Әлеуметтік психологиялық тренинг пәніне кіріспе


Slide 1

Әлеуметтік психологиялық тренинг пәніне кіріспе

Slide 2

Тренинг термині (ағылшын тілінде train, training) - «тәрбие, оқыту, дайындық, жаттығу» деген бір қатар мағананы білдіреді. Топтық психологиялық тренинг кең мағанда да жалпы даму, психологиялық түзету, оқыту және психодиагностика шеңберінде қолданылады.

Әлеуметтік-психологиялық тренинг - адамдардағы психологиялық сипаттағы мәселелерді жою, қылықты түзеп немесе денсаулығын жақсарту үшін оларға психотерапевттік немесе психокоррекциялық әсер ету теориясы мен практикасы.

Тренингтің жеке дара формалары ғылыми негізделіп XX ғасырдың басында теориялық білімнің нәтижелерін жүктейтін шектеулерді жеңу құралы ретінде және еңбек дағдыларын «қауіпсіз» қабылдауға мүмкіндік беретін тәсіл ретінде пайда бола бастады. Сол уақытта еңбекті ұйымдастыруда жоғары қиындықтармен байланысты және экстремалды спецификасы бар мамандардың психоэмоционалды қысымын басу үшін психикалық өзін реттеудің әртүрлі формалары пайда бола бастады.

Slide 3

1970-ші жылдары ГДР-да М. Форвергтің жетекшілігімен ол әлеуметтік-психологиялық тренинг деп атаған әдіс жасап шығарылды. Біздің елге де тренинг осы атауымен келді. Ол тренингті оқытудың бір формасы ретінде ерлі-зайыптылыар арасындағы қарым -қатынасты, балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты, реттеуге пайдаланған.

Егер Артур Ребер құрастырған «Үлкен түсіндірмелік психологиялық сөздікке» жүгінетін болсақ, тренингтің мынадай анықтамасын көреміз: «Жалпы тренинг дегеніміз - олардың жүзеге асырылуы нәтижесінде қандай да бір белгілі реакцияға (реакцияларға) немесе қандай да бір күрделі, шеберліктерді қажет ететін қызметке қатысуға қабілетті организм түріндегі ақырғы өнімді алу үшін жасап шығарылған процедуралар жиынтығы немесе кез келген оқу бағдарламасы». Бұл кез келген, соның ішінде адамды ғана емес, оқытуды қамтитын өте кең анықтама. Бұл анықтаманың негізгі ойы тренингтің жаттығу, дағдылар мен шеберліктерді жинақтау болып табылатындығында.

Slide 4

Тренингтің тағы бір анықтамасын Ю. Н. Емельянов берген: «Тренинг дегеніміз - қызметтің кез келген күрделі түріне, соның ішінде қарым-қатынасқа үйренуге және оны меңгеруге қабілеттіліктерді дамыту әдістерінің тобы»

И. В. Вачков тренингтің мынадай анықтамасын ұсынады: «Практикалық психологияның өзін-өзі тану және өздігінен даму дағдыларын қалыптастыру мақсатында қолданылатын белсенді әдістерінің жиынтығы».

«Психологиялық сөздікте» (1990) әлеуметтік-психологиялық тренинг (ары қарай ӘПТ) «Практикалық психологияның қарым-қатынастағы хабардарлықты дамыту мақсатында топтық психологиялық жұмыстың белсенді әдістерін пайдалануға бағдарланған саласы» ретінде анықталады.

Slide 5

Әлеуметтік- психологиялық тренингтің негізгі мақсаты: - қарым- қатынастағы құзыреттілікті арттыру (арнайы құрылған түрлі формадағы тапсырмалармен нақтылануы мүмкін)

Әрбір әлеуметтік-психологиялық тренингтің негізгі практикалық мақсаты сол тренингтің қатысушысының сана-сезімінің жетілуі болып табылады. Мұнда тек қатысушының сана-сезімінің жетілуі ғана емес сонымен қатар профессионалдық қызметкер ретінде қалыптасуына да басты назар аударылады. Бұл өте маңызды болып табылады, егерде тренинг белгілі бір топпен, ұжыммен жүргізіліп отырса. Ұжыммен жүргізіліп отырған тренингтің маңызы ұжымның әлеуметтік-психологиялық тренинг арқылы өзін-өзі жетілдіруі.

Slide 6

Тренинг-жарқын, эмоцияға толы жаттығу, өзгеруге бағытталған, жеке тұлғаның қатынасын үйлестіретін, білімдерді бойға сіңіру, өзге адамдармен қатынас барысында өзін-өзі ұстауын өзгертуге бағытталған.

Тренер жұмысы-шеберлікті қажет ететін тұлғаның ішкіпсихологиялық құрылымы, топ ішіндегі процестерді басқарушы, топтағы ішкі тәртіпті қадағалаушы.

Slide 7

МАМАНДАР ТРЕНИНГТІ ТӨРТ ТОПҚА БӨЛЕДІ:

2. топтық жұмысқа дайындық

3. өзге жиынның дайындығы

4. клиентке бағдар дайындығы.

1. өздігінен жетілу қызметі

Slide 8

Психологиялық тренинг белгілері:

1. Топаралық жұмыс принципін қадағалау

2. Топаралық жұмысқа белсенді әдістер қолдану

3. Тұлғаарлық әрекеттестіктің, қатысушылардың өзара қарым-қатынастарына назар аудару

4. Қатысушылардың қарым-қатынастарының жағымды жақтарын ашуға арналған ұйымдастыру шаралары

5. Еркін және жағымды атмосфера құру

6. Тұрақты топтың болуын қамтамасыз ету

7. Қатысушыларға психологиялық көмек көрсетуге бағытталуы

Slide 9

Психологиялық тренинг қарым-қатынасы келесі принциптерден құралады:

1. Ұстаным бойынша қатынас «осында және қазір». Көптеген қатысушыларға тренинг жұмысы өткен және болашақтағы оқиғаларды талқылау. Бұндай жағдайда психологиялық қорғаныс механизмі іске қосылады. Бірақ тренингтің басты идеясы мынадай жағдайдан тұрады, ол топтың үлкен айнаға айналуы немесе айналар жүйесін құруы, осында әрбір қатысушы жаттығулар барысында сол айнадан өзін көре алуы тиіс. Бұл өз жетімісін беруі мүмкін, егерде топта кері байланыс жақсы дамыған болса, және қатысушылардың бір-біріне деген үлкен сенімі.

2. Жеке-дара пікір айту ұстанымы. Бұл ұстанымның негізі әлеуметтік жұмыскер тренинг барысында көпше түрдегі сөздерді емес жеке өзінің ойын толық жеткізуі. Яғни «біздің ойымызша…» немесе «көптің айтуынша…» деген формадағы сөздерді емес, «менің пікірімше, бұл…» деген формадағы сөздерді қолдануды дағдыға айналдыру.

3. Екпінін айқын етіп айту ұстанымы. Осы ұстанымға сәйкес кез келген қатысушы өзінің сөйлеуі барысында екпінмен айту, эмоциялдық күйлерге түсіп баяндап беруі тиіс. Мәселен мынадай жағдайлар болмауы тиіс «сенің сөйлеу екпінің мені ашуландырып жатыр». Сондықтан әрбір қатысушы өзінің сөз сөйлеу екпінін дұрыс қоя білуі шарт және өздерінің көңіл-күйлерін білдіре алуы тиіс.

4. Белсенділік ұстанымы. Тренинг барысында бұл ұстанымды қолдану барлық қатысушылардан талап етіледі. Мұндағы басты міселенің негізгі мақсаты қатысушылар белсенді қатысып өздерін, топты және әріптестерін тануы. Адамның жеке өмірі барысында ол тек өзінің жеке проблемалары төңірегінде ғана ой қозғайды. Осында қарастырылып отырған міселенің негізгі түйіні осы мәселені топтық жағдайда анализ жасауды үйрену.

5. Сенімділік ұстанымы. Тренинг қатысушыларының бір-біріне деген сенімі, пікір алмасулары барысында бірінін-біріне «сен» деп қарым-қатынас жасауы сенімділікті арттырады және басқаларды жақсы тануға септігін тигізеді. Және тренингтің алтын ережелерінің бірі «тек қана шындықты айту, шындық болмаса да өтірік айтпау»

6. Жария етпеу ұстанымы. Бұл ұстанымның негізгі мағынасы осы тренинг барысында сөз болған сұхбаттар тек осында қалуы тиіс, ол «сыртқа шықпауы шарт». Бұл да тренинг барысында қатысушылардың бір-бірне деген сенімінің артуына алып келеді, және қатысушылар ашық сыр-сұхбат құрып тренингті жүргізу оңай болады.

Slide 10

Қарым-қатынас тренингі осы тренингтер аралығында орналасқан. Ол қатысушының әлеуметтік дамуына ықпал жасайды, біліктіліктің жалпы дамуына әсер етеді. Ішкі және сыртқы өзгерістер бірқатарда іске асады.

Тұлғааралық қарым-қатынасқа байланысты келесі жіктеулерді қарастыруға болады:

Мен-мен: тұлғалық даму тренингі, өзіне деген қарым-қатынасы. Топ қолдау көрсету мен бір-бірімен кері байланыс арқылы жұмыс атқарады.

Мен-олар: әлеуметтік біліктілікті арттыруға арналған қарым-қатынас барысында жүзеге асады.

Мен-әлеумет: біріктірілген топтық тренинг, белгілі бір ұжымдағы әлеуметтік психологиялық адаптация арқылы жүзеге асады.

Мен-мамандық: тренинг өзінің мамандығын анықтауға арналған. Мамандықтың маңызыдылығы өзінің басқа іс-әрекетке қатынасы, коммуникативті біліктілігін дамытуға арналған.

Slide 11

Психологиялық бағдарлану тренингініің кең таралған түрі гуманистік психологияда психоанализ ижеясын қолданған 1947 жылы К. Левин анықтаған Т- тобы.

Бұл анықтаманы тренинг сезімталдығы немесе тренинг сенситивтілігі деп те атайды. Қатысушылар біліктілігін қарым-қатынас барысында жоғарлатады.

Т-топ жұмысының мақсаты қатысушылардың өзін-өзі тануы, сезімталдығының жоғарлығы болып табылады. Әлеуметтік біліктіліктің дамуыда жүзеге асады.

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Жаттығу Тілек шамы
Әлеуметтік - психологиялық тренинг әдістері
ТРЕНИНГ ТОБЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Психологиялық-педагогикалық практикум пәніне кіріспе
Психологиялық тренинг
Психологиялық-педагогикалық коррекция пәніне кіріспе
ҰЙЫМДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ЖОСПАР
Тренинг принциптері
Тренинг ждүргізуші
Девиантты балалармен жұмыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz