Жайық өзені туралы ақпарат


Slide 1

Жайық өзені

Slide 2

Географиялық орны

Жайық - Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы жеріндегі өзен. Өзен Еуропа мен Азия дүние бөліктерін бөлуші Орал тауларынан бірге шекара болып есептеледі. Жалпы ұзындығы 2428 км, су жиналатын алабының ауданы 237 мың км2, Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1084 км. Жайық - Каспий теңізі алабына жататын ішкі тұйық өзен

Жайық өзенінің бастауында жер бетінің деңгейі 637 метр биіктікте, ал оның Каспий теңізіне құяр жері теңіз деңгейінен 28 метр төмен жатыр. Жайық өзенінің құлау бұрышы әрбір шақырым сайын 30 см-ге тең. Өзен арнасының тереңдігі қайраңында 1 метр, негізгі арнасында 3 метр, ал иірімдерде 4-5 м-ге жетеді. Каспий теңізіне құяр жерінде тарамдарға бөлініп кетеді.

Өзен бастауынан Орск қаласына дейін, яғни жоғары ағысында солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта ағады.

Slide 3

Жайық өзенінің облысымыздағы салалары:

Slide 4

Жем өзені - Атырау облысындағы үлкендігі жөнінен екінші өзен. Ол Мұғаджар тауының солтүстік-шығысынан басталады. Ұзындығы 650 шаршы, орташа жылдық су шығыны шамамен 90 текше м/сек. Басталар жерінде бірнеше ірі салалары: Атжақсы, Жайынды, Әулие, Құмжарған, Көлденең, Күбейлі, Тік, Темір келіп құяды. Бұл өзендердің бәрі де Мұғаджардың батыс беткейіндегі бұлақтардан басын алады.

Өзен негізінен еріген қар суымен қоректенеді. Көктемде арнасына сыймай тасып, деңгейі 3-4- метрге дейін көтеріледі. Өзеннің тасуы 1-1, 5 айға созылады. Жаз ортасына таман ағысы тоқтап, Каспий теңізіне жетпей борпылдақ топыраққа сіңіп кетеді. Көктемде өзен суы егістікті және шабындықты суландыруға пайдаланылады

Slide 5

Ойыл өзені - Орал алды қыраттарынан теңіз деңгейінен 25 метр биіктікте басталады. Ұзындығы 682 шаршы. Өзен бір кезде Жайық өзеніне жетіп сол жақ саласын құраған. Бүгінде шаруашылыққа тым көп пайдаланылуы себепті өзен құяр сағасына жетпей жарты жолдағы құмдарға сіңіп кетеді.

Slide 6

Сағыз өзені - Орал алды қыратынан басталады. Бастауы теңіз деңгейінен 190 метр жоғары. Ұзындығы 480 шаршы. Орташа жылдық су шығыны секундына 32 текше метр. Ұзындығы 25 шаршыдан асатын оннан астам саласы бар. Каспий маңы ойпатындағы Тентексор сорына құйып, қалың тұзды қабатқа сіңіп жойылып кетеді.

Slide 7

Қайнар өзені - Ембі үстірті мен Мұғаджар алдының солтүстік-батыс беткейіндегі теңіз деңгейінен 110 метр биіктіктегі шағын қыраттардан басталып, сәуір айының басында екпіндей тасып, 3 айдай ғана өмір сүріп Иманқара тауының батыс етегіндегі борпылдақ жыныстарға жұтылып, сіңіп кетеді.

Сағыз, Қайнар өзендері мал суару үшін ғана пайдаланылады.

Жайықтың оң саласы - Бақсай, Бүгілөзек, Бағырлайсай, Ақсай өзендерінің жергілікті маңызы бар. Су режимі жөнінен жоғарыда аталған өзендерге ұқсас.

Slide 8

Жайық өзені суының пайдалануы:

Slide 9

Жануарлар дүниесі:

Slide 10

«Жайық өзенінің Каспий теңізінің жағалауына жалғасқан атырауы» ерекше қорғауға алынған аймағында түрлі 29 экологиялық жүйеде қазіргі кезде өсімдіктер мен жануарлардың 3000 астам түрлері өмір сүреді. Соның ішінде:

Slide 11

Экологиясы:

Жайық өзенінің экологиялық проблемалары, басқа да өзендер сияқты, кешенді табиғи, антропогендік және техногендік үрдістермен байланысты. Жайық өзенінің тозып өзгеруінің бірінші себебі арнаның бұзылуы болып табылады. Оның жағымсыз салдары болып табылатындар:

- арнаның лайлануы, өзеннің тайыздалуы мен оның гидрологиялық режимінің нашарлауына соқтыратын қайраңдардың пайда болуы; - жағалаулардың иреңдері мен топырақты жерлерінің жеңіл механикалық құраммен шайылуы. Бұл өзеннің арнадан шығып және үлкен аумақты басып кетуіне қауіп туғызады Жайық өзенінің экологиялық жағдайды күннен күнге нашарлауда. Жайық өзені суының ластануының басты себебі Новотроицк мұнайды қайта өңдеу зауытының қалдықтарының суға тасталуы, сонымен қатар Жайықтың сол жақ саласы Елек өзені Ақтөбе хром зауыты және Алға химкомбинаты қалдықтарымен ластануда.

Slide 12

Жайық өзені қатты тайызданып, өнеркәсіптік қалдықтармен ластануда. Өзге де Жайықтың кіші салалары мал шаруашылығы қалдықтарымен ластанып жатыр. Жайықтың кей салаларында жыл сайын су тасқыны болып зардап шегіп жатса, кейбір салалары, керісінше, бірнеше жыл қатарынан тасқын су көрмеген. Бұл салаларда тасқынның жоқтығының салдарынан экологиялық жағдайының төмендеуі байқалуда. Тасқынның жоқтығы аңғардың қоқыстармен ластануына және құмды жағажайларда өсімдіктердің қаптап өсіп кетуіне әкеледі.

Slide 13

Аңғардың қоқыстармен ластануы және құмды жағажайларда өсімдіктердің қаптап өсіп кетуі. Жайық өзенінің ландшафтты - экологиялық жағдайын және су кешенін қалыпқа келтіру мен сақтау басты міндет. Жайық өзенінің көпғасырлық бай тарихы біздің ұрпақтар үшін жоғалмауы керек.

Slide 14

Ал біздердің тарапымыздан өзеннің жағдайының жақсаруына қосар үлесіміз:

Slide 15 Slide 16
Ұқсас жұмыстар
Жайық өзенін көрсету
Жайық өзенінің бөлігі
Жайық өзені
Ақтөбе қаласы
ҚР гидросферасы
Атырау қаласы
СЫРЫМ ДАТҰЛЫ КӨТЕРІЛІСІ
Халықтың қызыл балық деп жүргені бекіре тұқымдас балықтар
Өзендердің ластану ерекшеліктері
Өзен алаптары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz