Исламдық қаржыландырудың Қазақстандағы даму мәселелері


Slide 1

Тақырыбы: Исламдық қаржыландырудың Қазақстандағы даму мәселелері

Орындаған:

Қабылдаған:

Slide 2 Slide 3

Дәстүрлі қаржы жүйесінен өзге жаңа бағытта дамып келе жатқан қаржы жүйесі исламдық қаржы жүйесі болып табылады. Бұл бағыт елімізде де дамып келе жатыр. Алғашқыда бұл исламдық қаржы тек қана мұсылман елдерінде дамып, осы сала бойынша жұмыстар жүргізілген болса, қазір Еуропа елдерімен қатар дамыған Оңтүстік Корея, Жапония сынды елдер де қызығушылық танытып отыр.

Бұл жүйенің адамгершілік этикалық қағидаларына сүйенуі және операциялардың ашықтығы мен әділеттілігі қаржы жүйесінің мұсылман емес тұтынушылар арасында да сұранысқа ие болып отыр.

Slide 4

Әлемдік қаржы дағдарысы кезінде классикалық банктер тоқырауға ұшыраған тұста исламдық банктердің өз тұрақтылығын сақтап қалуы - оның танымалдылығын арттырды. Исламдық қаржыландыру - исламның діни ережелеріне негізделген әрі дәстүрлі қаржыландыруға балама жол.

Жалпы исламдық банктердің мақсаты табыс табумен қатар, моральдық-этикалық міндеттемелердің орындалуы болып табылады. Исламдық банктердің дәстүрлі банктерден айырмашылығы ақша қаражаттарын пайызсыз негізде ұсынуында болып табылады.

Исламдық экономикалық үлгінің басты ұстанымы - ол пайыздық төлем төлеу мен алуға тыйым салынуында, яғни несие берушінің ешқандай күш жұмсамай әрі борышқор табысқа қол жеткізе алғанына немесе шығынға ұшырағанына қарамастан пайыздық үстеме алуынан туындайтын әділетсіздіктің орын алуында болып табылады

Slide 5 Slide 6

Исламдық экономика жүйесінде кеңінен таралған банктік

операциялардың қатарына мурабаха, мудараба, мушарака, иджара жатады:

Slide 7

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында бір ислам банкі - «Al Hilal» Ислам Банкі (мұнан әрі - Банк) жұмыс істейді. Al Hilal Bank Public Joint Stock Company (Абу Даби, бірлескен Араб Әмірліктері) Банктің 100 % акцияларына ие.

2013 жылғы қыркүйекте Al Hilal Bank жалғыз акционеріне халықаралық рейтингтер ұсынылды. Fitch Ratings сияқты халықаралық рейтинг агенттіктері тұрақты болжаммен «А+» рейтингін ұсынды, ал Moody 's «A1/P-1» рейтингін ұсынды. 2009 жылғы тамызда Қазақстандағы Al Hilal Банкіне банктік заңнамаға сәйкес банктік холдинг мәртебесі берілді. Банктің 2 филиалы бар (Астана, Шымкент) .

2013 жылы Банк ЖСДИК эгидасымен құрылған жергілікті Иджара компаниясының бірлескен құрылтайшысы болды.

Slide 8 Slide 9

Жаһандық экономикалық дағдарыс исламдық қаржыландырудың өміршеңділігін дәлелдеп берді. Исламдық қаржыландырудың басты басымдықтарының бірі пайыздық қойылымның алынбауымен сипатталады. Себебі банктік қойылым Шариғат қағидаларына қайшы келеді. Исламдық банкинг акционерлік капиталға инвестордың қатысуы арқылы қаржыландырылады. Бұл жерде пайда арнайы бағалы қағаз шығарудан құралса, одан түскен табыс экономиканың нақты секторындағы жобаны инвестициялауға бағытталады.

Сонымен бірге бұл модельдің тартымды тұсы ретінде бизнестің рухани тазалығының сақталуын да атап өтеуге болады. Исламдық банкингте кепілзатсыз, бірақ болашағынан үміт күттіретін жобалар да қаржыландырылуы мүмкін. Мұндай жағдайларда бизнес жобаның экономикалық өміршеңдігі, нарықтың нақты сегментіндегі коньюнктураның даму преспективалары, клиенттің іскерлік қабілеттері мұқият талданады. Осы орайда соңғы жылдары исламдық қаржыландырудың әлемдегі, оның ішінде біздің ел үшін маңыздылығы артуда

Slide 10 Slide 11 Slide 12

Көрсеткіштер

2010

2015

2020

Исламдық банктер

1/$33 млн

3

5

Исламдық «терезелер»

0

6

10

Исламдық ШНҰ

0

5

7

Исламдық лизингтік компаниялар

0

3

5

Тәуелсіз сукук

1/$500 млн

2

3

Корпоративтік сукук

0

10

20

Исламдық инвестициялық қорлар

0

10

15

Такафул компаниялары

1

4

7

ИҚ бойынша консалтинг ұсынатын заңды компаниялар

3

10

15

Қаржылық консалтингтік компаниялар

3

10

15

Қазақстанда 2020 жылға дейін исламдық қаржыларды дамыту бойынша Жол картасы жобасының нысаналы көрсеткіштері.

Slide 13

Исламдық қаржыландарудың Қазақстандағы даму хроникасы

2015 жылғы сәуір айында Ислам Даму Банкінің техникалық көмегі шеңберінде ҚРҰБ дүние жүзіндегі жетекші консалтингтік компаниялардың бірімен келісімге қол қойды;

2015 жылғы сәуір айында исламдық сақтандыру, лизинг және банкинг мәселелерін қарастыратын Заңға қол қойылды;

2015 жылғы мамыр айында Ұлттық Банкпен ИҚДА-мен бірлесіп исламдық қаржыландырудан брошюра шығарылды;

2015 жылғы қарашада егеменді ислам бағалы қағаздары мен дәстүрлі банктерді ислам банктеріне айналдыру мәселелерін қарастыратын Заң қабылданды;

2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президентінің исламдық қаржыландыру туралы сұхбаты Isfire журналында жарыққа шықты;

2015 жылғы желтоқсанда IRTI, Thomson Reuters және CIBAFI-мен бірлесіп дайындалған Kazakhstan Islamic Country Report Дүниежүзілік ислам банкингінің конференциясы аясында Манама қаласында жарияланды

Slide 14 Slide 15 Slide 16

Қорытынды


Ұқсас жұмыстар
Ислам банкингі
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИСЛАМДЫҚ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ МҮМКІНДІКТЕРІ
ҚР ИСЛАМДЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ ДАМУ МОДЕЛЬДЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫН БАҒАЛАУ
ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКАНЫ
Қазіргі әлемдік үдерістер аясындағы қазақ мәдениеті
Қазақстанның Даму Банкі
Алматы облысы мен Алматы қаласының ауыз су мәселелері
Қазақ философиясының ерекшелігі
Дін туралы түсінік
Діни архитектура
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz