Қиды залалсыздандыру туралы


Slide 1

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Тақырыбы:

Қиды залалсыздандыру

Орындаған: Сапар С. ;

Зарханова А. ВС-315

Қабылдаған: Малдыбаева А. А.

Slide 2

Қи сыртқы ортаны ластайтын бірден-бір фактор. Ал кейде індеттік және эпидемиологиялық қауіп төндіретіні белгілі.

Slide 3

Ауру малдан нәжіс арқылы сыртқы ортаға ауру қоздырушылары бөлінеді. Олардың қида сақталу ұзақтығы температураға, қоздырушының түріне байланысты болады. Жұқпалы аурулардың қоздырушыларының қида сақталу мерзімі бірнеше тәуліктен бірнеше жылға дейін (туберкулез қоздырушысы 475 тәулік ) сақталады, ал гельминттердің жұмыртқалары - 7-15 айға дейін созылады. Осыған байланысты, жұқпалы аурулармен ауыратын малдан алынған қиды зарарсыздандыру қажет.

Slide 4

Қою қиды зарарсыздандыруда негізінен физикалық және биологиялық әдістері қолданылады. Ал химиялық әдіс сұйық қиды зарарсыздандырғанда тиімдірек

Slide 5

Қиды залалсыздандыру түрлері:

Биологиялық:

аэробтық және анаэробтық ашу;

Топырақ арқылы;

Биологиялық бөгеттер;

Бөлмелік шыбын личинкасымен.

Slide 6

Физикалық:

Сәулемен зарарсыздандыру;

Электро- гидравликалық;

Термиялық;

;

Slide 7

Химиялық:

Озондау

Гидролиз

Формальдегидпен, аммиакпен, хлормен т. б. Заттармен зарарсыздандыру

Slide 8

Топалаң, қарасан, маңқа және құтырықпен ауырған немесе ауруға күдікті малдардың қиын міндетті түрде өртейді. Қиды өртеуге арналған жер ошақтары тереңдігі 75 см, диаметрі 75 - 100 см болады. Түбіне 40 - 50 см биіктікте көлденеңнен темір тор қойылады. Темір тордың асты отынға толтырылып, үстінен қи салынады. Қиды өртеу аса қауіпті аурулардың қоздырушыларын жою үшін қолданылатын сенімді әдіс. Бірақ кейбір кемшіліктеріне байланысты өте сирек қолданылады.

Slide 9

Кейбір темір жол зарарсыздандыру - жуу станцияларында қи жағатын арнаулы пештер жабдықталған. Жұқпалы ауру пайда

болған жағдайда ірі мал фермаларында тұрақты қондырғылар, ал шағын шаруашылықтарда жылжымалы қондырғылар орнатылады.

Slide 10

Инсинератор Гиена- биоқалдықтарды өртеуге арналған жаңа жеңіл инсинератор

Slide 11

Құрғақ тыңайтқыш ретінде қолдану үшін де қи мен құс саңғырығын термиялық жолмен зарарсыздаңдырады. Ол үшін арнайы пештер қолданылады, температурасы 200°С - тан кем болмауы керек.

Slide 12

Компастау әдісі

Егер қидың ылғалдылығы 70 пайыздан артық болса, онда ылғал сіңіретін сабан, ағаш үгіндісі, ескі құрғақ қисияқты заттармен араластырып, осындай күйіндіде ұстайды. Мұндай әдісті компастау деп атайды. Компастау кезінде қи ішіндегі температура 65°С дейін көтеріліп, ол зарарсыздандырылады әрі тыңайтқыштық қасиеті жоғарылайды. Компастау мерзімі 6 ай, оның 2 - 3 айы жылдың жылы мерзімі болуы керек.

Slide 13

Қиды ұзақ уақыт сақтау әдісі кез - келген шаруашылық жасай алатын қарапайым әдіс. Бұл әдісті қолдану үшін үш секциядан тұратын көң қоймасын жасайды. Секцияларды кезегімен толтырады. Жұқпалы ауру қоздырушыларымен зақымданған қимен толтырылған секцияның беті 10 см биіктікте сабанмен, шымтезекпен жабылады. Осы әдіспен спора түзбейтін ауру қоздырушыларымен зақымдалған қиды 12 ай, ал туберкулез кезінде 2 жыл ұстау арқылы зарарсыздандырады.

Slide 14

Қидың зарарсыздандыру сапасы

Қиды зарарсыздандыру тиімділігін санитариялық - көрсеткіш микробтардың көмегімен анықтаймыз. Споралық патогенді микрофлора үшін бациллалар, спора түзбейтін микрофлора үшін ішек таяқшалары, ал туберкулез кезінде стафилококктардың бар -жоғы зерттеліп, қидың зарарсыздандырылу сапасы анықталады

Slide 15

Назар аударғандарыңызға рахмет !!!


Ұқсас жұмыстар
Қиды залалсыздандыру
Жүн және тері,ішіктік заттардың микрофлорасы.ет және тері-ішік шикізаттары өндірістерін ветеринариялық бақылау. Қи микрофлорасының сандық құрамы.Қидағы микробиологиялық үрдістер.Қиды биотермиялық өңдеу
Инфекциялық ауруларға профилактика
Жүн және тері, ішіктік шикізаттардың микрофлорасы. Ет және тері, ішік шикізаттары өндірістерін ветеринариялық бақылау. үрдістер. Қиды биотермиялық өңдеу
Жүн және тері, ішіктік шикізаттардың микрофлорасы. Ет және тері – ішік шикізаттары өндірістерін ветеринариялық бақылау
Жүн және тері,ішіктік заттардың микрофлорасы.ет және тері-ішік шикізаттары өндірістерін ветеринариялық бақылау. 2.Қи микрофлорасының сандық құрамы.Қидағы микробиологиялық үрдістер.Қиды биотермиялық өңдеу
Пастереллез. Pasteurella
Әлия Молдағұлова Мәншүк Маметова
Ассептика мен антисептика
Бастауыш сынып-Көпбұрыштың периметрі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz