Қазақстандық көппартиялық жүйенің қалыптасуы жə не ҚР саяси партиялары


Slide 1

МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Студенттің өзіндік жұмысы

Тақырыбы: Қазақстандық көппартиялық жүйенің қалыптасуы жəне ҚР саяси партиялары.

Орындау түрі : презентация

Факультет: Жалпы медицина

Орындаған: Қабыл Ж.

Тексерген: Айтжанова Ж.

Тобы: 109 «Б»

Ақтөбе-2017жыл

Slide 2

Жоспар:

1. Кіріспе

2. Қазақстандық көппартиялық жүйенің қалыптасуы жəне ҚР саяси партиялары.

3. Қорытынды

4. Әдебиет

Slide 3

Кіріспе

Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздікті және егемендікті алғаннан кейін жаңа саяси, әлеуметтік-экономикалық, рухани өлшемдерге аяқ басып, бірінші міндеттердің бірі құқықтық-демократиялық мемлекетті құру, азаматтық қоғам институттарын қалыптастыру болды. Қазіргі кезде ескі қоғамдық және мемлекеттік құрылымдарды жою процесі және демократия дамуының қазіргі уақыттағы деңгейлеріне және қажеттіліктеріне сай жаңа құрылымдарды құру әлі де жалғасуда.

Slide 4

Қоғам динамикалық құрылым болғандықтан, оның негізгі бөлшектері экономикалық, саяси жүйелер болып табылады. Қоғамда мемлекетпен қатар маңызды орынға әртүрлі қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер, соның ішінде саяси партиялар да ие болады.

Slide 5

Қазіргі саяси ғылымда «саяси партия» түсінігінің көптеген анықтамалары бар.

Ең біріншіден саяси партия бұл-азаматтық қоғамының едәуір саяси белсенді мүшелерінің ұйымдасуы. Осы ұйымдасуының негізі-идеологиялық доктрина, әртүрлі әлеуметтік топтардың және белгілі бір жетекшінің ерекше қызығушылығының жиынтығы түрінде көрінетін ортақ саяси көзқарастар және мақсаттар болады .

Қазақстан Республикасының «саяси партиялар туралы» заңында саяси партиялардың түсінігі былай анықталады: «Азаматтардың, әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін мемлекеттік биліктің өкілді және атқарушы, жергілікті өзін-өзі басқару органдарда білдіру және оларды қалыптастыру Қазақстан Республикасы азаматтарының ерікті бірлестігі саяси партия деп танылады». Қазіргі таңда республикада ресми түрде 12 партия тіркелгенімен, болашақта жаңа саяси партиялардың құрылуы да мүмкін. Бірақ осы партиялардың болуы Қазақстанда шынайы көппартиялық жүйе қалыптасқанын білдірмейді.

Slide 6

Саяси партия - мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы; қандай да бір таптың немесе оның қабатының мүдделерін көрсететін, белсенді және ұйымдастырылған бөлігі.

Алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған. Ал қазіргі біздің түсінігіміздегі саяси партиялар Еуропада XIX ғ. II жартысында пайда бола бастаған. Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік, бұқаралық партия бола калған жоқ. Мысалы, неміс ойшылы М. Вебер саяси партиялардың дамуында келесі кезеңдерді атап көрсеткен:

1) аристократиялық үйірмелер; 2) саяси клубтар; 3) көпшілік партиялар. Демократиялық тәртіп жағдайында партиялар азаматтар, әлеуметтік топтар мен қоғам мүдделерін шынайы саяси үрдіске айналдыра алады.

Slide 7

Қазіргі демократиялық қоғамдағы партияның маңызды міндеті - азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету. Партиялар арқылы әр түрлі әлеуметтік топтар өздерінің саяси талаптарын мәлімдейді. Бұрынғы әлеуметгік-экономикалық саясатты одан әрі жүргізу немесе оны өзгерту керектігі жөнінде өздерінің көзқарастарын білдіреді. Соның арқасында қоғамның саяси саласындағы қайшылықтардың басы ашылады, әлеуметтік қопарылысқа соқтырарлық өткір, ойда жоқ шиеленістердің мүмкіншілігі азаяды.

Slide 8 Slide 9

Қазақстан Республикасындағы саяси өмір мен азаматтық қоғамның қалыптасу процесі демократияландырудың заңдылықтарының сақталып отырғандығын көрсетті. Дегенмен мынадай қиындықтар да кездесуде:

- көппартиялық жүйенің жылдам және аз уақытта қалыптасуы .

- өтпелі қоғамдағы саяси факторлардың жетекшілік рөлі реформаның жоғарыдан жасалуына байланысты болуы.

- қоғамдағы шиеленісушіліктің жоғарылығы саяси жүйедегі қайшылықтың барлығымен байланысты.

Slide 10

Қазақстан Республикасында көппартиялық жүйе қалыптасуын мынадай кезеңдерге бөлуге болады.

1986 жылдың аяғы мен 1990 жылдың басы /ресми емес бірлестіктердің қалыптасуы/;

1990 жыл мен 1991 жыл тамыз /партиялардың, қозғалыстар мен ұйымдардың құрылуы/;

1991 жылдың тамызы мен 1993 жылдың қаңтары /КПСС таратылуы, КСРО-ның тарауы, тәуелсіз ҚР құрылу, саяси партиялардың тіркеуден өтуі, азаматтардың саяси белсенділігінің артуы/;

1993 жылдың қаңтары мен 1995 жылдың тамызы /бірінші қабылданған ҚР Конституциясынан жаңа Конституциясына дейін/;

1995 жылдың тамызы 1996 жылдың шілдесі / жаңа қабылданған ҚР Конституциясынан ҚР саяси партиялар туралы Заңына дейінгі кезең/;

1996 жылдың шілдесінен 2002 жылдың қыркүйегіне дейінгі кезең;

Жаңадан ҚР саяси партиялар туралы Заңының қабылдануы /2002 жыл 19 қыркүйек/.

Slide 11

«Қазақстан саяси партиялары»

Азат Жалпыұлттық социал-демократиялық партия

Алаш партиясы

Алға! (халықтық партия)

Асар партиясы

Ақ жол демократиялық партиясы

Бірлік (партия)

Жалпы ұлттық социал-демократиялық партия

Жас Отан

Нұр Отан

Руханият (партия)

Социалистік Партия

Қазақ конституциялық-демократиялық партиясы

Қазақстан аграрлық партиясы

Қазақстан азаматтық партиясы

Қазақстан Коммунистік партиясы

Қазақстан коммунистік халық партиясы

Қазақстан патриоттары партиясы

Қазақстанның «Азат» Демократиялық партиясы

Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы

Үш Жүз партиясы

Әділет (демократиялық партия)

Slide 12

Жалпыұлттық социал демократиялық партия (ЖСДП)

Төраға: Тұяқбай Жармахан Айтбайұлы.

Төрағаның орынбасары: Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы

Партия 2006 жылғы 10 қыркүйекте құрылған. 2007 жылғы 25 қаңтарда тіркелген.

Мүшелерінің саны - 140 000 адам.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия өзінің алдына демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекет, инновациялық экономика құру, жаңа гуманитарлық саясатты жүзеге асыру міндеттерін қойып отыр.

2007 жылы Мәжіліске сайлауда партия 4. 54% дауыс алып, Парламентке өтпеді. 24 қазан 2009 жылы «Азат» ҚДП және ЖСДП Біріктіруші съезде «Азат» Жалпыұлттық социал-демократиялық партияға бірікті. Жаңартылған Жарғыға байланысты партияны басқару екі тең төрағаларға тапсырылды. Съездің делегаттарының бірауызды дауыстарымен олармен Жармахан Тұяқбай мен Болат Әбілов сайланды. Партияның Бас хатшысы болып Әміржан Қосанов сайланды.

Slide 13

Асар партиясы

Партия көшбасшысы: «Хабар Агенттігі» ЖАҚ басшылар кеңесінің төрайымы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты - Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева.

Негізгі мақсаты - дамыған азаматтық қоғамдық институттары бар экономикасы мықты, демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру. Партияның саясаты Елбасының жүргізген реформаларын қолдауды негізге ала отырып жүзеге асырылады. Партия «Қазақстан-2030» Стратегиясының шынайы екендігін мойындайды және аталмыш бағдарламаны қолдайтынын жариялайды. Саяси ортада «Асар» өзін орталықшыл мәтіндегі партия деп біледі, және егер өз мүдделеріне қажет болса, партия басшылықпен, басқа да партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен іскерлік қарым-қатынас орнатуға дайын.

Slide 14

«Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясы» қоғамдық бiрлестiгi - Қазақстанның саяси партиясы.

Партия төрағасы - Азат Перуашев.

Партия 2002 жылғы 3 сәуірде тіркелген. Партия мүшелерінің саны 175 862 адамды құрайды.

Партияның мақсаттары: тәуелсіз, гүлденуші, демократиялық және еркін Қазақстан.

Негізгі құндылықтары: демократия, тәуелсіздік, еркіндік, әділеттілік. Қазақстан Республикасының 2002 жылы 15 шілдеде қабылданған «Саяси партиялар туралы» Заңына сәйкес 2002 жылы 12 желтоқсанда Әділет министрлігінде қайта тіркеуден өтті.

Slide 15

"Нұр Отан" Халықтық Демократиялық Партиясы - саяси партия.


Ұқсас жұмыстар
Саяси партиялары
Демократиялық партиясы
САЯСИ ПАРТИЯНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы
Саяси партиялардың түрлері
Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш
Саяси партиялардың қалыптасу тарихы
Саяси партиялар, партиялық жүйелер және қоғамдық - саяси қозғалыстар
Партиялық жүйелер
ПАРТИЯЛАРДЫҢ САЯСИ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz