Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар: ҚР Қылмыстық кодексінің 156-164-баптарын талдау


Slide 1

Орындаған:

Қабылдаған:

БЕЙБIТШIЛIККЕ ЖӘНЕ АДАМЗАТ ҚАУIПСIЗДIГIНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР

Slide 2

Бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың топтық объектісі халықаралық құқық нормаларымен белгіленген жалпыға бірдей бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздік болып табылады. Осы қылмыстардың кейбір құрамдарының міндетті белгісі қылмыстың заты (ҚК-тің 158-бабындағы - химиялық, биологиялық және жаппай қырып жоятын қарулар) болады. Объективтік жағынан осы топқа жататын қылмыстар қоғамға қауіпті іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Осы тараудың дені формальдық құрамға жатады. Тек ҚК-тің 161-бабындағы қылмыс - экоцид құрамы үшін қоғамға қауіпті зардап - экологиялық апаттың болуы қажет. Субъективтік жағынан осы тараудағы барлық қылмыстар тікелей қасақаналықпен, ал кейбір құрамдар белгілі бір мақсатпен (160, 163-баптар) жасалады. Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған есі дұрыс адам. Кейбір қылмыс субъектісі - арнаулы субъект мемлекеттік жауапты қызмет атқаратын адам (157-баптың тармағы) . Тікелей объектісіне байланысты талданып отырылған қылмыс қылмыс құрамдары мына төмендегідей топтарға бөлінеді:

Slide 3

Бейбітшілікке қарсы қылмыстар: басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру немесе жүргізу (156-бап) . Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария түрде шақыру (157-бап) . Жаппай қырып-жою қаруын өндіру немесе тарату (158-бап) . Соғыс қылмыстары: Соғыс жүргузудің тыйым салынған құралдары мен әдістерін қолдану (159-бап) . Жалдамалылық (162-бап) . Адамзатқа қарсы қылмыстар: Геноцид (160-бап) . Экоцид (161-бап) . Халықаралық қорғау аясындағы адамдар мен ұйымдарға қарсы қылмыс: Қылмысты халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұжымдарға шабуыл жасау (163-бап) .

Slide 4

Әлеуметтік, нәсілдік ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылдықты насихаттауға немесе үгіттеуге жол бермеу жөніндегі конституциялық принципке қол сұғу; әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру (164-бап) .

Slide 5

156-бап. Басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандаыру немесе жүргізу. Қылмыстың тікелей объектісі - бейбітшілік пен мемлекеттердің бейбіт өмірін қорғайтын қарым-қатынастар танылады. Қылмыстың объективтік жағын үш қоғамға қауіпті әрекет құрайды: 1) басқыншылық соғысты жоспарлау; 2) әзірлеу; 3) тұтандыру; Қылмыстың субъективтік жағы - тікелей қасақаналық. Субъектісі - 16 жасқа толған есі дұрыс адам. Арнайы субъектісі мемлекеттік қызметті атқаратын адам.

Slide 6

157-бап. Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария түрде шақыру. Тікелей объектісі болып мемлекеттердің бейбіт өмірін қорғаудағы және бейбітшілшікті қамтамасыз ету жолындағы қоғамдық қарым-қатынастары табылады. Қылмыстың объективтік жағының белгілеріне: 1) басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу; 2) басқыншылық соғысты тұтандыруға жария түрде шақыруы жатады. Қылмыстың субъективтік жағы - тікелей қасақаналық. Субъектісі - 16 жасқа толған есі дұрыс адам. ҚК 157-бабының 2-бөлігі қылмыс құрамының дәрежеленуші белгісі түрінде, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып жасалған не мемлекеттік жауапты қызмет атқарып жүрген лауазымды адам жасаған нақ сол әрекеттерді қамтиды.

Slide 7

158-бап. Жаппай қырып-жою қаруын өндіру немесе тарату. Тікелей объектісі - жаппай қырып-жою қаруын өндіру немесе таратудан сақаталанылатын мемлекеттердің бейбіт өмір сүруі мен әлем тыныштығын қамтамасыз ететін қоғамдық қарым-қатынастар. Қылмыстың заты болып, ҚР халықаралық шарттары мен тыйым салынған химиялық, биологиялық және басқа да жаппай қырып-жоюға ұшырататын қарулар болып табылады.

Қылмыстың объективтік жағының белгілеріне: а) кез-келген жолмен (қолдан жасау, лабораториялық, заводта) жаппай зақым келтіретін қару өндіру, өндірудің барлық сталары; б) жаппай қыоыр-жою қаруын сатып алу, яғни иелену, айырбастау, сыйға тарту, тонау т. б. әрекеттер нәтижесінде мұндай қарудың қожайынына айналуы; в) жаппай қырып-жою қаруын өткізу, қылмыс затын қайтарымды не қайтарымсыз түрде басқа біреудің иелегіне беру (сату, айырбастау, сыйға тарту т. б. ) Қылмыстың субъективтік жағы - тікелей қасақаналық. Субъектісі - 16 жасқа толған есі дұрыс адам.

Slide 8

159-бап. Соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары мен әдістерін қолдану. Тікелей объектісі - әскери қимылдарды, құралдар мен әдістер қолданудағы халықаралық міндеттемелерді орындаудықамтамасыз ететін белгіленген әділ қоғамдық қарым-қатынас болып табылады.

Қылмыстың объективтік жағының белгілеріне: 1) әскери тұтқындарға немесе әскери емес тұтқындарға қатыгездікпен қарау; 2) әскери емес тұтқындарды күшпен көшіру; 3) басып алынған аумақта ұлттық мүлікті тонау; 4) ҚР-сының халықаралық шартымен тыйым салынған құралдар мен әдістерді әскери жанжалда қолдану. Қылмыстың субъективтік жағы - тікелей қасақаналық. Субъектісі - 16 жасқа толған есі дұрыс адам, әскери жанжалдың құрамына кіретін қатысушы адамдар табылады.

Slide 9

160-бап. Геноцид. Тікелей объектісі - ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе діни топтардың қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ететін қоғамдық қарым-қатынастар.

Қылмыстың объективтік жағы, яғни ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе діни топты толық немесе ішінара жоюға бағытталған арнайы әрекеттерден тұрады: -осы топтың мүшелерін өлтіру; -олардың денсаулығына ауыр зардап келтіру; -бала тууға күшпен бөгет жасау; -балаларды мәжбүрлеп біреуге беру; -күшпен көшіру немесе осы топтың мүшелерін қырып-жоюға есептелген өзге де тіршілік жағдайларын туғызуы мүмкін әрекеттері. Қылмыстың субъективтік жағы - тікелей қасақаналық. Субъектісі - 16 жасқа толған есі дұрыс адам.

Slide 10

161-бап. Экоцид. Тікелей объектісі - экологиялық қауіпсіздікт қамтамасыз етуге бағытталған қоғамдық қарым-қатынастар танылады. Қылмыстың заты болып, өсімдіктер немесе жануарлар дүниесі, атмосфера, жер немесе су ресурстары.

Қылмыстың объективтік жағының белгілеріне: а) өсімдіктер немесе жануарлар дүниесін жаппай жою; б) атмосфера, жер немесе су ресурстарын улау; в) экологиялық апатты туғызған немесе туғызуы мүмкін өзге де іс-әрекеттерді жасау, сондай-ақ әрекет пен түскен зардаптың арасындағы себептік байланыс. Қылмыстың субъективтік жағы - тікелей қасақаналық немесе жанама қасақаналықпен сипатталады. Субъектісі - 16 жасқа толған есі дұрыс адам.

Slide 11

162-бап. Жалдамалылық.

Тікелей объектісі - қарулы қақтығыстардың құқықтық реттелу қағидаларының сақталуын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар. Қылмыстың объективтік жағының белгілеріне: а) азғырып көндіру; б) оқытып-үйрету, в) ұаржыландыру немесе өзге де материалдық қамтамасыз ету; г) қарулы жанжалда немесе соғыс қимылдарында пайдалану. Қылмыстың субъективтік жағы - тікелей қасақаналық. Субъектісі - 16 жасқа толған есі дұрыс адам.

Slide 12

163-бап. Халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұймдарға шабуыл жасау.


Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар: ҚР Қылмыстық кодексінің нормалары, объектісі және субъектілері
Қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар: ҚР Қылмыстық кодексінің 53-бабының талдауы
Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар: ҚР Қылмыстық кодексінің 205-213 баптарына талдау
Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар: құқықтық-қылмыстық талдау
Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар: қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 187-204-баптары: меншікке қарсы қылмыстардың құқықтық талдауы
Қылмыстық құқық бұзушылықтың анықтамасы және ҚР ҚК бойынша жіктелуі
Жеке тұлғаның халықаралық қылмыстық жауапкершілігі: халықаралық әскери трибунал тәжірибесі және Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі
Сот төрелігіне қарсы қылмыстар: құқықтық және криминологиялық аспектілер
Қылмыстық құқық бұзушылықтың түсінігі, санаттары және ҚР ҚК баптары бойынша жіктелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz