Бюджеттік инвестициялар


Slide 1 Slide 2

Бюджеттік инвестициялар - бюджеттен ортақ қаржыландыру шартында бюджеттік инвестициялық жобаларды, концессиялық жобаларды іске асыру жолымен заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру және арттыру, мемлекет активтрін құру есебінен мемлекеттік активтер құнын арттыруға бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру. Бюджеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау үш кезеңде жүзеге асырылады:

республикалық

жергілікті

Slide 3

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау бойынша инвестициялық ұсыныстарды қалыптастырады және уәкілетті органға ұсынады

Инвестициялық ұсыныстардың құрамы

Бюджеттік инвестициялық жоба бойынша жалпы ақпарат

Жоба мақсатының стратегиялық және бағдарламалық құжаттармен бекітілген экономика саласының басымдылығына сәйкестігі туралы ақпарат

Бюджеттік инвестициялық жобаның қол жеткізу мақсатының баламалы нұсқасы

Бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру және ондай іске асыру жоқ болған жағдайда экономика саласында дамудың мүмкін нұсқалары

Бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудан пайдаларды бөлу туралы ақпарат

Экономиканың аралас салаларына бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асырудан болжамды нәтиже бағалары

Мемлекеттік орган мемлекеттік жоспарлау бойынша бюджеттік жобалардың инвестициялық ұсыныстарын қарастырады және сәйкес бюджеттік комиссия қарауына олар бойынша қорытындылар енгізеді. Бюджеттік инвестициялық жобалар техника-экономикалық негіздеме тәртібімен бекітілуіне сәйкес іске асады. Бюджеттік инвестициялық жобалардың монитоингі және іске асыру бағасы жаңа құру (құрылыс), қода бар нысандарды қайта жаңғырту және оларды пайдалану кезеңінде мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті органмен жүзеге асырылады.

Slide 4

Мемлекеттік инвестициялық жобалар мынадай түрлерге бөлінеді:

Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау мемлекеттік, үкіметтік бағдарламаларды және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру шеңберінде инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасына экономикалық қорытынды негізінде жүзеге асырылады.

Бюджеттiк инвестициялар республикалық және жергiлiктi болып бөлiнедi. Республикалық бюджеттiк инвестицияларды орталық мемлекеттiк органдар республикалық бюджет қаражаты есебiнен iске асырады. Жергiлiктi бюджеттiк инвестицияларды жергiлiктi атқарушы органдар жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен iске асырады.

Slide 5

Бюджеттік инвестицияларды айқындау өлшемшарттары:

Slide 6

Бюджеттік инвестициялар бағытталады:

Бюджеттік инвестицияларды іске асыру көзі мен тәсілін айқындау критерийлері:

1) бюджеттік инвестицияларды іске асыруда артықшылықты таңдау критерийі - жекеше сектордың, квазимемлекеттік сектордың субъектілері немесе мемлекеттік орган (бюджеттік бағдарлама әкімшісі) арасындағы инвестицияларды іске асыру және басқару тиімділігінің көрсеткіштері негізінде жүзеге асырылады;

2) қаржыландыру тетіктері бойынша критерий - пайдалар мен шығындарды талдау негізінде жоспарланатын іс-шараның мүмкіндіктері негізге алына отырып, оларды қаржыландыру көздері мен тәсілдеріне сәйкес айқындалады.

Slide 7

Мемлекеттік инвестициялық жобаларды бюджеттен қаржыландыру тәсілдері:

Slide 8 Slide 9

Қаражат бөлу жөніндегі шешімдер мынандай факторларды ескеруі қажет:

Бюджеттік инвестициялау саясатының негізгі бағыттары - инвестициялық заңнаманы жақсарту, экономиканың басымдықты секторларына тікелей инвестиция беруді жетілдіру, инвестициялардың заңды құқықтарын қорғау жəне регулятивті қауіптерін жабуға арналған кепілді механизмдерді халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесе əзірлеу жəне енгізу

Мемлекеттің ерекше көңіл бөлетіні - өндірістік инфрақұрылымды, өңдеуші өнеркəсіпті, тұрғын үй, əлеуметтік сала нысандары, туризм жəне ауылшаруашылық, сондай-ақ Астана қаласының нысандарын дамытуға инвестициялар ағынын өсіру.

Slide 10

Бюджеттік инвестициялар саласында өкімет мемлекеттік инвестициялар бағдарламасының құрамына кіретін жобалардың талдауына, экспертициясына жəне іріктеп алуына деген талаптарды көтеріп реттейді. Мемлекеттік инвестицияларды қаржыландыру көлемі сəйкес жылдың республикалық бюджетімен өзара байланысты болады.

Бюджеттік инвестрлеу саласындағы негізгі міндет - шектеулі мемлекеттік инвестициялар мен мемлекетке тартылатын инвестицияларды экономиканың басымдықты салаларына тиімді əрі орынды инвестрлеу.

Инвестициялық салада мемлекетік бюджет рөлі өте маңызды. Мемлекет инвестициялық климатын жақсартуға, шетелдік капитал нарығынан жаңа инвестициялар тартуға жəне ішкі инвестицияларды мемлекеттік инвестициялар жəне тікелей инвестицияларды тартуға арналған бағдарламаларды жүзеге асырады.

Slide 11

Бюджеттік кодексте бюджеттік инвестициялар - бюджеттен ортақ қаржыландыру шарты мен бюджеттік инвестициялық жобаларды, концессиялық жобаларды іске асыру арқылы заңи тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыру және ұлгайту мемлекет активтерін күру есебінен мемлекет активтерінің құнын ұлғайтуға бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру бөліп қарастырылған. Бюджеттік инвестициялар бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру, концессиялық жобаларды ортақ қаржыландыру мемлекеттің заңи тұлгалардың жарғылық капитапына қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Шешілетін міндеттердің маңыздылығы деңгейіне қарай бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалар республикалық және жергілікті болып бөлінеді.

Slide 12

Республикалық бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобаларды орталық мемлекеттік орғандар республикалық бюджеттің қаражаттары есебінен, жергілікті бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобаларды жергілікті атқарушы орғандар іске асырады. Бюджеттік кодексте сонымен бірге гранттарды - донорлардың (шет мемлекеттер, олардың үкіметтері мен агенттіктері, халықаралық және шетелдік мемлекеттік ұйымдар, қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына кайшыкелмейтін шет елдерің үкіметтік емес қоғамдық ұйымдары және қорлары) Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарына беретін өтеусіз қаржылық немесе техникапық көмегін қолдану қарастырылған.

Slide 13

Бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру

Бюджеттiк инвестициялық жобалар олардың белгiленген тәртiппен бекiтiлген техникалық-экономикалық негiздемелерiне сәйкес iске асырылады.

Бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру шеңберiнде көзделетiн құрылыс қызметi белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.

Slide 14

Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың және республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуы мониторингін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жүзеге асырады.

Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуы мониторингін жүргізу тәртібін бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындайды.

Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мониторингінің қорытындылары бойынша жылдық есептің негізінде жүзеге асырады.

Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.

Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүргізу тәртібін бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындайды.

Slide 15

Жұмсалу бағыттары:

Сомасы:

1

республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар

169, 2 млрд. теңге

2


Ұқсас жұмыстар
ҚР Үкіметінің тұрақты экономикалық өсуді және жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге арналған дағдарысқа қарсы ден қою шаралары»
Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу
Мемлекеттің инвестициясының потенцияларын тиімді пайдалану, ерекшеліктері, жүйесі
Инвестициялық әрекетті жүзеге асыру кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастар
Салық құқығы
Материалдық мағынада Құқықтық мағынада
Қаржылық инвестициялар, инвестицияның сапасы мен тиімділігін бағалау
Корпорацияның инвестициялық саясаты
КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландырудың мақсаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz