ІШКІ СЕКРЕЦИЯ БЕЗДЕРІНІҢ ЖАСҚА САЙ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Slide 1

Ішкі секреция бездерінің жасқа сай ерекшеліктері

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Гипофиз

Эпифиз

Қалқанша без

Айырша без (тимус)

Бүйрек үсті безі

Ұйқы безі

Қорытынды

Slide 3

Кіріспе

Slide 4 Slide 5

Гипофиз

Гипофиз (гр. «һурорһуsіs» - өсінді) аралық мидың астыңғы жағына жіңішке өсінді арқылы бекінеді. Пішіні үрмебұршақ тәрізді, ересек адамдар да салмағы 0, 5-0, 6 г-ға жетеді. Гипофиз - безді және жүйке ұлпаларынан тұрады. Гипофиз алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден тұрады. Бұл безден бөлінетін 25 түрлі гормонның 7-еуі жеке бөлініп алынып, толық зерттелген.

Slide 6

Гипофиздің қызметі:

1) гипофиздің алдыңғы бөлігі құрамы нәруыздан тұратын өсу гормонын (соматотропин) бөледі. Өсу гормоны дененің, әсіресе ұзын сүйектерінің өсуіне әсер етеді;

2) нәруыздың, майдың, көмірсудың алмасуын реттейді;

3) жыныс бездерінің жұмысын қалпына келтіреді;

4) сүт безінен сүттің бөлінуін камтамасыз етеді;

5) бүйрек үсті безі қыртысының өсуіне, одан бірнеше гормондар бөлінуіне, қалқанша бездің дамуына әсер етеді;

6) кандағы темірдің тұрақтылығын сақтайды.

Slide 7

Эпифиз

Эпифиз толық зерттелмеген безге жатады. Ол төрт төмпешіктің жоғары аралығындағы тереңдікте орналақан. Салмағы 100-180 мг. Көне ғасырларда эпифизді ақыл-ойды бақылайтын қақпақ, интеллектінің тепе-теңдігін қамтамасыз етуші, адамның”жаны” орналасқан сауыт деп есептеген. Эпифиз бірнеше биологиялық белсенді заттар-мелатонин, серотонин, адреналин, гистамин бөлетіні анықталды.

Slide 8

Эпифиз гормондарының физиологиялық әсері

Эпифиз организмде биологиялық “сағат” ролін атқарады, яғни биологиялық үрдістердің белсенділігі күн мен түннің ауысуына қарай өзгеріп отырады. Ол эпифиздегі мелатонин мен серотонин мөлшерінің күн жарығына өзгеруіне байланысты. Эпифиз-’’биологиялық термометр”, яғни жылу реттелуге қатысады деген мәлімет бар.

Slide 9 Slide 10

Қалқанша без

Қалқанша без (glandula thyroidea, лат. glandula - без, гр. thyreos -қалқан) - шеткі ішкі секреция безі. Қалқанша без сырты дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Қапшықтан қалқанша без ішіне таралатын дәнекер ұлпалы перделіктер без паренхимасын бөлікшелерге бөледі. Бөлікшелер көптеген көпіршіктерден (фолликулдардан) тұрады. Фолликул қуысын құрамында күрделі протеин - тироглобулин болатын қоймалжың зат - коллоид толтырып тұрады. Фолликул қабырғасын екі түрлі клеткалар құрайды. Тироциттер және парафолликулалы немесе К-жасушалар. Тироциттер ұлпалардың дамуына, өсуіне, протеиндердің, көмірсулардың, майлардың, йодтың алмасуына әсер ететін, құрамында йод болатын тироксин және трийодтиронин гормондарын бөліп шығарады. Азық құрамында йод жетіспесе, онда жануарлар организмінде эндомиялық зоб ауруы өршиді. Парафолликулалы клеткалар қандағы кальцийдің мөлшерін азайтатын, құрамында йод болмайтын кальцитонин гормонын бөледі.

Slide 11

Қалқанша безден бөлінетін гормондар жетіспесе, адам микседема (грекше «myxa» - шырыш және «oidema» - ісіну) ауруына шалдығады.

Аурудың белгілері:

1) ағзада зат алмасу 30-40%-ға дейін бәсеңдейді, әсіресе нәруыз алмасуы бұзылады;

2) терінің астына су жиналады, тері құрғап, дене ісінеді;

3) дене температурасы төмендейді;

4) жүрек соғысы баяулайды;

5) қозғалысы бәсеңдеп, ойлау қабілеті нашарлайды; шашы түсіп, сирейді.

Ауруды тироксин гормонымен емдейді. Тироксин гормонының синтезделуі ағзада йодтың болуына байланысты. Адам йодты, йодты калий, йодты натрий түрінде тағаммен қабылдайды. Адам денесінде 30-50 мг йод болса, соның, шамамен 15 мг қалқанша безде кездеседі.

Slide 12

Микседема

Slide 13

Базедов ауруы

Эндемиялық зоб

Slide 14

Егер ішетін су мен тағамда йод жетіспесе, адам іспебұғақ (эндемиялык зоб) ауруымен ауырады (18, ә-сурет) . Мұндай ауру әсіресе топырақ пен судың құрамыңда йодтың аз болуынан пайда болады. Тәулігіне адамның қабылдайтын йод мөлшері 0, 15-0, 20 мг болуы керек.

Аурудың белгісі. Қалканша бездің ұлпалары өсіп, ұлғайып, салмағы 1 кг-ға дейін жетеді, сон-дыктан оны алкым ісуі дейді. Бұл ауруды емдеу және болдырмау үшін ас тұзына йод (100 кг ас тұзына 2, 5 г йодты калий тұзы) қосады. Балабакша мен мектептерде балаларға дәрі береді. Дәрінің бір түйірінің құрамында 1 мг йодты калий бар.

Қалқанша безден гормон көп бөлінсе, денеде зат алмасу күшейеді; жүрек соғуы жиілейді; қан қысымы көтеріліп, жүйке жүйесінің қозуы артады; тамақты көп ішкенмен салмақ қоспай, керісінше арықтайды. Тез ашуланады және терлегіш болады. Көздері бадырайьш, шарасынаналға қарай шығып тұрады. Мұндай ауруды бадырақ көз немесе базедов ауруы дейді. Бұл ауруды неміс дөрігері К. А. Базедов сипаттап жазған.

Ауруды емдеп жазу үшін қалқанша бездің кішкене бөлігін кесіп алып тастайды. Жеке жасушаларын жою үшін рентген сәулесімен де емдейді

Тироксин - гормонның түзілуі мен бөлінуін гипофиздің алдыңғы бөлігінен бөлшетін гормондар реттейді. Қанда тироксиннің концентрациясы қалыпты деңгейде болтан кезде, гипофизден бөлінетін гормонный мөлшері азаяды. Бұл тироксиннің қалыпты деңгейде болуына көмектеседі.

Slide 15

Йодомарин

Кретинизм

Жас балаларда қалканша бездің гормоны жетіспесе, бойы әспей, жыныстық жетілуі тоқталады. Ми сыңарлары қыртысының жұмысы бұзылып, ақылесі кем болады. Мұндай ауруды кретинизм (фр. «сrtinismе» - жарымес) дейді. Ауру асқынбаса, емдеп жазуға болады.

Slide 16

Айырша без (тимус)

Айырша без-көптеген бөлікшелерден тұратын қос без. Төстің ішкі бетінде орналасқан. Тимус денеде кальций алмасуын реттеуге қатысады. Сондай-ақ, ол денеде стероидтар, нуклейн қышқылдары, С витамині алмасуын реттеуге, иммундық, қорғаныс, бейімделу әсерленістеріне қатысады. Айырша безде Т-лимфоциттер пісіп жетіледі. Айырша без гормоны-тимозин: Лейкоциттердің фагоциттік қызметін жақсартады; гормон бөлініп шығуын үдетеді; иммундық қабілеті бар лимфоциттер түзілуіне септігін тигізеді.

Slide 17

Бүйрек үсті безі

Саны екеу, салмақтары 6-12 гр. Әрқайсысы қыртысты және милы қабаттан тұрады. Оның қыртысты қабаты 40-тан астам кортикостероидтарды түзеді.

Slide 18

Аралас секрециялы бездер - біздің организмімізде екі қызметті қатар атқаратын (сырттай да, іштей де гормон бөлетін) бездер.

Оларға ұйқы безі мен жыныс бездері жатады.

Ұйқыбездің басы, денесі, құйрығы болады.

Ұйқы безі екі қызмет атқарады:

1. Ас қорыту сөлін түзеді.

2. Инсулин және глюкагон гормондарын өндіреді.


Ұқсас жұмыстар
Қалқанша маңы безі
Эндокринді бездер және түрлері
Ішкі секрециялық бездер, олардың қызметтік ерекшеліктері
Гормондар мөлшері
Бүйрекүсті безі
Жыныс гормондары
Эндокриндік бездер
Асқорыту бездерінен бөлінетін сұйықтық
Қант диабетінің балаларда ерекшелігі
ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz