Суда еритін витаминдер


Slide 1

Суда еритін витаминдер

Орындаған:Искак Г.

Қабылдаған:Ережепова М.

Slide 2

Витаминдер дегеніміз-азық- түлік өнімдерінде, жем-шөпте шағын мөлшерде ғана кездесетін, ал адам мен жануарлар организмінде бірқалыпты тіршілік үшін өте қажет төменгі молекулалы органикалық зат.

Slide 3

Адамның және жануарлардың организмінде, өсімдік тектес азықтарда витаминдердің алғы шарты сияқты қосылыстар болады. Олар провитаминдер деп аталады.

Азық-түлікте, жем-шөпте ұзақ уақыт бойы витаминдер болмаса немесе организмнің витаминді сіңіру қабілеті бүзылса, ауру пайда болады, ондай ауруды авитаминоз деп атаймыз.

Витаминнің жетіспеуі жиі кездеседі. Мұндай кезде сырқат белгі береді. Бұл жағдайды гиповитаминоз дейді.

Кез-келген витаминді организмге қалыптан тыс беру гипервитаминоз ауруына ұшыратады.

Суда еритін витаминдер өте көп. Оларға:В витаминдер тобы, С, Р витаминдері, инозит жатады.

Slide 4

В1 витамині

В1 дәруменi (тиамин ) ағзада дұрыс зат алмасуы үшін (әсіресе кеміртегінің) аса қажет. дәрумен жетіспегенде шаршағандық сезіліп, ас қорыту процесі бұзылады. ағза тиаминге зәру болған жағдайда жүйке жүйесі үлкен ауруға шалдығуы мүмкін. Ал тағамдық азықтардың ішінде, әсіресе жармалар (көбіне қара құмық және сұлы жармалары), құнарсыз ұн сорттарынан пісірілген нан болғаны жөн. Дене және ой еңбегімен көп шұғылданғанда және суықта ұзақ болғанда ағза В1 дәруменін көп қажет етеді. Тиаминге өсімдіктер тектес өнімдер әсіресе бидай, күріш, қара бидай дәндерінің қауызы, ашытқы бидай келеді. Жануар тектес өнімдерден:бауырда, мида, бұлшық еттерде, жүректе, жұмыртқаның сары уызынды кездеседі.

Пиримидин және тизол сақинасы В1 витамині молекуласының негізін құрады. Ол екі сақина метилилн тобы арқылы байланысады.

В1 витамині молекуласында күкірттің және амин тобының болуы оны тиамин деп атауға негіз болады.

Slide 5

В1 авитаминозы дерті кезінде миға және қанға кетоқышқылы жиналады, ол нерв тармақтарын ісіндіріпауыртады, денені ауыртады, параличке, сал ауруына шалдықтырады. Жүректің соғуы жиілейді жіне жүрек бұлшықеттері ұлғайып гипертрофияға ұшыратады.

В1 дәруменіне әсіресе сыра ашытқысы, келтірілген және тығызд алған наубайханалық шикізаттар анағұрлым бай. Ал тағамдық азықтардың ішінде, әсіресе жармалар (көбіне қара құмық және сұлы жармалары), құнарсыз ұн сорттарынан пісірілген нан болғаны жөн. Дене және ой еңбегімен көп шұғылданғанда және суықта ұзақ болғанда ағза В1 дәруменін көп қажет етеді.

Slide 6

В2 витамині

В2 витамині ( рибофлавин), басқа да витамин дер сияқты ағзаның бірқалыпты өсуіне қажетті, ол биологиялық тотығу процестеріне қатысады. Жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік береді, көздің жақсы көру қабілетін сақтайды. Бұл витамин жетіспеген жағдайда ерін құрғап, кезереді, ұшық шығады, денеге түскен жарақат баяу жазылады. В2 витамині нан ашытқысында, бауырда, сондай-ақ сүт пен сүт тағамдарында көбірек болады. Витамин ыстыққа төзімді, бірақ жарықтық әсерінен тез бұзылады.

Slide 7

В2 витамині сырқатына тән құбылыс көз ауруынан басталады. Конъюктивит ауруына ұшыратады. Көздің қасаң пепрдесі қабынады, көз қарауытады. Рибофлавини жеткіліксіз болғаенда жас малдың өсуі тоқтайды.

В2 витаминін жануарлардың қажет етуі жемшөптің құрамына байланысты. Жемшөп рационында белок мөлшері көбейген сайын оны пайдалану шамасы да арта түседі. Ол витаминді шошқаға, тауықтарға және итке беру қажет.

Slide 8 Slide 9

Пеллагра (итал. pelle agra - бұжыр тері) - витамин жетіспеушіліктен болатын ауру. Адам организмінде РР витамині (никотин қышқылы) жетіспесе, Пеллагра ауруына ұшырайды. Сондай-ақ бұл аурудың пайда болуына организмде РР витаминінің алмасуына қажетті триптофан (амин қышқылы) мен рибофлавиннің (В2 - витамині) аз болуы да әсер етеді.

Аурудың белгісі

дерматит (теріде, әсіресе бет және мойын терісінің бөртуі),

диарея (ауыз қуысы мен ішектің шырышты қабаттарында, асқазанда сөл бөліну мен ас қорыту процесінің бұзылуынан іштің тоқтамауы)

деменция (психиканың бұзылуы, полиневрит ауруына шалдығу) түрінде байқалады.

Емі: никотин қышқылы мол тағамдарды ішу; әсіресе құрамында В витаминіне бай тағамдар (малдың бауыры, ашытқы, жұмыртқа, бұршақ) мен триптофаны мол сүтті тағамдарды күнделікті рационда көбірек пайдалану.

Никотин қышқылы көп мөлшерде жүгерінің және күріштің кебегінде, ірі тартылған ұнда, ашытқыда, картопта, жауарлар бауырында, етте, балықта кездеседі.

Slide 10

Биотин, Н дәрумен, В7 дәрумені

Биотин (Н дәрумен, B7 дәрумен, R кофермент) - суда еритін B тобының дәрумені.

XX ғасырдың басында түрлі жануарларға жүргізілген тәжірибелер нәтижесінде, оларға белгілі бір фактордың жетіспейтіндігі анықталды. Соның салдарынан адам мен жануарлардың тері ауруы дерматит, экзема, серебрея дертіне шалдығатындығы белгілі болды. Аурулар Н дәрумені жетіспеуінен екен. 1942 жылы Дю Виньо деген зертеуші биотиннің құрылысын тапты. Оның молекуласына көміртегі, сутегі оттегі, азот және олармен қоса күкірт те енеді. Сондықтан да ол биотин деген атқа ие болды

Slide 11

В6 витамині

В6 витамині-ақуыздардың құрамдас бөлігі болып табылатын амин қышқылдарының алмасуы на қатысады. В6 дәруменінің жетіспеушілігі жас балалардың бойының өсуін тежеп, қан аздығы мен сезіміне тез қозғыштығын тудырады, ал екіқабат әйелдердің бетінде қара дақ пайда болады. В6 дәрумені мал етінде, балықта, сүтте, ірі қара малдың бауырында, ашытқыларда және көптеген өсімдік өнімдеріне бар; әдеттегідей дұрыс тамақтанып жүрген жағдайда бұл дәрумен ағзада жеткілікті болады. В6 дәруменін молырақ қажетсіну ағзаның өсуі, әйелдің екіқабат және бала емізу кезеңдерінде жиірек байқалуы мүмкін.

Slide 12

В6 авитаминозы кезінде-терінің сал ауруына ғана қабынып ауруы-дерматит кездеседі. Бұл кезде дененің симмертриялы , тері қызарады, жануарлардың терісі түседі.

Жасыл өсімдіктер мен кқптеген микроорганизмдер синтездеп шығарады. Жұмыртқаның сары уызында, жануарлар бауырында, сәбізде, бидайда, ашытқыда көп.

Slide 13

В12 витамині

В12 дәрумені (цианокобаламин ) қанның пайда болу процесіне қатысады. Бұл дәрумен жетіспеген жағдайда ағзада қан азаю процесі дамиды. Бауырда, бүйректе, балық тағамдарында (әсіресе балықтың бауыры мен уылдырығында) көбірек болады. Еттің, сүт пен ірімшіктің, жұмыртқа сары уызының құрамында В12 дәрумені анағұрлым аз.

Slide 14

В12-авитаминозы кезінде қатерлі анемия ауруына ұшырайды, мұндай ауру салдарынан қанда жетілмеген және тұрақсыз көптеген эритроциттер пайда болады, эритроциттердің жалпы саны азаяды. Сол сияқты тез өнетін басқа да тканьдер, мысалы асқазанның шырыш қабаты және нерв ткандері зақымданады. Нерв жүйесінің азақымдануы асқына түседі.

Азық-түлік құрамында кобальт болса, В12 витаминін асқазан-ішек жолында микроорганизмдер синтездейді. Кобальт әсіресе жануар тектес өсімдіктерде-бауырда,, бүйректе, жүректе, мида, сиыр етінде, жұмыртұаның сары уызында, сүтте көп болады.

Slide 15

С витамині

С дәрумені (аскорбин қышқылы) . Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. С дәрумені биологиялық тотығу кезінде зиянды заттардың түзілуін тежейді. Ол қарсы денелерді түзетін ферменттердің құрамына кіреді. Терідегі қантамырлардың қабырғасының бүлінуіне де кедергі жасайды. С дәрумені жетіспеген жағдайда ағза тез шаршайды, сілемейлі қабықшалар қабынады, қызылиек қанталайды. Бұл дәрумен ұзақ уақыт жетіспесе, адам кауіпті құрқұлақ (цинга) ауруына шалдығады. Адам ағзасы С дәруменін түзбейтіндіктен, тамақпен бірге қабылдануы керек. С дәрумені ағзаға қыс пен көктем айларында көбірек қажет. Жаңа піскен көкөністер, жемістер және тұздалған орамжапырақ құрамында көбірек кездеседі. Әсіресе итмұрынның, қарақаттың құрамында мол болады. Ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері 60-100 мг.

Slide 16

Құрқұлақ (лат. scorbutus) - организмде С витаминінің (аскорбин қышқылы) жетіспеуінен болатын ауру. Ауру көктем мен қыста көбірек байқалады. Күнделікті пайдаланатын тағам құрамында ұзақ уақыт (4 - 5 ай) С витамині өте аз не мүлдем болмаса адам құрқұлаққа шалдығады. С витаминінің жетіспеуі салдарынан қан азайып, адам иммунитеті төмендейді.

С витамині едәуір мөлшерде жас жемістерде, көкөністерде кездеседі. Итмұрын, шырғанақ, қарақат, шетен, лимон, апельсин, алма жемістерң осы витаминге бай. Жануар тектес өнімдерден С витамині бауырда, сүтте, өымызда болады.

Slide 17 Slide 18

Р витамин

Р витамині /флавон, цитрин, рутин/ 1936 жылы венгр оқымыстысы Сент-Дъердьи зертгеулерінің нәтижесінде өсімдіктер өнімдерінде физиологиялық қасиеті жағынан аскорбин қышқылына ұқсас заттар бар екенідігін анықтап, оны Р витамині деп атады. Тағамдар құрамында бұл витамин аз болып жетіспеген жағдайда адам организміндегі ұқсас әрі өте жіңішке қан тамырлары - капиллярлардың өткізгіштігі артып, денеге зиянды қан құйылуы байқалады. Егер осындай дертпен ауырған адамға құрамында Р витамині жеткілікті цитрус өсімдіктері өкілдерінің шырынын, не қызыл бұрыштың экстрактысын бергенде капиллярлардың өткізгіштің қабілетін қалпына келтірген. Ал таза аскорбин қышқылын бергенде мұндай өзгеріс байқалмаған. Р дәрумені (биофлавоноидтар) аскорбин қышқылына ұқсас. Сондықтан ол С дәрумені бар тағамдардың құрамында жиі кездеседі. Оның физиологиялық қасиеті - ұсақ қан тамырларының нәзіктігін және өткізгіштігін азайту. Р дәрумені шайдың құрамында көп. Сондықтан қазақ келіншектерінің арасында бұл дәруменнің жетіспеуі өте сирек кездеседі. Оларда қан тамыры ауруы да жиі болмайды. Өйткені ол ұсақ қан тамырларын бекітіп, серпімділігін арттырады. Шайдың маңызын осыдан көруге болады.

Slide 19

Р витамин авитаминозы

Құрқұлақ ауруы, сірә, С витамин мен Р витамин екеуі ұзақ уақыт бойы жетіспеген кезде байқалатын аралас авитаминоз болуы керек. Қан капиллярының қатаюы, морт сынғыш болуы және олардың қабырғасынан қан шығуы, тері астына нүкте тәрізденіп қан құйылуыжәне тістің қызыл етінің қанай беруі.

Slide 20

Пантотен қышқылы

Пантотен қышқылы, В3 витамині пантотенат (дәрілік формасы - кальций пантотенаты) - В тобының дәрумені (B5) . Пантотен қышқылы химиялық құрамы бойынша депептид болып табылады, яғни β-аланин аминоқышқылы мен пантое қышқылының қалдықтарынан құралады.


Ұқсас жұмыстар
Витаминдерге жалпы сипаттама
ДӘРУМЕНІ НАН
Алициклды витаминдер қатары
Суда еритін витамин
Витаминдердің адам ағзасы үшін маңызы
Суда еритіндер Майда еритіндер
Витаминдер. Витаминдердің адам ағзасы үшін маңызы
Витаминдер классификациясы
Тағамдық өнімдердегі витаминдерді сақтау жолдары
Витаминдер, олардың жіктелуі, құрылысы, тағамдық көздері және витаминдердің биологиялық қызметтері. Майда еритін витаминдер А, Д, Е, К туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz