Жоғары ми функциясының зақымдалуы симптомдары


Slide 1

Жоғары ми функциясының зақымдалуы симптомдары

Орындаған: Аймбетова Л. 201 НҚР

Slide 2

Көптеген жылдар бойы бас миы қыртысындағы функцияның орналасуы жөнінде 2 теория болды.

1 теория - тар локализм теориясы- жеке зоналарға, мидың нүктелеріне дейін ең күрделі жеке қызметтер тән.

2 теория - эквипотенциал теориясы - бүкіл қыртыс бетінің біртұтастығы, яғни бүкіл қыртыс барлық функцияларға жауапты. Үлкен ми жарты шарлары қыртысында

ғы қызметтердің орналасуы И. П. Павлов еңбегіне сүйенсек, нерв жүйесінің қызметі анализатор жұмысымен байланысты, ол қабылдайтын бөлімнен (афферентті), қыртысты және эффекторлы бөлімнен тұрады. Қыртысты бөлім «ядромен» және»шашылған элеметтерден» тұрады. «Ядро» зақымдалған кезде, оның маңайында жақын жатқан жасушалар өзіне негізгі орталықтың жұмысын алады, яғни орталық нерв жүйесінің жұмысы әрдайым компенсацияланып отырады деген сөз. Анализатордың қыртысты бөлімінде вертикалды 2 топты жасушалар зонасы анықталады. Қыртыстың 6 қабат жасушаларының төменгі қабаттары периферикалық рецепторлармен (4 қабат-ішкі дәнекті) және бұлшық еттермен (5 қабат үлкен пирамида клеткалары) байланысады. Олар біріншілік немесе проекциялы қыртысты зона деп аталады, себебі әрдайым анализатордың перифериялық бөлігімен байланыста болады.

Slide 3

Үлкен шартышарлар қыртысының құрылымы

Slide 4

Бас миы жартышаралары қыртысының жоғары қабаттары:

2 - ұсақ дәнекті жасушалар

3 - қабат кіші пирамида жасушалары

Оларда қыртыстың басқа бөліктерімен ассоциативті байланыстар орнағандықтан оларды екіншілік зоналар деп немесе проекционды-ассоциативті зоналар деп атайды.

Біріншілік зоналардың тітіркенуі, мысалы, сенсорлы, тітіркену кезінде элементарлы сезімдер пайда болады. Мысалы, шүйде қыртысының біріншілік зонасын тітіркендірген кезде фотопсия пайда болады, ал екіншілік зонасын тітіркендірген кезде- күрделі көру галлюцинациялары - адамдар, жануарлар, заттар пайда болады.

Slide 5 Slide 6

Маңдай бөлік симптомдары

Контралатеральды қол немесе аяқтың орталық параличі немесе тіл бұлшықетінің (орталық алды иірім зақымдалған кезде)

Қарсы жаққа қараудың парезі (орталық маңдай иірімнің артқы бөлігі)

Паркинсонизм, сирек гиперкинездер

Янишевский-Бехтеревтің ұстап алу феномені

Маринеску-Родовичи рефлексі

Хоботковый рефлексі

Маңдай атаксиясы (астазия-абазия)

Моторлы афазия (Брок зонасы)

«Жекеленген» аграфия (ортаңғы 2-ші маңдай иірімінің артқы бөлігі) Апатико-абулиялық синдром, маңдай юморы (мория) эйфория

Slide 7

Маңдай бөлігі - тітіркені синдромдары

Джексонның тартылу ұстамалары - тонико-клоникалық (алдыңғы орталық иірім)

Оперкулярлы ұстама- ( төменгі маңдай иірімнің жабатын бөлігі)

Адверсивті ұстамалар - (ортаңғы маңдай иірімінің артқы бөлігі )

Маңдай автоматизм ұстамасы - күрделі пароксизмді психикалық бұзылыстар, тәртібінің бұзылуы, бұл кезде науқастар қоршаған ортаға қайшы келетін қимыл қозғалыстар жасайды (өртеу, өлім) .

Кіші эпилепсиялық ұстамалар - лезде, бірнеше секунд ішінде науқас сөзі тоқтап, қолынан заттары құлап, көрініс беретін ұстама.

Slide 8

Төбе бөлік симптомдары

Анестезия

Астереогноз А

праксия (доминантты жартышарда) - идеаторлы немесе конструктивті

Аутотопагнозия - науқас өзінің дене бөліктерін танымау немесе бұрмалап қабылдау, сол мен оңды айыра алмау Төменгіквадратты гемианопсия - төбе бөлігінің тереңінде

Псевдополимелия

Анозогнозия

Slide 9

Самай бөлік симптомдары

Есту агнозиясы

Жүйелі бас айналу ұстамасы

Контралатеральды астазия-абазия

Жоғарыквадратты гемианопсия - самай бөлік тереңінде

Сенсорлы афазия Амнестикалық афазия

Slide 10

Самай бөлік - тітіркену симптомдары

Галлюцинациялар және үлкен генерализденген ұстамалар әр түрлі аурамен бірге:

Иіс сезу (Гешле иірімі)

Дәм сезу (аралша бөлігі)

есту (жоғарғы самай иірімі)

вестибулярлы (самай, шүйде және төбе бөліктерінің түйіскен жері висцеральды (медиобазальды бөлім)

Түс көрген тәрізді жағдай- ешқашан көрмеген, ешқашан естімеген

Самай автоматизмі - ориентировканың бұзылуы - өз үйін танымайды, мақсатсыз қимылдар жасайды

Кейде кіші ұстамалар қимыл қозғалыс бұзылуынсыз болуы мүмкін.

Slide 11

Шүйде бөлік симптомдары

Жоғарыквадратты гомонимді контрлатеральды гемианопсия (тіл иірімі, ішкі бөлігі)

Төменгіквадратты гомонимді контролатеральды гемианопсия (клин)

Көру агнозия (сыртқы бөлімі)

Алексия (жазуды түсінбеу) шүйде және төбе бөлік шекарасында

Акалькулия (санаудың бұзылу)

Контралатеральды атаксия

Метаморфоксия (көрген заттарды бұрмалап қабылдау- микропсия, макропсия)

Slide 12

Шүйде бөлік тітіркену синдромы

Фотомдар - шүйде бөліктің ішкі беткейінің тітіркенуі

Кинофильмдер, мультиктер, кадрлар - шүйде бөліктің сыртқы беткейінің тітіркенуі кезінде

Slide 13

Гнозис және оның бұзылыстары

Гнозис (греч. gnosis - білу, білім) - бұл заттарды сезім мүшелері арқылы қабылдап, тану. Оның бұзылысы- агнозия деп аталады. Көбінесе, екіншілік зоналар деңгейіндегі қандайда бір анализатордың зақымдалуы кезінде пайда болады.

Көру агнозиясы шүйде бөлігінің сыртқы аймақтары зақымдалған кезде пайда болады. Науқас заттарды танымайды, тек олардың кейбір қасиеттерін ғана көреді, соған байланысты сол зат туралы мағлумат жинайды. Жиі науқастар «білмеймін», «көрмеймін» деп жауап береді, бірақ заттарға соғылмай айналып өтеді.

Есту агнозиясы заттарды көрмеу, оларға тән дыбыстар арқылы заттарды ажырата алмау. Бұл кезде есте анализаторы зақымдалмаған. Есту агнозиясы доминатты жарты шардағы самай бөлігіндегі екіншілік зоналар зақымдалған кезде дамиды.


Ұқсас жұмыстар
Неврология аурулары, ауру симптомдары және жүйке жүйесінің диагностикасы
Алдыңғы және артқы аяқ жүйкелерінің салдануы
Сыртқы сәулелену салдарынан сәулелі зақымдалу
Митохондриялық тұқым қуалайтын аурулар
Көз - оптикалық жүйе
Спастикалық диплегия
Параличтер - бұлшықет күші жойылу салдарынан ерікті қимылдарды орындай алмау
Сөйлеу тілінің сөйлеу тілінің дамуы
Жүректің созылмалы аурулары
Төменгі аяқ артерияларының атеросклерозы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz