Әмір Темір, оның мемлекеті және жаулап алушылық жорықтары


Slide 1

Қ. А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті

Тақырыбы: Әмір Темір, оның мемлекеті және жаулап алушылық жорықтары

Тобы: ЖМ-106

Орындаған: Шерин А.

Қабылдады: Зұлпыхарова Э.

СӨЖ

Slide 2

Жоспар

Әмір Темір -әлемдік сахнадағы тарихи тұлға

Әмір Темірдің жорықтары

Әмір Темір жорықтарының зардаптары.

Әмір Темір мемлекетінің мәдениеті

Slide 3

Мақсаты

Әмір Темірдің тарихтағы алатын орынымен таныстыру

Әмір Темір жасаған жорықтар туралы мәлімет беру

Әмір Темір саясатының пайдасы мен зиндары туралы ақпарат беру

Slide 4

Тараулар

Дүниеге келуі

Сауаттылығы

Жаулап алу жорықтары

Саясатының зияны

Саясатының жақсы жақтары

Дүниеден өтуі

Әмір Темірдің 12 өсиеті

Қорытынды

Қорытынды тест

Пайдаланылған әдебиттер

Slide 5

Әмір Темір - әлемдік сахнадағы тарихи тұлға

Әмір Темір (Темір бін-Тарағай Барлас, парсыша: تیمور لنگ‎‎ - Тимур-е Ләнг, Ақсақ Темір, Темірлаң) (1336-1405 жж. ) - Орталық Азия жаһангері. Ұлы Түркістан өсірген ұлы тұлға, әскери қолбасшы және мемлекет қайраткері Әмір Темір Ғұн, Көктүрік және Ұйғыр мемлекеттерінің ізін ала тарихы сахнасына шыққан Монғол империясынан соң шамамен 150 жылдан кейін Түркістанда билік құрған. Темір түрік мемлекеттерінің аңсаған арманы, түрік әлем билігіне қол жеткізу жолында 35 жыл үздіксіз күрескен.

Slide 6

Қазіргі тарихшы Шерефеддин Али-и Иездиннің «Зафарнама» атты еңбегіндегі деректерге қарағанда Әмір Темір 25 шабан 736 ж. (9 сәуір 1336 ж. ), он екі жануардан тұратын түрік күнтізбесіне қарай тышқан жылы Кеш (Шахризабс) жанындағы Қожа Ылғар ауылында дүниеге келген. Әкесі Барлас аймағының бейі Тұрағай, ал шешесі Тәкіне хатун еді. Балалық шағы сонда өтті. Жастық шағынан садақ атуды, ат үстінде шабуды, аң аулауды ұнататын. Оның саяси қызметінің басталуы Моңғол ханы Шыңғысханның өмірбаянымен ұқсас іспетті. Темір ғалымдардың шығармаларын оқуды, олармен әңгімелесуді ұнататын. Ол өзінен кейін ондаған монументальді архитектуралық құрылыстар қалдырды, кейбіреулері әлемдік мәдениеттің қазынасы делінді. Ол көбіне өзіне жақын Мауаранахрды көркейтуге көп күш жұмсады, Самарқандтың гүлденуіне барын салды.

Slide 7 Slide 8

Ташкенттегі Әмір Темір ескерткіші

Slide 9

Әмір Темірдің Самарқандтағы ескерткіші

Slide 10

Темір барлық жаулап алған жерлерінен сәулетшілерді, шеберлерді, зергерлерді өзінің империясының қалалары: астанасы- Самарқандты, әкесінің елі- Шахрисабызды, Бұқараны, Түркестанды салуға айдап әкеп отырды.

Көреген әмірші және дарынды қолбасшы. Жаулаушылық барысында қатал басшы болды, бағынбағандарды аяусыз жазалады.

Оның әкесі Тарағай барлас тайпасының көсемі болды. Ол екі рет үйленген: бірінші әйелі Темірдің анасы Текин-қатын, екінші әйелі- Қадақ қатын болды.

Темірдің үш ағасы және екі әпкесі болды. Әпкелері Темір тірісінде қайтыс болды, олар Самарқандтағы Шахи-Зинда кесенесінде жерленген.

Темірдің бірінші рухани ұстазы - сопы шейх Шамс Кулял ад- Дин болды. Негізгі рухани ұстазы - шейх Мир Сейд Береке болды. Ол 1370жылы Темір билікке келген кезінде оған биліктің символы- дауылпаз бен белгіні табыстайды. Онымен бірге жорықтарға қатысады. 1391жылы Темірге Тоқтамыспен болған шайқасы алдында оған өз батасын береді.

Slide 11

Әмір Темір Самарқандта тойда

Slide 12

Самарқандтағы Темір әпкелеріне арналған Шахи-Зинда кесенесі

Slide 13

Самарқандтағы Темірдің ұстаздарына арналған Рухабад кесенесі

Slide 14

Әмір Темірдің сауаттылығы

Әмір Темір 1391жылы Тоқтамысқа қарсы соғысы кезінде Алтын Шоқы тауына 8қатар ұйғыр әріптерімен шағатай тілінде және 3қатар араб тілінде Қоран үзінділерін жазғызады. Қазір бұл тас Санкт- Петербургта Эрмитажда сақталады.

Темір мемлекетінің заңды құжаттары екі тілде жүргізілді: парсы және түркі тілінде.

Әмір Темірдің 18 әйелі болды, ең сүйікті әйелі Әмір Хусейн Улджай Турханның әпкесі болды. Басқа деректер бойынша ең сүйікті әйелі Сарай Мульк болған делінеді. Оның өз балалары болмаған, бірақ Темірдің балаларын оған тәрбиелеуге берген. Әйелінің бұйрығымен Самарқандтта үлкен медресе және оның анасына арнап кесене салынады.

Slide 15

Темір түрік, тәжік тілінен өзге парсы тілін де жақсы меңгерген, ғалымдардың тарихи шығармаларын тыңдап, сөйлесуді ұнататын және өзінің әңгімелерімен мұсылман тарихшыларын таң қалдыратын. Бұл туралы Академик В. В. Бартольд Темірдің өзі түркі тілінен өзге парсы, тәжік тілдерін еркін меңгерген. Али Йездидің хабарлауынша ғалымдар түркі және тәжік тілдерінде жазған және кеңес өткізген. Ол көшпелілікпен қатар сол кезде билік барлас бегі Қажы Барластың қолында болған Шахрисябзға жиі барып тұруының арқасында қала өмірін де жақсы білді. Әмір Темірдің «Әмір Темір аманаты» кітабында оның жастық шағы туралы мәліметтер айтылады: «Жеті жасқа толғанымда, мені медресеге тапсырды және қолыма сөздер кестесін ұстатты. Оқи бастадым, жетістіктерге кереметтей сүйіндім. Тоғыз жасқа толғанымда, бес уақыт намазды үйрендім және мектептегі барлық оқушыларға бастық болып алдым. Өзім қатысқан барлық жиындарда ғұламалардың жанына отыруға ұмтылдым. Тіземен шөкелеп отыратынмын. Үлкендерді құрметтеуді әдетке айналдырдым. Көшеде балалармен ұрыс-ұрыс ойынын ойнап, өзімді әмір етіп тағайындадым, ойынды басқаратынмын және бір топты екінші топпен ұрысуға машықтандыратынмын»

Slide 16

Әмір Темір және оның туыстары жерленген Гур-Эмир кесенесі

Slide 17

Әмір Темірдің жерленген қабірі

Slide 18

Әмір Темірдің тастан жасалған тағы

Slide 19

Жаулап алу жорықтары

1347жылы Шағатай ұлысы екіге бөлініп кетті: Мауаранахр және Моғолстан

Әмір Темір 1370жылы Мауаранахрды басып алды. Солан 35жыл бойы- 1405жылға дейін жеке дара билік жүргізді. Алтын Орданы басып алудан бұрын оның өзіне жақын бөлігі Ақ Орданы әлсіретуді көздейді.

Ақ Орданың ханы Ұрыс Алтын Орданың астанасы Сарай қаласын басып алуға көмектескені үшін Жошы ұрпағы Түйқожаны жазалайды. Ал оның баласы Тоқтамыс Ақ Ордадан Темірге қашып барады. Тоқтамыс уақыт өте келе Темірдің тапсырмасын жүзеге асырған соң, өзін Ақ Орда билеушісі деп жариялап, Темірге тәуелділіктен бас тартады. Оны жазалау үшін Әмір Темір 1391 жылы оған қарсы жорыққа шығады, Құндызша деген жерде Тоқтамыстың әскерін қуып жетіп, қирата жеңеді. Тоқтамыс қашып құтылады. Әмір Темір 1395жылы Тоқтамысқа қарсы тағы да жорыққа шығады. Соғыс Терек деген жерде өтеді. Әмір Темір жеңіске жетеді.

Slide 20

Әмір Темір әскери әрекеттерін шыңғыс хан немесе басқа да түрік билеушілері секілді географиялық кезекпен (Шығыс-Батыс) жасамаған. Оның күрес аймағы Еділ өзенінің Бағдат, Шам, Измир қалаларына, Дешті-Қыпшақ Үндістанға дейін созылған.

Жорықтары:

Хорезм жорығы (1371-1379 ж. ж. )

Монғолдар (Қашқар және Ыстық көл) және Дешті-Қыпшаққа жасаған жорықтары (1375-1380 ж. ж. )

Хорасан жорығы (1380-1384 ж. ж. )

Үш жылдық қорығы (1386-1388 ж. ж. )

Тоқтамысқа қарсы жасалған бірінші жорық (1388-1391 ж. ж. )

Бес жылдық жорығы (1392-1396 ж. ж. )

Тоқтамысқа қарсы жасалған екінші жорық (1395-1396 ж. ж. )

Үндістан жорығы (1398-1399 ж. ж. )

Жеті жылдық жорық (1399-1404 ж. ж. )

10. Қытай жорығы (Осы жорық кезінде 1405 жылы 18 ақпанда 69 жасында қайтыс болған)

Slide 21

Әмір Темір алғашқы жорығын Шағатай хандығының мұрагері ретінде Шыңғыс ханға қарсы жасады. Ол көзі тірісінде мемлекетін ұлдары арасында бөлістіре келіп, Хорезм аймағын Шағатайға берген еді. Бірақ кейінгі өзгерістердің нәтижесінде Хорезм аймағы сол жылдары қоңыраттардың қолына өтті. Темір қоңыраттарға қарсы бірінен кейін бір төрт рет жорық жасап Хорезмді өз қолына кірітті.

Алтын Орда билігі үшін болған күрестердің нәтижесінде Ұрыс ханның жиі Тоқтамыс Темірді паналаған. Әмір темір Ақ Орда мен Алтын Орданың бірлесуі өзінің мемлекеті үшін қауіп төндіретіндігін ойлап, әлсіз Тоқтамысты Ұрыс ханнан төрт рет жеңіліп қалғанына қарамастан Темір өз ойын жүзеге асыруды жалғастыра берді. Нәтижеде, Тоқтамыс алтын Орда билігін өз қолына алды. Бірақ, біраз уақыт өткеннен кейін Темір мен Тоқтамыстың арасы алшақтаған. Осы кезде Темір Тоқтамысқа қарсы жасаған үш жорығынан кейін мемлекеттің ыдырауына себеп болған.

Slide 22

1386 - 1388 жылдар арасында жасаған жорықтарының нәтижесінде Кавказ бен Грузияны өз қол астына алды.

Темір 1392 - 1396 жылдары арасында қазіргі Иран, ирак, сирия және Анадолыдағы саяси құрылымдарға қарсы жорықтарға ұйымдастырылған.

1398-1399 жылдары Темірдің Үндістанға жасаған жорығы ол жердің байлықтарынан пайдалануға бағытталған еді. 1399-1404 жылдары арасында жасаған жорықтары Орта шығыс және анадолының Темір билігіне өтумен аяқталған.

Темірдің жорықтары, басты дұшпандарының әлсіз және жалғыз болуымен тікелей байланысты, жаулары мен шарттарды үнемі өзіне қолайлы кезеңдерге таңдап отырған. Сонымен қатар ол жорықтары барысында қауіпті жағдайларда кері шегінген. Уақыт пен негіздің саяси болуына көңіл бөлген. Жауларының жасаған саяси және әскери қателіктерін пайдалана білген.

Әмір Темірдің жетістіктерінің нәтижесінде Түркістанда монғол билігінің орнына түрік билігі, Шығыс империясының орнына Темір империясы құрылған.

Slide 23

1383 жылы себзебарде Темір билігіне қарсы сербедарлардың көтерілісі бұрқ ете түсті. Осы жылдың қараша айында Темір Себзеварды алып, бекінісін қиратты. 2000 мың көтерілісші жазаланды. Оларды тірідей қамал қабырғаларына көміп, дуал тұрғызды. Сол жылы Темір Систан мен Кандахарды бағындырды. 1384 жылы Темір Гурганды бағындырып, Әмір Валидың мемлекетін қиратады. Солтүстік Иранда Дамганнан Сұлтаниеге дейінгі өңірді бағындырады.

Ішінара қырықысып жатқан Жалайырлар мемлекеті тарапынан Темірге ешқандай қарсылық ұйымдастыралмады. Бұл мемлекетті Темірге дейін Тоқтамыс та 1385 жылы жорық жасап тонаушылыққа ұшыратқан болатын. Ал Темір 1386 жылы жорық ұйымдастырп, Тебризді басып алады да ондағы ең таңдаулы қолөнершілерді бірге Самарқандқа алып кетеді.

Slide 24

1387 жылы Закавказьеге жорық жасағаннан кейін Темір Музафаррид мемлекетіне жорық жасап, Исфаханды бағындырып оған ауыр кантрибуция жариялайды. Темірдің қала халқына салған ауыр салған салығына қарсы көтеріліс болды. Бірақ ол аяаусыз жаншылды. Иранның оңтүстік өңірін бағындыру 1393 жылға дейін созылды. Ал оған дейін Темір 1392 жылы Гурганда орын алған халық наразылығын басып, Мазендарандағы сеийдтер мемлекетін жойды. Осылайша 1393 жылы Иранның бүкіл териториясы Темір империясының құрамына кірді.

Парсы халықтарымен Кавказ халықтарын жаулап алу жылдарын 1392-1398 жылдар аралығы қамтыды.

1398 жылы Темір әскері Үндістанға басып кірді. Сол жылы үндістер алынбайтын қамал деп есептейтін Мератх қамалын алады. Келесі шешуші шайқастарының бірі Ганг өзенінің бойында орын алды.


Ұқсас жұмыстар
Самарқан қаласынан
Ирак
Жошы хан Берке хан Жәнібек хан
Моғолстанға билік еткен хандар
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары жайлы
Жошы ханның баласы
ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕГІ КЕЙІНГІ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕР
XVII ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ
Ұлыс хандары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz