ҚР кеден құқығы




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-
техникалық университеті

Кафедра: «Қазақстан тарихы және ӘГП»

ҚР кеден құқығы

Орындаған: ВС-21 топ студенті
Садуақасова А.
Қабылдаған: Балжанова Г.Ж

Орал-2017
КЕДЕН ОРГАНДАРЫНЫҢ БІРЫНҒАЙ
ЖҮЙЕСІНІҢ ТҮСІНІГІ.

Қазақстан Республикасының кеден
органдары өз құзыреті шегінде
Қазақстан Республикасында кеден
ісін жүзеге асыратын, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының
заңнамасында көзделген өзге де
өкілеттіктерді орындайтын
мемлекеттік органдар болып
табылады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕН ОРГАНДАРЫ ЖҮЙЕСІ:

1) кеден ісі саласындағы уәкілетті органнан;
2) кеден ісі саласындағы уәкілетті органның
аумақтық (облыстар, республикалық маңызы
бар қала, астана бойынша) бөлімшелерінен;
3) кедендерден;
4) кеден бекеттерінен;
5) кеден одағының кедендік шекарасындағы
бақылау-өткізу пункттерінен;
6) мамандандырылған кеден мекемелерінен
тұрады.
КЕДЕН ІСІ САЛАСЫНДАҒЫ УӘКІЛЕТТІ ОРГАН КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ
КЕДЕН ЗАҢНАМАСЫНА ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫНА СӘЙКЕС:

1) Қазақстан Республикасындағы кеден саясатын жүргізеді;
2) осы Кодексте көзделген нормативтік-құқықтық актілерді әзірлейді
және бекітеді;
3) кеден органдарына басшылықты жүзеге асырады;
4) өзінің құрамына кіретін ведомствоның өкілеттігін айқындайды;
5) ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректер беру,
кедендік бақылау техникалық құралдарының, сондай-ақ ақпараттық
қорғау құралдарының жүйелерін әзірлейді және құрады;
6) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған тізілімге
енгізу туралы шешім қабылдайды;
7) кедендік әкімшілік жүргізуді жүзеге асырады;
8) тауарлар мен көлік құралдарының кеден одағының кедендік шекарасы
арқылы өтуіне кедендік бақылауды жүзеге асырады;
9) сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке
қатысушыларды уақтылы ақпараттандыруды, оның ішінде кеден
одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден
заңнамаларына өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпараттандыруды
тұрақты негізде қамтамасыз етеді;
10) кедендік статистиканы жүргізеді;
4
•• жариялылық
жариялылық принциптерінде құрылады.
принциптерінде құрылады.
•• баршаның
баршаның заң
заң алдындағы теңдігі;
алдындағы теңдігі;
•• сыртқы
сыртқы экономикалық
экономикалық қызметке
қызметке қатысушылардың
қатысушылардың және кеден
және кеден
ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың
ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың
құқықтарын, бостандығын
құқықтарын, бостандығын және
және заңды
заңды мүдделерін қамтамасыз
мүдделерін қамтамасыз
ету;
ету;
заңдылық;
•• заңдылық;
КЕДЕН ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ПРИНЦИПТЕРІ:
КЕДЕНДІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫ.

Кеден органдары өз қызметінде кедендік
бақылауды жетілдіруге, қазіргі заманғы
ақпараттық технологияларды енгізуге,
кедендік рәсімдерді оңайлату мақсатында
барлық операцияларды автоматтандыруға,
олардың айқындығын қамтамасыз етуге,
сыртқы экономикалық қызметке
қатысушыларға жағдай жасау және
материалдық-техникалық базасын
нығайтуға басымдылық береді. Барлық
аумақтық бөлімшелерде ресімдеудің барлық
сатысында жүк кедендік декларациясының
қозғалысын қадағалауға мүмкіндік беретін,
визуалды қадағалау мониторларымен
жарақтандырылған кедендік ресімдеу
орталықтары құрылды,
ӘКІМШІЛІК КЕДЕРГІЛЕРДІ ЖОЮ ЖӘНЕ ҚР КЕДЕНДІК ШЕКАРАСЫ
АРҚЫЛЫ ТАУАРЛАР МЕН КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН ӨТКІЗУДІ ОҢАЙЛАТУ
МАҚСАТЫНДА КОМИТЕТ БІРҚАТАР ШАРАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРДЫ.
Біріншіден. Бақылау өткізу пункттеріндегі бақылау функцияларын (көлікті,
фитосанитарлық, ветеринарлық және санэпидемиологиялық бақылау) кеден
органдарына беруді көздейтін Заң қабылданды.
Осы Заңда сондай-ақ кеден органдарына берілетін құжаттарды 3-тен 1-ге қысқарту
көзделген.
Екіншіден. Зияткердік меншік құқығын қорғау және кедендік құнды анықтау
кезінде қолданылатын ақпараттық анықтамаларды болдырмау кезіндегі кеден
органдарының өкілеттігін кеңейтуді көздейтін За қабылданды.
Үшіншіден. Шекараның қазақстан -ресей, қытай, қырғыз бөлігінде бірлескен
бақылау рәсімдері енгізілді.
Қазақстан мен ҚХР арасында «айналы» статистикадағы көрсеткіштерде оң үдеріске
қол жеткізілді. Кедендік статистика деректерінің алшақтығы соңғы жылдары 2006
жылы 1 млрд. 294 млн. АҚШ долларынан 76 млн. АҚШ долларына дейін төмендетілді.
Төртіншіден. СЭҚ қатысушылар үшін қолайлы жағдай жасау және «Doing Вusiness»
халықаралық рейтингінің көрсеткіштерін жақсарту мақсатында
автоматтандырылған тәуекелді басқару жүйесі енгізілді.
Бесіншіден. «Web-декларант» электронды декларациялау кешені жұмыс істейді.
СЭҚ қатысушының кедендік ресімдеу үшін құжаттар пакетін алыстан
қалыптастыруға мүмкіндігі бар.
Алтыншыдан. «Бірыңғай электронды терезе» құру бойынша жұмыс жүргізілді.
Бизнес процестер айқындалды және осы ақпараттық жүйені құру
Тұжырымдамасының жобасы дайындалды.
ҚР КЕДЕН ОРГАНДАРЫНДАҒЫ БАСҚАРУДЫҢ
ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қазақстан Республикасының егеменді
кеден қызметі 1991 жылғы 12
желтоқсанда ҚР Президентінің
Жарлығымен Қазақстан
Республикасының Кеден комитеті
құрылды.
Сол 1991 жылы біз дің алдымызда
тығыз мерзімде кеден ісі жүйесін құру
және дамыту міндеті тұрды. 1991
жылғы 24 желтоқсанда «Кедендік
тариф және баж туралы», тарифтік
шаралар сыртқы экономикалық
қызметті мемлекеттік реттеу мен
сауда саясатының маңызды құралы
деп танылған Заң бекітілді.
Қазақстанның егемендік пен
тәуелсіздік алуы мемлекеттік басқару
саласындағы жаңалық ретінде
кедендік саланың құрылуына әкелді.
КЕДЕН ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІ

      Кеден органдары контрабанда туралы, кедендік
төлемдерді, салықтарды төлеуден жалтару туралы істер
бойынша анықтау органдары болып табылады, олар бойынша
іс жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
кеден органдарының қарауына жатады.      
Кеден органдары Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексімен қылмыс деп танылған, олар бойынша іс жүргізу
кеден органдарының қарауына жататын құқыққа қарсы
әрекетті дайындайтын, жасайтын немесе жасаған
тұлғаларды анықтау, халықаралық шарттарға сәйкес
халықаралық кеден ұйымдарының, шет мемлекеттердің
кеден және өзге де құзыретті органдарының сауал
салуларын орындау мақсатында жедел-іздестіру қызметін
жүзеге асырады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
КЕДЕНДІК ҚҰҚЫҚ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕДЕН ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстан Республикасының еңбек қорғауының құқықтық негіздері
ҚР Қаржы министрлігінің салықтық түсімдердің түсуі бойынша есебін талдау
Салық салынатын табыс
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары
Жақсы материалдарды жинау үшін жайттарды ескерту
Қазақстан –әлем мойындаған ел
Консулдық алым ставкалары
Сыртқы экономикалық қызмет субъектілеріне салық салу, оның тәртібі және есептелу
Пәндер