ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСЫП, ДАМУЫ ТУРАЛЫ ЕҢБЕКТЕР


Slide 1

1980 - 1990 жж педагогика ғылымының қалыптасып, дамуы туралы еңбектер

Slide 2

Ж О С П А Р

Кіріспе бөлім

Негізгі бөлім

а) 1980 - 1990 жж педагогика ғылымының қалыптасып, дамуы туралы еңбектер.

б) Педагогика ғылымы туралы еңбектердің мазмұны, олардың білім беру жүйесіндегі алатын орны.

Қорытынды

Slide 3

80-жылдардың ақырында бұрынғы Кеңес республикаларында мектепті жаңалау мен қайта құру қозғалысы өріс алды. Бұл қызметтестік педагогикасының туындауынан көрінді. Осы дəуірдегі жаңаланған педагогиканы дамытуға ат салысқан педагог ғалымдар мен бірегей шығармашыл мұғалімдер көптеп таныла бастады. Олардың арасында Ш. А. Амонашвили, Л. С. Соловейчик, В. Ф. Шаталов, Н. П. Гузик, Н. Н. Палтышев, В. А. Караковский жəне басқалар болды.

Кіріспе

Slide 4

"Қайта және қалай үштіктер жойылды” (1980)

Жаңашыл-мұғалімдердің ішінде донецкінің мұғалімі Виктор Феодоровичтің есімін ерекше атауға болады, оның азаматтық кәсіби қажырлығы білім берудің өткір және өзекті мәселелерін шешудің кілтін табуға талпыныс жасауы болып табылады.

Бұл мәселелерге оқушылардың жүктемесінің ауырлығын жою, оқуға олардың қызығуын, белсенділігін және дербестігін тәрбиелеу В. П. Шаталовтың “Қайта және қалай үштіктер жойылды” кітабінің баспадан шығуына байланысты еңбекке кіріспе сөзінде белгілі психолог ғалым В. В. Давыдов былай деп жазды: “Оқу тәрбие үрдісін жетілдіруге бағытталған педагогикалық тәжірибенің көптеген жетістіктерінің қатарына В. П. Шаталовтың есімі зерттеуге және зерделеуге лайықты екендігін ерекше атап өтті”.

Slide 5

«Оқыту әдістерінің дидактикалық негіздері» (1981ж)

Еңбегінде әдістің жалпы дерексіз ұғымын және оның құрылымын қарастырады. Бұл оған кезкелген әдістің анықтаушы факторларын табуға мүмкіндік жасады. Кезкелген іс-әрекеттің әдісі, И. Я. Лернердің тұжырымдамасына сәйкес, әрекеттің мақсатын, әрекеттің өзін және оның құралдарын, мақсатқа жету тетігін және қол жеткен мақсатты қамтиды. Әдістің осы жалпы ұғымы мұғалім әрекетінің нысанының ерекшеліктерін ескере отырып нақтыланды. Оқыту әдісінің құрылымына қосымша оқушы мақсаты, оның іс-әрекеті мен құралдары, оқушының өз әрекетінің әсерімен өзгеруі сияқты қосымша бөліктер кіргізілді.

Slide 6

«Деңгейлеп саралау»

(1981)

Деңгейлеп оқыту идеясының авторы Н. П. Гузик сыныптағы оқушыларды да, соған сәйкес оқу бағдарламаларын да А, В, С - үш деңгейге бөлуді ұсынады.

Slide 7 Slide 8

«Сәлеметсіңдер ме, балалар»

(1983)

Мұғалімдерге арналған «Сәлеметсіңдер ме, балалар?!» атты көмекші құралында өзінің педагогикалық әрекеттерінің, ең кішкентай мектеп оқушыларының тұлға болып қалыптасуын зерттеу нәтижелерін сипаттап жазады. «Менің балалармен тәжірибе жұмыстарым, мектептегі қызықты да қуанышты күндерді ұйымдастырудағы ғылыми ізденістерім, эксперименттік сыныптың көптеген мұғалімдерімен өткізілген көп

уақыт менде білім беру мен тәрбиелеуде ізгілік, оптимисттік бастаулардан туындайтын кейбір педагогикалық пікірлер қалыптасты, »- деп Ш. Амонашвили алғысөзінде жазады. Кітаптың негізгі арқауы балаларға деген махаббат, баланың нәзік жанына сүйіспеншілікке толы қарым-қатынас болып табылады.

Slide 9

«Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістемесі» (1984ж)

Оқушылардың оқу-танымдық әрекетiн арттыру үшiн оқыту әдiстерiнiң маңызына назар аударып, оларды топтастыруға ат салысты. Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту мақсатында оқу материалдарын түсiндiрiп - көрсететiн немесе ақпаратты - рецептивтi (рецепция-қабылдау) әдiстер: әңгiме, лекция, түсiндiру, оқулықпен жұмыс, суреттердi қолдану, диафильмдердi пайдалану; репродуктивтi (бiлiмiн практикада қолдана бiлу, алгоритм бойынша жұмыс жасау, бағдарламалау) әдiстері; оқытылатын материалды педагогикалық жағдаят тұрғысынан сипаттау әдiсi; жартылай-iзденiске түсiру немесе эвристикалық әдiс; зерттеу әдiсi, оқушыларға танымдық мiндет қойылып, алға қойған мәселені оқушылардың өздiгiнен шешуіне қажеттi басқа да әдiстер ұсынылды.

Slide 10

Ю. К. Бабанский

«Оқу - тәрбие процесін оптималдандыру» (1988ж)

Осы еңбегінде әдістерді мынадай үлкен үш топқа жинақтайды.

Slide 11 Slide 12

«Педагогикалық технология» (1989ж)

В. П. Беспалько «Педагогикалық технология - оқу үрдісін жүзеге асырудың технологиясы педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс - тәсілдер», деп көрсеткен.

Slide 13

В. П. Беспалько деңгейлік технологияны төртке бөлді

Slide 14

Қорытынды

Бүгінгі кезеңдегі педагогика өзінің диалектикалық, өзгермелі ғылым сипаттарына сай болуымен қарқынды дамуда. Кейінгі он жылдықтарда педагогиканың бірнеше салаларында келелі табыстарға қола жеткізілді, əсіресе мұндай жетістіктер мектептегі оқудың жаңа технологияларын жасауда көрініс берді. Сапалы оқу бағдарламаларымен жабдықталған қазіргі заман компьютерлері оқу процесін басқаруда үлкен жəрдемін тигізуде. Соның нəтижесінде оқу барысында аз қуат пен уақыт жұмсап, жоғары нəтижелерге жету мүмкіндіктері пайда болды. Ғылыми -өндірістік комплекстер, авторлық мектептер, эксперименталды оқу-тəрбие алаңдары - ұнамды өзгерістер жолындағы елеулі көзге түскен педагогикалық жаңалықтар. Еліміздегі жаңа жəне жаңаланған мектеп оқуы мен тəрбиесі басты назарда тұлға дамуын көзге алып, гуманистік бағытта өрлеп, өрістеуде. Сонымен, тəрбие тəжірибесі адамзат өркениетінің тереңдегі тарихи сатыларынан бастау алады. Тəрбие жөніндегі ғылым негіздері ежелгі, көне дəуір философиясының арнасында дамыған. Тəрбие, оқу, білім берудің тиімді теориялары мен əдістемелері пайда болғанша, педагогика дамудың ұзақ та қайшылықты жолын басып өтті.


Ұқсас жұмыстар
Педагогика - тәрбие және оқыту туралы ғылым
Педагогика ғылымының тарихы
Кеңестік психология ғылымының даму бағыттары
Педагогика ғылымының салалары, басқа ғылым салаларымен байланысы
Психология ғылымының даму тарихы туралы ақпарат
Педагогика ғылымының салалары
Педагогика - Тәрбие туралы ғылым
Адам психикасы және Психология гылымының даму тарихы
Жалпы педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері
Мұғалімнің жеке тұлғасы оның кәсіби қызметінің негізгі өзегі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz