Жер құқығы басқа да құқық салалар сияқты өзіне тән құқықтық реттеу


Slide 1

Орындаған:

Қабылдаған:

Жер құқығы басқа да құқық салалар сияқты өзіне тән құқықтық реттеу

Slide 2

Жоспар:

Жер құқығы құқық саласы ретінде.

Жер құқығы ғылым саласы ретінде

Жер құқығы оқу пәні ретінде

Slide 3

Жер құқығы құқық саласы ретінде, ғылым саласы ретінде және оқу пәні ретінде түсінігі

Жер - тұтастай алғандағы адамзат үшін қажетті және басты материалдық ресурс болып табылады. Аталған бұл термин көп қырлы болып табылады және бірнеше мағынада қолданылады:

Жер кең мағынада алғанда Жер шары ретінде түсіндіріледі.

Жер адамның өмір сүретін ортасы және табиғи байлықтардан, жер бедерінен, ландшафттардан құралатын Жер шарының қабаты ретінде.

Жер жер құқығының реттеу пәні ретінде. Бұл тұста біз жер деген түсініктің астарынан табиғи ресурстарды, ауыл және орман шаруашылық өндірістерінің басты өндіріс құралы, құрылыстар, құрылымдар және басқа да объектілер салу үшін қажет болып табылатын кеңістіктің базис деген мағыналарды көре аламыз.

Slide 4

Жер құқығының бар екенін дәлелдейтін мынадай белгілері бар:

Жер құқығы қатынастарының қалыптасуы және дамуы;

Жер құқық қатынастары саласындағы заңдардың қалыптасуы мен дамуы;

Қалыптасқан жер құқық қатынастарын мемлекет тарапынан реттеу механизімінің болуы;

Жер құқығының өзіне тән қағидаларының болуы.

Slide 5

ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ:

Құқық саласы ретінде жер құқығы дегеніміз - жерді пайдалану мен қорғаумен, жерді жеке меншікке және жер пайдалану құқығына берумен байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған құқық нормаларының жиынтығы.

Ғылым саласы ретінде жер құқығы дегеніміз - көптеген ғылыми теориялардың, тұжырымдардың, ой-пікірлерінің және әртүрлі ғылыми көзқарастардың жиынтығы болып табылады. Бұлардың мақсаты ғылыми тұрғыда жер құқығының пайда болуын түсіндіріп беру, оның әрі қарай даму жолына болжам жасау. Сонымен бірге, жер қатынастарын құқықтық реттеудегі ақтаңдақтарды, кемшіліктерді жою, оларды болдырмау және осы саладағы заңдардың өзара қарама-қайшылықтарын жою болып табылады.

Оқу пәні ретінде жер құқығы - дәрістік және тәжірибелік сабақтардың жиынтығы, яғни, жер құқығы ғылымының негізгі ережелерінің белгіленген жүйе бойынша мазмұндалуы болып табылады.

Slide 6

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 12-бап 14-тармағына сәйкес, жер дегеніміз:

Қазақстан Республикасының егемендігі белгіленетін шектегі аумақтық кеңістік, табиғи ресурс, жалпыға ортақ өндіріс құралы және кез-келген еңбек процессінің аумақтық негізі.

Slide 7

Жердің күнделікті өмірде атқаратын қызметі мен рөлін анықтап алуға болады:

Жердің саяси-құқықтық қызметі. Яғни, мемлекетіміздің егемендігі белгіленген шекара шегіндегі, Қазақстан халқының тұрғылықты тұрақты мекені;

Жердің экологиялық қызметі. Яғни, жер қоршаған ортаның құрамдас және ажырамас бөлігі, табиғи ресурс;

Жердің экономикалық қызметі. Яғни, жер жылжымайтын мүлік ретінде танылып, азаматтық айналымның объектісі ретінде елдің байлығы байлығы.

Жердің әлеуметтік қызметі. Жер адамдардың өмір сүру негізі және еңбек процесінің аумақтық негізі болып табылады.

Slide 8

Жер құқық қатынастарының өзіне тән белгілері:

бұл қатынастар жерді пайдалану мен қорғауды қамтамасыз етеді;

бұл қатынастар жерді меншік обьектісі, пайдалану обьектісі, аумақтық кеңістігі және табиғат байлығы ретінде қарастырады;

бұл қатынастар жер құқық нормаларымен қатар, өзге құқық салаларының нормаларымен реттеледі;

бұл қатынастар тек жер учаскесін пайдалану емес, сонымен қатар, жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүлікті де пайдаланумен байланысты қатынастар;

бұл қатынастар міндетті қатысушысы мемлекет немесе мемлекет мүддесін білдіретін билік органдары болып табылатын жер ресурстарын басқарумен байланысты қатынастар.

Slide 9

Жер құқығының пәні. Жер құқық қатынастары: түсінігі, обьектісі, субьектісі және түрлері


Ұқсас жұмыстар
Жер пайдалану құқығы және жерге өзге де құқықтар
Азаматтық құқық
Құқық саласы
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ
Қазақстан Республикасының Жер құқығының негіздері
Азаматтық құқық қағидалары
Азаматтық құқық қатынастарының түрлері
Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы
Азаматтық құқықтық обьектілері
Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері жеке тұлға заңды тұлға
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz