Қаржы саясаты мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды бөлігі ретінде



Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Казахский национальный университет имени Аль-Фараби
Экономика және бизнес жоғарғы мектебі
Қаржы кафедрасы
Тақырыбы:
Қаржы саясаты мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды бөлігі ретінде
Орындаған:
Қабылдаған:

Жоспар
I Кіріспе
Қаржылық Саясаттың мазмұны
II Негізгі әдебиеттер
Қаржы саясатының түрлері, мақсаты, міндеттері .
Қаржы саясатының негізгі қағидаттары
Қаржылық механизм, оның нарықтағы орны
ҚР Қаржы саясаты
III ҚОРЫТЫНДЫ
IV Пайдаланған әдебиеттер

Қаржылық саясаттың мазмұны,
Кез-келген қоғамда мемлекет қаржыны өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін, белгілі бір мақсаттарға жету үшін пайдаланады. Қойылған мақсаттарды іске асыруда қаржы саясаты маңызды рөл атқарады. Оны жасап, жүзеге асыру үрдісінде қоғам алдында тұрған міндеттерді орындаудың шарттары қамтамасыз етіледі.
Қаржы саясаты - қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша мемлекеттің өзінің функциялары мен міндеттемелерін жүзеге асыруға бағытталған қаржы саласындағы ұйымдастырылған мақсатты іс-шараларының жиынтығы. Қаржы саясатын жасау үдерісінде мемлекеттің алдына қойған мақсатын орындау үшін материалдық жағдайлар қамтамасыз етіледі.

Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің қаржы саясатына негізделеді. Қаржы саясаты қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану жөніндегі мемлекеттің нысаналы қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты оның нақтылы нәтижесі болып табылады.
Дамыған шет мемлекеттерде қаржы құрылымы барлық бөлімдегі қаржыларды топтап жинай отырып, қаржыландырудың ұлттық мүддесін қорғауға бағытталады. Олар ақша қорларын жасауға жағдай жасап, сол арқылы мемлекет өзінің саяси және экономикалық функциясын іске асырады.
Қазіргі кезде шет мемлекеттердің қаржы құрылымы төрт тармақтан тұрады:

Мемлекеттің каржылық саясаты қаржылық стратегия және қаржылық тактика болып ажыратылады және олар қаржылық саясаттың құрамдас бөліктері болып табылады.
Қаржылық стратегия - экономикалық және әлеуметтік стратегиямен анықталып, перспективаға есептелген және ірі ауқымды міндеттерді шешуді қарастыратын қаржылық саясаттың ұзақ мерзімді курсы.
Қаржылық тактика қаржылық байланыстарды ұйымдастыруды дер кезінде өзгертіп отыру, қаржылық ресустарды қайта топтастыру арқылы қоғамды дамытудың нақтылы кезеңінің мәселелерін шешуге бағытталған.
Қаржылық саясаттың стратегиясы мен тактикасы өзара байланысты. Стратегия тактикалық есептерді шешу үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Экономика мен әлеуметтік сала дамуының шешуші учаскелері мен басты проблемаларын анықтай отырып, тактика әдістерді өзгерту, қаржылық байланыстарды ұйымдастырудың нысандары арқылы неғұрлым қысқа мерзім ішінде ысырап пен шығындарды өте аз жұмсап, қаржылық стратегия белгіленген міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

Қаржы саясатының мақсаты
Бүгінгі Қазақстанның қаржы саясатының бағыттары елдің экономикалық жай-күйіне, шешілетін әлеуметтік-экономикалық және өзге міндеттерге байланысты болады. Экономиканың дағдарысты жағдайы, бір жағынан, өндірістің құлдырауының тоқтатылуына және өндірісті ынталандыруға қаржы ресурстарын экономиканың белгілі бір салаларына тиімді жұмсау мақсатына оларды жұмылдыруға, ал, басқа жағынан әлеуметтік бағдарламаларды тежеуге, қорғанысқа жұмсалатын шығыстарды қысқартуға және т. с. с. бағытталған қаржы саясатын алдын ала анықтайды. Тиісінше, экономика басқа жай-күйге ауысқанда қаржы саясатының бағыттары да өзгеріп отырады.
Іс-шаралар әзірлеу және оларды дамытудың, ұлттық шаруашылықтың құрылымын қайта құрудың, елдің экономикасын дүниежүзілік шаруашылыққа біріктіру жолымен сыртқы экономикалық қызметі жандандырудың негізінде экономикалық өсуді қамтамасыз ету, әлеуметтік бағдарламаларды үздіксіз және ұлғаймалы қаржыландыруды іске асыру болып табылады.
Қаржы саясатының мақсаты

Қаржы саясатының міндеттері

Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны айтарлықтай күрделі, өйткені ол шаралардың ауқымды кешенін, оны дәйекті жүзеге асыру стадияларын қамтиды, олар:

Қаржы саясатын жасау үдерісінде елдің алдына қойылған міндеттердің орындалуы үшін материалдық жағдайлар қамтамасыз етіледі. Сондықтан қаржы саясаты экономика мен әлеуметтік сфераға ықпал жасаудың белсенді тетігі болып табылады. Демек, қаржы саясаты қаржы ресурстарын іздестірудің, шоғырландырудың, жинақтаудың және экономикалық саясатпен жасалынатын дамудың бағыттары бойынша оларды бөлудің міндеттерін шешеді.
Қазіргі жағдайда қаржы саясатының негізігі бағыттары мыналар болып табылады:

Экономиканың дамуын қаржылық қамтамасыз ету үрдісі.

Қазіргі кезеңде қаржылық саясаттың көмегімен шешілетін басты міндеттердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:

Қаржылық саясатты жүргізгенде оның мына қағидаттарын жүзеге асырудың зор маңызы бар:

Қаржылық саясаттың тиімділігін қамтамасыз ететін жалпы қағидаттарға мыналарды жатқызуға болады:

Қаржылық механизм
Қаржылық саясат нақты шаруашылық өмірде қаржылық механизмі арқылы іске асырылады. Қаржылық механизм - экономикалық, және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржылық қатынастарды ұйымдастыру нысандарының, қаржылық ресурстарын қалыптастырып пайдалану әдістерінің жиынтығы. Ол қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және әдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын кіріктіреді.
Айрықшалықты бөлгіштік категория ретіндегі қаржының әр түрлі мақсатты ақшалай қорларын жасау мен пайдалану арқылы жасалған өнімді бөлуге және қайта бөлуге қатысатындығы көпшілікке белгілі. Сондықтан бұл үдерісте қолданылатын механизм - бұл ақшалай табыстар мен қорларды қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болатын қаржылық қатынастар көрінісінің түрлері, нысандары және әдістері. Тап осы ұғымдар - қатынастарды іске асырудың түрлері, нысандары және әдістері - экономикалық өмірде тетік, тиісті үдерістерді басқару механизмі ретінде болады.

Қаржылық механизмнің экономика мен әлеуметтік сфераға іс-әрекеті былайша жүзеге асырылады:
Қаржылық механизмнің құрылымында мынадай функциялық буындарды бөледі:

Қаржылық механизм
1. ҚОСАЛҚЫ ЖҮЙЕЛЕР
Қаржылық жоспарлау Ұйымдық құрылым
(болжау) ж/е құқықтық режім
Қаржылық тұтқалар мен
ынталандырмалар

2. БЛОКТАР

3. ЭЛЕМЕНТТЕР
Қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың алғашқы, бастапқы түрлерінің, нысандарының, әдістерінің, олардың сандық анықтау амалдарының қосалқы жүйелері мен блоктарына сай келетін нақтылы атаулары.

Нарықтық экономикадағы қаржы механизмі
Қаржылық саясаттың түбегейлі өзгеруімен байланысты қаржылық механизм қайта құрылуда. Қаржылық механизмді қайта құрудың мақсаты - рыноктық қатынастарды дамыту негізінде қоғамдық өндірістің тиімділігіне ықпалын күшейту, қаржылық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету.
Экономика дамуының қазіргі кезеңінде қаржылық механизмді жетілдірудің міндеттері өндірісті кеңінен демократияландырумен, коммерциялық негіздерді, рыноктық реттеуді ендірумен, шаруашылық жүргізудің нәтижелеріне белсенді түрде әсер етеді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2016 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН АҚША-КРЕДИТ САЯСАТЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2016 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН бюджет-салық САЯСАТЫ
2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет 2016 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:
1) кiрiстер - 6 489 846 345 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер бойынша - 3 349 418 296 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер бойынша - 147 383 800 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша -16 383 224 мың теңге;
трансферттердің түсiмдерi бойынша - 2 976 661 025 мың теңге;
2) шығындар - 7 049 923 602 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу - 87 503 048 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттiк кредиттер - 190 449 942 мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу - 102 946 894 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо - 75 864 510 мың теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерiн сатып алу - 78 514 510 мың теңге;
мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер -2 650 000 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы -723 444 815 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 1, 6 пайызы;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 723 444 815 мың теңге.

Дағдарысқа қарсы үкімет саясаты
Үкімет пен Ұлттық Банктің экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспары мыналарды ескере отырып әзірленді:
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау бойынша Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын
«100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберіндегі реформаларды тереңдету жөніндегі шараларды
Мемлекет басшысының 2015 жылғы 18 қарашадағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын
Үкімет пен Ұлттық Банктің экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспары 2 бөлімнен тұрады:
2015 жылғы 30 қарашадағы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында анықталған 5 негізгі бағыт шеңберінде Жаңа құрылымдық экономиканы қалыптастыру
Экономиканың өсуін ынталандыру және оны кредиттеу бойынша жедел шаралар

1. 1. Қаржы секторын тұрақтандыру
Ұлттық банк пен Үкіметтің орта мерзімді перспективадағы негізгі мақсаты инфляцияны 2016-2017 жылдары 6%-8%-ға дейін, 2018 жылы 5%-7%-ға дейін, 2019 жылы 4%-6%-ға дейін және 2020 жылы 3%-4%-ға дейін төмендету болып табылады.
2016 жылғы сәуірде базалық пайыздық мөлшерлемені икемді өзгерту тетігі енгізілетін болады, ол баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге және инфляция деңгейін төмендетуге бағытталады
Жұмыс істемейтін кредиттер тұрғысынан банк секторының барлық субъектілеріне жүргізілген күйзеліс-тестілеудің нәтижелері бойынша 2016 жылғы қыркүйекке дейін оларды мойындау және есептен шығару жөніндегі шаралар қабылданатын болады
2016 жылғы наурызға дейін зейнеткерлік активтерді инвестициялау тәсілдері қайта қаралатын болады және 2016 жылғы шілдеге дейін зейнетақы қорларының активтерін қазақстандық немесе шетелдік жеке компаниялардың басқаруына беру тетіктері әзірленетін болады
2016 жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, Проблемалы кредиттер қоры және басқа да қаржы институттары Ұлттық Банктің бақылауынан шығарылады
Халықаралық стандарттарды, оның ішінде тәуекелдерінің жоғары деңгейі және/немесе қанағаттандырылмаған тәуекел-менеджменті бар банкттер үшін қадағалау үстемақысы бойынша, өтімділік бойынша: өтімділікті жабу және таза тұрақты қорландыру коэффициенттері бойынша, капиталдың жеткілікті нормативтері бойынша стандарттарды енгізу
Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің құны туралы ақпаратты қамтитын жарнамаларда тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бағасын ұлттық валютада ғана көрсету талабын енгізу

1. 2. Бюджет саясатын оңтайландыру
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz