Эмоционалды стресс




СӨЖ
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті
Эмоционалды стресс

ЖОСПАР
І тарау
1. 1 Стресс дегеніміз не ?
1. 2 Стресс түрлері
1. 3 Стрестің даму сатылары
ІІ тарау
2. 1 Эмоционалды стрестің алдың алу шаралары
2. 2 Стресстің пайдасы
2. 3 Стрестен арылу

Мақсаты
Эмоционалды стресс туралы ақпарат беру
Стрестердің түрлерімен таныстыру
Стрестің алдын алу және жеңу жолдарын үйрету

\
Стресс - бұл ерекше ситуациялардан туындайтын эмоционалды күй.
Алғаш стресс терминін Канада физиологы Ганс Селье медицина тәжірибесінде анықтады



Стрестің алдын алу үшін қалыпты демалыс, жүйелі түрде тамақтану, белсенді түрде жұмыс жасау, релаксациялық жаттығуларды жасау, спортпен шұғылдану. Сондай-ақ әрдайым өмірдің мәні туралы ойланып, мақсат қоя білу. Сонда бәрі жақсы болады.

Стресс - біздің заманымыздың жағымсыз белгілерінің бір түрі. Күнделікті шектен тыс жүктемелер біздің жүйкемізді шаршатады, қозғыш қылдырады. Күнделікті осындай қоздырғыштармен қалай күресіп жүрміз? Критикалық кездерде өз-өзімізді басқара аламыз ба? Өйткені стрестен құтылып қана қоймай, біз оны өз пайдамызға да асыра аламыз. Одан құтылудың қажеті жоқ, тіпті онымен күресу амалдарын білу үшін арнайы лекцияларға да бару керек емес. Сол үшін стресс дегеніміз не және онымен қалай күресу керек, соны анықтап алайық!

Стресс - қоршаған ортаның жағымсыз әсерлеріне ағзаның қорғаныштық реакциясы. Стресс - бізді үнемі қоршап жүреді. Ол таң атқаннан сағаттың қоңырауынан басталып, кейін. . . жол кептелісі, оқу үрдісі, жұмыс, туыстарыңмен ренжісулер, ұйқының қанбауы және т. б. Стрессіз өмір сүру мүмкін бе? Ғылымның дәлелі бойынша мүмкін емес. Өмір үнемі тұрақтылық пен тыныштыққа шыдай алмайды, себебі осылардың өзі стрестің көзі болып табылады. Сондықтан стрестен өлгеннен кейін ғана толық құтылады. Бірақ өзіңнің жан дүние жағдайының жақсаруына осы өмірде де әсер етуге болады.

Стресс адамның психологиялық та, физикалық та денсаулығына теріс әсерін тигізеді. Стресс мінез- құлқын өзгертіп, қорқыныш сезімі, депрессия, невроздар, эмоционалды тұрақсыздық, көңіл- күйдің түсуі, есте сақтаудың нашарлауы, ұйқысыздық, селқостық сияқты психоэмоционалды бұзылыстарға алып келеді.



Жедел стресс кезіндегі "біріншілік көмек"
Стресті жағдайларға ағзаның жауабы бірнеше ғасырдан бері табиғи жолмен қалыптасқан, яғни ағзаны төтенше жағдайларға дайындайды, яғни стресс кезінде бұлшықеттен көп мөлшерде энергия сыртқа шығады. Бұл өз кезегінде мәселенің оңай шешілуіне әкеледі, тіпті сіздің ағзаңызға өзінің оң әсерін де тигізіп кетеді.

Өкінішке орай, қазіргі заманда стресті жағдайдан осылай шығу өте сирек кездеседі. Біздің мүмкіншіліктерімізді заң, әдет- ғұрып ережелері шектейді. Ал стресті жағдайлар одан сайын шығып жатады. Сондықтан стресті жағдайлардан тез шығудың амалдарын үйрену керек. Бірінші және ең бастысы: өз-өзіңізді қолға алып, шоктың дамуын тоқтату үшін, өзіңізге "ТОҚТА!" деп айтыңыз. Қандай жедел жағдайлар болмасын салмақты, сабырлы болуға тырысыңыз. Сіздің орныңызға басқа біреулер жүйкесін тоздырсын! Небір ауыр кикілжіңдерде өз-өзіңізді ұстасаңыз, сіз ол жерде әлсіз жақ болып қалмайсыз. Керісінше: сіз ол жерде мықты және тұрақты тұлға ретінде қаласыз.

Мұрын арқылы баяу, терең дем алыңыз; қысқа уақытқа деміңізді ұстаңыз, содан кейін баяу тынысыңызды шығарыңыз. Әр деміңіз арқылы барлық стерсс, кернеу, қатыгездіктің шығып жатқанын елестетіңіз. Бұл жаттығуды әр дем шығару мен ұстауды ұзарта отырып, 8-10 рет қайталау керек.

Бұлар әр ересек адамның адал және жауапты іс-әрекеті болып табылады, эмоциялардың жағымсыз салдарының алдын алады. Өкінішке орай эмоцияға салынып, бойымызды ашуға алдырып, қатал және дөрекі сөздерді де айтып жібереміз. Оның орнына өзіңіздің ренжісіңіз бен оның себептері туралы өз туысқандарыңызға түсіндіріңіз. Сонда ғана керек емес ренжісулер мен ұрыс-қарыстар болмайды. Егер де жағдайды тез арада өзгерту мүмкін болмаса, оған деген көзқарасыңызды өзгертуге тырысыңыз. Әр оқиғаның оңтайлы жағын іздестіруге ұмтылыңыз.




Бір жыл ішінде жиналған жалпы балл
Ауруға шалдығу қаупі(%)
300-ден аса
80
150 - 300
50
150-ден төмен
35
Стресстік жағдай
Стресс деңгейі (балл)
Күйеуінің немесе әйелінің қайтыс болуы
100
Ажырасу
73
Некелесетін жұбымен ажырасу
65
Абақтыға қамалу
63
Жақын туысының қайтыс болуы
63
Ауру немесе бақытсыз жағдай
53
Некелесу
50
Жұмыстан шығарылу
47
Достасу күйеуімен/әйелімен
45
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz