Қазақстан тәуелсіз, егемен, зайырлы және құқықтық мемлекет ретінде



МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Мамандығы: жалпы медицина
Кафедра: Қоғамдық гуманитарлық пәндер
Дисциплина: Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы
Тақырыбы: Қазақстан тәуелсіз, егемен, зайырлы және құқытық мемлекет ретінде; Қазақстандағы парламентаризмнің бастаулары
Орындаған: Қабыл Ж. Тексерген: Айтжанова Ж.
Тобы: 109 Б

ЖОСПАРЫ:
1. Кіріспе
- Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет;
2. Негізгі бөлім
-Егемендіктің маңызды белгісі
- Зайырлы мемлекет ұғымының түп-тамыры
- Ұлттық қауіпсіздік
- Демократияның бір көрінісі
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер

Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет

Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабы 1-тармағында «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары» - делінген. Мемлекетіміздің басты қазынасы - адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары болғандықтан азаматтарымыздың өзі қалаған дінге сенуі конституциялық құқықтарының қатарынан табылады. Ата заңымызға сәйкес азаматтарымызды тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тіліне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты, сондай-ақ басқа да жағдаяттар бойынша кемсiтуге тыйым салынған. Ата Заңымыздағы осы айтылған қағидалар мемлекетіміздің зайырлы сипатта екендігінің басты нышандары.

Егемендіктің маңызды белгісі

Егемендіктің маңызды белгісі - онда мемлекеттік биліктің жоғары органдарының болуы. Заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілдік орган - Қазақстан Республикасының Парламенті. Парламент екі палатадан: Мәжілістен және Сенаттан тұрады. Олар тұрақты қызмет істейді. Мәжіліс депутаттарын азаматтар тікелей сайлайды. Ал Сенат депутаттарының басым көпшілігін мәслихаттар сайлайды. Сенаттың жеті депутатын Президент тағайындайды. Мемлекеттің басшысы-Президентті азаматтар сайлайды. Президент мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтайды.

Президент мемлекеттік биліктің барлық буындарының келісіп қызмет істеуін қамтамасыз етуі қажет. Қазақстан Республикасының Үкіметі еліміздің көлемінде атқарушы билікті жүзеге асырады. Ол атқарушы органдардың жүйесін басқарады. Атқарушы органдардың жүйесіне жататындар-министрліктер, мемлекеттік комитеттер, коммиссиялар, бас басқармалар және жергілікті атқарушы органдар - облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық, селолық әкімшіліктер. Атқарушы органдардың өкілеттіктері зандарда және арнаулы ережелерде анықталады

Ұлттық қауіпсіздік

Ұлттық қауіпсіздік - қоғамның және жеке тұлғаның дамуы мен өмір сүруінің үйлесімді шарттарын ұстану бойынша тиімді қызметті қамтамасыз ететін әлеуметтік институттар жағдайын сипаттайтын ғылыми және тәжірибелі мәселе. Ұлттық қауіпсіздік саяси ғылым деңгейі ретінде, тарихи қалыптасқан нақты жағдайдағы ұлттық қызығушылықтарды іске асыруды қамтамасыз ететін қоғамдық институттар мен олардың әрекетін, қоғамдық түсінік пен қарым-қатынастарды қарастыратын толық жүйе ретінде сипатталатын қауіпсіздіктің ұлтпен байланысын көрсетеді.

Ұлттық қауіпсіздік түсінігінде саяси, экономикалық, әскери, экологиялық, ақпараттық қауіпсіздік пен ұлттың мәдени даму қауіпсіздігі қарастырылады. Осының барлығы 1999-2005 жылдары кезеңіндегі Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік Стратегиясында көрсетілген. Бұл құжатта мүмкін болатын қауіптер талданып, олардың алдын алу жолдары алты маңызды салаларда - сыртқы, әскери, экономикалық, әлеуметтік-саяси, экологиялық және ақпараттық қауіпсіздік салаларында қарастырылған. Жалпы мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі сұрақтарға мұндай кешенді талдау мемлекет ұйымдарына осы салада жүйелік және дәйекті сипаттама берді. Бүгінгі күнде қойылған басымдықтардың дұрыстығы туралы нық сеніммен айтуға болады.

Демократияның бір көрінісі

Демократияның бір көрінісі - азаматтардың қоғамдық бірлестіктеріне мемлекет органдарының заңсыз қол сұғуына тыйым салу. Қоғамдық бірлестіктерді азаматтар түрлі мақсатпен: өздерінің саяси, әлеуметтік, рухани, мәдени, діни қажеттіктерін қанағаттандыру үшін қүрады. Әрине, қоғамдық бірлестіктер Конституцияны, завдарды сақтауға міндетті. Олар әлеуметтік, ұлттық, діни, нәсілдік арандатушылықпен айналыспауы керек. Олардың жұмысы мемлекеттің қауіпсіздігіне, конституциялық құрылысты өзгертуге, Қазақстан аумағының тұтастығына қарсы бағытталмауы тиіс

Қазақстан халқы өз алдына жоғары мәртебелі мақсат қойып отыр. Ол- құқықтық мемлекет құру. Бұл мақсатқа жету өте қиын. Құқықтық мемлекетте заң бір әлеуметтік топтың емес, халықтың шынайы еркін білдіреді. Мұндай мемлекетте заңның рухы үстемдік етеді. Барша адамдар, ең жоғары дәрежедегі лауазым иелерінен қатардағы азаматтарға дейін заңдардың бүкіл халықтың мүддесі, игілігі үшін жасалып, қолданылатын, заңдар адамдарға қажет қоғамдық тәртіпті орнататын, адамдарға отбасын құрып, өсіп-өнуге, өзі қалаған жұмыспен шұғылдануға, өздерін еркін сезшуге, қоғам ісіне қатысуға жағдай туғызуға керек екенін түсінуі қажет.

Президенттік басқару жүйесі

Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылғандай, ол біртұтас, Президенттік басқару жүйесіне негізделген мемлекет. Қазақстанның біртұтастығы - оның әкімшілік-аумақтық бөлшектерден құрылатындығы, автономияға бөлінбеуі. Әкімшілік-аумақтық құрылым туралы ерекше заң бар. Ол Қазақстанның тарихы және қазіргі замандағы ерекшеліктерін бейнелейді. Қазақстан Республикасының Президенті - мемлекеттің басшысы, оның жоғары лауазымды тұлғасы

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz