Ешкі малына сипаттама
Презентация қосу
Қазақ Ұлттық Аграрлық
Университеті
Е ШК І Л Е РД І АЗ Ы Қ ТА Н Д Ы РУ
ЕР ЕК ШЕЛІ К ТЕ Р І
Орындаған: Кемал Мөлдір
ТППЖ-301
Тексерген: Қадыкен Ризабек
Ешкі малына сипаттама
Ешкі — мүйіз қуыстылар
тұқымдасына жататын жұп тұяқты,
күйіс қайыратын жануар. Үй
ешкілерінің бастапқы тегіне
ешкілердің жабайы екі түрі (безоар
ешкісі, иір мүйізді ешкі), сондай-ақ
жойылып кеткен C. prіsca түрі
жатады. Ешкі – қолға алғаш
үйретілген жануарлардың бірі.
Ешкінің мүйізі қырлы, дене бітімі
жеңіл, құйрығы қысқа келеді. Оның
түбіті, жүні, терісі, еті мен сүті
пайдаланылады. Ешкінің сүтті (
мегрель, заане, орыс ешкілері),
жүндес (ангор ешкісі), түбітті (
придон, орынбор, башқұрт ешкілері
), сүтті-етті жүндес (өзбек, қазақ-
қырғыз, кавказ, бурят-моңғол
ешкілері) тұқымдары бар.
Көбею ерекшелігі
Ешкі тоғыз – он жыл тіршілік етеді. Ешкі
бір – екі, кейде бесеуден лақтайды.
Жақсылап күтсе жылына екі рет төлдейді.
Текесі 60 – 65 кг-ға дейін, ешкісі 40 – 60
килограмға дейін тартады. Жемденген
ешкіден 20 – 28 кг ет, 4 – 6 кг май, жеті – он
айлық лақтан 12 кг ет, 1,5 кг май алынады.
Сүтті ешкілер жылына 450 – 550 кг, кейбір
шаруашылықтарда 1 т-ға дейін сүт береді.
Сүтінің майлылығы 3,8 – 4,5%. Жүндес
тұқымды ешкі қылшығының ұзындығы 15 –
18 см болады. Ешкілерді көктемде, жылы
аудандарда екінші рет тамыз – қыркүйек
айларында қырқады. Текесінен 4 – 6 кг,
ешкісінен 3 – 5 кг қыл алынады. Түбітті
ешкіден 0,2 – 0,5 кг, кейде 2 кг түбіт
алынады. Ешкі терісінен сафиян, шевро
сияқты бағалы былғары жасалады.
Жасы мен жынысына қарай ешкі малының атаулары;
Лақ - алты айға дейінгі ешкінің төлі.
Шыбыш - ерте туған ұрғашы лақтың бір жастан асқаны.
Шыбышша - бір жастан бір-екі ай кішілігі бар, текеге шағылыспай
қалған ұрғашы лақ.
Лақ теке - туғанына алты ай болған лақтың тарттырылмай қалғаны.
Серкешік - еркек ешкінің бір жастан асқанда тарттырылған еркек
лақтың бір жастан асқаны.
Теке - жыныс қабылеті жетілген еркегі.
Туша - екі жастан асып барып лақтаған ешкі.
Сақа ешкі - лақтап жүрген ірі ешкі.
Ту ешкі - ешкінің текеден бір-екі жыл қашпай немесе қашып кетсе де
буаз болмай, қысыр қалғаны.
Серке - ешкінің тарттырылған еркегі, жасына қарай құнан, серке, дөнен
деп аталады.
Азбан теке - алты-жеті жастағы текенің тарттырылып жіберілгені.
Бас серке - ені тарттырылған текенің төрт-бес жастағысы.
Мамандардың пікірінше
АҚШ мамандарының пікірінше, ешкі сүті сиыр сүтіне қарағанда
адамның физиологиялық қажеттіліктерін оңтайлы қанағаттандырады.
Олардың деректеріне сай, сиыр сүтіне аллергиясы бар адамдардың
көпшілігі ешкі сүтін жеңіл көтереді. Бұл пікірді итальяндық медицина
қызметкерлері жоққа шығаруда. Олардың зерттеулері керісінше
нәтиже берген: сиыр сүтін көтере алмайтын балалар ешкі сүтін де
бірдей әсермен қабылдаған. Канадалық дәрігерлердің айтуынша, ешкі
сүті тері мен буын ауруына шалдыққан адамдардың денсаулығына
жақсы әсер етеді, әрі өт-тас ауруларын емдеуде, фибромиома мен
балалар эпилепсиясын емдеуде аса пайдалы.
Авиценна жерлестеріне кәрі жасқа жеткенде ешкі сүтін ұдайы
пайдалануды ұсынған. Ежелгі аңызға сенсек, найзағаймен алысқан
Зевстің өзі Амалтея – тәңірлік керемет ешкісінің сүтін мүйізінен ішкен.
Әл-Фараби ешкі сүті туралы: «ең тұрақты» - деп жазған. Емдік
қасиеттерін күшейту үшін оны түрлі қоспалармен: көз бұршағының
бұлыңғыр тартуына қарсы – күнжітпен, іш өтуге қарсы – теңіз
тастарымен, арпа жармасымен қайнатқан.
Назарлараңызға рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz