болатын.
Осы бірінші орыс революциясы жылдары ұлттық зиялылар кейін А. қ. атанған қоғамды қ
қозғалыстың негізін қалады. 1905 ж. Қоянды жәрмеңкесінде дүниеге келген Қарақаралы
хұзырхаты (петициясы) оның бағдарламалық құжаты болатын. Осы мезгілден бастап
Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов жетекшілік еткен ұлттық зиялылар жаңа
өрлеу ала бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа нысаналы сипат беру үшін газет шығару,
азаттыққа үндеген кітаптар бастырып тарату, Мемл. Дума жанындағы мұсылман
фракциясы жұмысына, жалпыресейлік мұсылман, түркішілдік қозғалыстарға атсалысу
сияқты қазақ қоғамына бейтаныс күрес әдістерін игере бастады. Ал 1911 жылдан шыға
бастаған Айқап журналы, 1913 жылдан жарық көріп, жалпыхалықтық басылымға
айналған “Қазақ”, оның артын ала өмірге келген “Бірлік туы”, “Сарыарқа”, “Ақжол”
газеттері ұлт-азаттық күрес идеологиясының қалыптасуына қызмет етті. А. қ-ның басты
мақсаты — қазақ елінің өзін-өзі басқару, яғни ұлттық мүддесін қорғай алатын мемл.
жүйе құру құқын метрополияға мойындату, түбінде дербес мемл. құру, қазақ жерлеріне
ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою, әлемдік озық тәжірибені пайдалана отырып,
дәстүрлі мал ш-н өркендету, сонымен қатар егіншіліктің, өнеркәсіптің дамуын
қамтамасыз ету, рыноктық қатынастарға жол ашу, жеке адам құқын және басқа демокр.
принциптерді қадір тұту, ұлттық мәдениетті өркендету, оқу жүйесінің, тілдің дамуына
қажет шарттар түзу болды. Бірінші орыс рев-сы жылдарынан бастау алатын Алаш ұлт-
азаттық қозғалысы 1917 ж. ақпан және желтоқсан айлары аралығында өзінің шарықтау
шегіне жетті. Осы жылдың жазы мен көктемінде Қазақ к-ттерінің пайда болуы, күзіне
қарай Алаш партиясының, ал соңына қарай Түркістан автономиясы (Қоқан
автономиясы) және Алашорда үкіметтерінің құрылуы бұл қозғалыстың нақты
нәтижелері болатын. 1917 ж. пайда болған бұл саяси құрылымдар большевиктер
тарапынан күшпен таратылғанымен, ұлт-азаттық қозғалыс күштері саяси күрес
сахнасынан бірден кете қойған жоқ. Мемл. тәуелсіздік, жер және кезінде алаш
зиялылары күн тәртібіне қойған қоғамдық-саяси басқа да мәселелерді басты талабы
етіп, ұлт-азаттық қозғалыс жаңа сипатта Т.Рысқұлов, С.Асфендияров, С.Қожанов,
Елде тоталитарлық жүйе біржола орнағаннан кейінгі уақытта енді ол
жаңа саяси жағдайға байланысты шетелдік эмиграция күшімен
жүргізілді. Мұстафа Шоқайдың қызметі, оның басшылығымен Берлинде
10 жыл бойы (1929-39) шығып тұрған “Яш Түркістан” журналындағы
материалдар соның айғағы еді. Негізгі мақсаты — ұлттық бостандық
болған А.қ. көрші түркі, мұсылман халықтарымен күш біріктіруге
тырысты. Сөйтіп, 20 ғ-дың алғашқы жылдарынан бастау алатын Алаш
ұлт-азаттық қозғалысы 30 жылдарға дейінгі тарихи кезеңді қамтыды.
Кеңестік тоталитарлық билік алаштық атанған аға буын зиялылардың
ең белсенді бөлігін, сондай-ақ олардың кеңестік-партиялық қызметтегі
ізбасарларын қуғын-сүргінге ұшыратып, жауыздықпен жазалады. қ.
Алаш ісі.
II ЖАЛПЫҚАЗАҚ СЪЕЗІ
Екінші жалпықазақ съезі — 1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор
қаласында XX ғасыр басындағы қазақ қайраткерлері Алаш Орда үкіметін
жариялаған съез.

Бұл съез Ресейде Қазан төңкерісі болып, большевиктер билікке келгеннен
кейінгі тарихи алмағайып кезеңде ұйымдастырылды. Съез шақыру жөніндегі
комиссия мүшелері Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Е.Омарұлы,
С.Досжанов оны ұйымдастыруда айрықша белсенділік танытты[1]. Төрағасы
— Б.Құлманов. Құрылтайға қазақ сахарасының әр аймақтарынан, Самарқан
облысы мен Алтай губерниясындағы қазақтардың атынан — 58 делегат, әр
түрлі қазақ ұйымдарының атынан — 8 делегат және арнайы шақырумен — 15
адам қатысып, барлық жиын-терісі 81 делегат келген. Құрылтайдыдың күн
тәртібіне 10 мәселе қойылды:

Сібір автономиясы;
Түркістан автономиясы және Оңтүстік-шығыс Одағы туралы;
Қазақ-қырғыз автономиясы;
Милиция туралы;
Ұлт кеңесі;
Ұлт қазынасы;
Мүфтилік мәселесі;
Халық соты;
Ауылды басқару және
азық-түлік мәселесі.
Нәтижесі
Қазақ зиялылары Алаш автономиясын аяғынан тік тұрғызу үшін және
большевиктермен күресу мақсатында ұлттық әскер құру және кеңестерге
қарсы әр түрлі саяси күштермен одақтасу ісіне үлкен мән берді. Съез бұл
мәселені жан-жақты талқылап, қазақ милициясының әр облыс, уезд
орталықтарындағы саны, оларға әскер ғылымын үйрету және қажетті
заттармен (қару-жарақ, қаржы, көлік және т.б.) қамтамасыз ету тәртібін
анықтап, «26 500 адам тіркелген халықтық милиция құрылуы қажет»
деген қаулы қабылдады. Бұл идеяны Алашорда үкіметінің мүшесі
Ж.Ақпаев ұсынды. Әскер құру ісіне қажетті қаражатты 6 облыстың
қазақтары есебінен алатын болды. Алашорда үкіметі Ұлт кеңесіне
мүшелер сайланған соң (қосымшаны қараңыз), Алашорданың төрағасын
сайлау мәселесі өткізілді. Оған Ә.Бөкейхан, Б.Құлманов, А.Тұрлыханов
түсті. Сайлау қорытындысы бойынша 79 дауыстан 40 дауыс жинаған
Ә.Бөкейхан Алашорданың төрағасы болып сайланды. Бұдан соң оқу
комиссиясының құрамына А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Е.Омаров,
Б.Сәрсенов, Т.Шонанов сайланды. Бұл съез ғасыр басынан бергі ұлт-
азаттық қозғалысының ұлы қорытындысы болды. Ол өзінің тарихи
маңызы жағынан ұлтымыздың сан ғасырлық өміріндеғі аса маңызды
оқиғалардың қатарынан орын алады
Қорытынды
Қорытындылай келе ,Алаш қозғалысы
қазақ халқының сана-сезімін оятып, Алаш
автономиясын құруға, тәуелсіз мемлекет
болуға деген қазақ халқының ұлт
қайраткерлерінің алғашқы қадамдарының
бірі болды. Қазіргі таңда сол
азаматтарымыздың армандары
орындалды.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ

Ұқсас жұмыстар
Алаш - қоғам айнасы
Қазақ автономиясы
Алаш партиясының бағдарламасын қолдады, өздерін жас алашшылар
Алихан Бөкейханов және Алаш идеясы
Алашорданың батыс бөлімінің тарихы- өлке тарихының құрамдас бөлігі
Алаш автономиясымен мен Қоқан автономиясының құрылуы және қызметтері
Алаш партиясын құрылуы
Түркістан автономиясы
Ахмет Байтұрсынұлы - Қазақ лингвистикасының негізін қалаған ғалым
Қазақ облыстары автономиясын құру
Пәндер